Тұлға және мотивация




Презентация қосу
Психология

Лектор: Жуматова Нуршат Жуматқызы
Тұлға және мотивация

• Тұлға. Индивид. Даралық.
• Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
• Тұлғаның мотивациялық сферасы. Мотивация және
өзіндік мотивация. Мотивациялық сфераны жалпы
ұйымдастыру.
• Мотивтер және қажеттіліктер.
• Мотив түрлері. Жетекші мотив..
• Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы.
• Мотивацияны зерттеу әдістері.
• Мотивациялық лайықтылық.
• Мотивациялық сфераның бұзылуы және еңбек
тиімділігінің төмендеуі.
• Мотивация - бұл адамды нақты, мақсатты түрде әрекет етуге
итермелейтін ішкі және сыртқы қозғаушы күштердің жиынтығы; өзін
және басқаларды ұйымның мақсаттарына немесе жеке мақсаттарына
жету үшін іс-әрекетке шақыру процесі.

«Мотивация» ұғымы «мотив» ұғымына қарағанда кеңірек. Мотив,
мотивациядан айырмашылығы, мінез-құлық субъектісіне жатады,
оның тұрақты жеке қасиеті, ішінен белгілі бір әрекеттерді жасауға
итермелейді.

«Мотивация» ұғымы екі мағынаға ие:
• біріншіден, бұл адамның мінез-құлқына әсер ететін факторлар
жүйесі (қажеттіліктер, мотивтер, мақсаттар, ниеттер және т.б.),
• екіншіден, белгілі бір деңгейде мінез-құлық белсенділігін
ынталандыратын және қолдайтын процестің сипаттамасы.
• Мотивациялық салада мыналар ерекшеленеді:
жеке тұлғаның мотивациялық жүйесі - бұл қажеттіліктер,
мотивтер, қызығушылықтар, ынталар, нанымдар,
мақсаттар, көзқарастар, стереотиптер, нормалар,
құндылықтар сияқты компоненттерді қамтитын адамның мінез
- құлқының негізіндегі барлық ынталандырушы күштердің
жалпы (тұтас) ұйымы және басқалар;

Жетістікке жетудің мотивациясы - мінез-құлықтың жоғары
нәтижелеріне жету және барлық басқа қажеттіліктерді
қанағаттандыру қажеттілігі;

Өзін-өзі маңыздау (тану) мотивациясы - жеке тұлғаның өз
әлеуетін неғұрлым толық іске асыру қажеттілігінен, өзін-өзі
тану қажеттілігінен тұратын жеке мотивтер иерархиясындағы
ең жоғарғы деңгей.
• Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі
психикалық құбылысты белгілеуге болады:

• индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын
анықтайтын қозғаушы күштердің жиынтығы;

• әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.

• Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін
тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады.

• Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін
жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер,
қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және
т.б.
• Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық
жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс.

• Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан
ажыратылады.

• Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді.

• Қажеттіліктерді бастапқы (тума, биологиялық.
қажеттіліктер (қорекке, ұйқыға қорғаныс, ата-аналық,
сексуалдық. және мәдени, жүре пайда болған
(материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға
болады.
• Қажеттілік – адамның саналы түрде мұқтаждану
құбылысы. Ал саналы қажетсінуді – тілек дейміз.

• Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері
олардың күші, олардың пайда болу жиілігі және
оларды қанағаттандыру тәсілдерімен анықталады.

• Адамның қажеттілігін анықтайтын диспозициялар
(мотивтер. кезегі келесідей: органикалық –
материалдық — әлеуметтік – рухани.
• Мотивация теориялары ежелгі философтар еңбегінде
көрніс тапқан. Ал мотивацияның қазіргі теориялары
психологиялық білімдердің пайда болуымен қатар дами
бастады.

• Белгілі маман, американ психологы Д.Аткинсонның схемасы
бойынша мотивация теорияларының классификациясын
түсіндіруге болады.

• Адам баласы рационалды, ерік тәуелсіздігі бар саналы
тіршілік иесі ретінде және жануарлар биолгиялық
заңдылықтарға тәуелді санасыз организм ретінде ежелгі
бағыттардың негізінде ХІХ ғасырдың ортасында негізгі
идеалистік бағыт, Ч.Дарвиннің эволюцианистік теорисы,
материалистік бағыт қалыптасты.
• ХХ ғасырдың басында мотивациялардың жаңа теориялары
дүниеге келді: гештальт теория, адам қажеттіліктер
(биологиялық. теориясы, инстинктер теориясы, әрекет-
қылықтық теория, жоғары жүйке жүйесі теориясы,
жануарлардың органикалық қажетіліктері теориялары.

• ХХ ғасырдың ортасында когнитивті теория, гуманистік
теория (А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс және т.б..,
әлеуметтік қажеттіліктер теориясы, сонымен қатар адам
және жануарлардың мотивациялық сферасының әрекеттік
шығу тегі теориясы қалыптасты.

• Бұл терияларды өздерінің еңбектерінде Д.Макклелланд,
Д.Аткинсон, Г.Хекхаузен, Г.Келли, Ю.Роттер,
А.Н.Леонтьев (адамның мотивациялық сферасының
әрекеттік шығу тегі теориясы. жалғастырды.
• Мысалы, А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен
бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен (пирамида.
кажетсінулер тобы деп біледі, олар биологиялық
қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, абырой
кажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз
мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асыра алу
(самоактуализация..)

• Бірақ А.Маслоу талдауындағы дара адам әлеуметтік
қатынастар жүйесінен тыс, қоғаммен байланысы
жоқ. Оқшауланған түлға. Қоғам, ғалым пікірінше,
дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана.

Ұқсас жұмыстар
Мотивацияның психологиялық теориялары
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу
Тұлғаны диагностикалау
Мотивация
Тұлғаның теориялары
Тұлға психологиясы
Әрекет немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒЫТЫН
Топтағы тұлғааралық қарым - қатынас және оның құрылымы
Менің мансаптық жоспарым
Пәндер