Ондық бөлшекті натурал санға бөлу


Slide 1

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

Slide 2

Есеп № 1

Үш қораптың әрқайсының салмағын табу керек, егер бірінші қораптың салмағы екінші қораптан 0, 5 кг жеңіл, ал үшінші қораптың салмағы біріншіге қарағанда 0, 4 кг жеңіл және олардың жалпы салмағы 4, 3 кг.

Slide 3

Шешуі

Екінші қораптың салмағын x -пен белгілесек, онда:

I қорап - x - 0, 5

II қорап - x

III қорап - (x - 0, 5) - 0, 4

Төмендегідей теңдеу аламыз

x - 0, 5 + x + (x - 0, 5) - 0, 4 = 4, 3

Жақшаны ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз

3x - 0, 9 = 4, 3

3x = 5, 7

Slide 4

Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді, натурал сандарды бөлу сияқты бұрыштап бөлеміз.

Slide 5

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

1-мысал.

17, 4 : 3 = 5, 8

2-мысал.

2, 45 : 7 = 0, 35

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:

1) Бөлшекті үтіріне қарамай сол санға бөлеміз;

2) Бөліндіге үтірді бөлінгіштін бүтін бөлігі біткен кезде қоямыз.

Егер бүтін бөлігі бөлгіштен кіші болса, онда бөлінді нөл бүтінмен басталады.

2 < 7

Slide 6

Шешуі

x-тің мәнін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз

яғни, x = 1, 9 кг

Әр қораптың салмағын табамыз

I қорап - 1, 9 - 0, 5 = 1, 4 кг

II қорап - 1, 9 кг

III қорап - (1, 9 - 0, 5) - 0, 4 = 1 кг

Жауабы:

I қорап - 1, 4 кг; II қорап - 1, 9 кг; III қорап - 1 кг

Slide 7

Есеп № 2

Мысықтың салмағы 4 кг, ал оның жаңа туған баласы соқырдың салмағы 0, 08 кг. Мысықтың салмағы өз баласының салмағынан қанша есе ауыр тартады?

Ескерту: Мысықтың баласын жана туғанда соқыр деп, ал содан кейiн марғау деп те, мәулен деп те атайды.

Slide 8

Шешуі

Мысықтың салмағы өз баласының салмағынан қанша есе ауыр тартатындығын табу үшін мысық салмағын (4 кг) соқыр салмағына бөлу керек (0, 08 кг), яғни 4-тің 0, 08-ге бөліндісін табу керек.

Slide 9

Ондық бөлшекке бөлу

1-мысал.

2, 28 : 0, 6 = 3, 8

22, 8 : 6 = 3, 8

2-мысал.

3, 312 : 3, 45 = 0, 96

331, 2 : 345 = 0, 96

Санды ондық бөлшекке бөлу үшін:

1) бөлгіште үтірден кейін қанша цифр болса, сонша цифрға бөлінгіштегі және бөлгіштегі үтірді оңға жылжыту керек;

2) Осыдан кейін ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындау керек.

331 < 345

Slide 10

Шешуі

Есептің шешімін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз

(4 санын 400 түрінде, ал 0, 08 санын 8 түрінде жазамыз да бөлуді орындаймыз)

Жауабы: мысық өз баласынан 50 есе ауыр.

Slide 11

Бөлуді орындандар:

1) 3416, 04 : 8; 2) 0, 2448 : 36;

3) 180, 015 : 25; 4) 1, 98 : 40.

5) 3, 725 : 1, 49; 6) 0, 16043 : 0, 526.

Slide 12

Жауаптары:

427, 005; 2) 0, 0068;

3) 7, 2006; 4) 0, 0495.

5) 2, 5; 6) 0, 305.

Slide 13

Талдау мысалдары

3-мысал.

1505, 86 : 43 = 35, 02

4-мысал

5612, 8 : 16 = 350, 8

қатарынан екі цифрды бірден түсіреміз. (біреуі бүтін бөліктен!) .

Бөліндіде үтірдін алдынан нөл қоямыз!

Бөлшек бөлігінен қатарынан екі цифрды бірден түсіреміз.

Бөліндіде үтірден кейін нөл қоямыз!

Slide 14

Талдау мысалдары

5-мысал.

1007, 371 : 53 = 19, 007

6-мысал.

0, 2574 : 65 = 0, 00396

Бөлшек бөлігінен қатарынан үш цифрды бірден жылжытамыз.

Бөліндіде үтірден кейін екі нөл қоямыз!

Slide 15

Блицтурнир

1. Ұлының жасы 12-де, ол әкесінің жасының 0, 4 бөлігін құрайды. Әкесі неше жаста?

2. Бірінші бөлменің ауданы 15, 2 м2 және ол екінші бөлме ауданының 80 пайызын құрайды. Екінші бөлменің ауданы қаншаға тең?

3. Автотурист бірінші күні 180 км жол жүрді. Бұл екінші күні жүрген жолдың 120 пайызы. Автотурист бірінші күні екінші күнгі жүрген жолға қарағанда қанша км артық жол жүрді?

4. Банан 400 теңге тұрады, ол жүзім бағасының 50% құрайды, ал жүзімнің бағасы ананас бағасының 32% құрайды. Ананас қанша тұрады?


Ұқсас жұмыстар
Ондық бөлшектерді салыстыру
Сандар
Пәнарамалық сабақ
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту тақырыбына есептер шығару
Иррационал сандар
Проценті бойынша санды табу
Процентті жай бөлшекпен жазуды пайдалансақ
Сандарды смалыстыру
Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі ондықпен таныстыру
Азиатские игры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz