Тау шаңғысы спорты


Slide 1

Жобаның тақырыбы:

Шаңғы спортының түрлері мен маңызы

Slide 2

Тарихы

Шаңғы спорты алғаш рет неолит дәуірінде солтүстікті мекен еткен тайпалар арасында пайда болды. Археологтар адамзат 4-4, 5 мың жыл бұрын шаңғыны пайдаланған деп есептейді.

Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты. Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды, яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі. Оған шамамен 4300 жыл болған. Оны А. М. Микляев, 1982 жылы тапқан.

Slide 3

Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ. ғ. з Готтық монах Жорданес 552 жылы, грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.

7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жасады. Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған.

Бірінші шаңғы сөзі 12 ғасырда Русьқа жатады. Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.

Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің армиясында қолданылды. Біріншіден шаңғы тебуге Норвеждіктер көңіл бөлген.

Slide 4

ШАҢҒЫ СПОРТЫНЫІ ТҮРЛЕРІ

Биатлон

Тау шаңғысы спорты

Шаңғы жарыстары

Шаңғыда бағдарлау спорты

Шаңғымен трамплиннен секіру

Фристайл

Могул

Slide 5

Шаңғы спортының түрлері

Тау шаңғы

спорты

Шаңғы жарысы

Трамплинен секіру

Шаңғы қоссайысы

Фристайл

Сноубординг

Биатлон

Slide 6

БИАТЛОН

Биатлон (лат. және грек. thlon - сайысу) - қысқы, жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді. Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді (1998) . Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды.

Биатлон түрлері

Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады.

Биатлонның қысқы емес, яғни жазғы түрі келесі комбинациялардан тұрады:

жүгіру және оқ ату (кросс-биатлон)

шаңғы-роллерлермен жарысу және оқ ату (шаңғы-роллерлік биатлон)

тау велосипеді, яғни маунтин-байктармен жарысу және оқ ату (маунтин-байк биатлоны)

Барша биатлон түрлерінен тек «классикалық» қысқы биатлон және жазғы биатлон (бүкіл үш нұсқасы) Халықаралық биатлон федерациясы жетекшілігі астында.

Slide 7

Тау шаңғысы спорты

Тау Шаңғы Спорты - шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғы спорты слалом, алып слалом, жылдам сырғанау болып бөлінеді.

Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі. Жарыс жолының қашықт. 500 - 700 м, көлбеулігі - 100 - 200 м. Жол бойына қызыл не көк жалау ілінген кедергілер қойылады. Олардың арасы - 3 м. Жарыс кезінде слаломшылар трассаны екі рет өтеді. Соның орташа уақыт көрсеткішінен қорытынды нәтиже шығарылады. Алып слаломда жолдың көлбеулігі 200 - 500 м, ұзындығы 800 - 2000 м, қақпаның ені - 8 м, олардың арасы 15 - 20 м. Жылдамдық сағатына 65 километрге жетеді.

Жылдам сырғанауда жолдың көлбеулігі 500 - 1000 м, ұзындығы 2000 - 4000 м, жылдамдығы сағатына 90 - 100 километрге жетеді. Тау шаңғы спортының алғашқы ережесін 1920 жылдары ағылшын А. Лунн құрастырған.

Slide 8

Шаңғы жарысы

Шаңғы жарысы - белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша белгілі бәр спортшылар санаты бойынша (жастары, жынысы және т. с. бойынша) шаңғымен жарысу спорты.

Алғашқы рет жылдамдыққа жүгіруден шаңғымен жарысу Норвегияда 1767 жылы өтті. Осыны үлгі етіп жарыс Швеция мен Финляндияда өте бастады, артынша Орталық Еуропада кең тарай бастады. 19 ғасыр аяғында - 20 ғасыр басында әлемнің көп елдерінде шаңғы клубтары пайда бола бастады. 1924 жылы Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) құрылды.

Slide 9

Шаңғыда бағдарлау спорты

Көптеген мамандар Норвегияны шаңғымен бағдарлау спортының отаны деп есептейді. 1897 жылдың 13 мамырында Берген қаласының маңында «Турнференинг» спорт қауымдастығы әскерилер мен азаматтық тұлғалар қатысқан карта және компаспен тұңғыш рет құжатталған жарыстар өткізді. Шаңғымен бағдарлау тарихы 1904 жылдың 13 наурызынан басталды, Финляндияда Порво - Хельсинки бағыты бойынша 50 км қашықтыққа әр қатысушы өз білгенінше жол таңдаған төрт кезеңді шаңғы эстафетасы өткізілген еді.

Slide 10

Шаңғымен трамплиннен секіру

Арнайы жабдықталған трамплиннен шаңғымен секіруді қамтитын спорт түрі.

Трамплиндерді К-95 және К-125 деген түрлерге бөледі. Секірулерді орындау бес төрешімен бағаланады: орындау техникасы стилі (максимальді саны - 20 балл) және секірудің ұзындығы (арнайы кесте бойынша) .

Қатысушының нәтижесі екі есептік талпыныс балдарының сомасы бойынша анықталады. Ұлттық командадан жарыстың әрбір түрінде төрттен аспайтын спортшы қатыса алады.

Slide 11

Фристайл

Фристайл ол акробатика мен могулдан құралған шаңғы спорт түрі. Акробатикадан спортшылар арнайы трамплиндерден күрделілігі бойынша әртүрлі секірулер жасайды. Трамплиндер үш түрлі: үлкен (биіктігі 3, 5 м) орташа (3, 2 м) және кіші (2, 1 м) . Жерге қону алаңы жұмсақ қармен төселген болуы керек. Ұпайлар орнынан қозғалу техникасына, ұшу биіктігі және ұзындығына, акробатикалық элементті орындау сапасына, жерге қону техникасына қарап есептеледі. Жеңімпаз екі рет секіргені үшін жинаған балдарының сомасы бойынша анықталады.

Slide 12

Могул

Могул - міндетті түрде екі рет секіру арқылы күрделенген құламалы кедір-бұдыр жол бойымен шаңғымен төмен құлдырау. Жеңімпаз бұрылыстар мен секірулерді орындау техникасы үшін алған балдарының көп сомасы бойынша, сондай-ақ жолды жүру жылдамдығы бойынша айқындалады.

Slide 13

Шаңғышының құрал-жабдықтары

Шаңғы

* ағаш

* пластик

Шаңғы таяқтары

*ағаш

*бамбук

*аллюминий

*шыны-пластикті

Бекіткіш (механикалық және автоматты)

Аяқ-киім

Киім (шаңғы костюмі, куртка, қалпақ, қолғап)

Майлар мен парафиндер

* ұстағыш

* топырақты

* сырғанақ

- Шаңғыроллер

Slide 14

Шаңғы жүрістері

Алма-кезекпен

Біріншіден біреуімен, кейін екінші таяқпен

Алма-кезек екі адымды

Алма-кезек төрт адымды

Бір мезетті

екі таяқпен бір уақытта серпу

Бір мезетті қадамсыз

Бір мезетті бір қадамды

- Негізгі

- Жылдамдықты (стартты)

Бір мезетті екі қадамды

Классикалық

Шаңғы жүріс

Slide 15

Алма-кезек екі адымды

Slide 16

Алма-кезек төрт адымды

Slide 17

Бір мезетті қадамсыз

Slide 18

Бір мезетті бір қадамды

Негізгі нұсқа

Жылдамдықты (стартты) нұсқа

Slide 19

Бір мезетті бір қадамды жүріс

Slide 20

Бір мезетті бір қадамды

Шаңғы жүрістері

Кезекпен еркін сырғанау

Бір мезетті екі адымды қадам

Slide 21

Биікке көтерілу

Ақырын адыммен

Жартылай шыршалы

Шыршалы

Баспалдақты

Slide 22

Төменге қарай сырғанау кезіндегі тұрыс

Негігі тұрыста сырғанау

Төмен тұрыста сырғанау

Жоғары тұрыста сырғанау

Демалыс тұрысында сырғанау

Slide 23

Тежеу тәсілдері

Соқалы тежеу

Тіреу арқылы тежеу

Slide 24

Аяққа кезек салмақ салу

Соқалы

Қатар шаңғыда

Тіреулі

Қозғалыстағы бұрылыстар

Slide 25

Шаңғымен жаттыққанда ұстанатын ережелер

а) шаңғымен бірінің артынан бірі еріп келе жатқанда 3-4 м-лік, ал биіктен түскенде 30 м-лік ара қашықтықты сақтау керек;

ә) биіктен түскенде таяқтарды алға шығармаған дұрыс, өйткені құлаған жағдайда оған арандап қалу қаупі бар;

б) беткейден түскеннен кейін оның етегіне тоқтап тұруға болмайды. Себебі арттағы биіктен түсіп келе жатқан шаңғышы соқтығысуы мүмкін;

в) ұжым болып жорық, серуенге шыққанда, қандайбір себеппен жолдан шығып қалатындар болады, олар бұл туралы жолдастарын хабардар еткені жөн;

Slide 26

г) егер жолдасыңды қуып жетсең, оның шаңғысының өкшесін баспа, қатарласып озып кет немесе жолды босатуды сұра;

ғ) сөреден шыққанда бірден жоғары шапшаңдықпен жүгірмей, шапшаңдықты біртіндеп өсірген дұрыс;

д) тас жолдардан өтерде, міндетті түрде шаңғыны шешіп, көтеріп алып өту керек;

е) ауа райы суық кезде өз шама-шарқына, көніл күйіне назар аударған жөн. Терінің кейбір жері бозарғаны байқалса, ыстық-суықты сезінбейтіндей жағдай болса, онда үси бастаған жерге алақанды басып, ұқыпты түрде уқалау қажет.

Slide 27

ж) ауа райының кез келген жағдайында және қардың әр түрлі болуына қарамастан, шаңғы теуіп жүруге және таудың шаңғымен сырғанап түсуге, бұрылуға үйретуді алдыға міндет етіп қойған жөн. Аяз бен күннің жылуы жаттығу үшін себеп бола алмайды;


Ұқсас жұмыстар
Шаңғы жарыстары
Тау шаңғы
Дайындық кезеңі Қорытынды кезең
Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары
Дайындық кезеңдері
Азиатские игры
Сайыстың мақсаты
Экологиялық туризмнің негізгі түрлері халықаралық туризмнен онша ерекшеленбейді, тек теңіз шығымдылығының жоқтығынан басқа
Қазақстанда туризмнің даму перспективасы
ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ ҚАР КӨШКІНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz