Микроорганизмдер және олардың биотехнологиялық қолданылулары


Slide 1

Орындаған:Қуанышбай Ә. П

Қабылдаған:Нұрдәулетова Т. Н

Азт-201

Тақырыбы: Микроорганизмдер

Slide 2

Микроорганизмдер

Микроорганизмдер- тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер . Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А. В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да

жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан

тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи

субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде),

өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды

қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы - микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдер тән өте күрделі жынысты көбею процесі бұлардың көбінде болмайды.

Slide 3

Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ - метанды түзуде пайдаланылады. Бірқатар микроорганизмдер адамдар, жануарлар жәнеөсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген адам шаруашылығы өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.

Slide 4

Микроорганзмдер биотехнологиясы биотехнологияның негізгі салаларының бірі. Көптеген маңызды биопрепараттар мен өнімдерді алудың атап айтқанда витаминдер мен ферменттерді полисахаридтер мен бейтарап өнімдерді алудың жолын осы микроорганизмдер биотехнологиясы зерттейді.

Slide 5 Slide 6

Микроорганизм селекциясы.

Тамақ өнеркөсібінде нан пісіру, спирт алу жөне сүт ашыту, одан өр түрлі тагамдар даярлау, шарап жасау жұмыстары микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне негізделген. Мұндай штамдар мал шаруашылығы үшін азықтық нәруызды, тамақ өнеркәсібі мен медицинада қолданылатын ферменттер мен витаминдік препараттарды өндіруде маңызды рөл атқарады.

Slide 7

Микроорганизмдер штамдарын алуда тәжірибелік мутагенез бен сұрыптау әдістерін қолданады. Түрлі радиоактивті сәулелермен және химиялық мутагендік заттармен әсер ету арқылы қажетті өнімдерді көп мөлшерде бөліп шығаратын мутантты штамдар алады. осы әдісті пайдалану арқылы . Мысалы, пенициллиум зең саңырауқұлағынан пенициллин, актиномицеттерден стрептомицин мен биомицин антибиотиктері алынып, адамның түрлі жұқпалы ауруларын емдеуге кеңінен қолданылады. Мутантты формалардан алынатын антибиотиктердің мөлшері кәдімгі штамдарға қарағанда 10-12 есе жоғары келеді. Сонымен қатар организмге кажетті аминқыш-қылдар мен витаминдер бөліп шығаратын жаңа мутанттар да шығарылды. Осындай бір бактериялык мутантты штамм кәдімгі штаммен салыстырғанда жануарлардың дұрыс өсіп жетілуін қамтамасыз ететін лизин ам. қыш 500 есе артық бөледі. Біздің елімізде микроорганизмдердің антибиотиктерді көп бөліп шығаратын мутантты формаларын алуға М. Х. Шығаева, Н. Б. Ахматуллина, К. А. Төлемісова, т. б. ғалымдар зор үлес қосты. Биотехнология және гендік инженерия. Биотехнология дегеніміз - тірі организмдер мен биологиялык процестерді адамның мақсатына сай өндірісте колдану. Биотехнологияның басты міндеті - халықты азық-түлікпен камтамасыз ету үшін мал шаруашылығы өнімдері мен мәдени өсімдіктерд. өнімін арттыру, микроорганизмдерден азыктық, нәруыз алуды жоғарылату, адам өміріне қажетті ам. қыш-ы, витамиңдерді, ферменттер мен антибиотиктерді мол ендіру. Биотехнологияньщ осы максатта жұмыс істейтін бағыты - өндірістік микробиология.

Slide 8

Автокөліктер шығаратын улы газдарды, ауыл шаруашылығы ж\е өндіріс қалдыктарын, ірі калалардан шығарылатын лас суларды микроорганизмдердің, көмегімен тазартады, Егістіктер мен бау-бакшалардағы арамшөптерге, түрлі зиянкес жәндіктерге қарсы күресуге колданылатын адам денсаулығы үшін зиянды пестиц-ң орнына экологиялық таза препараттар алу да биотехнлогиялык жолмен іске асырылуда. Соңғы кезде мұнай мен газ қорының азайып, қымбаттауына байланысты кейбір мемлекеттерде фотосинтез нетижесінде түзілген органикалық заттарды микроорганизмдердің көмегімен спиртке айналдырып, жанармай ретінде пайдалану мүмкіндігі ашылды.

Slide 9

Қорытынды

Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.

Slide 10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

А. С. Кистаубаева «Биотехнологиядағы процестер мен аппараттар» (Алматы-2017)

Интернет жүйесі.


Ұқсас жұмыстар
Тамақ өнеркәсіптерінде қолданылатын микроорганизмдер және олардың биотехнологиялық рөлі
Тағам өнеркәсібіндегі микроорганизмдер: биотехнологиялық принциптер мен қолданбалы технологиялар
Микроорганизмдер арқылы қоршаған ортаны мониторингілеу: биотехнологиялық әдістер және экологиялық мәселелер
Тамақ өнеркәсібіндегі микроорганизмдер және олардың қолданылуы
Өсімдік жасушаларын биотехнологиялық өсіру және олардың өнеркәсіптегі биосинтездік қолданылуы
Микроэкология негіздері: қоршаған ортадағы микроорганизмдер, олардың әсерлері және бақылау әдістері
Вирустар, приондар, бактериялар, фототрофты микроорганизмдер және миксомицеттер: құрылымы, әртүрлілігі және биотехнологиялық қолданылуы
Микроорганизмдер өндіретін биологиялық белсенді заттар және олардың ауыл шаруашылығындағы қолданылуы
Интегралдар: теориясы, есептеу әдістері және геометриялық-физикалық қолданылулары
Микробтық массалар алу негізіндегі биотехнологиялық процестер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz