Түк жегіштер




Презентация қосу
Дәріс № 7

Тақырыбы: Энтомологияға кіріспе.
Жәндіктердің жіктелуінің, морфологиясының,
биологиясының негіздері. Энтомоздардың негізгі
топтары

Дәріскер: в.ғ.к., қауым.профессор Тұрғанбаева Г.Е.
Дәріс жоспары:
Энтомологияға кіріспе.
Жәндіктердің жіктелуі.
Негізгі морфологиясы және
биологиясы.
Энтомоздардың негізгі топтамалары.
Энтомология – жәндіктердің әртүрлі сатыларының,
яғни (ересек және балаңқұрт), ауыл шаруашылық
малдарына жаппай әсер ете отырып, жануарлардың
өнімділігін төмендеуімен сипатталады.
Тоғышарлық күнелтетін жәндіктерді, олардың
келтіретін зиянын, және оның алдын – алу, жою
шараларын зерттеу паразитология ғылымының бір
саласы болып табылады. Жәндіктер туғызатын
ауруларды – энтомоздар деп атайды.
Табиғатта жәндіктердің бір миллионға жуық түрлері
бар, оның ішінен 50 мыңға жуығы тоғышар ретінде
айқындалған.
Даму айналымы өте күрделі және екі
кезеңге бөлінеді:
1. Имагинальды энтомоздар –
жәндіктердің ересек (жетілген) сатыларының
әсерінен туындайтын аурулар, яғни (беймаза
компоненттері, биттер, мамық жегіштер, түк
жегіштер, бүргелер және т.б.).
2. Ларвальды энтомоздар - жәндіктердің
балаң сатыларының (жетілмеген) әсерінен
туындайтын аурулар, яғни оларға
(бөгелектердің балаңқұрт сатыларының
әсерінен туындайтын аурулар: гиподерматоз,
эдемагеноз, кривелиоз; эстроз, ринэстроз,
цефалопиноз, цефеномиоз; гастрофилезы;
вольфартиоз және т.б.).
Жәндіктердің жалпы морфологиясы
Жәндіктердің ұзындығы 1-2 мм-ден 3-10 см-ге дейін.
2. Денесі 3- бөліктен құрылған: бас, кеуде, құрсақ.
Әр бөлік бірнеше буылтықтардан құралған. Мысалы,
басы - 6; кеудесі - 3; құрсағы 5 -12 буылтықтан тұрады.
3. Денесі хитинды қапшығымен қапталған. Оның
үстінде нүктелер, қысқа шаштар, түктер мен қосымша
бедерлер бар.
4. Олардың арнайы сезімтал ағзалары бар. Ол
мұртшалар 3-15-17 мүшелерден құралады, олар түріне
қарай әртүрлі болады – ұзын, орташа, қысқа.
Мұрттардың диагностикалық маңызы да бар. Бұл
антенналар бастың алдынғы бөлігінде орналасқан,
бірнеше буындардан, мүшелерден қалыптасады (3-4-
17-ге дейін).
Hypoderma bovis
5. Жәндіктердің арасында көзі жоқтар және көзі барлар
деп бөлінеді. Көздері екі түрлі болады: а) Күрделі немесе
фасетті көзі. Олар көбінесе екеу болып келеді.
б) Жәй немесе қарапайым көздер – олардың саны
1-3. Мысалы, көзі жоқтар – ол биттер, бүргелер. Ал,
күрделі және жәй көздері барларға бөгелектер, соналар т.б
жатады.
6. Тұмсығы бастың төменгі жағында орналасқан және
көректену әдісіне қарай әртүрлі болып келеді. Ұзын
немесе қысқа болады.
- шанышпалы кескіш (соналарда)
- шанышпалы жалағыш (масалар бөкене шыбыны,
шіркейлер)
-жалағыш (қан сорғыш емес шыбындарда және
бейамазалардың еркектерінде)
- кеміргіш (жүнжегіштер, түк жегіштер, мамық жегіштер)
- рудиментті (бөгелектерде)
7. Көкірегі (кеудесі) - үш буылтықтан
қалыптасқан ол алдынғы, ортанғы және артқы
кеуде. Әр буылтықта екі аяқ біріктірілген. Бәрі -
алтау болады. Қос қанатты жәндіктер кеуденің
ортанғы буылтығында екі қанаты бар. Олардың
түсі, пішіні, тұрқы әрқилы болып келеді. Кейбір
жәндіктер (биттер, бүргелер, мамық – жүн
түкжегіштер). Эволюция дамуында қанаттарынан
айырылды. Көкіректің үшінші буылтығында екі
зыңылдауықтар, ыжылдағыш (рудиментті
қанаттар) орналасады.
8. Жәндіктердің 3 жұп аяқтары бар. Олар бес
буылтықтан қалыптасқан. Атап айтқанда –
құйымшақ, жамбас, ұршық сан, сирақ, табан.
Oestrus ovis
9. Құрсағы 5-10-12 буылтықтан құралған.
Құрсақтың соңғы буылтықтары еркек немесе
ұрғашы жыныс ағзаларына айналады. Анал тесігі
10-шы буылтықта ал, жыныс тесігі 8-ші және 9-шы
буылтықтың шекарасында орналасады. Қансорғыш
жәндіктерде қан сорған кезде құрсағы ұлғаяды.
10. Ас қорыту жүйесі алдынғы, ортаншы, артқы
ішектен құрылған. Соңғы артқы ішекте мальпигий
каналшалар ашылады.
11. Жүйке жүйесі – бірнеше жүйке түйіндерден
тұрады: 2 - басында;
3- көкірегінде; 8 – құрсағында.
12. Қан айналу жүйесі тұйық емес.
13. Тыныс алу жүйесі көкірекпен құрсақтың
бүйірінен екі тыныс алу түтіктер өтеді. Олардан
көптеген ирелеңдеген түтікшелер, тармақтар
жәндіктің денесіне енеді. Барлық ағзаларға дейін
жетеді. Сегменттерде (буылтықтарда) тыныс
тесіктері (стигмалары) болады.
14. Несеп бөлу жүйесі көптеген мальпигий
каналшалардан құрылып, бір түтікке жиналып,
онысы артқы ішекке ашылады.
15. Сезімтал ағзалар бар. Оларды сенсиллалар
деп атайды. Ол жәндіктің сыртқы қабатында
орналасады.
16. Жәндіктер – дара жынысталыр.
Еркек жыныс жүйесі – екі ең, екі
еркек жыныс түтігі, қосымша жыныс
бездер, еркек шағылысу ағзасы.
Ұрғашы жыныс жүйесі – 2
тұқымдығы, 2 ұрғашы түтікшелері, бір
ұрғашы түтігі, қосымша жыныс
бездері, еркек ұрық қабылдағыш,
жұмыртқа салғыш.
Жәндіктер түріне қарай әртүрлі
коректенеді:
– өсімдіктердің, гүлдердің нәрімен шырынымен
(„беймазалардың” яғни соналардың, масалардың,
шіркейлердің еркек сатылары).
– Жүнмен, мамықпен, шашпен (жүн, түк, мамық
жегіштер).
– өлексенің қалдықтарымен (ет шыбындардың
балаңқұрттары).
– нәжіспен (шыбындар, үй және қансорғыш
шыбындар, олардың балаңқұрттары).
– Организмнің ұлпаларымен (қансорғыштар,
бөгелектердің балаңдары) беймазалардың ұрғашы
сатылары.
Жылқы гастрофилезі-
Gasterophilus intestinalis
Жәндіктердің жалпы биологиясы
Даму айналымы: Жәндіктер көбінесе дара
жыныстылар. Еркек пен ұрғашысын сыртқы
құрылысына, кейбір ерекшеліктеріне қарап бір –
бірінен ажыратуға болады.
Ұрғашылар екі түрге бөлінеді:
Жұмыртқа бөлетіндер
Туатындар.
Даму айналымы өте күрделі және екі кезеңге
бөлінеді.
I Эмбрионалды кезең – шағылысу процесінен
жұмыртқада балаң қалыптасқанға дейін өтеді.
Постэмбрионалды кезең – балаң қалыптасқаннан
соң ересек сатысына дейін өтеді. Бұл кезең екі түрде
өтеді.
Толық метаморфозды даму -
жәндіктер төрт сатысынан өтеді.
Ол жұмыртқа (Ж) → балаң (Б) →
қуыршақ (Қ) → ересек саты (Е).

Ж→Б→Қ→Е
Осындай толық дамуы соналарда,
масаларда, шіркейлерде, охра бөгелегінде,
жылқы бөгелегінде т.б кездеседі.
2. Толық емес метаморфозды – даму
айналымында кейбір сатылар жоқ
(жұмыртқа немесе қуыршақ сатылары) - Б
Қ Е; Ж Б Е; Мысалға, қой
пысқырықтың, түйе құмырының, жылқы
ринэстроздың қоздырғыштары, биттер,
жүн,мамық түк жегіштер осындай жолмен
дамиды.
Жәндіктер классификациясы
Жәндіктердің түрлік құрамы өте бай,
оның негізінен бір миллионнан аса
түрі бар. Жыл сайын 7-8 мың жаңа
түрі тіркеледі.
ҮЙ ШЫБЫНДАРЫ
(Muscina stabulans)

МАЛЯРИЙ МАСАСЫ
(Anopheles maculipennis)
ІРІ ҚАРА СОНАСЫ (Tabanus bovinus)

ТҮК ЖЕГІШТЕР (Mallophaga)
Жәндіктердің жіктелуі
Топтамасы: Arthropoda (буынаяқтылар)
Табы: Insеcta (жәндіктер)
Тегі: 1. Diptera (қосқанаттылар)
2. Mallophaga (түкжегіштер)
3. Siphunculata Anoplura (биттер)
4. Hemiptera (қандалалар)
5. Blattodea (таракандар)
Diptera тегінің 2 тек тармағы бар, олар:
1. Brachycera (қысқа мұрттылар).
Бұл тек тармаққа жататын тұқымдастар:
Тұқымдасы:1. Hypodermatidae
2. Oestridae
3. Gastrophyllidae
4. Muscidae
5. Calliphoridae
6. Sarcophagidae
7. Hyppoboscidae
8. Tabanidae
Oedemagena tarandi
Gasterophilus haemorrhoidalis

Gasterophilus pecorum
ШЫБЫНДАР - Muscidae

Тас шыбындар
Stomoxys calcitrans
2. Nematocera (ұзын мұрттылар) .
Тұқымдастары:
Тұқымдасы:
1. Culicidae (маса)
2. Simulidae (шіркей)
3. Seratopogonidae(құмытылар)
4. Psychodidae (бөкене шыбындар)
Энтомоздардың негізгі топтары
Күйісті малдардың энтомоздары
1.1. Бөгелек балаң құрттары қоздыратын
аурулар
1. Ірі қара гиподерматозы.
2. Марал гиподерматозы.
3. Солтүстік бұғы эдемагенозы.
4. Ешкі кривеллиоз.
5. Қой эстрозы.
6. Түйе цефалопинозы.
7. Солтүстік бұғы цефеномиоз.
8. Марал фарингомиоз.
1.2. Стационарлық эктопаразиттер
қоздыратын аурулар
1. Ірі және ұсақ қаралар бовиколезы.
2. Қой мелофагозы.
3. Бұғы линоптеноз.
4. Күйісті мал сифункулятоздары.
5. Ірі қара триходектозы.
6. Күйісті мал вольфартиозы.
2. Тақ тұяқтылар энтомоздары
1. Жылқы гастрофилезы.
2. Тақтұяқтылар ринэстрозы.
3. Жылқы гиппобоскоз.
4. Тақтұяқтылар гематопиноз.
5. Тақтұяқтылар бовиколезы.
3. Шошқа энтомозы
1. Шошқа гематопиноз.
4. Құс энтомозы
1. Құс маллофагозы.
5. Етқоректілер энтомоздары
1. Етқоректілер триходектозы.
2. Ит линогнатоз.
3. Ит, мысық және жабайы аңдар
афаниптероз.
6. Аралар энтомоздары
1. Браулез.
2. Мелеоз.
3. Сенотаиниоз.
4. Конопидоз.
7. Жәндіктер – трансмиссивті аурулардың
қоздырғыштарын тасымалдаушылар және мал
шаруашылығы өнімдеріне зиянын келтіреді.
1. Зоофильді шыбындар:
- Вольфартиоз.
- Синантропты шыбындар.
- Өлік ет шыбындары.
2. Беймазалар:
- сона;
- маса;
- шіркей;
- құмыты шыбындар;
- тас шыбындар;
3. Қандалалар.
4. Лингватулез (пентастомоз) немесе
носовая пятиустка.
5. Таракандар.
6. Бүргелер.
7. Тері жегіштер.
8. Түк жегіштер.
Мозгов И.Е. Ветеринарная рецептура с основами терапии и
профилактики. М., «Агропромиздат», 1988.
Орлов И.В., Агринский Н.И. и др. Практикум по
ветеринарной паразитологии. М., Изд.с/х литературы, 1962.
Петров Ю.Ф. Паразитоценозы и ассоциативные болезни
сельскохозяйственных животных. Л., «Агропромиздат», 1988.
Перадзе Т.В. и др. Руководство по инфекционным и
инвазионным болезням, общим для животных и человека. Л.,
Медицина, 1981.
Романенко Н.А. и др. Санитарная паразитология. М.,
«Медицина», 2000.
Сергиев В.П., Лобзин Ю.В., Козлов С.С. Паразитарные
болезни человека (протозоозы и гельминтозы). Руководство
для врачей. Санкт-Петербург, «Фолиант», 2006, 585 с.
Синев Д.Н., Марченко Л.Г., Синева Т.Д. Рецептурный
справочник. Санкт-Петербург, «Фолиант», 2003, 304 с.
Субботин В.М. и др. Современные препараты, применяемые
в ветеринарии. г.Ростов на Дону, 2000.
Сью Петерсон. Кожные болезни собак. М."Аквариум", 2000.
Степанова Н.И. и др. Протозойные болезни сельскохозяйственных
животных. М., “Колос”,1982.
Федоров К.П. и др. Основы общей и прикладной ветеринарной
паразитологии. Новосибирск, 2004.
Уркхарт Г. и др. Ветеринарная паразитология. М., Аквариум, 2000.
Хван М.В., Попов Ю.А., Куничкин Г.И. Ветеринарно-санитарные
мероприятия при паразитарных болезнях сельскохозяйственных
животных. Алма-Ата, “Кайнар”, 1979.
Черкасский Б.Л. Инфекционные и паразитарные болезни человека. М.,
«Медицина», 1994.
Чебышев Н.В., Богоявленский Ю.К., Гришина Е.А. Гельминтозы:
органно-системные процесс в их патологии и лечении.М., Медицина,
1998.
Шевцов А.А. и др. Паразитология. М., Агропромиздат, 1985.
Яфаев Р.Х. и др. Медицинская паразитология. Санкт-Петербург,
«Фолиант», 2003, 128 с.
Ятусевич А.И., Рачковская И.В., Каплич В.М. Ветеринарная и
медицинская паразитология. М. «Медицинская литература», 2001.


Ұқсас жұмыстар
Бағалы аң терісінің жартылай өнімдерінің тауарлық қасиеттері
Қазақстандағы Сүтқоректілердің сүтқоректілер дене мөлшері класы
Ұлтаралық компаниялардың дүние жүзі экономикадағы ролі
ЖАНУАРЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ - экологияның бір саласы
Жүн талшығының құрылымы
ТҰҚ компаниялар
Қасқыр мен аюдың Бас сүйегінің бағалануы Қасқыр мен аюдың терісінің бағалануы
Тері шикізатының тауарлық қасиеттері
МАҚТА ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Сүтқоректілерге экологиялық шолу және тіршілік циклдері
Пәндер