Көркем мәтіндегі автор бейнесі: құрылымы, функциялары және тілдік құралдары (Абай жолы мысалында)


Slide 1

Көркем мәтіндегі авторлық бейне

Орындаған: Жамал Айжан,

Молдағали Нұршат

Slide 2 Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

Кез келген шығармада автор «көзге көрінбей» қатысып отырады. Оның демі, тынысы, нені қалайтыны, нені каламайтыны, т. б. бәрі сезіліп тұрады. Бірақ оның «сезілу» дәрежесі барлық шығармаларда бірдей болмайды. Ол жазушының баяндалып отырған жағдайларға қандай «арақашықтықты» ұстайтына байланысты. Сөйтіп, шығармадағы баяндаушы бейнесі «автор образы» әр уақытты әр шығармада бар образ. Оның мәнін нақтылай түсетін болсақ, ол суреттеліп отырған жайға қатысты белгілі бір көзқарас, принцип, идея; ол шығармадағы оқиғадан оқиғаға жетелейтін, кейіпкерлерге сөз беретін, «сөз билігін ұстаушы» сөз иесі. Бұл айтылғандардан автор бейнесі жазушының бүкіл қоғамдық-мәдени, интеллектуальдық-эмоционалдьдық сапа- қасиеттерінің жиынтық бейнесі екенін көреміз. Шығармаға өзек болатын өмір құбылыстарын сұрыптап алып, оған идеялық бағыт, бейнелі күш дарытатын, бір сөзбен айтканда, шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын қалыптастыратын жазушының өз бейнесі автор бейнесі деп аталады. Сондықтан ол жалпыланған бейне.

Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15

Сыртқы баяндау үлгісі - авторлық, бірақ ішкі тыныс-демі - кейіпкердікі. Үйін, елін сағынған, алып-ұшқан көңілдің жай-күйі дәл берілген. Автор бала болмысының тамыр бүлкілін дәл басу үшін, оның өзіне айналып отыр. Мәтіндегі өздік есімдіктердің атқарып тұрған рөлі - автор баяндауын кейіпкердің ішкі қабылдауына айналдырып жіберу. Жалпы, қай кейіпкерді баяндаса, автор соның ішіне енеді, сол болып сөйлейді, сол болып ойлайды. Шығарма тілінде автордың кейіпкер тұрғысынан баяндауын қамтамасыз ететін тілдік тұлғалар бар. Олар зат есімнің орнына жүретін сын есімдер (арттағылар, үлкендер), олардың орнына қолданылатын есімдіктер (көбінесе сілтеу есімдігі), өткен шақ есімше тұлғалары т. б.

Slide 16 Slide 17

«Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда, Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жалтұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя беріп, салғырттығы жоқ сергек қатал күзетші. Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай, осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді…»

Осылайша осында отырған барлық үлкендердің сыртқы келбетінің бір-бір ерекше қырларын Абай көзімен беріп алады да, автор әрі қарай өз баяндауларына кіріседі.

Slide 18 Slide 19
Ұқсас жұмыстар
М.Әуезовтің Абай жолы романындағы тарихилық, Абай мен Құнанбай бейнелері және қазақ қыздарының бейнесі
Көркем әдебиет тілі: поэтикалық, кейіпкер және автор тілінің теориясы мен поэтикалық фигуралары
Тілдік бейнедегі жүрек концепті: лексика-семантикалық және концептуалдық зерттеу (Абай поэзиясы мен фразеология, мақал-мәтелдер мысалында)
М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясында Абай дәстүрі мен образдар галереясының зерттеу жобасы
Абай жолы романындағы тарихилық пен көркемдік ерекшеліктер
М.Әуезовтің Абай жолы романы бойынша сабақ жоспары мен талдауы
Көркем дискурс және сөз мәдениеті: тілдік кодтар, ұлттық дәстүр және жастар сленгі
Қарым-қатынас психологиясы: құрылымы мен функциялары, тілдік және тілдік емес қатынастар, трансактілі талдау
Әлем бейнесі: тілдік және ұлттық концептуалдық талдау
Абай жолы романындағы кейіпкерлер психологиясының талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz