Қазақ жазба тілін сипаттайтын тілдік деректер


Slide 1

XV-XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ТІЛІНІҢ КӨРІНІСІ

ЖОСПАРЫ

Қазақ жазба тілін сипаттайтын тілдік деректер

“Кітаби тіл” туралы түсінік

Қадырғали Жалайыридің «Жами ат тауарих» еңбегінің тілі: лексика-фразеологиясы, грамматикасы

Орындағандар: Жамал А, Молдағали Н

Slide 2

Қазақ жазба тілін сипаттайтын тілдік деректер

Ресей империясының сыртқы істер коллегиясы мен қазақ хандары арасындағы ресми жазбалар;

Қазақ би-сұлтандарының өзара жазысқан хаттары;

Қазақ руларының шежірелері

Slide 3

Кітаби тіл туралы пікірлер:

Р. Сыздық, М. Томанов, Б. Әбілқасымов, С. Исаев т. б. қазақ лингвистері

Орта азиялық түркі жазба әдеби тілі дәстүріне сүйенген қазақтың жазба тілі;

“Шағатай тілі” деп аталатын Орта Азиядағы түркі халықтарына ортақ жасанды әдеби тіл;

XVIII ғасырлардан бастап жазба формаға түскен шығармалардың тілі, “кітаби тіл”

С. Е. Малов, В. В. Радлов, өзбек ғалымдары т. б.

“мұсылманша-татарша жаргон”,

“шұбарланған қоспа тіл”,

“көне өзбек тілі”

Slide 4

Б. Әбілқасымов Абай, Ыбырайға дейінгі жазба әдеби тілді «қазақтың көне әдеби тілі» деп атайды.

Яғни, біздің біраз зерттеушілеріміздің «кітаби тіл» деп жүргенін Б. Әбілқасымов «көне қазақ жазба әдеби тілі» деп атайық дейді. Оның пікірінше, бұрын қазақтың ауызша әдеби тілі болды, ол тілдің үлгісі алуан түрлі ауыз әдебиеті жанрларында шешендік толғауларда сақталды.

Сөйтіп, Б. Әбілқасымов «қазақтың ауызша әдеби тілі өз алдына, жазба әдеби тілі өз алдына дамып отырды» деп, оларды даралап қарауды ұсынады. Ол қорыта келгенде, қазақтың жазба әдеби тілін үш кезеңге бөледі:

1. Қазақтың көне жазба әдеби тілі;

2. Қазақтың жаңа жазба әдеби тілі;

3. Қазақтың қазіргі әдеби тілі.

Slide 5

“Шағатай” немесе “көне өзбек тілі” деген термин кейін пайда болған. Дұрысында, ол шығармалардың авторы өздері жазып отырған тілді “түркі” немесе “түрки” тілі деп атаған.

XIV-XV ғасырлардың ақындары Атан, Саккаки, Лутфи, Науаи өз шығармаларын түрки тілінде жазып отырмыз деп атап көрсеткен: “Гүл уа наурыз” эфсанасын сал, Айт ол қиссаны түркі тілінде” (Лутфи)

Рабғузидің “Қисасс-үл-Әнбиясы”, Бабурдың “Бабурнамасы”, Абулғасының “Шежіре-и-түркиі” халық арасында “түрки шығармалар” деген атпен тараған.

“Бұл тарихты йақшы уа йаманның баршалары білсін деп түрки тілімен айттым. . . ” (Абулғазы Баһадүр)

Slide 6

Қазіргі қазақ тілінде “кітаби тіл” деген ұғымды осы ыңғайда анықтап, әдеби тіл тарихынан тиісті орнын беру керек, өйткені әдеби тілді дамытуда, байытуда оның белгілі үлесі бар. Кітаби тіл дәстүрі ХV ғасырдан былайғы жерде қазақ халқының мәдени өндірісінің бір көрінісі болып табылатын әр түрлі жазбалар тілін құрау қызметін атқарумен бірге кейінгі кездегі әдеби тіліміздің қажетін өтеуге жарады, әдеби тілден тұрақты орын тепкен көптеген жаңа сөздердің, грамматикалық тұлғалар мен конструкциялардың жазба кітаби тіл арқылы келгендігі байқалады.

Slide 7 Slide 8

“Жамиғ ’ ат-тауарих” шежіресі

аяқ асты болды, балдызлай берді, бір йашады, ол хатунын йеңгелете алды, көңүл қалышты, қыз айттурды т. б.

белгілі/мәшһүр, йазылды/шарх берілді, күн туғуш/машрақ, бу күн/һануз, йурт/мақам, йағы/душман, улуғ/бузург, оғул/фарзанд, кіші/нафар т. б.

араб-парсы: дафн қылу, жам қылу т. б., монғол: нойан, гүрген, боқаул, түмен, жуңқар т. б., қытай: фужиң, тайши, анши, гөрхан, гөйәң т. б.

1. Қазақ тіліне өте жақын сөздердің қолданылуы;

2. Бір сөздің қыпшақтық-оғыздық, көне-жаңа, түркілік-арабтық, түркілік-парсылық, арабтық-парсылық варианттарының жарыса қолданылуы;

3. Кірме сөздердің мол қоры: араб, парсы, қытай, моңғол сөздері

Slide 9

“Кітаби тіл” орфографиялық дәстүрін берік сақтап, XIX ғасырдың 2 жартысына дейін қазақтың жазба әдеби тілі ретінде қызмет етіп келді.

Сөз басында ж дыбысы й-мен берліген;

С дыбысының орнына ш дыбысы қолданылған (сөз мағынасына нұқсан келмейтін жерде) ;

“де” етістігі мен одан туындағын етістік формаларында сөз басында д-ның орнына т дыбысы жазылған;

Кейбір сын есім сөздердің соңында г, ғ, қ, к дыбыстары сақталып отырған;

Slide 10

Бол” етістігі кей жерде “ол” түрінде, “мен” етістігі “бен” түрінде ұшырайды; Түбірге қосымша қосылғанда қазіргідегідей үндестік сақталмай, қосымша көбінесе бір тұлғада жалғанған; Араб-парсы тілінен енген сөздер көп жағдайда өздерінің бастапқы тұлғаларын сақтап жазылған

Slide 11

Грамматикалық сипаты

септік жалғауларының фонетикалық варианттарының болмауы;

III жақ тәуелдік жалғауы мен барыс, жатыс, шығыс септіктерінің аралығына н интерфиксінің қыстырылуы: хақ иол+ы+н+да, ата+сы+н+дан. Бұл - қыпшақ тілдерінің заңдылығы. Сонымен бірге Қадырғали тілінде септеудің н қыстырмасынсыз келген түрлері де бар: көңіл+і+де, анасы+ға. Бұл Қадырғали заманындағы түркі жазба әдеби тілінің нормасы. Бұл жерде қазақ жазба әдеби тілінің шағатайлық нормадан біртіндеп алшақтап бара жатқаны көрінеді;

Slide 12

Шығыс септіктің екі вариантының: -дын және -дан қатар қолданылуы қыпшақ тілдері мен ұйғыр тілдерінің «теке тіресін» көрсетеді;

Септік жалғаулары үндестік заңына сәйкес жуан-жіңішке түрінде жалғанады;

Қадырғали жылнамасының тілінде етістіктің рай, шақ, жақ, есімше, көсемше категориялары қыпшақ, соның ішінде қазақ тілімен сәйкеседі. Ара-тұра шағатай тілінің кейбір тұлғалары кездеседі: -мыш, -міш, -ғусы, -гусі;

Slide 13

Қазіргі -а-ды қосымшасының орнына -ғай жұрнақты етістік қолданылған: қойын йылы болғай, йа ни қой йылы болғай (қойын жылы, яғни қой жылы болады)

Қимыл есімі -ғу/гү, -мақ/мек тұлғасымен жасалған (қазіргі қазақ тіліне жақын)

Қадырғали -ман жұрнақты қазіргідей шақтық мағынада жұмсайды;

Кейбір жіктеу есімдіктерінің септелген түрлері өзге қыпшақ тілдеріне тән тұлғада келеді: менім, аның. Ал мендін, сендін, меңе, аңа, аңар сияқты тұлғалардың шағатайлық екені белгілі;

Slide 14

Қадырғали шежіресіндегі шағатай жазба дәстүріне тән белгілер: түбір мен қосымша арасындағы дыбыс үндестігінің сақталмауы (тоқуз, йақа, йоқары, тақы, су айақында, чықып келді, қамчы соқып), түркі тіліне тән ш-с, ш-ч, й-ж сәйкестіктерінде шағатайлық нұсқаның қолданылуы (баш, қылыч, қыш, йыл, йол т. б. ) .

Slide 15

“Жамиғ ’ ат-тауарихтың” мәтіні (үзінді)


Ұқсас жұмыстар
Қыпшақ ескерткіштерін қазақ тілімен сабақтастыра зерттеу
Қазақ тілінің мәдени лексикасының түркі тілдер жүйесінде зерттелуі
Латын жазулы түркі жазба ескерткіштері
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар
Тіл және сөйлеу
Орта ғасыр лингвистикасы
Қазақ тіл біліміндегі мәтінтанымдық көзқарастар
Оқыту процесіндегі шет тілін ауқымды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz