Кітап оқу
Презентация қосу
Тәрбие сағаты:
“Кітап – досым,
ақылшым”
Кімде-кім қазіргі
уақытта ана тілін,
өзінің әдебиетін
сыйламаса,
бағаламаса, оны
сауатты,
мәдениетті адам
деп санауға
болмайды.
Мұхтар Әуезов
Жұмбақ
• Көп әңгімем өлеңім,
• Күнде ақыл беремін.
• Жақсы көрсе мені кім,
• Мен де оны жақсы көремін.
Кітап оқу
• Адамның өзін тануына жол ашады.
Өйткені өзін таныған, бойындағы сан
түрлі қасиеттердің астарына үңілген жан
өзін қадірлеп, өзін-өзі тәрбиелейді.
• Сол себепті күн сайын адамды рухани
өсіріп, дүниетанымын кеңейтіп, адамдық
пен адалдыққа жөн сілтеп отыратын
кітаптарды оқып отырудың берері мол.
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп М. Әлімбаев
жырлағандай кітап - білім көзі, рухани
қазына. Біз кітап арқылы бүкіл адамзат
өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді
молайтады, кітаптан көп өнеге мен
тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның
көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын
қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті
бірді жығады, білімді мыңды жығады»
Кітап оқу – білімге ұмтылысты,
дүниетанымды кеңейтуді, адамның
өзін тануын білдіреді.
Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі
мен оқымайтын кісінің
айырмашылығын тез байқауға
болады.
Кітап оқитын адам ақыл-
парасат, таным, білім, елмен
қарым-қатынас, тіл байлығы,
сыпайылығы мен
мәдениеттілігі , тсс ізгі
қасиеттерімен ерекшеленіп
тұрады.
“Садақаның ең жақсысы – ілім
үйреніп, оны басқаларға үйретуің”
Кітап – адамға пайдалы дос. Ол
- ешкімнің мазасын алмайды;
- қажет кезде үнемі қасыңнан табылады;
-кез-келген сәтте кеңес беруге әзір;
-ақылына ақы сұрамайды;
-жан сарайыңды серпілтеді;
-көңілге түрлі шабыт сыйлайды;
-оқысаң өзінің сырлы әлеміне жеткізеді;
-дұрыс жолды көрсетеді;
- жанашыр, әрі адамды жалықтырмайтын
серігің!
Кітап оқу – білімділікке баулиды.
Білімді адамға қашанда жол ашық
болады.
Ел де білімді адамды құрметтіейді.
Өйткені ол әрқашан елге пайдасын
тигізеді. Оны маңайына жарық
түсіретін шамға ұқсатуға болады.
Есіңде болсын!
“Оқымасаң тоқырайсың”
Ал білімсіздік адамның опа бермес
дұшпаны.
Көп қателік білімсіздіктен туады.
Білімсіз адам өзгелерді кері
үйрегеннен басқа берері болмайды.
Өйткені өзі ұйқыдағы жанның
басқаларды оятуы мүмкін емес.
Мал екеш малдың өзі кей шөптерді
жемейтінін ескерсек , адамға қандай
кітапты оқу керектігі де ойлануға
тұрарлық.
“Ағаштар көп, бірақ барлығы жеміс
бермейді. Жемістер көп, бірақ
барлығы дәмді бола бермейді. Ілімдер
де көп,бірақ барлығы пайдалы бола
бермейді”, дегендей пайдасы жоқ
ілімнен сақ болыңдар!
Әр нәрсенің жақсы жағына
ұмтылып, оқылатын кітаптарға да
зор талғаммен қараған абзал!
Кітап оқығанда іштей мынадай
сұрақтарға жауап іздеген жөн:
-Кітаптың атауына ішкі мазмұны сай ма?
-Автордың ізденісі, баяндау мәнері
қандай?
-Қай тұстары ерекше көңілге қонымды?
-- Кітап қанша тарауға бөлінген?
-Жалпы алғанда мен өзіме не түйдім?
Мақал-мәтелдер
• Оқу - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы
• Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.
Кітапсыз үй-терезесіз бөлме
Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған
мұрат
6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған
біледі
Кітап - алтын қазына.
Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.
«Ағаштың жемісі бұтақта болса,
Сөздің жемісі кітапта”
“Жақсы кітап ақылды адамның
әңгімесімен бірдей”.
Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.
Оқушы мен кітаптың тілдесуі.
Ақыл – ойдың иесі,
(оқушы) Бар ғылымның жүйесі
Қуанышы көңілдің
Баспалдағы өмірдің
Жан азығы серігім
Ардақтамас сен кім?
КҮНДЕ ӨСІП КӨЛЕМІМ
КӨРІКТЕНІП КЕЛЕМІН
КӨПТІҢ ТАУЫП КЕРЕГІН
КЕЗІНДЕ АЙТЫП БЕРЕМІН
БІРАҚ БІЛМЕС НАРҚЫМДЫ
БАЙҚАП ЖҮРМІН ӘРКІМДІ
Оқушы
Әсерлемей, асырмай
Айтшы бәрін жасырмай
Жан азығым серігім
Ренжіткен сені кім?
Кітап:
Кейбіреулер ерігіп
Бос жүруден зерігін
Бетімді тек ашады
Әңгімеге басады.
Жолдарымды сызады
Шырқымды да бұзады
Онымен іс бітпейді.
«Артық ғылым кітапта,
ерінбей оқып көруге»
Абай Құнанбаев.
«Жақсы кітап оқу ақылды
адаммен сырласқанмен бірдей»
Лев Толстой.
Кітаптар мұңы
Кітапты күтіп ұстау ережелері:
Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.
Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар
оқитынын есіңнен шығарма.
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып
оқыма! Кітап оөуды үлкен ой еңбегімен оқу
керек.
3. Кітапты қалай болса, солай ұстама.
4. Кітапты сызуға, жыртуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені
басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма.
Шығармашылық жұмыс: Кітап түптеу
Кітап ауруларының түрлері:
Туғаннан пайда болатын аурулар
(Баспадан дұрыс басылмаған кітаптар)
2. Қартайғаннан болатын аурулар
(көп жыл ұсталынған кітаптар)
3. Жұқпалы аурулар
(кірлеген, сия жағылғын немесе май қолмен
ұсталған кітаптар)
4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын
аурулар
(терезенің алдында, күнде көп тұрған,
ылғалды, дымқыл жерде сақталған кітаптар)
5. Кездейсоқтықтан болған аурулар
(батпаққа жығылып былғанған, жыртылған
кітаптар.)
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz