Қазақстан ауыл шаруашылығы: даму бағыттары, салалары және 1997-1998 жылғы өндірістік көрсеткіштер


Slide 1

Ауыл шаруашылығының даму бағыты

Slide 2

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады.

Slide 3

Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Slide 4

Өсімдік шаруашылығында келесі бағыттар бар:

- Егін шаруашылығы;

- Жүзім шаруашылығы;

- Көкөніс шаруашылығы;

- Гүл өсіру;

- Жеміс;

- Қозықұйрық.

Slide 5

Мал шаруашылығы- азық-түлік өнімдерін өсіруге және қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнеркәсіп үшін шикізат алуға бағытталған.

Мал шаруашылығында келесідей бағыттарды қамтиды:

- Ірі қара мал шаруашылығы;

- Жылқы шаруашылығы;

- Қой шаруашылығы;

- Құс шаруашылығы;

- Шошқа шаруашылығы;

- Ара шаруашылығы (омарта) және тағы басқалар.

Slide 6

Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149, 1 млн. га жер бар. Оның 25, 7 млн. га-сы егістік, 3, 6 млн. га-сы шабындық, 103, 5 млн. га-сы жайылым (1998) .

Slide 7

Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997) . Оның 41, 5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843, 7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651, 5 мың га болды. Бидай 11512, 2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13, 6 мың га, мақта 103, 6 мың га, күнбағыс 223, 9 мың га, картоп 176, 3 мың га, көкөніс 87, 1 мың га, мал-азық дақылдары 5445, 6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі - 12, 4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255, 0 мың т, жүгері ұны 111, 2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8, 7 ц, күріштен 30, 8 ц, қант қызылшасынан 126, 5 ц, мақтадан 19, 3 ц, күнбағыстан 3, 5 ц, картоптан 84, 1 ц, көкөністен 100, 6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405, 7 мың (оның ішінде сиыр 2181, 8 мың), қой мен ешкі 10896, 6 мың, шошқа 881, 5 мың, жылқы 1101, 1 мың, құс 15858, 2 мың болды. Ет 1302, 1 мың т., сиыр сүті 3220, 4 мың т, жүн 32, 4 мың т мөлшерінде өндірілді.

Slide 8

Ауыл шаруашылығы - шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы - неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты.

Ауыл шаруашылығының маңызы

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан аймағының шаруашылығы: өндіріс, ауыл шаруашылығы және салыстырмалы талдау
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы және экспорттық-өндірістік әлеуеті (1998-2006)
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты: шетелдік инвестициялар, өндірістік қайта құрылымдау және ЖІӨ өсуі (1998-2010)
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және экологиялық мәселелер
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы: табиғат жағдайы, ауыл шаруашылығы және туризмнің даму әлеуеті
1997 жылғы Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 жолдауы: стратегиялық мақсаттар мен ұзақ мерзімді жеті басымдық
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары мен жүргізу тәртібі (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығы)
1965-1985 жж. Ауыл шаруашылығы жоспары: даму ерекшеліктері, мал шаруашылығы және басқару кемшіліктері
Жасанды интеллект: анықтамасы, қолдану салалары мен даму бағыттары
Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz