Инфекциялық қызба


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Қызба. Түрлер мен жіктелуі

Орындаған Мырзақұл Ш. Мирсавуров М. .

ВМ 21-02 тобы

Тексерген:Сахария Л.

Notes: қ

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қызба патогенезі және қызба сатылары.

Қызбаны жіктеу.

Организм үшін қызбаның маңызы.

Қорытынды.

Slide 3

Қызба

Қызба (лихорадка - латынша febris) - инфекциялық факторларға және өз тканьдегі ыдыраған тканьдерге жануар организмінің қорғану-бейімделу реакциясы. Мұндайда дене температурасы бірден көтеріледі. Бұл әр түрлі ауруда, әсіресе инфекциялық ауруларға шалдыққанда өте жиі байқалатын белгі. Қызба этиологиясы инфекциялық (экзогендік) және инфекциялық емес (эндогендік) деп бөлінеді.

Slide 4

Инфекциялық қызба

Мал организміне бактериялар мен вирустардың енуіне байланысты пайда болады. Қызбаның пайда болуының тікелей себебі - пирогендік (ыстық жеткізуші) заттардан. Олар бактерияларда болады немесе организмдегі клеткалар мен тканьдердегі биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық және сыртқы ортаның басқа да факторлары әсер етіп, зақымдағанда бөлінеді. Эндогендік пирогендер құрылымы жағынан полисахаридтер немесе липополисахаридтер болып саналады, әрі бактериалдық клеткалардың эндотоксиндеріне (ішкі уларына) жатады.

Slide 5

Инфекциялық емес қызба

Мал өздігінен жарақаттанғанда, іш құрылысына қан құйылғанда, жүрек бұлшық еті (миокард), өкпе, басқа да органдар инфарктқа шалдыққанда, некротикалық процестер, ісіну пайда болғанда, операция жасағаннан кейін тканьдердің асептикалық (микроб жұқпай) зақымдануынан болады. Бактериалдық клеткаларға қарағанда организм клеткалары мен тканьдерінде дайын пирогенді факторлар болады. Эндогенді пирогендер тиісті патологиялық жағдай тиғанда ғана пайда болады. Инфекциялық емес қызбаға белоктік, тұздық, фармакологиялық заттар әсері, нейрогендік және гормоналдық қызбалар жатады.

Slide 6 Slide 7

Қызба патогенезі және қызба сатылары

Қызба патогенезінде ең алдымен жылу балансын - жылу шығаруды және жылу бөлуді реттейтін орталық нерв жүйесінің функциясы бұзылады. Қызба гипоталамусты, жылуды реттейтін аймақ орналасқан артқы үшінші сұр төмпешікті тікелей тітіркендіруден пайда болады. Қызба патогенезіне ми қыртысының да елеулі ықпалы бар. Қызба патогенезіне ішкі секреция бездері де қатысады. Қызба сатылары. Қызба даму барысында үш сатыдан өтеді: 1) Температураның көтерілу сатысы 2) Температураның жоғары деңгейде сақталу сатысы 3) Температураның төмендеу сатысы.

Slide 8

Бірінші әдетте қысқа уақытқа созылатын сатыда дене теммпературасы тез немесе бірте-берте көтеріледі. Дене температурасының көтерілетінсебебі: тері тамырларының тарылуы салдарынан жылу бөліну артып, ал жылу шығару кемиді. Осыдан барып жылу бөліну мен жылу шығарудың арасында қарама-қайшылық туып, бұлшық ет діріліне ұласады - дене суықты сезініп қалтырайды, терісі бозарады. Қалтырау температураның төмендеп, беткі тамырлардың тарылу нәтижесінде терінің нерв ұштарының тітіркенуінен пайда болады. Сөйтіп, ішкі орта температурасы мен тері температурасында үлкен айырмашылық пайда болып, діріл тудырады. Екінші сатыда, жылу бөліну мен жылу шығару қатынасы белгілі бір деңгейде сақталады. Мұндайда дені сау малдарға қарағанда жылу бөліну мен жылу шығару аралығындағы баланс едәуір жоғары деңгейде болады

Slide 9

Үшінші сатыда - температура төмендегенде жылу шығару күшейіп, ол жылу бөлінуден асып түседі де, қалыпты жағдайдан едәуір жоғары болады. Жылу шығарудың күшеюі тердің көп бөлінуінен және шеткі тамырлардың едәуір ұлғаюынан да пайцда болады. Содан кейін жылу бөлу мен жылу шығару, сондай-ақ дене температурасы калыпты күйіне келеді. Температураның түсуі не өте тез (кризис), не баяу, бірте-бірте (лизис) өтеді. Температураның кризистік төмендеуі, әсіресе жүрек-тамыр жүйелері жетімсіз болған жағдайда, өте қауіпті, кейде талықсу реакциясы (коллапс) басталып, мал өліп кетуі мүмкін.

Slide 10

Қызбаны жіктеу.

Температураның көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның мынадай түрлері болады:

Субфебрильді - дене температурасының 1°С көтерілуі; баяу өтетін созылмалы бактериалдық инфекцияларда байқалады;

Біркелкі - дене температурасы 1, 5-2°С көтеріледі; жіті өтетін инфекцияларда байқалады;

Жоғары - дене температурасы 2-2, 5°С көтеріледі; жіті өтетін инфекцияларда байқалады;

Шектен тыс, немесе гиперпирексиялы - дене температурасы 2, 5°С астам көтеріледі. Сепсисте (жұқпалы микробтың денеге жайылуы), дереу басталатын аллергиялық реакцияларда, асқынған созылмалы инфекциялық ауруларда байқалуы мүмкін.

Slide 11

Температура қисығының (қисық сызығының) сипатына қарай қызбаның мынадай негізгі типтері болады.

Тұрақты типтегі қызбада (febris continua) тәуліктік температураның ауытқуы бір градустан аспайды. Крупозды пневмонияда, қылауда және басқа да инфекциялық ауруларда кездеседі.

Босаңсу (аурудың қайту) типіндегі қызбада (febris remitens) ертеңгі және кешкі температураның айырмашылығы 1-2°С шамасында болады. Бұған іш сүзегінің екінші жартысында (адамда), сепсисте және катаральды пневмонияда байқалатын температура қисығы (қисық сызығы) жатады.

Ұстамалы типтегі қызбада (febris intermittens) қысқа уақыттық қызба талмасы (пароксизмдер) қызбасыз кезеңдермен (апирексия) біркелкі алмасып отырады. Жоғары температура бірнеше сағаттай сақталып, содан кейін нормаға дейін төмендеп, қайтадан көтеріледі. Температуралық қисық сызықтағы мұндай тип безгекте, туберкулезде, бауыр ауруларында, сепсис ауруларында байқалады. Ауыл шаруашылық малдарында қан паразиті ауруларында кездеседі.

Slide 12

Жүдету (қажыту) типіндегі қызбада (febris hectica) тәулік бойы дене температурасы 3-5°С аралығында өзгеріп тұруы мүмкін. Туберкулездің жіті формасында, сепсисте кездеседі.

Қайталама типтегі қызба (febris reccurens) ұстамалы типке қарағанда, қалыпты температура аралығында дене температурасының ұзаұ уақыт көтерілуімен сипатталады. Бұл әсіресе қайталама сүзекке тән.

Бұрмалама қызбада (febris inversus) - таңертен температура көтеріліп, кешке жақын бәсеңдейді. Сепсистік процессте, туберкулезде байқалады.

Нормадан ауытқу типіндегі қызба (febris athypica) әркелкі ауытқуымен сипатталады. Сепсисте байқалады.

Қысқа мерзімдік қызба (febris ephemeria) эмоциялық шошынуда, вакцина, сыворатка, рұқсат етілген аллерген құйғанда байқалады. Мұндайда температура бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін көтеріледі.

Slide 13 Slide 14

Қызба кезіндегі ішкі органдар мен жүйелер функциясының өзгеруі. Қызбаның елеулі белгілерінің бірі - дене температурасының көтерілуі. Сонымен қоса, қызба ауруында бірқатар органдар мен жүйелердің фукциясы өзгереді. Орталық нерв жүйесі тұсында бұзылу байқалып, жылу реттеуі ауытқиды. Дене қызуының шамадан тыс көтерілуі орталық нерв жүйесін қоздыруы және кейіннен тежеуі мүмкін. Вегетативтік нерв жүйесі жағындағы симпатикалық бөлімінің функциясы едәуір қозады. Қызба кезінде симпатикалық нерв жүйесі қозғандықтан жүрек ырғағы жиілейді. Жүрек қызметінің күшеюі және вазомоторлық орталықтың қозуы әсерінен қан қысымы біршама көтеріледі.

Slide 15

Қызба кезінде тыныс алуы жиілейді. Тыныс алудың жиілеуі тамыр соғудың жиілуімен және дене температурасының көтерілуімен қатар жүреді. Тыныс алу тамыр жүйесі мен тер безі функциясымен қоса жылуды физикалық реттеуге қатысады. Сондықтан қызба кезінде тыныс алудың өзгеруі - жылуды физикалық реттеуге бейімдеудің бір түрі болып саналады. Қызба кезінде лейкоцитарлық формула өзгереді. Қызбаның бірінші және екінші сатыларында қандағы лейкоциттер, көбінесе нейтрофилдер мен эозинофильдер азаяды. Лейкоциттер саны ірі қарада, уақ малдарда, шошқада бастапқы санынан 60-70 процентке дейін, жылқыда - 35 процентке дейін кемуі мүмкін. Лейкоциттердің бастапқы азаюымен іле-шала лейкоциттер 3 тәуліктей көбейеді.

Slide 16

Жұп тұяқты жануарларда қызыл қан түйіршіктерінде өзгеріс байқалмайды. Ал жылқыда барлық қызба түрінде эритроциттердің көбейгендігі байқалады. Сиырда, шошқа, қойда қызба кезінде СОЭ көбейеді, ал жылқыда кемиді. Ас қорыту аппаратының функциясы өзгереді: ас қорыту безінің және өт секрециясының секрет бөлуі кемиді, ауыз бен тіл кілегей қабығы кеберсиді, қарын қақпақшасының түйілуі байқалып, ішектің жиырылып-созылуы бұзылады. Іші қатып, шіру процесі күшейеді, ішіне газ жиналып кебеді. Ас қорытуы төмендегендіктен және азықтың сіңуі нашарлығандықтан малдың тәбеті болмайды, қоректік заттарды сіңіруі кеміп, улану байқалады.

Slide 17

Қызба кезінде зат алмасудың бұзылуына әр түрлі факторлар себепші болады:

Этиологиялық факторлардың, әсіресе инфекция әсерінің ерекшеліктері;

Дене температурасының көтерілуі;

Белгілі бір дәрежеде қызба кезінде байқалатын ашығу, өйткені тәбетінің болмауынан және ас қорытудың бұзылуынан ауру организм әдеттегіден азықты аз жеп, шамалы сіңіреді. Мұндайда көпшілік жағдайда негізгі алмасудың 5-10 проценттік артқандығы байқалады. Углевод алмасуы артады, әрі өзгереді. Кейде гипер-гликемия (қан құрамында қант мөлшерінің артуы) өршиді, алиментарлық глюкозурия (қанттың несеппен бөлінуі) пайда болады

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Қызба
Қызба (лихорадка – латынша febris)
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Жылу алмасу және Қызба
Жылу алмасу.Қызба
Қызбаның сатылары
Жылу реттеу патологиясы
Ішек инфекция аурулары
Түйнеме
Нәрестелердегі сарғаю синдромы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz