Несепқуық бөлімдері




Презентация қосу
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
ҚУЫҚ (VESICA URINARIA)
НЕСЕПШЫҒАРУ ӨЗЕГІ (URETHRA)

Орындаған: Бекенбаев Р.
ТОП:ЖМ-209
Қабылдаған:Байтұрсынов Ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Несепқуық

Несепқуық бөлімдері
Топографисы

Фиксациялық аппараты
Қабырғасының құрылысы
Қанмен қамтамасыз етілуі
Рентген анатомиясы
Несеп шығару өзегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Несеп жыныс жүйесі systema
urogenitale,несеп ағзаларын, organa
urinaria жене жыныс ағзаларын, organa
genitalia біріктіреді.Бұл ағзалар өзінің
дамуы жағынан бір бірімен тығыз
байланысқан, сондай ақ олардың
шығару түтіктері не үлкен бір несеп
жыныс түтігіне бірігеді(еркектерде
несеп шыгаратын өзек), және ортақ
кеңістікке ашылады(әйелдерде қынап
кіреберісі).
Несепқуық
Несепуық(vesica urinaria seu
cystis) дара куыс мүше, несептің
жиналатын орны.
Несепқуықтың пішіні мен
көлемі несептің жиналуына
байланысты өзгермелі келеді.
Толған несепкуық дөңгелек
пішінді. Ересекадамдарда
несепкуықтың орташа
сиымдылығы 250 - 500 мл-дей.
Бөлімдері
Денесі (corpus vesicae)
түбі (fundus vesicae)
мойны (cervix vesicae)
ұшы (apex vesicae)

Несепқуықтың ұшы алдыңғы іш қабырғасына
бағытталған. Қуыктың ұшы кеңейіп куық
денесіне(corpus vesicae) жалғасады. Қуық денесі
артқа және төмен бағытталып, куық түбіне
(fundus vesicae)жалғасады. Несепқуықтың төменгі
бөлігі кұйғыш тәрізді тарылып, несеп шығаратын
өзекке жалғасады. Осы бөлік қуық мойны (cervix
vesicae) деп аталады. Несепкуық мойнының
төменгі бөлімінде несеп шығаратын өзектің тесігі
(ostium urethrae internum) орналасқан.
Топографиясы
Несепқуык кіші жамбас қуысында,
симфиздің артында
орналаскан.Несепқуыктың
алдыңғы беті касаға симфизіне
қараған, одан қасаға артқы
кеңістігінде орналаскан майлы
қатпармен шектелген. Несепкуық
несепке толған жағдайда қуык ұшы
қасаға симфизінен жоғары
орналасып, алдыңғы іш
кабырғасымен жанасады.
Ерлерде несепкуыктың арткы беті тік ішекпен,
шәует қуықшаларымен және шәует шығаратын
түтік ампуласымен, ал түбі қуык асты безбен
шектеседі.
Әйелдерде несепкуықтың арткы беті жатыр
мойнының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен,
ал түбі несеп жыныс диафрагмасымен шектеседі.
Әйелдер мен ерлерде несепқ-уыктын бүйір беттері
арткы өтісті көтеретін бұлшыкетпен шектеледі.
Ерлерде несепкуык-тың жоғарғы бетінде жіңішке
ішек ілмектері, ал әйелдерде -жатыр орналаскан.
Несепқуыктың фиксациялық аппараты
-Ерлерде қасаға-қуықасты байламы, lig.puboprostaticum;
-Әйелдерде-қасаға-қуық байламы, lig.pubovesicale;
-Қасаға-қуык бұлшықеті, т. pubovesicalis;
-Ерлерде тік ішек-қуык бүлшықеті т.rectovesicalis;
- Несепшығаратын өзектің бастапқы бөлігі және несепағардың
соңғы бөлігі;
- Ерлердеқуықасты безі, әйелдерде несеп-жыныс көкеті
(диафрагмасы).
Несепкуык қабырғасының құрылысы
Қуықтың қабырғалары:
•Шырышты
•шырышасты негізі
•Бұлшыкеттік
•дәнекер тінді немесе сірлі
қабық
Шырышты қабығынын ішкі беті қызыл сұрғылт түсті, шырышасты негізінін
жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде
қатпарлар жазылады. Қатпарлар куык түбінде (несепқуық үшбұрышында,
trigonum vesicate) жок, ол жерде шырышты қабық бұлшықеттік қабыкпен тығыз
бірігіп кеткен. Несепкуық түбінің алдыңғы бөлігінің шырышты қабығында
несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепкуық үшбүрышының артқы
шекарасының жиегінде екі несепағар тесіктері, ostium ureterus орналаскан.
Несепқуық үшбүрышының негізінде (артқы шекарасы) шырышты қабық-тың
несепағар аралық қатпары, plica interureterica, өтеді.

Шырышасты негізі, tela submucosa,
несепкуык қабырғасында жақсы
дамыған. Соның нәтижесінде
шырышты кабық қатпарларға
жинала алады. Несепкуық
үшбұрышында шырышасты негізі
жок.
Бүлшықеттік қабығы, tunica muscularis, бірыңғай
салалы үш қабаттан тұрады. Сыртқы және ішкі
қабаттары бойлық, ортаңғысы оте жақсы дамыған-
дөңгелек (циркулярлык) қабат. Қуықтың мойны
аймағында және несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі
тұсында ортаңғы қабат жаксы дамып, қуык
қысқыш бұлшық етін, т. sphincter vesicae, кұрайды.
Қуықтың бүлшықеттік қабығының жиыры-луы
(қысқыштың бір мезгілде ашылуы) мүшенің колемін
кішірейтіп, несепті несеп шығаратын өзекке
айдайды. Сол себепті куықтын бұлшықеттік
қабығын несеп шығарушы бүлшықет, т. detrusor
vesicae, деп атайды.
-Қуықтың сыртқы бетінде сірлі қабық жоқ жерде,
оның сырткы қабығы адвентиция.
Несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі
Несепқуықтың денесі мен ұшын кіндік артерияның тармақтары-
жоғарғы қуык артериялары, аа. vesicates superiores, қуықтүбі мен
бүйір қабырғасын ішкі мықын артерияның тармақтары-томенгі
қуық артериясы, а. vesicalis inferior, қанмен қамтамасыз
етеді.Несепқуык кабырғасынан веналық қан несепқуықтың
веналық өріміне, plexus venosus vesicae urinariae, және несепқуық
веналары, vv. vesicates, арқылы ішкі мықын венасына
ағады.Несепқуықтың лимфа тамырлары ішкі мықын лимфа
түйіндеріне ашылады.Несепқуық төменгі құрсақасты орімнен
симпатикалық нервтенеді, ішкі мүшелік жамбас нервтерінен, пп.
sphlachnici pelvini
Несепқуыктың рентген анатомиясы.
Несепқуықты контрасты затпен
толтырған кезде, оның рентген
көрінісіндегі (алдыңғы артқы
орналасуында) пішіні тегіс контурлы
дискиге ұксас. Несепқуык бүйір
проекциясында пішіні дұрыс емес
үшбұрыш тәрізді. Несепқуықтың
шырышты қабығының рельефін,
жағдайын, түсін, несепағар тесігін
қарау үшін және қуыққа несептің
жиналуын тексеру мақсатында
цистоскопия әдісін де қолданады.
Зәр өзегі немесе несепшығару өзегі
(лат. urethra) — қуық
мойынынан басталып, өзінің
соңғы бөлігімен жыныс
мүшелеріне жалғасып кететін,
несепті (зәрді) қуықтан сыртқа
шығаратын өзек. Ол еркектерде
жыныс мүшесі өзегімен қосылып,
несеп-жыныс өзегін, ал әйелдерде
— жыныстық кіреберіске
ашылып, несеп-жыныс
кіреберісін немесе несеп-жыныс
қойнауын құрайды.
Қабырғасының құрылысы
Несепшығар өзегінің қабырғасы түтікше мүше ретінде
ішкі - кілегейлі қабықтан, ортаңғы - етті қабықтан және
сыртқы - адвентициядан тұрады. Жануарлардың
түрлеріне және өзектің басталар, ортаңғы, соңғы
бөлімдеріне байланысты, зәр өзегінің кілегейлі қабығын
көпқабатты ауыспалы немесе көпқабатты призма тәрізді,
болмаса көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды.
Өзіндік тақташаны эластин талшықтарына бай
борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Етті қабығы
бірыңғай салалы ет ұлпасының ішкі ұзынша және
сыртқы сақинаша екі қабатынан құралған. Сыртқы
қабығы — адвентиция (борпылдақ дәнекер ұлпасы)
Қорытынды
Әйел несеп шығару өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу
және 2,5-3,5 см
болатын, диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды. Әйел
несеп шығаратын өзегі
қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс
көкетінен өтетіндіктен
артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді. Оның
артқы қабырғасы
қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан. Несеп
шығаратын өзектің
қабырғалары шырышты, бұлшықетті және дәнекертін
қабықтарынан
тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Адам анатомиясы иллюстрацияланган окулық-Л.Л.Колесников 2017ж 2-
том
• Атлас адам анатомиясы 2-том Э.Б.Эубэкіров 2008 ж
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Балалардағы пиелонефрит
Бөлшектерді қосу
Жай бөлшектерді қосу
Санның бөлігін табуға есептер шығару
Аралас сандарды қосу тақырыбын бекіту
Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық сандарды қосу
Рационал бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді азайту
Жұптық Биология жабдықтармен құрылысы және дамыту
Остеон қан тамырлары
Пәндер