Жер учаскесін есепке алу




Презентация қосу
Жер учаскесін есепке алу
Орындаған: Батаева А.
ГК-23 тобы
Жерді есепке алу сипаты
Жер учаскесін есепке алуда жер өлшемімен,
кеңістіктегі орналасуымен, сапалы жайымен,
пайдаға асуымен сипатталады. Есептеудегі тіркеу
мәліметтері әрбір нақты пайдаланушы (жалгер)
немесе меншік иесінің жер учаскесі мөлшерін жазу
үшін негіз болады. Мемлекеттік қордағы бос
жерлер бөлек орналасқан жер массивтері тәрізді
тұрған орны бойынша есепке алынады.
Жерді есепке алудың міндеті
Есепке алу барысында есептік көрсеткіштер ғана
емес, өндіріс құралы және табиғи ресурс ретінде
жердің сапалық көрстекіштері де анықталып,
белгіленеді.
Жерді есепке алу және тіркеу мәліметтері жеке

учаскелердің жер қыртысы сапасын бағалап
айыруда, олардың сапалы бағасы және есебін білуде
негізгі ақпарат береді
Жерді есепке алу жұмыстарының
түрлері

Негізгі Күнделікті
(алғашқы) (келесі)

Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара
байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай
процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті
Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын
алуды жүйелеу және талдау жасау.
Жоспарлы материалдар мен жер есебі мәліметтерінің қажеті

алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс
бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу
Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және қайта

бөлістіретін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау
Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және

жер-есептік текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу
Жер қорына жер санаттары, жер пайдаланушылар, алаптар

бойынша бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік
бірліктер (аудандар, облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру
Күнделікті есепке алу міндеті
Ағымдағы жерді есепке алу жер-кадастрлы
құжаттарға өзгерістер, таратулар, жердің сапалық
жайы мен пайдалануы және жаңа жер учаскелерінің
пайда болуы туралы мәліметтерді анықтау және енгізу
болып табылады.
Негізгі және ағымдағы кадастр арасында байланыс
бар. Біріншісі жерге толық сипаттама береді, екіншісі
жүргізуге негіз береді және оның қызметін анықтайды.
Екіншісі біріншінің мәліметтерін жаңартып және
толықтырып, қазіргі заман деңгейінде біріншісінің
мәліметтерін жүйелі қолдайды.
Жерді есепке алу жер кадастрының
құрамдас бөлігі ретінде
Жер есебі жер кадастрының құрамдас бөлігі
ретінде, халық шаруашылығы есебінің бір түрі
болып саналады. Қазақстан Республикасының
аумағында орналасқан жер учаскелері жерге меншік
нысанына, жер учаскелерінің мақсатты
тағайындауына және оларды пайдаланудың рұқсат
етілген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке
алуға жатады.
Жер учаскесін есепке алу кезінде мына
деректерді тіркеу міндетті болып табылады:
Жер учаскесі иесінің немесе оны пайдаланушының
аты-жөні;
Жер учаскесінің алаңы;
Жер учаскесіне меншіктің нысаны;
Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер және

ауыртпалықтар;
Жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе

бөлінбейтіндігі;
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі
Жер Кодексінің 154-бабына “Жер учаскелерін
тіркеу үшін есепке алу” сәйкес:
1. Жер учаскелерін және онда орналасқан
жылжымайтын мүлікті тіркеу мақсатында есепке
алу меншік құқығын және басқа да құқықтарды,
сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ауыртпалықты
мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ететін қажетті
шарт болып табылады
2. Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алу
жұмыстарын жүргізу тапсырыс берушілердің
қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қорытынды
Жер Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жер кадастрының ең маңызды құрамдас
бөліктерінің бірі-жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу
мен жерлерді мемлекеттік есепке алу болып табылады.
Кадастрлық істі жүргізу кезінде компьютерлік технологияны
енгізуге байланысты соңғы жылдарда жер кадастрын жүргізуге
автоматтандыру жұмыстарын енгізу кеңінен қолданылуда. .
Ақпаратты автоматтық тәртіппен мәліметтерді сақтаумен қатар,
онымен жұмыс істеуге, жердің негізгі және кезекті есебін
жүргізуге болады. Сонымен қатар жер учаскесін мемлекеттік
тіркеу құқықбұзушылықты алдын алуға және жер учаскесін
дұрыс әрі тұрақты пайдалауын қамтамасыз етеді.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жер пайдалануды тіркеу және есепке алу
Жер кадастрының түрлері мен принциптері
Келісімшарттың түрлері
Жер меншік құқығы
Келісімшарт – кәсіпкерлік келісімдердің негізгі құжаты
Жерге мемлекеттік меншік
Экономика және Құқық факультеті
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жер құқығы қатынастары
Қызыл төбе
Пәндер