Саңырауқұлақтар және қыналардың фармациядағы маңызы


Slide 1

«Фармакогнозия» кафедрасы Презентация ТАҚЫРЫБЫ: Саңырауқұлақтар және қыналардың фармациядағы маңызы.

Орындаған : Өмірзақ Н. Б.

Тобы :В-ФҚА-01-22

Қабылдаған :Рахманова Г. С.

Шымкент 2023ж.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Саңырауқұлаққа жалпы сипаттама

Қыналардың морфологиясы

Қыналардың маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған дерек көздерінің тізімі

Slide 3

Кіріспе

Саңырауқұлақтар (лат: fungi, жекеше түрі fungus) - зең, ашытқы, қозықұйрық сияқты эукариоттық ағзалардың бір тобы. Жануар қасиеттерін де, өсімдік қасиеттерін де қамтиды, сондықтан бөлек бір патшалық болып табылады.

Қыналар - (лат. Lichenes) денесі екі құрамбөліктен (балдыр және саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы.

Slide 4

Саңырауқұлаққа жалпы сипаттама

1. Санырауқұлақтың денесі көпжасушалы гифтерден құралған мицелийден тұрады;

2. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері мүшеленбеген бір тармақталған көп ядролы жасушадан тұрады (мүшеленбеген) ;

3. Саңырауқұлақтың жасушасында центриолдар болмайды.

4. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтың мицелийлері бір немесе бірнеше ядродан тұратын жасушаларға бөлінген (мүшеленген) ;

5. Саңырауқұлақтың жасушасы өсімдіктің жасушасына ұқсас болып келеді, жасуша қабығы хитинді талшықтардан тұрады ;

6. Пластидтері болмайды, вакуольдері бар;

7. Көптеген саңырауқұлақтың жемісті денесі матасқан гифтерден құралған мицелийден тұрады;

Slide 5

Саңырауқұлаққа жалпы сипаттама

-Қоректену типі - гетеротрофты (сапротрофты, паразитті және жыртқыштық), қоректік заттарды бүкіл денесімен сіңіреді;

-Жоғары сатыдағы өсімдіктермен симбиозға түседі;

Slide 6

Саңырауқұлаққа жалпы сипаттама

-Аэробты зат алмасу типі (анаэробты жағдайда ашу жолымен энергияалады) ;

-Қоректік заты-гликоген;

-Митоз және мейоз ядро қабықшасын бұзбай өтеді, центриолдар ұршығы ядро қабықшасын бұзбай түзіледі де, хромосомалар жайғасып болған соң, ұршықтар ширатылып ядро бөліне бастайды.

-Жыныссыз көбею вертикаль гифтердің төбесінде түзілетін спорангиядағы зооспора арқылы өтеді; вегетативті көбею мицелийдің бөлінуі немесе бүршіктенуі арқылы көбейеді;

-Жынысты көбею. Мицелийлер бір-бірімен түйіскен кезде бір жасушаның құрамды бөліктері екінші жасушаға ағады, соның нәтижесінде зигота пайда болады.

Slide 7

Көбею

Жыныссыз:

1. Бүршіктену

2. Фрагментация

3. Экзогенді және эндогенді споралар

Жынысты:

1. Изогамия

2. Гетерогамия

3. Оогамия

4. Вегетативті жасушалардың түйісуі кезінде

Slide 8

Ұқсас белгілері

Өсімдіктерге ұқсас белгілері

1. Жасуша қабығы жақсы дамыған

2. Қозғалмайды

3. Спора арқылы көбейеді

4. Өсуі шексіз

5. Қоректік затты сіңіру арқылы

Жануарлар жасушасына ұқсас белгілері

1. Гетеротрофты қоректену

2. Жасуша қабығында хитин бар

3. Фотосинтезге қатыспайды

4. Қоректік заты гликоген

5. Зат алмасу нөтижесінде азотты мочевинаны бөледі

Slide 9

Саңырауқұлаққа жалпы сипаттама

Төменгі сатыдағы

1. Зигомицеттер өкілдері - мукор, ақ, немесе қалпақшалы зең.

Жоғарғы сатыдағы

1. Қалталы санырауқүлақтар немесе аскомицеттер бөлімі. Өкілдері : ашыткы, пеницилл, тыржыңқұлақ, қара күйе.

2. Базидиальды саныраукұлақтар(жынысты кобею кезінде базидии түзейді) . Өкілдері :қалпақты саңырауқүлақ, кара күйе, тат, дінқүлақ.

3. Жетілмеген саңырауқүлақтар бөлімі. Өкілі - фузариум.

Slide 10

Қыналардың морфологиясы

Қыналар симбиозды ағзалардан тұрады:

Микобионттер - саңырауқұлақтар(аскомицеттер, базидиомицеттер) ;

Фикобионттар: балдырлар (жасыл) немесе цианобактериялар; кейде - азот жинақтаушы бактериялар.

Симбионттар арасында өзара байланыс орнаған соң, біртұтас ағза түзіледі.

Қыналардың денесі мүшелерге дифференцияланбаған қатпарлы талломнан тұрады. Талломның негізін ортасында балдырларды қоршап жататын саңырауқұлақтың гифтері құрайды. Саңырауқұлақтардың және балдырлардың орналасуына қарай бірнеше типке бөлінеді:

Гомеомерлі қатпар - балдырдың жасушаларыталломның бүкіл денесіне біркелкі тарады;

Гетеромерлі қатпар - жоғарғы жөне астыңғы қабаты нығыздалған гифтерден тұратын қабықшамен қапталған; ал ортасында гифтермен балдырлар бос орналасатын борпылдақ қабаты болатын қатпарлы дене

Slide 11

Қыналардың морфологиясы

Талломды дененің бірнеше типі бар: қаспақты немесе қабыршақты - талломы жартастарда, ағаштардың қабығында, топырақтың бетінде қабыршақтанып тұрады.

Жапырақты - талломы жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жапырақ тақтасы секілді болып келеді. Олар топыраққа ризоидтар арқылы бекінеді (пармелия, ксантория) ;

Бұталы - қыналардың талломы биіктігі 12-15 см болатын жан жаққа тарамдалған бұта типтес болып келеді (исландский лишайник, кладония) .

Slide 12

Қыналардың маңызы

Топырақ түзу процесіне қатысады және солтүстіктегі жануарлардың азығы болып келеді.

Қыналар адам ағзасы үшін өте пайдалы. Себебі:қына қышқылы бактерицидтік қасиеті көрсетеді.

Лакмус алу үшін және де иісті суларды тұрақтандырғыш ретінде қолданылады. Тамаққа қолданылатын түрлері де бар.


Ұқсас жұмыстар
Жапырақ пішінді қына
Қына –ерекше тірі ағза
Саңырауқұлақтардың биогеоценоздағы маңызы
ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР
Саңырауқұлақ гифасы
Тұздар гидролиз
Биоиндикация әдістерін қолданудың негізгі принциптері
Кешенді қосылыстардың аналитикалық химиядағы маңызы
Сольволиз және гидролиз реакциялары
Фармациядағы шаруашылық субъектілерге банктік қызмет көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz