Қабат атрибуттары


Slide 1

Орындаған:Жантаева С. ТПРП 21-10 К

Тексерген: аға оқытушы Чингенжинова Ж.

"Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті"

"Технология және биоресурстар" факультеті

"Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы:" Flash- тің түспен жұмыс істеу құралдары. Уақыт диаграммасы. Қабат атрибуттары. Анимация, оның түрлері. Кадрлық және автоматты анимация"

Slide 2

Уақыт диаграммасы - қабаттардың өзара орналасуын, сценадағы объект жағдайының өзгеру тізбегін сипаттау т. б. әрекеттерді орындайды. Ол анимация жасаудағы және фильмнің интерактивті элементінің күйін сипаттаудағы негізгі құрал болып табылады.

Flash-тің жұмыс аймағының үстінде уақыт диаграммасының (TimeLine) панелі орналасады. Ол арқылы фильм анимациясы жасалады.

Slide 3

Уақыт диаграммасы төмендегі элементтерден құралады:

Қабат және оның сипаттамасы, яғни қабат аты (Layer1), және объект атрибуттары (көрінуін басқару -Show/Hide, блокировкалау- Lock/Unlock, контурын көрсету -OutLines ) .

Slide 4

Қабат- қандай да бір өзіндік атрибуттарды орнатуға болатындай фильм сценасының бөлігі. Ол бірінің үстіне бірі салынған түссіз қағаз беттері (калька) тәрізді. Flash-те қабат саны- 16000. Қабат саны файл көлемін өзгертпейді. Қабат қосу және оны жою үшін, контекстік менюден сәйкес Insert Layer, Delete Layer командалары таңдалады.

Slide 5

Уақыт диаграммасы. Ол кадрлар шкаласынан, “оқу бастиегінен” (счытывающая головка), әр қабат үшін уақыт диаграммасынан тұрады. Кадрлар шкаласы барлық қабат үшін жалпы және 5 қадамнан өсу ретімен нөмірленеді. Оқу бастиегі (Play head) - анимацияның ағымдық кадрын көрсететін индикатор. Кезекті кадрды жасау және фильмді орындату кезінде оқу бастиегі уақыт диаграммасы бойымен автоматты жылжиды.

Slide 6

Әр қабат кадрлардан тұрады. Кадрдың 2 түрі бар: кәдімгі (Regular) және кілттік (KeyFrame) . Кілттік кадрлар анимация өзгеретін жерде болады. Кілттік кадр қойылғанда (Insert KeyFrame), соңғы кадр жаңа жерге көшіріледі. Екі кілттік кадр арасындағы кадрлар кәдімгі болып табылады. Flash-те кадр саны- 595. Flash-фильмді орындату кезінде қалыпты жағдайда 1 секундта 12 кадр (12 fps- frame per second- 1 секундтағы кадрлар саны) өтеді. Ол кадрлар алмасу жиілігі болып табылады және экранның төменгі бөлігіндегі Properties терезесінде Frame Rate (Кадр жиілігі) пунктінде көрсетіледі.

Slide 7 Slide 8

Flash арқылы жасалатын

анимацияның 3 түрі бар:

Slide 9 Slide 10

Анимация түрлері:

Кадрлық

анимация

Автоматты

анимация

Сценарий

негізіндегі

анимация

Slide 11

1) Кадрлық анимация. Мұнда қолданушы фильмнің әрбір кадрын өзі жасайды. 1 кадрдың алдыңғыдан айырмашылығы аз болған сайын 1 кадрдан екіншіге өту жатықтығы және персонаж қозғалысының табиғилығы жүзеге асады. Әрбір кадрлық фильм жасауда келесі кадрға кілттік кадр (KeyFrame) қойылады. (Insert KeyFrame)

Slide 12 Slide 13

Нәтижеде соңғы кадр жаңа жерге көшіріледі. Сонан соң көшірілген объекті өзгертіледі. Уақыт диаграммасында кілттік кадр ішінде қара нүктесі бар сұр тіктөртбұрышпен бейнеленеді.

Slide 14

2) Автоматты анимация. (tweened-анимация) . Мұнда қолданушы фильмнің бірінші және соңғы кадрын ғана жасайды, ал барлық аралық кадрларды Flash автоматты түрде өзі жасайды.

Slide 15

3) Сценарий негізіндегі анимация. Flash- тің Action Script программалау тілі негізінде жасалған анимация.

Slide 16

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Баған және кесте атрибуттары
Paint графикалық редакторы және оның қосымша мүмкіндіктері
HTML программалау тілі
«Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтықмұсылмандық философия»
Функцияны интерполяциялау» материалдары негізінде электрондық курс құру
Нәтижелерді жүзеге асыру туралы деректер және оны жүзеге асыру кезеңдерінің сипаттамасы
Файлдардың типтері
Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері
Қасиеттер терезесі
Веб беттегі графика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz