Әлеуметтану қоғам туралы ғылым




Презентация қосу
1.1 Әлеуметтану қоғам туралы ғылым
1.2. Огюст Конт пен Г.Спенсердің әлеуметтанулық көзқарастары

Дәйектілікпен білім қалыптастыру мақсатында әр ғылымға кіріспе жасалынады. Социология ғылымын жете түсіну үшін ең
алдымен оның қандай тарихи даму жолдарынан өткенін білуіміз керек. Егер де тарихтың тағылымы есксрілмесе, қоғамның, жеке
тұлғаның, оның әлеуметтік топтары мен ұйымдарының күш-қуаты үнемделмей, уақыт пен қорлар ысырапқа ұшырайды,
әлеуметтік қатынастарды шиеленістіреді, жалпы даму теже-лсді. Әлеуметтану ғылымының шығуы мен қалыптасуы бүкіл
қоғамдық ғылымдардың даму барысымсн тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі мыңдаған жыл бұрын адамзаттың дүние мен
қоғам жөнінде жинақтаған тұжырымдар мен пікірлері ғылыми салаға бөлінбей біртұтас философиялық ілім ретінде қалыптаса
бастады. Ол кездс арнаулы ғылыми орталықта білікті мамандар жоқ еді. Өтс дарынды жеке тұлғалар көбіне-көп дін ошақтарында
философия, астрономия, математика ғылымдарының негіздерін тікелей тәжірибелік сұраныстарға лайықтап дамыта бастаған
болатын. Бастапқы социологиялық тусініктер сол кезде қалыптаса бастағанымен, қоғам туралы білім негіздері тек қана
философия қойнауында дамуға мүмкіндік алды. Бірақ дүние, қоғам дамуы туралы білімдердің бірте-бірте әр түрлі қырынан
қаралуы толығып, мазмұндалып, біртұтас философиялық ой-толғаулардан уақыт озған сайын дараланып, логика, психология,
педагогика, т.б. шыға бастады. Соңғылары қатарында социология ғылымы да XIX ғасырдың бірінші жартысында жеке отау тікті.
Бұл тусінікті де, себебі адамдар өздері өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастардың, қоғамдық құбылыстар мен үдерістердің
негізінде не жатқандығын, әлеуметтік өмірдегі өздерінің орнын, нендей міндет атқаратындығын түсініп, ұғынғысы келеді.
Сөйтіп, әр заманда қоғамда пайда болған қатынастар, әлеуметтік үдерістер адамның ойын мазалап келген. Адам өз қоғамының
әлеумсттік қатынастарының, өзара әрекеттерінің, қоғамдық құбылыстардың нсгізінде жатқан тетіктерін, әлеуметтік өмірінде
адамның атқаратын қызмсті мен орнын анықтап, түсініп алғысы келді. Қоғам өмірін танудың терең тарихи тамырлары бар.
Социологиялық білім - қоғамдық құбылыстардың ғылыми ойда зерделенуі, үғынылуы тарихында сапалы жаңа кезеңі болып
табылады. Социология аясында қалыптасқан әлеуметтанулық көзқарас өзгеше бір түрде қазіргі адамзат өркениетінің маңызды
ерекшелікті өзгешеліктерін жан-жақты алып, көрсетіп бере алады және олардың жаңасын өмірге алып келуге мүмкіншігі бар.
Қазіргі жаһандану үдерістерінің тереңдеуі жағдайында бүкіл адамзаттың ортақ құндылықтарын кеңінен тарату және әр адаммен
ұлттарға дарыту мақсаты тұр. Діни қарама-қарсылықтар негізінде лаңкестіктің барған сайын күшеюі дүниежүзілік
қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырды. Осы сияқты көптсгсн әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсінудс әлеуметтанудың
ықпалы зор. Демек, социология қазіргі өркениеттің қалыптасуына тікелей ықпал жасады. Адамзат қолы жеткен бүгінгі
өркениетті социологиялық ой-толғаулар мен ізденістердің негізінде туындағандықтан, оған тән нәрсе - ол социологиялық
білімнің әр саласынан хабардар ете алады, оның талаптары мен қабілеттерінің әр алуандығына, білімнің дәлелділігіне,
рационализм қағидатына, ойлаудың дербестігіне және сыншылдығына аса мән беріледі. Социологиялық білімнің қазіргі
жстістіктерін меңгеріп, оны тәжірибеде қолдана білу Қазақстан азаматтарына, әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, еліміздің
бүгіні мен болашағын, оның дүниежүзілік осы заманғы шынайы демократиялық өркениетті қауымдастыққа енуін қамтамасыз ете
алады, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыруға қызмст етеді.
Дегенмен, социология - "қоғам туралы ілім" ретімде танылғанымен сауатты адамдардың өзі оны үстірт ұғынады, түпкі мәніне
үңіле бермейді. Пәлсапа мен саясаттанудың көп айырмашылығы барын ұғына алмайды. Түсініктердің көпшілігі әлеуметтанулық
білімді нақты социологиялық зерттеулер аясымен шектейді, ал бұл сала әлеуметтанудың бір ғана бөлшегі, қоғамдағы танып
түсінудің дерек жинайтын алғашқы баспалдағы іспеттес нәрсе. Жалпылама айтқанда, социология ғылымы қоғам дамуын және
құрылымын тәжірибс жүзіндс жетілдіруді және жақсартуды көздейді.

Әлеуметтану ғылымы, оның өзгешелігі туралы әңгіме ету оңай шаруа емес. Социологиялық амалдардыц қыр-сырын, қасиеттерін
үғыну үшін ең алдымен оның басқа әлеуметтік-гумамитарлық ғылымдардан өзіндік айырмашылықтарын анықтап алу керек.
Сонда ғана әлеумстталу пәні айқын көрінеді. Жалпы бір жарым ғасырлық дербес тарихы бар әлеумсттану ғылымы білімдердің
арасында бастаушысы ретінде мойындалған. Әлеуметтану әлеу-меттік-гумамитарлық білімдердің қиылысу нүктесінде өзіндік
пәнін қалыптастырған, барлық қоғамдық және әлсуметтік ғылымдар үшін пәлсапа кызметін атқарушыға айналды.

Осындай қысқа мерзімде социология кең тармақталып, көп деңгейлі, біздің замандастарымыз және қоршаған әлеуметтік
шындық пен әлеуметтік орта туралы ақиқатты анықтаушы ғылым, адамдардың социологиялық тұрғыдан ойлау мәдениетін
қалыптастыра алатын, әлеуметтік идеялар мен теориялардың дәлелдігіне, нақтылығына ынталарын айқындайтын білімге
айналған. Адамдар өздерінің әлеуметтік мәдениеттің, қоғам дамуы туралы білімдсрінің қалай қалыптасатындығын ойлай ала ма,
оны жете түсіие біле ме?
1.2. Огюст Конт пен Г.Спенсердің әлеуметтанулық көзқарастары
Француз ғалымы О.Коттың: "Социология - қоғам, әлеуметтік өмір туралы ғылым" деген пікірі тек қама жалпылама,
бұлыңғыр, алғашқы ғана түсінік береді. Сондықтан осы алғашқы ілімді, қарабайыр, үстірт ұғыммен шектемей, оған
қарапайым да, күрделі де адамның әлеуметтік өмірінің өзара қарым-катынастық тұрпаттары, әдет-ғүрыптары қамтылатынын
естен шығармағанымыз абзал. П.Л. Бергердің сезімен түсіндіргенде әлеуметтанушы барлаушы іспеттес. Оның жұмысы
неғұрлым толығырақ әлеуметтік әрекеттер майданы туралы мағлұмат беру. Сондай-ақ, аса терең талдау жасамай, Сорокиннің
сөзімен социологияны "өзіне тәріздестердің ара-сында өмір сүретін адамдардың жүріс-тұрысын зерттейтін ғылым" ретінде
анықтауға болады. Ал О. Конт, әлеуметтанудың негізін қалаушы, оны ілгері даму туралы ілім деп қараған. Социологияға осы
сияқты көптеген анықтамалар берілген. Жалпы алғанда, әлеуметтану ғылымы қоғамдық өмірді, қоғамдық құбылыстарды
ғылыми қаталдықпен байыптау, адамдардың аралас-құралас әлеуметгік іс-әрскеттерінің негізінде қалыптасатын, өзара қаты-
настарын түсіндіріп бере алатын күрделі әлеумстгік мәсслелерді шешуде қолғабыс тигізе алатын қоғамтанушы ілім болып
табылады. Социологиялық талдаулар мен ой-пікірлер негізінде терең теориялык және тәжірибелік тұжырымдар жасалынады.
Ал оны қолдану объективті жағдайлар мен субъективті мәнді жәйттерге байланысты. Ол теріс мақсаттарға пайдаланылса,
қоғам дамуына зияны тиеді. Бұл саяси басқаруда демократия мен заңдылықты қоғамдағы алатын орнына және билік иелігінің
адамгершілік қасиеттерді ұстану дәрежесіне қарай шешілуі мүмкін нәрсе.
Демек, социологиялық ілім адам қоғамын жүйелі оқытуға бағытталған. Оның өзегінде арнаулы амал - социологиялық көзқарас
жатады. Бергер социологиялық көзқарас - ол жекеден жаппыны көру әдісін қолдану екенін түсіндірген. Яғни жеке адамның
мінез-құлқы арқылы жалпы үлгілері анықталады. Қоғам жеке адамға жалпы үлгілерді ұстануга мәжбүрлейді. Сондықтан
әртүрлі қоғамның адамдарын салыстырса, осы қоғамдардың өзгешеліктерін көрсету мүмкін болады. Бұдан басқа, жалпы үлгілер
әр елде адамдардың әр түрлі санаттарына басқаша ықпал етеді. Мысалы, қоғам спортпен шұғылдануға ынталандырады. Бірақ
табысы жоғары адамдар тау шаңғысы, теннис, шахматты таңдайды, ал табысы төмендср баскетбол, футбол, бокс не басқа
жекпе-жек түрлерімсн айналысуға кұштарлығы жоғары. Сол тәрізді адамның жынысы, жасы, ұлты, өскен ортасы, шыққан тегі,
білімі, мәдениеті адамның өмір сүру қалпына әсер стеді. Социологиялық ойлауды меңгеру адамның қалыптасуының мәнді
жайттарын зерделеуді қажст етеді.

Социологиялық ыңғайдың мүмкіндігі зор. Әлеуметтану жасағам ойтұжырымдармен таныстыру барысында нақты өмірдің жәнс
тарихи мысалдарымен дәлелдеу қажст. Сонда адамныц ой өрісі кеңейіп, сапасы жетіліп, үйреншікті, дағдылы түсініктеріне
күмәндана қарайтын болады, уақыт өте олардан арыла бастайды. Теріс түсініктерінің орнына ғылыми көзқарас қалыптасады,
дүниетанымдық берік тұғырнама орнығады. Өтпелі кезеңде Қазақстанда орын алған дағдарысты көріністер батыс елдерінде,
әсіресе АҚШ-да 1929-1933 жылдары экономикалық құлдыраудың салдарларына ұқсастығы болды: жұмыссыздық, қылмыс т.с.с.
әлеуметтік келеңсіздіктер кең өріс алды. Бұл - жалпы заңдылықтардың бір көрінісі. Бүгінгі ғылыми жетістіктер биігінен қарасақ,
социологияның талдау объектісі ретінде қатынастардың жаңа нысаны, ерекше көрінісі - азаматтық қоғам жатады. Өйткені
азаматтық қоғам адамдардың бірлесе әрекет етуінің тарихи жаңаша ұйымдасқан тіршілік тұрпаты, жалпы адамзаттық
құндылықтарды ұстанудың жоғарьі үлгісі.
Әр адам социологиялық білімді меңгеру арқылы бұрын өткен, осы күнге дейін ойланбаған жағдайды - әлсуметтік ақиқат
шындықты басқа қырынан көріп, ұғына бастайды. Ал нәтижесінде адамның ой-санасы мүлдем өзгереді, ауысады, себебі осы
уақытқа дейін ой-сананы билеген қоғам дамуы мен өркендеуі, нақты қоршаған ортасы туралы үйреншікті, дағдылы түсініктері
күдік туғызады: сөйтіп әлеуметтік өмір қатынастар туралы

бұрынғы теріс үғымдары бірте-бірте бұзылады, жаңаша көзқарас, дүниетанымы қалыптасады. Жоғарыда айтылганның барлығы
дерлік әлеуметтанудың қоғам үшін, оның дамуы үшін маңыздылығығын көрсетіп берсе керек. Ал енді социологияның
өміршеңдігі мен ерекшелігін анықтап, нақтылай түсүну үшін оның мәнін, зерттеу объектісін және негізгі ұғымдарын
анықтауымыз қажет.

Герберт Спенсер (1820-1903)

Оның әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда
болу теориясының негізінде пайда болған.

1) қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;

2) әлеуметтік эволюция идеясы.
Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Ол қоғам мен организм
арасында кейбір ерекшеліктер туралы ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал
организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің,
игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г.Спенсердің
қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкелді. Олар: 1) Қолдаушы, 2) материалдық игілікті
өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің
бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу болды.

Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың алты тұрпатын атап көрсеткен. Оларға
туыстық білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения.
СПБ, 1986; Основные начала , СПБ, 1897; Основание социологий, СПБ1906 г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын
зерттеген.
Спенсердің әлеуметтік көзқарасы.
Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастаудың негіздері» , «Биология негіздері», «Психологиялық негіздері» , «Әлеуметтану
негіздері» деген еңбектерінде баяндады. Спенсердің әлеуметтануының аса құнды жағы «Әмбебап эволюция заңы» деп аталды. Бұл
заң бойынша Спенсер қоғамның нақты әлеуметтік жағдайын жан-жақты білу қажет екендігін атап көрсетті. Еркін және ішкі
себептердің пайда болуы әлеуметтік эволюциялық жетістігінне жетуінің бірден-бір шартты мелекетік қызметіне қатаң шек қою
болып табылады деп көрсетті. Мемлекеттің негізгі міндеті деп қоғамда құқықтың жүзеге асырылуы және еркіндік тиімділігі
заңының сақталуын қамтамасыз ету. Ал Спенсердің қоғамды организм ретінде түсінуі әлеуметтік дамуда туындаған. Спенсер
қоғамдық өмірде мемлекеттің ойын шектеуді тіптен кедейлерге көмек немесе балаларға тәрбие беру туралы қамқорлығынанда бас
тартуды ұсынды. Спенсердің пікірінше кез-келген қоғам дамуы органдардың үш жүйесінің негізінде баталып жүреді деді.

1) жүйе : сүйемелдеуші жүйе (материалдық жағынан қамтамасыз ету).

2) жүйе: бөлуші жүйе-еңбек бөлінісінің негізінде қалыптасқан әлеметтік органнан, әртүрлі бөлімдерінің байланысын қамтамасыз
етеді.

3) жүйе : реттеуші жүйе-бұл қоғамның құрамды бөлімдерін біртұтас орталыққа бағындырып мемлекет тарапынан оның дамуын
реттеп отырады.

Спенсер қоғам ерекше бөлімдерден, яғни «органдардан» тұрады дейді. Бұл бөлімдер немесе мекмелер болып табылады.
Мекемелердің алты түрі бар: салт-дәсүр, саясат, мешіт, кәсіби-мамандық, өнеркәсіп және үй іші жабдықтары.

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері
ӘЛЕУМЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ
Экологиялық әдіс
Әлеуметтану объектісі мен пәні
КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛДАУ
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
Социология ғылымы және оның құрылымы
ДӘРІС Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Әлеуметтік топ
Әлеуметтану міндеттері
Пәндер