Рационалды тамақтану теориясының мінездемесі


Slide 1

БАӨЖ № 1

ҚР Кедендік Одақтың "Тағам қауіпсіздігі" регламенті. .

Рационалды тамақтану теориясының мінездемесі.

Тағам өнімдерін сертификаттау. Қазақстан Республикасы тағам өнімдері қауіпсізідгінің нормативтік-құқықтық негізі.

Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда университеті

Тпп 22- 5

Орындағандар: Бекет Нұрай, Ақыметқалиқызы

Ақерке

Slide 2

ЖОСПАРЫ:

1) Тағам қауіпсіздігі

2) Еліміздегі тағам өнімдерінің қауіпсіздігі

3) Тамақтану режимі

4) Сертификаттау және нормативтік құжаттау

Slide 3

Тағам қауіпсіздігі - бұл тағам өнімдерінің адам денсаулығына зиянсыздығы.

Ал азық- түлік өнімдерінің қауіпсіздігі дегеніміз не екеніне тоқталып өтсек. Қазіргі кезеңде “ азық-түлік қауіпсіздігі ” деген ұғым екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі, әдебиетте азық-түлік қауіпсіздігінің анықтамасына қатысты бірнеше көзқарастар бар. Солардың бірі Ресей ғалымы Г. В. Григорьевтың анықтамасы бойынша «азық-түлік қауіпсіздігі- бұл халықтың ең әлсіз, кедей топтарының міндетті түрде басым болған жағдайда, адамдардың өмірі мен әрекет істеуге бейімін сақтау және қолдау үшін қажетті көлем мен сапада тамақ өнімдерінің табиғи және экономикалық қол жетімділігінің шарты және азық-түліктің сыртқы көздерінен мемлекеттің толық тәуелсіздігі кезінде оның өз өндірісі арқылы барлық халықтың азық-түліктің негізгі түрлерімен тұрақты қамтылуы мүмкін болатын экономиканың, соның ішінде агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы»

Slide 4

Екіншісі, «Азық - түлік өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi - тамақ өнiмдерiнiң оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде зиянды болып табылмайтындығы мен қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулығына қауiп туғызбайтындығына негiзделген сенiмдiлiк күйiнiң болуы»

Slide 5

Елімізде тамақ өнімдерінің қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету мәселесі келесі заң актілерінде қарас­тырылған. Қазақстан Республикасының “Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы” (2004) Бұл Заң тамақ өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасы аумағында дайындалуы мен айналымы кезiнде олардың сапасын және халықтың денсаулығы мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейдi. Заң 4 тарау, 22 баптан тұрады. 1-тарауда Жалпы ережелер туралы айтылған, 2-тарауда «Тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк реттеу» деп аталады, бұл тарауда қауіпсіздікке қойылатын талаптарды сертификаттау және растау, мемлекеттік қадағалау және бақылау, мемлекеттік реттеу пункттері қарастырылған, 3-тарауда тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптар көрсетілген, 4-тарау «Қорытынды ережелер», бұнда заң бұзылған жағдайда, не болатыны айтылған.

Slide 6

Адамның тамақтануы рационалды болуы керек, яғни еңбек шартын ескергенде, организмнін физиологиялық тұтынуына жергілікті жердің климаттық ерекшелігіне, жасына, дене салмағына, жынысына және денсаулық жағдайына сәйкес болуы керек. Рационалды тамақтану рационның сандық және сапалық толық

қуаттылығын қарастырады. сандық толық қуаттылық дегеніміз -

организмнің энергошығынының тағам қуатылығына қатаң сәйкес болуы.

Slide 7

Тамақтану режимі - бұл күн ағымында уақыт, калориясы және

көлемі бойынша тағамды тарату. Күн ағымында тағамды дұрыс тарату

орташа есеппен 2, 5-3, 5 кг құрайды. Кешкі асты ұйқыға жатар алдында 2 сағат бұрын ішу керек. Тағамды белгілі бір уақытта қабылдау керек.

Мұндай кезде тағам жағдайы мен адамның көңіл күйі өте маңызды. Таңғы ас мәзірінде құрамында ет, балық, жарма, көкөністер, май-

лары бар әртүрлі тағам болуы қажет. Оны ұсақтауға болады (1-ші

және 2-ші таңғы ас), мұндай кезде тағам жақсы сіңу үшін тағамның

көлемін азайтады. Таңғы асқа міндетті түрде ыстық сусындарды (шай,

кофе, какао) қолданады. Олар асқазан сөл бездерін қоздырады.

Түскі асқа тәбет ашатын көкөніс немесе ащы басытқыларды,

сорпадағы экстрактивті көжелер, әдемі безендірілген еттен, балықтан,

көкөкністен, жармадан, макарон бұйымдарынан ІІ тағамдарды пайда-

лану ұсынылады. Түскі асты тәтті тағамдармен (кисель, компот, мусс,

желе т. б. ) аяқтайды, олар ас қорыту сөлдерін азайтады және тоқ.

Бесін асы мен кешкі асқа жеңіл қорытылатын сүт-өсімдік

тағамдары (ботқа, салаттар, пудинг, запеканка, сырник т. б. ), сусындар

(шай, сүт, сүтқышқылды өнімдер) қажет.

Slide 8

Тамақтану режимі

Тағам ішу

Ішу уақыты

Үш рет тамақтану

Төрт рет таиақтану. %

I нұсқа

II нұсқа

Кәрі адамдар үшін 4 рет тамақтану

1інші таңғы ас

7-7. 30

30

20

25

20

2інші таңғы ас

11-12

-

10

-

10

Түскі ас

14-15

45

45

40

35

Бесін ас

17-17. 30

-

10

10

Кешкі ас

20-20. 30

25

25

25

25

Slide 9 Slide 10

Сертификаттау-комплектік жұмыстар арқылы(сертификат) өнімнің халықаралық немесе мемлекеттік импорттаушылардың стандарттарына сәйкес екендігін көрсету. Қай стандарт бойынша сертификаттау қойылған мақсатқа байланысты болады.

Сертификаттау объектісіне жатады: өнімдер, қызметтер. Сертификаттауға қатынасады:өндірушілер, тұтынушылар жағы және тәуелсіз үшінші жақ.

Сертификаттау мақсаты:

1) Нарыққа қатынасу жақтардың өз елінде немесе халықаралық нарықта жұмыс істеуіне жағдай жасау.

2) Тұтынушыларға тауарларды таңдауда көмектесу.

3) Экспортқа, тауарлардың өтімділігіне көмектесу.

4) Тұтынушыларды адал емес өндірушілерден қорғау.

5) Өмірге, денсаулыққа, қоршаған ортаға, заттардың қауіпсіздігін бақылау.

Slide 11

Сертификаттау екі түрлі болады:міндетті, ерікті

Міндетті сертификаттау-белгіленген орындарға өнімнің талаптарға сәйкес екендігін дәлелдеу.

Ерікті сертификаттау-мұны ерікті түрде өндіруші өнеркәсіпте өткізеді, өнімнің өсімділігін арттыру үшін.

Сертификаттау құқығы арнайы арнайы мекемелерге берілген. Сертификаттау мекемелердің сертификаттау сынағын өткізуге, соның ішінде сертификат беруге немесе бейтарап лабароторияларда өткізілген сынақтар бойынша сертификат беруге құқықтары бар. Сұраушылар сертификаттау тәртібі жөнінде хабарландырады. Сәйкестік сертификаты(куәлігі) -бұл белгілі ережелер бойынша жазылған өнімнің сертификаттау талаптарына сай екендігін көрсететін куәлік.

Slide 12

Сәйкестік белгісі-бұл белгі сетификаттау ережелері бойынша белгіленген қасиеттеріне сәйкес өнімдерге қойылады.

a) . 1997жылғы 15шілдеде №1112 Қ. Р мемлекетінің үкімі бойынша міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдердің тізімі белгіленген.

b) . Өкіметтің 1998ж 27қарашада №1202 қарары бойынша”Кейбір өнімдерді Қ. Р әкелу тәртібi”кедендік тексеруді кеңейту үшін спирт өнімдері Қ. Р жеріне теміржол интервалымен ғана әкіленеді.

1993ж. қаңтарда “Стандарттау және сертификаттау”заңы бекітілді. 250 лабораторияға сынау құқы барілді. Адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін үкіметтің қаулысы 97. 07. 15 №1112 бойынша қызметтерге біртіндеп міндетті сертификаттау енгізілді.

1) Қоғамдық тамақтану қызметі.

2) Қонақжайлар, мотельдер, кемпингтер қызметі.

3) Автомашиналарды жөндеу, техникалық қызмет.

Стандарттау жұмыстары дамыту үшін бірнеше жаңа заңдар қабылданады.

Slide 13 Slide 14

Нормативтік-техникалық құжат бұл белгіленген тәртіппен әзірленген және құзыретті орган бекіткен қызметтің белгілі бір салаларында орындауға міндетті стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін құжат.


Ұқсас жұмыстар
Тамақтану концепциялары
“Балалар мен жасөспірімдер арасындағы рационалды тамақтануды ұйымдастыру”
Тіс жақ жүйесінің деформациясына әсер ететін факторлар
АДЕКВАТТЫ ТАМАҚТАНУ
Емдік тамақтану
Бәсеке - нарық ортасының бөлінбейтін құрамдас бөлігі
Егде және кәрі жастағы адамдардың ұтымды тамақтануын ұйымдастыру
Спортшылардың жарыстар кезінде және кейін тамақтануы
Мектептегі тамақтану
Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz