Омыртқа жарақаттары



Омыртқа жарақаттары. Жамбас жарақаттары. Бас сүйегі мен мидың жарақаттары.

Омыртқа жарақаттары ұзақ мерзім бойы науқастың еңбекке жарамсыздығын тудырып, кейде мүгедектігіне әкелетін ауыр жарақаттар түріне жатады. Омыртқа асқынған және асқынбаған жарақаттарын ажыратады, сонымен қатар омыртқаның соғылуы, дисторсиясы, толық немесе жартылай шығуы және сынулары жиі кездеседі. Анатомиялық орналасуына байланысты омыртқаның денесі, доғашығы, буыны, біз тәрізді, көлденең өсінділерінің сынықтары белгілі.
Омыртқа жарақаттарының тұрақты және тұрақсыз

Жарақатты анықтау. Науқастар жарақаттанған омыртқа аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Мойын омыртқасы сынғанда ауырсынуға байланысты науқас мойының қозғай алмайды. Мойын еттері спастика жағдайында. Омыртқаның қалқан өсінділерін пальпациялау кезінде сынық аймағында ауырсыну өршиді. Бел омыртқалардың сынуында науқастар кейде ішінің ауырғанына шағымданады, оларда алдыңғы құрсақ еттерінің ширатылуы байқалады.
Силин симптомы

Алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек.
Омыртқа сынығына күдік туғызған науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетуде келесі жайларды есте сақтаған дұрыс, біріншіден -омыртқа бас пен денені қозғауға мүмкіндік беретін анатомиялық құрылым ғана емес, ол сонымен қатар тез жарақаттанғыш, жұлын мен оның талшықтары үшін арнайы сауыт тәрізді құрылым болып табылады, екіншіден-осындай науқастардың омыртқасындағы қосымша орын алған қимылдар, әсіресе бүгу омыртқа мен жұлын жарақатын одан әрі асқындырады.

Тасымалдау иммобилизациясын орындау әдісі. Омыртқа жарақаттары бар барлық науқастарға иммобилизация жарақат алған жерде арнайы зембілді, вакуумды зембілді, сондай-ақ қолда бар тақтайдың көмегімен орындалады.
Зардап шегушіні зембілде шалқасынан жатқызып немесе етпетінен жатқызып тасымалдау. Омыртқа жарақаты бар науқасты тасымалдау иммоблизациясы.

Науқасты зембілде шалқасынан (арқасына) жатқан күйде, сынық манайына өз киімін жастықша тәрізді орналастырып, гиперэкстензия (омыртқа жотасы жазылған қалыпта) қалпында тасымалдайды. Науқасты отырғызуға тиым салынады. Егер зембіл жұмсақ болса, науқасты етпетінен жатқызып, кеудесінің астына және ішіне жастықша қояды. Егер арнайы зембіл болмаған жағдайда ондай науқастарды тасымалдауда қатты тақтайды қолдануға болады. Алдын ала тақтайдың бетіне матрас, көрпе немесе науқастың күртешесін төсейді. Омыртқаның мойын бөлігінің сынығына күдікті науқастарға арнайы Еланский шендеуіші, қатты бекітетін басты ұстағыш құрылғыны қолданады. Ол болмаған жағдайда Щанц жағасын пайдаланады.

Мойын омыртқасы жарақаты бар науқасты тасымалдау иммоблизациясы.
Науқаста жарақаттық шоктың белгілері пайда болса, онда шокқа қарсы көктамыр ішіне инфузионды-трансфузиялық емді жұргізе бастайды. Қосымша жүрек гликозидтерін, гормондарды десенсибилизациялаушы дәрілерді көктамыр ішіне

Алғашқы дәрігерлік көмектің көлемі.
- көрсеткіштері бойынша көктамыр ішіне шокқа қарсы инфузионды-трансфузиялық емді бастау, (натрий хлорид ерітіндісі 0, 9 % -500-1000 мл) және коллоидтық ерітінді(декстран 200-400 мл) .
- қосымша жүрек гликозидтерін (строфантин, дигоксин), гормондарды (преднизолон, дексаметазон және т. б) көктамыр ішіне енгізу.
- тиімді жансыздандыру (наркотиялық емес анальгетиктер-кетарол, анальгин, трамол және т. б наркотикалық анальгетиктер-морфий гидрохлориді 1%-1, 0 мл, промедол 1-2 %-1, 0 мл көктамырға)
- зәр шығудың бөгелісінде қуықты катетрлеу.

Жамбас жарақаттары.
Статистика бойынша жамбас жарақаттары барлық сынықтардың 4-7% құрайды. Жамбас сынықтары шок, кемік сүйегі тінінің аймағына көлемді қан жоғалту туындататын ауыр жарақаттарға жатады.
Алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек.
- жарақаттаушы агенттің әсерін шеттеу;
- жарадан кеткен қанды тоқтату (егер жарасы болса)
-

Тасымалдау иммобилизациясын тиімді орындау.
Тасымалдау иммобилизациясын орындау әдісі. Тасымалдау үшін қатты стандартты зембіл қолданылады, науқасты зембілге шалқасынан жатқызып, тізесінің астына жастықша қояды “аяқтарын бақа жағдайына” орналыстырып зембілге бекітіп танған дұрыс.

Алғашқы дәрігерлік көмектің көлемі.
- шок жағдайында көктамыр ішіне шокққа қарсы инфузионды-трансфузиялық емді бастау, (кристаллоидтық ерітіндіні) (натрий хлорид ерітіндісі 0, 9 % -500-1000 мл) және коллоидтық ерітінді(декстран 200-400 мл) .
- қосымша жүрек гликозидтерін (строфантин, дигоксин), гормондарды (преднизолон, дексаметазон және т. б) десенсибилизациялаушы дәрілерді (пипольфен, тавегил және т. б) көктамыр ішіне енгізу.
- тиімді жансыздандыру (наркотиялық емес анальгетиктер-кетарол, анальгин, трамол және т. б наркотикалық анальгетиктер-морфий гидрохлориді 1%-1, 0 мл, промедол 1-2 %-1, 0 мл көктамырға)
- Школьников-Селиванов бойынша жамбас ішіне блокада жасау;
- қуық жарақатында құыққа пункция жасау;
-

Бас сүйегі мен мидың жарақаттары.
Этиологиясы бойынша бас сүйегі мен мидың жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді. Жабық бас сүйек-ми жарақаттарына табиғи биологиялық барьер болып саналатын тері бүтіндігі зақымданбаған бас сүйегі мен мидың жарақаты ашық жарақат болып табылады; олар мидың қатты қабығының бүтіндігіне байланысты енген және енбеген болу мүмкін. Бас сүйегі негізінің сынығы ото немесе назоликвореямен асқынса, осындай жарақат бас сүйек-мидың ашық,

Бас сүйегі мен мидың жабық жарақаттары.
Бас сүйегі мен мидың жабық жарақаттары мидың шайқалуы, соғылуы, және жаншылуы жатады.
Мидың шайқалуы бас ми жарақатының жеңіл түрі. Осындай жарақаттарда ми мен оның қабығында морфологиялық өзгерістер болмайды, клиникалық және патогенетикалық көріністері орталық нерв жүйесіндегі функциональды өзгерістермен байланысты. Олар негізгі клиникалық симптомдарына 1) жарақат кезінде науқастың қысқа мерзімге есінен тануы және 2) ретроградты амнезия жатады.
Ми соғылуы (контузия) жеңіл дәрежесі мидың шайқалуынан орталық нерв жүйесіндегі функциональды бұзылыстармен қатар морфологиялық өзгерістер пайда болады, оларға паутинді қабықшаның тамырларының зақымдануы жатады. Олар люмбальді пункция кезінде ликворда қанның араласуы субарахноидальді қан құйылу түрінде көрініс береді

Мидың орта дәрежедегі соғылуы-жеңіл және ауыр ми жарақаттары арасындағы түріне жатады. Осындай жарақаттарда өлім-жетім, асқынулар аз, емі консервативті. Жарақаттар бастың төбе сүйегінің немесе негізі сынуымен жиі қабаттасады, ал жарақаттың морфологиялық субстраты мидың қатпарлары құрылымындағы әр көлемдегі контузия ошақтары болып табылады. Орта дәрежедегі ми соғылуының екінші патогномикалық симптомына миың жарақаттануының ошақты симптомдары жатады. Көбінесе көз алмасын қозғаудың бұзылысы, сирегірек-есту, сөйлеу, көрудің бұзылуы, аяқ-қолдың парезі кездеседі. Осындай жаралылар екінші кезекте, әскери-далалық жеңіл жаралыларға арналған госпитальдерге емес, әскери-далалық неврологиялық жаралыларға арналған госпитальдерге қолда бар көліктермен эвакуацияланады.

Мидың ауыр дәрежедегі соғылуы - патогенетикалық және морфологиялық тұрғыдан қарағанда мидың қатпарларымен бірге ми асты құрылымдары, аралық мидың жарақаттануымен сипатталады.
Мидың ауыр дәрежедегі соғылуының негізгі клиникалық көрсеткіштері естің болмауы, естің бұзылуы сопордан кома аралығында болады.
Мидың жаншылуы. Бас сүйегі қуысында ми қатты ми қабығы үстінде немесе астында түзілетін гематомамен, бас сүйегінің ығысқан бөлшектерімен, сондай-ақ мидың ісігі салдарынан жаншылады. Ми жаншылуының клиникалық белгілері оның жаншылу дәрежесіне байланысты болады.

Бас сүйектің жұмсақ тіндерінің жаралануы-тері, апоневроз, бұлшықеттер немесе сүйек қабығының жарақаттануымен сипатталады.
Бас сүйегінің енбеген жаралануы-

Бас сүйек пен мидың енген жаралануы- жұмсақ тіндер бас сүйегі, мидың қабықшасы мен заттарының жарақаттануымен сипатталып, өзінің ауыр ағымы мен өте жоғары детальдігімен ерекшеленеді. Жарақаттаушы агент мидың қай құрылымы арқылы өтуіне байланысты енген жарақаттардың ауырлығы анықталады. Осындай жарақаттар көптеген жағдайда ауыр инфекциялармен асқынады-менингит, менингоэнцефалит және ми абцессі.
Алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек

Бас сүйек пен мидың жарақаты бар науқасты тасымалдау.
Осындай жаралыларға тыныстың күйзелу қаупі болғандықтан промедол ерітіндісі енгізілмейді. Егер психомоторлық қозу байқалса науқасты зембілге танып, бекітеді. Дәрігерге дейінгі көмекті фельдшер жүзеге асырады. Ауырғанды басуға және инфекцияны алдын алуға арналған дәрілерді егеді. Асфиксияны жоғарыдағы әдіспен жояды, тынысы бұзылғанда қолдағы аппараттың көмегімен жасанды тыныс беру арқылы, өттегінің ингаляциясы жасалады. Сонымен қатар жүрек қызметі бұзылғанда тері астына 1-2мл 20% кофеин, 2 мл кордиамен ерітінділерін егеді.
Алғашқы дәрігерлік көмек:
- кома кезінде ауыз қуысын, мұрынды, жоғарғы тыныс жолдарын бөгде заттардан, құсықтан, кілегей бөліністерінен тазалау;
- тілді бекіту, ауа өткізгіш түтікшені орнату;

- ұйқы артериясынан қан кетуде алдында салынған таңғышты түзеу немесе қайта салу немесе жараны бітеп тұрған тампон үстіндегі теріге тігіс салу;
- көрсеткіші бойынша трахеостомияны орындау;
- жүрек қызметі мен тынысы бұзылса 1-2мл 20% кофеин, 2 мл кордиамен ерітінділерін егу;
- қайталанып құсуда 1 мл 0, 1 % атропин, 1-2 мл 2, 5 % аминазин ерітінділерін егу;
- тырысу және психомоторлық қозуда 2мл 1 % димедрол, 1-2мл 2, 5 % аминазин, 2 мл кордиамин, 5-8мл 25 % магний сульфаты ерітінділерін араластырып бұлшықетке тәулігіне 2-3 егу;
- 1 мл 2 % промедрол ерітіндісімен қосымша жансыздандыру;
-

Көз жарақаттары.
Көз жарақаттары механикалық, химиялық, термиялық және сәулелік факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Орналасуына байланысты олар көздің қосымша мүшелерінің, көз алмасы мен көз шарасының жарақаттары болып топталады. Көз жарақаттары ауырлығы бойынша жеңіл, орта ауырлықтағы, ауыр және өте ауыр болып табылады.
Көз алмасының жаралануы енген және енбеген болып бөлінеді. Қасан қабақ эпителий бүтіндігі бұзылса, науқастарда қатты ауру, көздің жарықтан қорқуы, жас ағу, блефароспаза орын алады. Қасаң қабықтағы ақауды анықтау үшін дәнекер қабықтың қалташасына 2 % флюоресцеин ерітіндісін енгізеді, содан кейін дезинфекциялаушы ерітіндіні тамызғанда бояғыш зат сау эпителий бетінен жуылады, эпителийдің жарақаттанған аймағы жасыл түске боялады.

Алғашқы медициналық көмек
1. Инфекцияның алдын алу мақсатында көзге 2 % сульфацил-натрий немесе 0, 3 % тобрамвал ерітінділерін тамызу;
2. Ауырғанды басу үшін көзге 0, 25 % дикаин ерітіндісін тамызу;
3. Инфекцияны болдырмау мақсатында қабақтарының артына-1 % левомицетин майын жағу;
4. Көз алдына “перде” тәрізді таңғыш салу;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz