Батыс Түрік қағанатының әлсіреуі, ыдырауы
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы
§2. Батыс Түрік қағанатының құрылуы,
дамуы және ыдырауы(603-704жж)
Күтілетін нәтиже:
Білім • Түрік қағанатының не себептен екіге бөлінгенін
еске түсіріп, Батыс және Шығыс Түрік
қағанатының пайда болғанын біледі.
Түсінік • Батыс Түрік қағанатының жер аумағы,
әлеуметтік құрылымы, этникалық құрамының
түйіндейді
Қолданыс • Батыс Түрік қағанаттарының картасын
пайдаланады және қай қаған тұсында
қағанаттардың күшейе түскенін анықтайды.
Анализ • Батыс Түрік қағанатының көрші елдермен
саяси қарым-қатынасы мен шаруашылығын
талдайды
Синтез • Батыс Түрік қағанатының ішкі және сыртқы
жағдайын түйіндеп қағанаттың әлсіреу себебін
анықтайды.
Баға •Батыс Түрік қағанатының тарихының қазақ
тарихындағы алатын орнын бағалайды.
Тақырып жоспары:
1. Батыс Түрік қағанатының құрылуы
мен этникалық құрамы
2. Қағанаттың саяси және әлеуметтік
жағдайы
3. Батыс Түрік қағанатының
әлсіреуі,ыдырауы
1-тақырыпша
Батыс Түрік қағанатының
құрылуы мен этникалық құрамы
603 жылы Түрік қағанаты ішкі талас-тартыстың және көрші
елдермен соғыс,Қытай шапқыншылығының әсерінен екіге
бөлінді.
Түрік қағанатының екіге бөлінуі
Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түрік қағанаты
Батыс Түрік қағанатының 603-704 жылдардағы аумағы
Аумағы: Оңтүстік-шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап,
Солтүстік-батысында Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін
Солтүстік шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып
жатыр.
Негізгі орталығы-Жетісу
Астанасы-Суяб, жазғы ордасы-Мыңбұлақ(Түркістан төңірегі)
Шығыс Түрік қағанатының 682-744 жылдардағы аумағы
Аумағы: Қазақстанның шығысы,Орталық Азия, Шығыс Түркістан,
Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатты.
Батыс Түрік қағанатының этникалық құрамы
Батыс Түрік қағанатының этникалық құрамы Он тайпа (он оқ
будун) тұрды. «Бұдун» сөзі халық,ел деген ұғымды білдірді. Сонда
«он-оқ бұдун» он тайпа дегенді білдіреді.
«Он-оқ бұдун» он тайпаның бесеуі дулу, бесеуі нушиби тайпасынан
тұрды.
5 Дулу тайпа -Шудың шығысындағы орналасты
5 Нушиби тайпа -Шудың батысындағы орналасты
2-тақырыпша
Қағанаттың саяси және
әлеуметтік жағдайы
Қағанаттың ішкі және сыртқы жағдайы
Қағанаттың дамуына үлес қосқан қағандар
•Тардуш(Дато) қаған-қағанаттың алғашқы қағаны
және қағанаттың билігін күшейткен қаған.
•Шегу (610-618 ж.) қаған-қағаннаттың шекарасын
кеңейтті.
•Тон(618-630 ж.) қаған қағанатының халықаралық
жағдайын нығайтқан қаған.
Тардуш (дато) қаған тұсында
•Батыс Түрік қағанатын алғашқы кезде Тардуш(дато) қаған басқарды. Бұл
кез қағанаттың күшейген кезі еді.Тардуш қаған Шығыс Түрік қағанатын
басып алып, екі қағанатты қайта қосуды ойластырды. Ол өз ойын іске
асыру үшін Алтайдағы теле тайпасына шабуыл жасап, олардың жерін
басып та алған. Сөйтіп өзін Шығыс Түрік қағанатының да қағаны деп
жариялайды. Алайда телелер қайтадан оған қарсы көтеріп, теле тайпасы
бөлініп кетті.
Шегу (610-618 ж.) қаған тұсында
Шегу қаған Қағанаттың шығыстағы шекарасын Алтайға дейін, ал
батыстағы шекарасын Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді.
Тон (618-630 ж.) қаған тұсында
•Тон қаған батыстағы елдерді жаулап алуды ойлады. Қаған Орта Азияны
басқару жүйесін қайта құрды. Тон қаған кейбір ірі қалаларды өз қолында
тапжылтпай ұстап отыру үшін айла-шарғылар да қолданды. Тон қаған
өзінің батыстағы ықпалын нығайтуды және одан айырылып қалмауды
ешқашан есінен шығармаған.Әсіресе Иран мен Византия сияқты ірі
мемлекеттердің арасындағы жағдайды бақылап отырған.Екі елдің
арасында қақтығыс туа қалса, одақтасы Византияға көмектесуге дайын
тұрған. Сонда бір соғыс жағдайы 627 жылы Византияға көмек беру үшін
өзінің қалың қолын аттандырады. Бұл көмек Батыс Түрік қағанатының
халықаралық жағдайдағы саяси беделін өсіре түсті.
Батыс Түрік қағанатының әлеуметтік құрылымы
Қаған Билеуші,әскер басы, бүкіл
жердің иесі
Қаған сайлаған Қағаннан кейінгі билік
ұлықтар иелері
Шад,жабғу, Ашина руынан шыққан
елтебер ақсүйектер
Бек Ру, тайпа басқарушысы
Тархан, бұйрық Сот қызметін атқарушы
Қара бұдын Қарапайым халық
Тат Құл
Қағанаттың әлеуметтік жағдайы
Қаған қағанаттың бірінші басшысы, билігі шексіз мұрагерлік жолмен беріліп
отырады. Одан кейінгі билік қаған сайлаған ұлықтың қолына берілді. Қағанаттың
жоғарғы лауазымдар қаған руынан шыққан ақсүйектер өкілдерінің қолында болған.
Оларға ябғу, шад, елтебер сияқты атақтар беріліп отырған.Қарапайым халықты
«қара бұдундар» деп атаған.Алым-салық төлейтін, ауыртпалықты көп көтеретін
осы халық еді.Түрік қоғамында «татсыз түрік болмайды» деген теңсіздікті білдіретін
тіркес бар. Мұнда «тат» сөзі құл деген мағынаны білдіреді. «Күлтегін» жазуында
«Бек ұлдарың құл болды, Пәк қыздарың күң болды» деген жолдардан да түрік
қоғамында құлдықтың болғандығын аңғарамыз.
"Күлтегін" жыры Күлтегін ескерткішінің 2001 жыл
университет әкелінген көшірмесі
Жартылай мал шаруашылығы
Қағанаттың негізгі шаруашылығы жартылай мал шаруашылығы.
Батыс Түрік қағанатында көшпелі мал шаруашылығы басым сала болды.Онда төрт
түлік мал өсірген.Қыстаулары Іле, Шу, Ертіс сияқты ірі өзен бойларындағы
тоғайлы жерлерде немесе тау бөктеріндегі шатқалдарда орналасты.Өйткені ондай
желердің от-суы мол, қысы жайлы еді.
Жер өңдеу кәсібі айналысқан
Испиджаб, Тараз, Талхир, Алмалық қалаларда егін шаруашылығы жақсы дамыды.
Жер өңдеу мен қатар сауда-саттықта жүргізілді.Батыс Түрік қағанатын Ұлы Жібек
жолы басып өтті.Бұл қалалар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан
сырттан келген саудагерлермен сауда қатынас жүргізілді.Сауда көбінесе айырбас
түрінде жүрді.
Талхир(алматыдан 25 шақырым Тараз (Жамбыл қаласы )
орналасқан)
Испиджаб (Сайрам, Шымкенттен Алмалық (Іле өзенінің бойында)
12 шақырым орналасқан) орналасқан.
3-тақырыпша
Батыс Түрік қағанатының
әлсіреуі,ыдырауы
Батыс Түрік қағанатының әлсіреуі мен ыдырауы
Әлсіреу себептері
•Ішкі талас-тартыс
«Он-оқ бұдун» басқару жүйесі билікті күшейтудің орнына,
керісіншн әлсірете бастады.Билік үшін талас тайпалар
арасында бұрынғыдан да күшейе түседі. Әсіресе дулулар
мен нушебилер арасындағы 640-657 жылдардағы ұзақ
уақытқа созылған тартыс қағандықты мүлде әлсіретті.
•Қытай империясының қысымы
Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуді басып алды.Қағандық өз
тәуелсіздігінен айырылды.Бұдан кейін де «Он-оқ елінің» өз
еріктерімен ұйымдасқан әскерлері қытай басқыншыларына
қарсы бірнеше рет күреске шықты.Бірақ нәтижелі жеңіске жете
алмады.
Ыдырауы
704 жылы Батыс Түрік қағанаты ыдырап, оның орнына түргеш
қағанаты келеді
Түргеш қағанаты
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz