Батырдың қысқаша өмірбаяны




Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: «Кенесары Қасымұлы»

Орындаған: Мергенбай С Т
Тексерген: Қыздарбеков.Б Қ

Қарағанды 2014
Мазмұны:
.Кіріспе
Батырдың қысқаша өмірбаяны
• І-тарау: Балалық шағы
• ІІ-тарау: Көтерілістің себептері, мақсаты
және қозғаушы күштері
• ІІІ-тарау:Ақ киізге көтерілуі
• IV-тарау: Хандықтың құлдырауы
• V-тарау: Дереккөздер

.Қорытынды
.Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихы күрделі әрі
оқиғаға толы болды. Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі мен
егемендігі үшін күресіп, күш-жігерінің, патриоттық рухы мен дипломатиясының
арқасында елі мен жерін сақтап қалды. Тарихтың қиын кезеңдерінде ұлан-байтақ жерін
жоғалтпай, барлық қиындықтарды жеңіп, оны болашақ ұрпаққа табыстап отырған. Қазақ
халқы басына бұлт үйірілген кездерде ұйымшылдық танытып, басқа халықтармен
татулық пен бірлікте өмір сүруге ұмтылысының арқасында тарих ағымында жоғалмай,
керісінше, өз мемлекеттігін құра білді.

Мақсаты :
Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына
келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру,
азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету
мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі
мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды!
Қазақ халқының талай бастан кешкен қиын қыстау кезеңдерде Елім деп Жерім
деп жан пида еткен батырдың ерлігі! « Ер есімі – Ел есінде» демекші
батырдың еліне істеген ерліктері үшін ел жүрегінде ұмытылмас тұлға!
«Қазақстан тарихы энциклопедия» Қинаятұлы. З. Омарбеков.Т. Ермұханов.Б. Тарих ғылымының
докторы;
Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол
Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның
туған немересі еді. Көтерілістің болашақ
басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат
құлағында ойнады, құралайды көзге атқан
мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып
аңшылығымен, қара қылды қақ жарған
әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен
және жүрек жұтқан батыллығымен, қайтпас
қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның
бойында ұйымдастырушылық және әскери
қолбасшылық таланты мол болатын. XIX
ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің
бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді»
деп жазды.
«Қазақстан тарихы энциклопедия» Қинаятұлы. Жұмғұлов,Қ Тарих
ғылымының докторы; профессор,
«Көтерілістің себептері, мақсаты және
қозғаушы күштері»
XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен
қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде
шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан
билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың
едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі
қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери
бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден,
бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген
қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы
сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі
жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден,
патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл
жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті
халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн
көрісін қиындатып жіберді.
Кенесары жасақтарының белсенді әскери
іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында
басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі
елді мекенді алты күн бойы қоршауда
ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі
мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне
терең ор қазылып, оған жете беріс
жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар
қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға
сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери
старшина Карбышев бастаған отряд
қорғады. Кенесары шабуылды 1838
жылдың 7 тамызында таң саз бере
бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт
шығаратын жебелермен атқылады.
Бекініс өртке оралды. Кенесарының
даңқты батырларының бірі Басықара
бекіністің ішкі жағасынa баса-көктеп
кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды
Ермұхан Бекмаханов: «Кенесары-Ұлт-азаттық көтерілістің косемі» (1915-1966) тарих
ғылымының докторы профессор;
.

Кенесары Қасымұлы да мемлекет
тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық
санасына құюда қыруар еңбектер
атқардыКенесары қолы алғашқы әрекетін
1838 жылы көктемінде Ақмола бекінісін
қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы
әскери старшина Карбышев пен Ақмола
аумағының аға сұлтаныҚоңырқұлжа
Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті.
Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары
Қасымұлы патша өкілдеріне жазған
хаттарында бұл әрекетін Ресейшекараларына
жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз
процестерін жеңілдету деп түсіндірді.

. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009:
http://kk.wikipedia.
Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты.
“Венн диаграммасы”

Кенесары Қасымұлы бастаған Сырым Датұлы бастаған көтерілістің
көтерілістің

Феодалдық топтардың Кіші жүзді - Еділ-Арал
Кенесарыны қолдамауы теңізін қамтыған
Қоқандықтардың Отаршылдық Қазақ феодалдарының
тепкісіндегі қазақтарды езгіге қарсы арасындағы алауыздық және ру
бағытталған аралық қайшылықтар
азат ету.
Қазақ шаруалары,
Бүкіл Қазақстанды билер, старшындар Еділдің шығысындағы ірі
қамтыған ұлт-азаттық Қазақ өлкесіндегі халықтық сипаттағы
қозғалыс ең ұзақ қозғалыс.
көтерілістер
Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ
көтеріліс 10 жылға Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ
созылды көтеріліс 14 жылға
созылды
Ақ киізге көтерілуі
1841 жылы Кенесары хан сайланды, оның
саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта
қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті
басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді,
сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді.
Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын
жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін
бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен
жинауға бағытталды.

http://ardaktylar.kz/articles/i-i-/-
Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843 жылы шілденің
27 І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін
басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.
Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843—44 жж.
біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы
жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске
көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.

Кенесары Тоқмақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды. Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол
қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды.
Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды

Қазақ елінің тарихы : оқу құралы / Е. Ө. Прімбетова. - Алматы : ҚазГЗУ, 2003. - 196 б.
Дереккөз
Қорытынды:
. Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ
халқының салт-дәстүрін сақтай отырып,
оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы
күреске жұмылдырды. Кенесары ханның
саясаты және идеологиясы ұлттың даму
жолындағы өзекті мәселелерді шешуге
бағытталған! Ел жүрегіндегі ұмытылмас
тұлға!
Пайдаланған әдебиеттер
«Қазақстан тарихы энциклопедия» Қинаятұлы. З. Омарбеков.Т.
Ермұханов.Б. Тарих ғылымының докторы;
«Қазақстан тарихы энциклопедия» Қинаятұлы. Жұмғұлов,Қ Тарих
ғылымының докторы; профессор,
Ермұхан Бекмаханов: «Кенесары-Ұлт-азаттық көтерілістің косемі»
(1915-1966) тарих ғылымының докторы профессор;

http://ardaktylar.kz/articles/i-i-/-
Қазақ елінің тарихы : оқу құралы / Е. Ө. Прімбетова. - Алматы :
ҚазГЗУ, 2003. - 196 б.
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Алаштың ақиық батыры Оспан Батырұлы
Махамбет Өтемісұлы және Исатай Тайманұлының өмірбаяны
М.Жұмабаев Батыр Баян поэмасы
"Батыр Баян" поэмасы М.Жұмабаев
Көтеріліс бұрынғы
Қазақтың ұлы билері
Махамбет күйлері
Хақан - атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы
Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі
Бастауыш сыныпта
Пәндер