Шуыл мен дірілден қорғану
Презентация қосу
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
https://atu.kz/
ФАКУЛЬТЕТ «Дизайн, тестиль және киім технологиялары»
КАФЕДРА «Текстиль өндірісінің технологиясы»
ПӘН: «Жеңілөнеркәсіп кәсіпорындарында еңбекті қорғау»
№ 7 ДӘРІС
Тақырыбы «Шуыл, діріл, шаң-тозаң, олардың
адамға әсері»
ТӨТ кафедра лекторы Рашидова Баршагуль
Рашидовна
Моб.тел.:8 (747)8774787
Эл.адрес: Rashidova_77@mail.ru
Дәріс мазмұны
1. Еңбекті қорғаудың психофизикалық
негіздері.
2. Өндірістік шу және діріл
3. Өндірістік шаң
4. Қорғану шаралары
КІРІСПЕ
Текстиль және жеңілөнеркәсіп кәсіпорындарында әртүрлі процестер
нәтижесінде өндірістік зиянды заттар бөлінеді, олардың барлығы адам
денсаулығына жағымсыз зиянды ықпал тигізеді. Өндірістік зиянды заттар
үш топқа бөлінеді:
1. Осы өндірістік өнімдердің ерекшеліктеріне байланысты
технологиялық жабдықтаудағы қолданылатын шикізат пен материалдар
нәтежиесінен туындаған зияндылықтар: қанағаттандырылмайтын
метерологиялық шарттар, төмендетілген немесе жоғарлатылған
атмосфералық қысым, өндірістік шу және діріл, өндірістік шаң,
өнеркәсіптік улы заттар, кәсіптік инфекциялар және радиациялық сәулелену;
2. Еңбектің ерекше процестерінің нәтежиесінен туындаған
зияндылықтар: көру және есту органдарының шамадан тыс күштенуі, және де
бұлшық ет пен сүйекке күш түсіретін аппараттары;
3. Санитарлық сәулеттендірудің кемшіліктерінің нәтежиесінен туындаған
зияндылықтар: жылыту жүйелерінің жұмысының жетіспеушілігі, желдету
және жарықтандырудың жетіспейтін деңгейі және бір еңбек етушінің жұмыс
істеу ауданының нормаға сай келмеуі.
Өндірістегі процестер кезінде негізгі зиянды заттармен күресу
шараларына денсаулығына зиянды факторлардың кері әсер етпеуіне арналған
арнаулы киімдермен және бөлек операцияларды жабдықтау герметизациясын
механикаландырумен қамтамасыз етуге болады.
Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының шартты талаптары
болып табылатындар:
- заттық және шикізаттық қоймаларында жүкті түсіру немесе көтеру
жұмыстарын автоматтандыру, механикаландыру;
- тасымалдаушы көліктерді механикаландыру;
- замануи технологиялық жабдықтауларды қондыру;
- өндіріс учаскелерінде толассыз сызықтардың құрылғысын орнату;
- бояу - өңдеу өндірістерінде химиялық заттарға механикалық жабдықтардың
құрылғысын үйлестіру;
- жұмыс орындарында жарықтандыру жүйелерінің құрылғысын қосу және
ауаның тазартылуын қадағалау;
- жұмысшыларды арнайы киіммен және арнайы қорғаныс құралдарымен
қамтамасыз ету;
- жұмысшыларды жүйелі тазалық сүйемелдеуімен орналастыру;
- жұмыс уақытындағы үзіліс уақытына арналған демалыс орындарымен
қамтамасыз ету;
- жұмысшыларды арнайы киіммен және жеке қорғану киімдерімен
қамтамасыз ету (көзілдірік, респираторлар және антифанарлармен және т.б.);
- кәсіпорындардағы тұрмыстық орындарды алдын ала ескерілген санитарлық
нормаларға сай тазалық және реттілікті ұстану үшін және жүйелі бақылау
жабдықтарымен қамтамасыз ету;
- 18 жасқа толмаған жастардың және әйелдердің еңбегін қорғау туралы
жағдайлардың сақталуы.
Қауіпті және зиянды
өндірістік факторлардың
жіктелуі
Кәсіптік зияндар - белгілі бір жағдайларда
кәсіптік ауруларды немесе жалпы
аурулардың өршуін тудыруы мүмкін адамның
денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігіне
тікелей немесе жанама жағымсыз әсер ететін
еңбек процесі мен өндірістік ортаның
факторлары.
Зиянды өндірістік фактор - бұл кәсіби
патологияны немесе өнімділіктің тұрақты
төмендеуін тудыратын, соматикалық және
жұқпалы аурулардың жиілігін арттыратын
және ұрпақтардың денсаулығының
бұзылуына әкелетін қоршаған орта мен
еңбек процесінің факторы.
Қауіпті өндірістік фактор - жедел аурудың
немесе денсаулықтың кенеттен
нашарлауының, өлімнің себебі болуы мүмкін
орта мен еңбек процесінің факторы.
Өндірістік зиянды факторлар пайда болу түрлеріне
байланысты төрт топқа бөлінеді:
физикалық
химиялық
психофизиология
биологиялық лық
Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам
дыбыс ретінде қабылдайды.
Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу
құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар
жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, соңғылардың
зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты
әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді.
Өндірістік шу және діріл. Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам
ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі
станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты.
Қатты шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің
өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс
жасау стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты
болады.
Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында өте жоғары шулы технологиялық
жабдықтау жұмысы кезінде, сонымен қатар қозғалтқыштардың, желдеткіштердің,
компрессорлардың және т.б. жабдықтардың үзіліссіз жұмысы кезінде кәсіби ауру көздері
туындауы мүмкін.
Шу көздері орналасқан әрекеттегі өндіріс орындарын салғанда және қайта салғанда бөлме
ішіндегі жұмыс орындарындағы, сонымен қатар тұрғын үйлерді қоршаған территорияның
ауласындағы шудың деңгейін төмендетуге бағытталған архитектуралық – құрылыс шаралар
қарастырылуы қажет.
Шудың параметрлерін күші бар гигиеналық нормативтерге дейін жеткізу мүмкін болмағанда:
1) тұрақты жабдықтар үшін дыбысты оқшаулайтын кабиналарды құру, процесті қашықтықтан
басқаруды қарастыру қажет;
2) қол саймандары үшін басқа жұмысшыларға шудың әсерін болғызбайтын жерге жұмыс орнын
орналастыруды қарастыру қажет.
Шудың, дірілдің және инфрадыбыстың жұмысшыларға әсер етуіне байланысты жұмыс
орындарының маңында, мезгілді демалуға және профилактикалық процедуралар жүргізуге арналған
бөлмелер қарастырылуы қажет.
Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді
орталарда пайда болатын механикалық тербелістер
кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты
(күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың
әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді,
қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-
тамырларының жүйелерін шаршатады, нәтижесінде
жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді,
еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары
16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын
қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және
20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер
құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық
әсерін тигізеді.
Ортаның дыбыстық тербелістер бөлшектері
кезінде ауыспалы қысым пайда болады, оны дыбыс
қысым Р деп атайды. Дыбыс қысымының деңгейін
өлшейтін бірлігі үшін децибел (дБ) қабылданған.
Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар
ауқымы - 0 ...140 дБ шектерінде болады. 130дБ дыбыс
деңгейі ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр
жиілікте есіту қабілетін зақымдайды.
Спектрінің сипаты бойынша
шуылды бір октавадан астам
үздіксіз спектрі бар кеңжолақты
және анық дискреттік үні болатын
үнді - спектр деп бөледі.
Уақыты бойынша шуыл
тұрақты және тұрақсызға
(уақыты ауысып тұратын, үздіксіз,
импульстік) бөлінеді.
Денсаулыққа қауіпсіз шуылдың
деңгейі 80 дБ, осындай жағдайда
адам 8 сағат жұмыс істей алады,
яғни толық жұмыс уақытын
өтейді.
Діріл - қатты денедегі механикалық
тербелісті білдіреді. Үлкен
амплитудасы бар (0,500,003 мм) төмен
жиіліктегі (3-100 Гц) тербелістерді
адам діріл немесе сілкіну ретінде
қабылдайды. Дірілдің әсері болған
кезде адам ағзасына орта жүйке
жүйеснің талдауыштары –
вестибулярлық, тері және басқа
аппараттар маңызды роль ойнайды.
Дірілдің ұзақ әсер етуі кәсіби
дірілдейтін аурудың дамуына әкеледі.
Діріл ауытқу жиілігімен және
амплитудасымен, жылдамдықпен және
үдемесімен сипатталынады. Әсіресе адам
денесінің немесе жеке органдарының (адам
денесі үшін 6…9 Гц, басы 6 Гц, асқазаны 8
Гц, басқа органдары үшін – 25 Гц
шектерінде) тербелістер жиілігімен сәйкес
келетін еріксіз жиілікті дірілдер зиян болады.
Көру қабілетін бұзатын жиіліктік ауқым 60
және 90 Гц арасында жатады, ол көз
қарашығының резонансына сәйкес келеді.
35…250 Гц жиіліктер ауқымы дірілдейтін
аурудың дамуына ең шекті болып
табылады.
Шу мен дірілді өлшеуге арналған құрылғылар мен
әдістер.
Шуыл мен дірілді өлшеу үшін микрофонның орнына
орнатылатын қосымша аспап – күшейткіші бар
шуылөлшегіштер мен виброметрлер пайдаланылады.
Шуыл мен дірілді өлшейтіндер – ВШВ – МММ2 аспаптары
кеңінен таралды.
- Реверб камерасы; Дыбыстық камера; Микрофондар
және т.б.
Шуыл мен дірілден қорғану.
Қалқаларды, қыртыстарын, кабиналарды және т.б. экран түрінде дыбысты
оқшаулайтын және дыбысты жұтатын қондырғыларды орнату арқылы шуылды
төмендетудің тәсілдері кең таралым алды.
Шуылдан жеке қорғанудың құралдары (ЖҚҚ) құлақ жапсырмалары,
құлаққаптар және шлемофондар болып табылады. ЖҚҚ тиімділігі
пайдаланылатын материалдардың құрылымынан, тығыздық күшінен, дұрыс тағып
ұстағаннан байланысты болады.
Машина және жабдықтың дірілінен күресу және жұмыс істейтіндерді содан
қорғау үшін неше түрлі тәсілдерді пайдаланады. Дірілді төмендету үшін
вибродемпфирация – механикалық тербелістер энергиясын энергияның басқа
түріне, әсіресе жылулыққа айналдыру құбылысын кең қолданатын болды.
Дірілдің таратылатын көздерден: еденнен, жұмыс орнынан, орындықтан және
т,б, пайда болуын бәсеңдету үшін дірілді оқшаулату ретінде: резеңкені,
тығындарды, киізді, болат серіппеліні кең қолданады. Жұмыскерлерге ЖҚҚ
ретінде қалың резеңкелі табаны бар арнаулы аяқ-киімді пайдаланады. Қолды
қорғау үшін биялай, қолғап, жапсырмалар мен төсемдер қажет болады, олар иіліп
бәсеңдетуші материалдан дайындалады. Діріл мен шуылдың адам ағзасына қауіпті
әсерін төмендету үшін ең маңыздысы жұмыс және демалыс режімін дұрыс
ұйымдастыру, денсаулығын әрдайым қадағалап отыру, емдеу-алдын алу, мысалы,
гидропроцедуралар (қол мен аяққа жылы ванналар, витаминдер беру) сияқты
шараларын жасау болып табылады.
Өндірістік шаң. Өндірістік қондырғылардан шығатын және адам өміріне
қауіп тудыратын зиянды заттардың бірі шаң және зиянды газдар. Шаң қатты
немесе сұйық заттардың майда бөліктері, ауа кеңістігінде орналасқан.
Текстиль және жеңілөнеркәсіп кәсіпорындарында шаң талшықты
материалдарды: мақта, зығыр, джут, кенап, жүн, жібек, және басқа да талшықтарды
қопсыту, түту және тарау процесінде түзіледі, сонымен қатар шаң әртүрлі
материалдарды майдалауда және ұрғылауда пайда болады.
Текстиль және жеңілөнеркәсіп кәсіпорындарында шаң жалпы құрылымына
қарай органикалық және минералды болып бөлінеді.
Органикалық шаң негізгі үш түрге бөлінеді:
1) өсімдіктектес шаңдар-мақта, зығыр, кенап, джутт;
2) жануартектес шаңдар - жүн және жібек;
3) жасанды және химиялық талшықтар шаңдары. Шаң өлшемі
микрометрде(мкм) өлшенеді. Өндірістік жағдайда микрон бөлігінен 100 мкм
дейінгі шаңдар кездеседі. Шаң майда болған сайын ол зиянды, оңай тыныс алу
жолдарына түседі.
Пневмокониоз - ұзақ уақыт өндірістік шаң жұтудан пайда болатын, нәтижесінде
өкпеде әртүрлі склероздық құбылыстар, әрқилы өзгерістер және асқынулар
туындайтын кәсіби аурулар болып табылады.
Жұмыскерлердің жеке гигиена және арнайы киім (алжапқыштар, қолғаптар,
халаттар, бас киімдер, орамалдар және т.б.) мен қорғану құрылғыларын дұрыс
пайдалану ережелерін сақтауының маңызы зор.
Зиянды заттар тыныс органдары, асқазан және тері қатпарлары арқалы адам
ағзасына өтеді. Көбінесе ағзаға газ, бу және шаң өтуі әбден мүмкін.
Зиянкес заттардың пайда болуы химиялық заттар мен материалдардың
қолданылуынан, ұзақ сақталуынан, тасымалдануынан және оларды дайындап
шығаруынан байланысты технологиялық үрдістер мен өндірістік жұмыстардың
ашық немесе ауа кеңістігінде жүргізілуінен болады.
Шаң өндірістік ортадағы ең көп тараған қолайсыз факторға жатады.
Көптеген технологиялық үрдістер және операциялар өнеркәсіпте шаңды бөлу
арқылы орындалып отырады.
Зиянкес заттармен күрес бойынша жүргізілетін жұмыстардың негізі гигиеналық
нормаландыру болып табылады.
Зиянкес заттардың шектеулі рұқсат беру концентрациясы (ШРК) ауадағы
жұмыстық аймақта гигиеналық нормативтер мен бекітілген «ШРК ГН және
ауадағы жұмыстық аймақтағы зиянкес заттардың жуық шамамен алынған
қауіпсіздік деңгейі» (ҚР денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 03
желтоқсандағы № 841 бұйрығы) бойынша орнатылады.
Зиянкес заттардың жұмысшыларға әсер ету деңгейін төмендету немесе оны
толық жою, технологиялық, санитарлық – техникалық, емдік –
профилактикалық жұмыстардың жүргізілуінен жетістікке жетеді, сонымен қатар
үнемі жеке қорғаныс заттарының қолданылуы да үлкен жетістікке жол береді.
Қорытынды
Жұмыскерлердің жеке гигиена және арнайы киім (алжапқыштар,
қолғаптар, халаттар, бас киімдер, орамалдар және т.б.) мен қорғану
құрылғыларын дұрыс пайдалану ережелерін сақтауының маңызы зор.
Діріл мен шуылдың адам ағзасына қауіпті әсерін төмендету үшін
ең маңыздысы жұмыс және демалыс режімін дұрыс ұйымдастыру,
денсаулығын әрдайым қадағалап отыру, міндетті медициналық
тексерулерден өткізу, емдеу-алдын алу, мысалы, гидропроцедуралар
(қол мен аяққа арналған процедуралар, дәрумендер беру) сияқты
шараларын жасау болып табылады.
Техникалық құралдардың көмегімен қзіргі заманда шуылмен
күресу мәселесін жою мүмкін емес, сондықтан жеке және ұжымдық
қорғаныс құралдарын қолдануға көңіл аударылып отыр. 12.1.029-80
ЕҚСЖ «Шудан қорғану құралдары мен әдістері. Классификациясы»
талаптарымен келісілуі қажет.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Жилисбаева, P. O., Рашидова Б.Р., Хромцов С.В. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп
кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау. [текст] . - Алматы : АТУ, 2012.-230б
- Умников П.Н. Безопасность жизнедеятельности предприятия легкой и текстильной
промышленности [Текст] : учебное пособие. - М. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2018.-208стр
- О безопасности и охране труда (от 28 фераля 2004 года № 528-II) [текст] : Закон Республики
Казахстан. - Алматы : LEM, 2004. - 26 с.
- Трудовой кодекс Республики Казахстан [текст] . - Алматы : ЮРИСТ, 2012. - 144 с.
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы қарашаның 23-і. № 414-V (2020.10.06.
берілген өзгерістер мен толықтырулармен) [Текст] = Трудовой Кодекс Республики Казахстан от 23
ноября 2015 года № 414-V (с изменениями и дополнениями от 10.06.2020г. - Алматы : LEM, 2020. -
282 c.
2. Ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісі ресурстарының тізбесі
- Безопасность жизнедеятельности предприятия легкой и текстильной промышленности
[ Электронный ресурс ] : учебное пособие. - М. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2018. - 208 с.
https://new.znanium.com/read?id=346329
- Умняков, П.Н. Безопасность жизнедеятельности предприятия легкой и текстильной
промышленности [Текст/Электронный ресурс]: учебное пособие. - М : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2018. -
208 с. - ISBN 978-5-00091-193-8. - ISBN 978-5-16-011740-9. - ISBN 978-5-16-104129-1 : 4912-00.
http://library.atu.kz/files/42582.pdfБезопасность жизнедеятельности предприятия легкой и
текстильной промышленности [ Электронный ресурс ] : учебное пособие. - М. : ФОРУМ:ИНФРА-
М, 2018. - 208 с. https://new.znanium.com/read?id=346329
- Безопасность жизнедеятельности предприятия легкой и текстильной промышленности
[ Электронный ресурс ] : учебное пособие. - М. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2018. - 208 с.
https://new.znanium.com/read?id=346329
- Жилисбаева, Р.О., Хромцов С.В., Безопасность и охрана труда на предприятиях текстильной и
легкой промышленности [Электронный ресурс] : учебное пособие. - 10.02 мб., - PDF. - Алматы,
2008. - 243 б. - ISBN 978-601-263-040-4. http://library.atu.kz/files/9674.pdf
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !
Дәріс бойынша консультация: кафедра «ТӨТ», корпус 1, каб. 1001, 1009
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz