Терісін бағалау


Slide 1

Аңшылық трофейлер және трофей жұмыстарының бағалануы. Трофейлерді сараптау тарихы

Тұяк Жанбек

Slide 2

Жоспар

1. Трофей жұмыстарын бағалау

2. Аңшылық трофейлер

Slide 3

Трофей жұмыстарын бағалау

Ежелгі заманда көптеген тайпалардың өмірі аңшылықпен байланысты болған. Аңдарды аулау, өлтіру құралдары қарапайым болғандықтан аңшылық өте қауыпты іс болатын. Өлтірілген жануар неғұрлым күшті, қауыпты болса оны өлтірген аңшы соғұрлым құрметті болған. Сондықтан жануарлардың бас сүйегі, мүйізі, тістері, терісі үйдің алдына, төрге ілінетін. Ең ірі олжалар құрметтеліп, кейде оларға табынатында болған. Бара бара ондай олжаларды арнайы әшекейлі қондырғыларға орнату әдетке айналған. Тарихи деректерге байланысты таксидермия ілімінің дамуына бірден бір себепші болған Ресей патшасы 1Петрдің атақты Кунскмерасы

Slide 4

1 Петр 1716 жылы Голландиядан Альберта Себаның, ал 1717 жылы Фридрих Рюшаның екі жеке коллекцияларын сатып алып Петербург қаласына алып келген Шет елден алынып келінген минералды коллекциясымен, анатомилық түрлі препараттардың арасында жабайы жан-жануарлардың түрлеріне байланысты (құстар мен сүтқоректілер барлық саны - 200-ден астам) дайын тұлыптардың коллекциялары да болған.

1 Петр сатып алып келген коллекцияларынан Петербург қаласында «Кунскамера» атты мұражай аштырған. Мұражайда осы күні тұлыптарды жасау технологиясы туралы деректер сақталынбаған. Тек оның 1718 жылы он үшінші ақпан айындағы жарлығы бойынша Ресейдің джер жерінен түрлі аңдардың, құстардың терілері, тұлыптары жинақталсын деген үкімі бар. Соған орай 1742 жылы Кунскамерадағы сүтқоректі жануарлардың тұлыптарының саны 200, құс тұлыптарының саны 800 астам жинақталған. Яғни, Ресейде таксидермияның даму кезеңі осы уақыттан басталады. Ресейде және біздің елімізде таксидермистердің ірі тұлғаларының есімдері туралы олардың еңбектері туралы деректер аз. Ресейлік таксидермиялық мектептің өзі 1 Петрдің шақыруымен келген шетелдік шеберлердің даярлаған азғантай топ оқушыларының есімімен белгілі. Атап айтсақ Д. Г. Мессершмидт, К. Приходко, И. Г. Вознесенский.

Slide 5 Slide 6

Бүгінгі таңда ТМД мемлекеттерінде көптеген табиғи мұражайлары ашылған. Біздің елімізде биологиялық табиғи мұражайлар Ғылым академиясында, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология факультетінде және өлкелік, мемлекеттік ұлттық қорықтарында ашылған. Таксидермия көптеген зоология, гистология, анатомия, экология биогеография және биология пәндерімен тығыз байланысты. Таксидермиялық білім жоғары оқу орындарында зоологиялық музей, мектептердің табиғат мүйісін жасауға қажет.

Аңшылық спорт дамып, трофейлерге деген қызығушылық өскен сайын олжаларды бағалау қажет болды. Ең алғашқы 1894ж Австрияда Меран әдісі бойынша кермаралдың мұйізі бағаланды. Алғашқы бағалау өлшеусіз, ережесіз жүргізілген. Тек өткен ғасырдың 20шы жылдарынан бастап ережелер пайда бола бастады. 1927ж Бергер еліктің мүйізін бағалау тәсілін ұсынды. Венгрияда Надлер кермарал мүйізін бағалау тәсілін ұсынады. Германия мен Австрияда бұлан мен текенің мүйіздерін бағалау тәсілдері қалыптасады. 1932 Чехославакияда Дык кермарал, елік, кербұғылардың мүйіздерін бағалауда өз әдісін ұсынады. Оның өзгешелігі мүйіздердің салмағын бағалау баллына қоспайды, себебі уақыт өте келе мүйіздердің салмағы азайады, және әр мүйізде бас сүйегінің үлкендігі әртүрлі болады. 1934ж Шиман кермарал, елік, муфлондардың мүйіздерін өзінше бағалайды.

Slide 7

1937ж Прагада аңшылардың халықаралық жиылысында Берлинде халықаралық трофейлер көрмесін ұйымдастыруды ұйғарады және трофейлерді бағалаудың ережесін қабылдайды. Кермаралдың мүйізін бағалау үшін прага тәсілін, еліктің мүйізін бағалау үшін Бергер тәсілін, кербұғының мүйізін бағалау үшін Вильданың, муфлонды бағалау үшін Шиманның тәсілін алады. Трофейлерді бағалаудағы соңғы өзгерістер 1971ж енгізілді. Онда естетикалық жағынан көрі размеріне, салмағына, көлеміне назар аударылады. Трофейлерді бағалау тәсілдерін жетілдіруге халықаралық көрмелер әсері етті.

Slide 8

Аңшылық трофейлер

Трофейлерді сараптаудың тарихы. Халықаралық көрмелер-троефейлерінің бағалау жүйесінің пайда болу кезеңдері. Жергілікті көрмелерді өткізу. Трофейлерді сараптуды меңгеру. Трофей мен ауланатын жануарлар селекциясы. Аншылық трофейлердің бағалау алғышарттары мен жалпы ережесі. Аңшьшық трофейлердің көрмесін өткізу ережесі. Аңшышылық трофейлерін бағалау бойынша сарапшылар дайындау. Жануарларды аулаудың құқықтық негіздері. Аң аулауға рұқсат беру, жануарлар терілері мен жеке әкспонаттарын шетелге өткізуді бір қалыпқа келтіру реті

Slide 9

Трофейлік аңшылык нысаналары-аңдар тіршілігінің ерекшеліктері мен трофенлерді бағалау

Қасқыр - жыртқыштар отрядының өкілі. Қасқырдың түршелері; орталық орыс, сібір, тундра, дала, кавказ, тибет, моңғол, шөл. Ареалдары. Түршелік ерекшеліктері. Қасқыр терісін бағалау, қасқыр бас сүйегін бағалау.

Қоңыр аю. Тіршілігінің ерекшеліктері. Қоңыр аюдың түршелері: уссурий, камчат, Шығыс-Сібір, кавказ, орталық орыс, тянь-шань, сирия. Ареалдары. Түршелік ерекшеліктері. Қоңыр аюдың терісі мен бас сүйегін бағалау.

Қара аю. Тіршілігінің ерекшеліктері, ареалы. Бас сұйегі мен терісін бағалау.

Жолбарыс. Тіршілігінің ерекшеліктері, ареалы. Екі түршесіде: уссурий және тұран Қызыл кітапқа енгізілген. Түршелерінің ерекшеліктері. Жолбарыс терісін бағалау.

Қабылан. Тіршілігінің ерекшелітері. Екі түршесіде: амур және кавказ Қызыл кітапқа енгізілген. Ареалдары. Түршелерінің ерекшеліктері. Терісін бағалау. Барыс (ілбіс) . Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін түр. Тіршілігінің ерекшеліктері, ареалы. Терісін бағалау.

Slide 10

Назарларынызға рахмет !!!


Ұқсас жұмыстар
Қасқыр мен аюдың Бас сүйегінің бағалануы Қасқыр мен аюдың терісінің бағалануы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Тұрақты сөз тіркестері
Мал терісін сыпыруға арналған жабдықтар
Ұлттық жылқы өнімдері – қарта мен жаяны сезімдік және зертханалық тексеру арқылы бағалау
Бағалы аң терісін сұрыптау, сақтау және сату
Құстың негізгі түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz