Қашқын шоқысы




Презентация қосу
СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
Орман ресурстары, аңшылықтану және балық
шаруашылығы кафедрасы

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» пәні

7-дәріс: Катонқарағай және Көкшетау
Мемлекеттік Ұлттық табиғи парктері (МҰТП)

аға оқытушы, а.ш.ғ.к. - Жорабекова Ж.Т.
«Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Шығыс Қазақстан
облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы
ұйымдастырылған саябақ. Ауданы 643 мың га, оның 215 мың га-сы
орманды алқап, ағаштарының қоры – 24 мың м³, қорықтық аймақ жері
151 мың гектар. Саябақтың пайдаланылатын аумағы – 492 мың га. Бұл
- Қазақстандағы ең үлкен ұлттық парк.
Солтүстігінде Қызылқарағай және Қатынтау қыраттарына ұласа
отырып, Ресеймен шектеседі. Шығысында Үкек даласымен (Ресей,
Алтай Республикасы) және Қытаймен, оңтүстігінде Темірқаба өзенін
бойлай Марқакөл қорығымен шектеседі. Ауданы 643 мың гектар, оның
215 мың гектары орманды алқап, ағаштарының қоры – 24 мың м3,
қорықтық аймақ жері 151 мың гектар.

2014 жылы саябақ ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын мұра тізіміне
енді.
«Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ХТҚО санаты — II (Ұлттық парк)
Жалпы мағлұмат
Ауданы 643 477 га
Құрылған уақыты 17 шілде 2001 жыл
Басқаратын ұйым ҚР Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі комитеі

Орналасуы

Ел Қазақстан
Аймақ Шығыс Қазақстан облысы

Аудан Катонқарағай ауданы

https://youtu.be/8Wdd4Ue3aKw
«Катонқарай» саябағының миссиясы,
мақсаты және қызметі

Миссиясы -
«Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық
табиғи паркінің орналасу картасы
Шығыс Қазақстан облысы

Облыс — Қазақстан Республикасының
солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық
бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған.
1997 жылғы 23 мамырдағы № 3528 Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен
облыс құрамына таратылған Семей
облысының территориясы қосылып, 2022
жылы 8 маусымда Абай облысы болып қайта
бөлінді.
Әкімшіліk-аумақтық құрылымы

Облыс орталығы Өскемен
Аудандар саны 9
Қала 6
Аудандық маңыздылығы бар қала 4
Облыстық маңыздылығы бар қала 2
826
Ауыл саны

Тұрғындары
Тұрғыны ▼ 730 172 адам (2023) (3-ші орын)
Тығыздығы 7,5 адам/км² (8-ші орын)
Ұлттық құрамы қазақтар (50,23%)
орыстар (44,93%)
немістер (1,39%)
татарлар (0,86%)
украиндар (0,80%),
басқа ұлт өкілдері (1,79%)
«Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Географиялық орны
Солтүстігінде Қызылқарағай және Қатын жотасына ұласа
отырып, Ресеймен шектеседі.
Шығысында Үкек даласымен (Ресей, Алтай
Республикасы) және Қытаймен, оңтүстігінде Темірқаба
өзенін бойлай Марқакөл қорығымен шектеседі.
Биіктік аймақтары
Саябақ жері 4 табиғи биіктік аймаққа бөлінеді:
-нивальды - теңіз деңгейінен 2800 м биік;
-тундра-шалғынды - теңіз деңгейінен 2000-2800 м биік;
-таулы-орманды - теңіз деңгейінен1200-2300 м биік;
-орманды-шалғынды-далалы - теңіз деңгейінен 900-1200
м биік.
«Катонқарғай» мемлекеттік ұлттық табиғи
паркінің орман алқабы

Парктің басты игілігі болып табылатын орман
парк аумағының 34% алып жатыр, және
негізінен қылқан жапырақтылардан тұрады,
мысалы шырша, балқарағай, сағызқарағай,
самырсын, қайың, көктерек, бұталардың
көптеген түрлері.
Парк жерінде самырсын, балқарағай, қарағай,
шырша, қайың, мойыл, терек өседі.
«Катонқарғай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының орман алқабы
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Саябақтың жері жануарлар мен өсімдіктер түріне бай: сүтқоректілердің 72 түрі,
оның ішінде марал, бұлан, таутеке, аю, сілеусін, құну, т.басқалар;
Құстардың 250-ден астам түрі кездеседі. Соның ішінде сирек кездесетін, қорғауға
алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ұлар, қара дегелек, т.б. құстар;
Саябақ жерінде самырсын, балқарағай, қарағай, шырша, қайың, мойыл, терек
өседі. Өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан,
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 40-тан астам өсімдік түрлері (алтын тамыр,
алтай рауғашы, марал тамыр) кездеседі.
Бұл жерде флора мен фаунаның алуан түрлері шоғырланған, және Қазақстанның
Қызыл кітабына енгізілген түрлер сақталған. Алдын ала алынған мәліметтерге
қарағанда, парк аумағында тамырлы өсімдіктердің мыңнан аса түрі өседі. Олардың
ішінде 30 түрі Қызы5л кітапқа енгізілген.
Фауналық құрамына омыртқалы жануарлардың 363 түрі кіреді: сүйекті балықтар
(6), қосмекенділер (2), бауырымен жорғалаушылар (6), құстар (284), сүтқоректілер
(65). Олардың біразы Қызыл кітапқа енгізілген.
Қорғаудың құқықтық режімі бойынша парк аумағы келесі зоналар мен кіші
зоналарға бөлінген: қорық режімі зонасы 1 512,4 кв.км (23,5 %); қорықша режімі
зонасы — 4 922,4 кв.км (76,5 %). Кіші зоналар: рекреациялық пайдаланыстағы аумақ;
шектелген шаруашылық қызмет; әкімшілік-шаруашылық қызмет; келушілер мен
туристерге қызмет көрсету. Соңғы екі кіші зона парк құрамына кірмейтін елді-
мекендердің аумағында орналасқан.
«Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Жер бедері
Жер аумағының 3/1 қалдық қылқан жапырақты орманы басым орманды ландшафт
алып жатыр. Теңіз деңгейінен 4506 м биіктікте орналасқан Сібір мен Алтайдың ең биік
шыңы - Мұзтау, одан шығатын Қызылқарағай жотасының тізбегі мен Бұқтырмамен
Берел (Бергіел) өзенаралық биік тауы кіреді. Әріректе Оңтүстік Алтай (ең биік нүктесі
Жаңғыртау тауы - 3871 м), Тарбағатай (Хрустальная тауы - 3094 м) және Сарымсақты
жотасы (Бүркітауыл тауы - 3373 м) көрінеді.
Ұлттық бақ жерінде Мұзтаудағы (Қатын жотасы) Ақ Берел қайнар көзі мен Оңтүстік
Алтай жотасының шығыс шеті орналасқан. Берел қайнар көзінде 30-дан
астам мұздық кездеседі.
Саябақ жері табиғат және мәдениет ескерткіштеріне бай. Тархан
геологиялыққимасы, Рахман бұлағы, мәдени-тарихи ескерткіш болып табылатын
Берел сақ қорғаны мен Көккөл кеніші, Ұлы Жібек жолының солтүстік алтын
тармағы, марал шаруашылығыорналасқан.
Саябақ жерінің көп бөлігін Бұқтырма өзенінің алабы, оңтүстік
бөлігін Қарақаба өзені алып жатыр. Мұнда кең су арнасы 80м биіктіктен
құлайтын Көккөл сарқырамасы, Арасан, Қара Берел, Рахман көлдерінің сарқырама
тармақтары бар.
«Катонқарай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Ағаш өңдеу өнеркәсібі
Шығыс Қазақстан облысының ағаш өңдеу өнеркәсібі
негізінен “Ертістрансойл”, “Жаңасемейшпалзауыты”,
“Өскемен Иннотекс”, "Өскемен жиһаз комбинаты"
сияқты құрамында бірнеше нысандары бар 4 ірі және
орташа қуатты кәсіпорындарды қамтитын ЖШС-
терден тұрады. Олар кесілген ағаш материалдарын,
дайындамалар, үй салуға қажет бөренелер, терезе
мен есік жақтауларын жасауға маманданған. Жиїаз
жасау өнеркәсібінің құрамында 119 кәсіпорын бар,
олардың алтауы ірі және орта қуатты. Жылына 30
мың м3 фанера, жиһаздық тақта, ДСП шығаратын
өндіріс Бородулиха ауданында іске қосылды.
Көкшетау Мемлекеттік Ұлттық
паркі (МҰТП)
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи
паркі
ХТҚО санаты — II (Ұлттық парк)
Жалпы мағлұмат
Ауданы 182 076 га
Құрылған уақыты 10 сәуір 1996 жыл
Басқаратын ұйым ҚР Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі комите
Сайты http://kokshe.gnpp.kz/

Аймақтар Солтүстік Қазақстан облысы,
Ақмола облысы
Аудандар Айыртау ауданы, Зеренді
ауданы
Ең жақын қала Көкшетау

https://www.youtube.com/watch?v=XUeXopcnq3w
«Көкшетау» ұлттық паркінің
негізгі мақсаты мен міндеттері:

Ұлттық бақтың мақсаты:
Экожүйенің тұтастығын сақтау. Тарихи ескерткіштер мен мұраларды
сақтау. Табиғат кешендерін сақтау. Бүлінген табиғи және мәдени
нысандарды қалпына келтіру

Ұлттық бақтың міндеті:
- экожүйелердің, эталондық және бірегей табиғи кешендер мен
объектілердің, тарих, мәдениет ескерткіштерінің және басқа да тарихи
мұра объектілерінің тұтастығын сақтау, сондай-ақ оларды зерделеу;
- бұзылған табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді
қалпына келтіру.
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи
паркі
«Шиелі» шоқысы
Зеренді көлі Зеренді тауларының солтүстік-шығыс беткейінде орналасқан. Негізгі
географиялық пункттердің атауы: Орман алаңы – «Қабан» бұлағы – «Шиелі» шоқысы -
«Тоқылдақ асханасы» - «Танк» шоқысы - «Қыздың көз жасы» шоқысы - «Қабан» жылғасы» -
орман алаңы. Көлдің түбі тегіс, құмды, малталы және қойтасты болып келеді. Зеренді
ауылының маңында, солтүстік-шығыс жағалауында, жағажай үстінде қызықты рельеф
құрайтын граниттердің шығуы байқалады, ол алыстан дәу жағажайға ұқсайды. «Қыздың көз
жасы» шоқысына қарай жалғасады. Аңыз бойынша, бұл шоқының басында, қыз өзінің
ғашығына, үйленген жігітке бола жылаған. Олардың махаббаты қысқа да, жарқын болған.
Келер ұрпаққа ескерткіш ретінде кішкентай шұңқыр қалған. Оның бір қызығы, бұл шұңқыр
әркез, ыстық және құрғақ күндері де суға толы болады.

«Аю» шоқысы
Сапар желісі оңтүстік-батыс автожолындағы қарағайлы орманда орналасқан «Сұңқар»
сауықтыру кешені бойындағы орман алаңынан басталады. Кейін «Қабан» бұлағына тіреледі де,
оң жаққа бұрылады. Соқпақ қылқанды және жапырақты орманды шекарасынан өтіп, 1,5
шақырымнан кейін «Қасиетті» бұлаққа жетеміз. Бұл таң қалдыратын ерекше дәмі бар, қасиетті
қайнар бұлақ. Бұл бұлақ жыл бойы істеп тұрады. Күштілігі сондай, бұлақ түбінде қайнап жатқан
құм, қыс мезгілінде су құбырының жарылғанын естігендей әсерде боласың. Бұлақ жанында
желдің күшімен құлап қалған, дем алуға ыңғайлы құдыретті қарағай өсіп тұр. Оқушылар
«Қасиетті» бұлақтың басында тынығып, судың дәмін татып та көре алады. . «Аю» шоқысы
шыңынан бұл жердегі керемет Балқаш тауларын, Айдабұл, Қарағайлы, Шымалды көлдерін,
сфагнум батпағын тамашалауға болады. Оның шетінде тастан қаланған және қырыққұлақпен
қапталған «Ежелгі адам мекені» орналасқан. Оны – «Қарлы адам үйі» деп те атаған.
«Көкшетау» ұлттық паркінің
негізгі мақсаты мен міндеттері:
«Қашқын» шоқысы
Соқпақ созылып жатқан аралас орманнан
(қарағай, терек, қайың) өтеді. Кейін «Шиелі»
шоқысына жетеміз. Бұл жерден Зеренді көлі мен
орманына әсем мәнзара ашылады. Көлдің түбі
тегіс, құмды, малталы және қойтасты болып
келеді. Судың құрамы мен көл жағасында өсетін
өсімдіктерді зерттеп,білуге болады. Кейін
соқпақтың соңғы нүктесі – «Қашқын» шоқысына
жетеміз. Шоқыға шығып болған соң, сіздер орман
алабының әсем мәнзарасын, Зеренді көлін, «Көк
мүйіс» жартылай аралын, «Аю» шоқысын көре
аласыздар. Шоқыдан түскен соң, ұзындығы 19
шақырым «Австрииялық қабырға» тасына
келеміз. Бұл жерде оқушылардың тарихи
мағлұматтарды алу мүмкіншіліктері бар, себебі ол
1914-1917 ж.ж. тұтқындағы австриялықтармен
салынған жермен тікелей байланысты.Ол
мемлекеттік және шіркеулік ормандық
алқаптарын бөліп тұрады.
Туристік маршруттың схемасы
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи
паркінің кейбір мәселелері
Қайталанбас үндестікте тіршілік етіп жатқан жан-
жануарлардың жарасымдылығына қарап,
Көкшетау жерін "Қазақстан інжуі" атағына
лайықты деп тануға болады

https://www.youtube.com/watch?v=XUeXopcnq3w
Назар салып тыңдағандарыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Солтүстiк Қазақстан облысының көрiктi жерлерi
Логикалық тапсырмалар
Орталық Қазақстан.Шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері. Халқы
Мадагаскар патшалығына сипаттама
Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Бейімбет Майлин “Шұғаның белгісі”
Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы
Шұғаның белгісі
Гималай тауы
Орал тауларынан
Пәндер