Жүйке талшықтары


Slide 1

Адам және жануарлар физиологиясы Негізгі жүйке құрылымдарының физиологиясы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Биология кафедрасы

Slide 2 Slide 3

Жүйке жүйесінің құрылымы

Slide 4 Slide 5

Нейронның құрылысы

Қысқа өсінділері - ДЕНДРИТТЕР

Ұзын бір ғана өсіндісі -АКСОН

Slide 6

Нейрондардың түрлері

Сезімтал

жүйке импульстарын рецепторлардан ОЖЖ-не өткізуші

қоғалтқыш

жүйке импульстарын ОЖЖ-нен жұмысшы мүшелерге өткізуші

байланыстырушы

сезімтал және қоғалтыш нейрондар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді

Slide 7 Slide 8

Сұр зат-дендриттердің (қысқа өсінді ) және нейрон денелерінің жиынтығы

Ақ зат-аксондардың жиынтығы (нейрондардың ұзын өсінділері)

жүйке түйіндері-ми мен жұлыннан тыс орналасқан, көбінесе реттелетін ішкі мүшелерде орналасқан жүйке жасушаларының денелері

нервтер-орталық жүйке жүйесінен тыс және барлық мүшелерге енетін нейрондардың ұзын өсінділерінің шоғыры.

Slide 9

Жүйке талшықтары

Slide 10

Жүйке талшықтарынан қозу өту заңдылықтары

Жүйке талшығы морфологиялық, , бұзылмаған, яғни тұтас, сау болу керек; мұны талшықтың анатомиялық және физиологиялық үзіліссіздік заңы деп атайды. Мысалы, егер талшықты буса немесе қатты мұздатса не қыздырса, улы немесе есірткі заттармен (новакаин, кокаин т. б. ) әсер етсе ол арқылы қозу өтпейді.

Екі бағытта өткізу. Бұл заңдылықты 1877 жылы Бабухин дәлелдеген. Егер аксонның екі бөліміне (А және Б) бір-бір жұп электр сезгіш құралмен жалғастырылған электродтар жалғап, оның арасындағы жүйке талшығын тітіркендірсе, туған қозу екі бағытта таралуына байланысты А және Б құралдары импульсін сезеді.

Жекелеп өткізу. Қандай да болмасын бір жүйке озіндегі әртүрлі жүйке тармақтары арқылы қозу тек соны ғана бойлап таралып, көрші талшықтарға берілмей белгілі бір шеткі мүше өзіне тиісті қызметін атқарады. Мысалы, шонданай жүйкесі артқы аяқтар еттерін, сүйектерін, қан тамырларын түгелдей жүйкелендіреді.

Жүйке талшығы салыстырмалы шаршамайды, бұл құбылысты 1883 жылы Н. Е. Введенский ашқан.

Slide 11

Жүйке талшығының құрылысы

I. Миелинсіз талшықтар бойымен қозу тегіс таралады.

II. Миелинді талшықтар бойымен қозу секірмелі, яғни сальтаторлы таралады.

Slide 12

Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтары арқылы қозу импульстерін өткізу ерекшеліктері.

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Синапстың құрылысы

Нейрондардың бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып синапстарды құрайды.

Пресинапстық бөлім

Постсинапстық бөлім

Slide 16

Медиаторлар

Ацетилхолин, норадреналин, гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ), глицин, гистамин, серотонин, дофамин.

Ацетилхолин қозуды жүйке клеткалардан ОЖЖ-ға өткізеді, симпатикалық жүйке жүйесінің преганглийлік талшықтарынан қозуды гангийлерге өткізеді. Парасимпатикалық жүйке жүйесімен қозуды эффекторға өткізеді, қозғалтқыш жүйкелерден эффекторлық нейрондарға өткізеді.

Норадреналин қозуды симпатикалық жүйке талшықтардың постганглийлерінен эффекторға өткізеді.

Медиаторлардың екі түрі болады:

Қоздырғыш медиаторлар-ацетилхолин, адреналин, серотонин, дофамин.

Тежегіш медиаторлар-ГАМҚ, глицин, аланин.

Slide 17

СИНАПСТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ:

1. Орналасуына байланысты:

- аксо-аксонды

- аксо-дендритті

- дендро-дендритті

аксо-сомалық

ет жүйкелік

2. Әсер ету механизміне байланысты:

қоздырушы

тежеуші.

3. Ақпаратты өткізу түріне байланысты:

- электрлік

- химиялық

- аралас

Slide 18

Химиялық синапстардағы қозуды өткізу механизмі

Қоздырушы синапста:

Қозу серпінісі → жүйкенің ұшы (жүйке бұршағы) → пресинапстық мембрананың деполяризациясы (Са++ кіруі және медиатордың шығуы) → медиатордың синапстық саңылауға өтуі → постсинапстық мембранада медиатордың рецептормен байланысуы → ҚПСП → ӘП генерациясы.

Slide 19

Тежегіш синапстарда :

пресинапстық мембрананың деполяризациясы → тежегіш медиатор бөлінеді → постсинапстық мембрана ( К+ иондардың қатысуымен) → ТПСП.

Slide 20

Синапстарға тән бірнеше физиологиялық ерекшеліктер бар:

1. Синапс арқылы қозу тек бір бағыттта өтеді, өйткені

1) жүйкеден импульсті жеткізетін медиатор пресинапстық бөлімнен бөлінеді; 2) ол медиатор тек ет талшығының немесе басқа жүйке жасушасының постсинапс мембранасын қоздырады.

2. Синапс арқылы қозу кешігіп (0, 2-0, 5 мс) өтеді («синапстық кешігу»), себебі медитордың бөлініп шығуы мен оның синапс саңылауына өтуі үшін белгілі бір уақыт қажет. Мысалы, мионевралды синапстарда ол 0, 2 - 0, 5 м/секундқа тең болса; біріңғай салалы ет - жүйке синапстарында - 5-10м/сек.

3. Синапстардағы медиаторлар өздерінің табиғатына, қызметіне сай постсинапстық мембранада қозу да, тежелу де тудыра алады.

4. Синапстың қозғыштық қасиеті жүйкеге қарағанда көп төмен ( 100-250 Гц), лабильдігі төмен.

5. Синапста алғашқы қозу толқыны келесіні жеңілдетеді- жол салады, із қалдырады.

6. Барлық синапстар фармакологиялық заттарға, температураның өзгеруіне өте сезімтал келеді.

Slide 21

Электр тогының қозғыш тканьдерге әсері

Экспериментальды физиологиялық зерттеу барысында, клиникада, диагностикалық жұмыста және ауруларды емдеу кезінде электр тоғының қозғыш тканьдерге әсері кең қолданылды. Қозғыш тканьдердің жауап беру реакциясы тоқтың формасына оның әсер ету ұзақтығына, амплитудасына тәуелді болады. Әсер ету эффектісі тоқтың абсолюттік мәніне ғана емес, тоқтың жиілігіне тоқ тығыздығына оның өтетін тоқтың шамасын электродтың аумағына қарай анықтайды

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Нерв ұлпасының құрылысы мен маңызы
Жүйке талшықтарының құрылымы
Алдыңғы өскін
Жүйке жүйесінің физиологиясы
Нейронның құрылысы
ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ. Жұлынның өткізгіш жолдары
Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдары
Вегетативтік жүйке жүйесі
ЖЕРДЕ ИМПУЛЬС МӘЛІМЕТТЕРІ ӨҢДЕЛІП ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ
Жүйке талшықтарының физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz