Құстар классы




Презентация қосу
Құстар классы
Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар
Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар
ұша алмайды, бірақ құрлықта (ашық алаңқай жерлерде) өте
жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген,
аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта
кездесетін түйеқұстар жатады. Оларды тіршілік ететін
аймақтарын сәйкес жеке отрядтарға топтастырады.
Мысалы: африкалық түйеқус (страус), америкалық түйеқус
(нанду), австралиялық түйеқұстар (эму, казуар) және Жаңа
Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқус (киви) деп аталады.
Түйеқұстардың ең ірісі - африкалық түйеқұс (страус).
Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы -
аяқтарында екі ғана саусақ болады. Өте ірілерінің салмағы
90 килограмға жетелі. Африка да, өзге де ел дер де арнайы
қолда әсіре ді. Оның етін, жүмыртқасын тағам ретінде, ал
қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады.
Жүзетін құстар (пингвиндер)
Құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы
аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен
суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы
жетілген. Ондағы бұлшықеттер ескек аяқтарын қозғалысқа
келтіреді. Олар ұша алмайды, қүрлықта теңселіп әрең
қозғалады. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында
орналасқандықтан, денесін тік ұстайды. Пингвиндер
оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктида
жағалауында көптеп кездеседі. Жұп құрып тіршілік етеді әрі
жұптарын өмір бойы сақтайды. Көбейер кезде бір жерге
мыңдап топтасады. Үядарын теңіз жағалауындағы тасты
жерлерге салады. Ұяда көбіне 1 - 2 жұмыртқа болады.
Қыртөсті (ұшатын) құстар
Қазіргі кездегі құстардың ең түрі көп тобы. Төссүйекте жақсы жетілген қыр
болады. Қанаттары да ұзын, сүйірлен келеді. Қаңқа сүйектері жеңіл. Үшатын
құстар тіршілік ететін орта жағдайларын байланысты бірнеше топтарға
бөлінеді. Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрылысына тән белгілері -
саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді.
Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ және тұмсығының жиектерінде араның тісі
тәрізді майда «тісшелері» болады.
Тауықтәріздестер

Тауықтәріздестерге жататын алтай ұлары биік таулы алқаптарда кездеседі..
Ұлар да киелі құс, олар шағын топ құрып тіршілік етеді. Еті де дәмді.
Тауықтәріздес құстардың тұмсықтары қысқа әрі доғалданып келеді.
Тырнақтары да доғал, жіліншігінің артқы жағында мүйізді өскіні бар. Оны тепкі
деп атайды, қорғаныштық қызмет атқарады.
Сұңқартәріздестер

Сұңқартәріздестер - балықшы тұйғын, жыланжегіш, бүркіт, кезқұйрық,
аққұйрықты су бүркіттер, сақалтай, жұртшы, құмай, ақсұңқар, ителгі, бидайық,
лашын желе т.б. Бұл құстарды халқымыз ерекше қадірлеп, қыран құстар деп
те атайды. Жыртқыш құстардың тұмсықтары, аяқтарындағы тырнақтары өткір,
қорегін бүріл ұстауға бейімделген. Қыран құстардың қоразы - «шәулі», мекиені
- «ұябасар», балапаны - «ақүрпек» деп аталады .
Тырнатәріздестер
Тырнатәріздестер: ақ, сұр, ақбас тырна сулы, батпақты жерлерде таралған.
Дуадақ - ірі құс, оның салмағы кейде 16 килограмға жетеді. Оны кейде
«тоқтыбалақ» немесе «қозыбалақ» деп те атайды. Ертеде далалы өңірле
көптеп ауланған.

Тарғақ, орақтұмсық және реликті шағалалар (қарамойнақ, көнекөз шағала)
Қызыл кітап тізімін де бар. Реликті тазала Қазақстанда Алакөл көлінде ғана
таралған. Қорғау мақсатында Алакөл қорығы (1998) ұйымдастырылды.

Ұқсас жұмыстар
ҚҰСТАРДЫ ТОПҚА БӨЛУ
Құстардың денесі
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР КЛАССЫ
Омыртқалылар
Жалаңаш тұқымдылар бөлімі
Жалаңаш тұқымды өсімдіктер
Медициналық қалдықтардың жинау тәртібін
Delphi ортасы қолдайтын деректер қорлары
Географиялық зоналылық
Жалаңаш тұқымдылар
Пәндер