Метатану аспектілерін санаттау білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Өскемен қ.
Пән: Оқытудағы инновациялық бағыттар
Оқытушы: Педагогикалық
білім және менеджмент
кафедрасының аға оқытушысы, магистр:
Козыбаева Айнур Куатпековна

Дәріс тақырыбы: Метатану
Дәріс жоспары:
Метатану дегеніміз не?
Ерте жастағы оқушылар метатануға қабілетті ме?
Өздігінен реттелетін оқуды мұғалімдер қалай ынталандыра алады?

Метатану
Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Қазіргі заманғы бірқатар зерттеулерде 3 жастағы оқушыларға мүмкіндік жасалған жағдайда, олар өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті екендігі анықталды (Whitebread, 2008) .
Олар балғын жас болуына қарамастан, өздерінің оқуына саналы түрде қарайды, тапсырмаларды шешу үшін өзіндік әдіс-тәсілдерді қолданады, сондай-ақ өздерін оқушы ретінде сезіне бастайды. Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуларының кілті екендігін растады. Бұл зерттеу аталған қабілеттерді дамыту 3-5 жас аралығында болатындығын, сондай- ақ мұғалімдердің осы кезеңде жоғары сапалы педагогикалық тәсілдерді қолданып қомақты үлес қоса алатындығын көрсетті.


Метатану аспектілерін санаттау

Метатануды өлшеудің үш құрылымы

Ерте жастағы оқушылар метатануға қабілетті ме?
Ерте жастағы оқушыларда метатанымдық қабілеттердің бар екендігі жуық арада ғана белгілі болды. Флейвелл ерте жастағы оқушылардың метатану мүмкіндігі шектеулі екендігін айтады, олар әр уақытта өз жадыларын басқаруға, проблемаларды шешуге және шешім қабылдауға қабілетті емес. Алайда, жадының аспектілерін зерттеу бойынша жүргізілген бұдан кейінгі жұмыстар 3-4 жастағы балалардың өздері көп суреттерге қарағанда, саны азырақ суреттерді есте сақтау жеңілірек екендігін сезіне алатындығын анықтады (Flavell et al, 1995) .
Бронсон мектеп жасына дейінгі балалар мен балабақшадағы балалардың танымдық дамуын зерттей отырып, олардың көпшілігі ерікті түрде іштей өзін өзі реттеуге қабілетті деген шешімге келді.
Зерттеуші олар да «қалай оқу керектігін үйренеді» деген болжам жасаған. Осыған қарамастан, олар шешімді қалай қабылдағандарын немесе қандай тәсілді қолданғанын үнемі түсіндіріп бере алмайды, бұл жастағы балалар танымдық әрекет кезінде «өздік басқару» қызметін пайдаланады. Өсе келе, олар өз деңгейлеріне сәйкес келетін тапсырманың түрін таңдауға, оларды тиімді пайдалануға, өздерінің әрекетін түзетуге немесе қажет болған жағдайда көмек сұрауға, сондай-ақ іс-әрекет аяқталғанша немесе мақсатқа жеткенше «үдерісті» тоқтатпауға қабілетті бола бастайды (Bronson, 2000) .

Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады (Perry et al, 2002) :

Оқушылардың пікірін назарға алу

«Оқушы үні» жобасы аяқталған соң, жобаға қатысқан мұғалімдер арасында сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылармен пікірлесу:


Оқушылармен білім беру мәселелері бойынша пікірлесу олардың өзін-өзі реттеуін дамытуына ықпал етеді. Мектеп пен сынып жұмысына қатысы бар тақырыпта оқушылармен ашық пікірлесудің жағымды әсері ретінде оқушылардың өз оқуын бақылай алатындығына, ол туралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімді болуын жатқызуға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz