ҚАЗАҚСТАН - ФРОНТ АРСЕНАЛЫ
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН-ФРОНТ
АРСЕНАЛЫ. ФРОНТ ЖƏНЕ ТЫЛ
ЕРЛІКТЕРІ.
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАНЫ
СОҒЫСҚА БЕЙІМДЕП ҚАЙТА ҚҰРУ.
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына
бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді
(милитарландырылды).
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары
сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып
аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан
220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАНЫ
СОҒЫСҚА БЕЙІМДЕП ҚАЙТА ҚҰРУ.
1941 жылдың екінші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп
әкелінді. Тек Алматының өзінде 34 зауыттың, фабрика мен цехтың жабдықтары
орналастырылды. Олардың ішінде Луганск паравоз жасау зауытының бір бөлігі,
Харьков вагон жөндеу зауыты және басқалар бар. Сондай-ақ жеңіл және 14 тоқыма
өнеркәсіп орнының жабдықтары келді. Украинадан әкелінген үш фабрика негізінде
Семей аяқ киім фабрикасы құрылды.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада
2300мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды.
Республикаға 1,1 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Қазақстан өнеркәсібінде
1940 жылы 158мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255мың жұмысшыға дейін жетті.
1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан
істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды.
ҚАЗАҚСТАН-ФРОН АРСЕНАЛЫ.
Қазақстан – майдан арсеналы.
Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін орналастыруда елеулі өзгерістер болды.
(Арсенал – күш, қуат, қару – жарақ қоймасы). 1943 жылы кенші кәсібіне 18 мыңдай адам
оқытылып мамандандырылды. Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы іске қосылды.
КСРО Ғылым академиясының комиссиясы Шымкент қорғасын және Балқаш мыс балқыту
заводтарын рудамен, Қарағанды көмірімен қамтамасыз ету проблемаларын зерттеді.1943
жылы сәуір айында Жезқазған комбинаты құрылды. 1943 жылы шаруашылық айналымына
775 мың га жаңа жер алқаптары тартылды. Республиканың көптеген аудандары
қуаңшылыққа ұшырады. Жұмыс қолы, күш көлігі жетіспеді.Жоғары өнім алудың асқан
шеберлері Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Ыбырай Жақаев ерлікпен еңбек етті. Әр
гектардан 52 центнерден тары өсірген павлодарлық звено жетекшісі Анна Дацкова бүкіл елге
мәлім болды. Жеңіс қорына Жезқазған кеншілері 1945 жылдың алғашқы төрт айы ішінде
мыңдаған тонна кен өндіріп, өз үлестерін қосты.
ҚАЗАҚСТАН-ФРОНТ АРСЕНАЛЫ
Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті, төрт жыл ішінде олар 34млн
тонна көмір өндірді, бұл шахтаның бүкіл өмір бойы өндіргенінен
3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының
кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 пайызға арттырды, электр
қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МАЙДАНҒА АТТАНУЫ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ҚАҺАРМАН ЕРЛІКТЕРІ (1941–1945 ЖЖ.
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз
болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың
жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен
шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар
болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К.
Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов т. б. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті.
Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема
аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты.
Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста
қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар
дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокалам тас жолын қорғау
тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау
шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. 316-дивизияның
жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек
сіңірді.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МАЙДАНҒА АТТАНУЫ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ҚАҺАРМАН ЕРЛІКТЕРІ (1941–1945 ЖЖ.
Дубосекова разъезі түбінде 28 панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің
шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді
ерлікке жігерлендіріп: «Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ,
артымызда Мәскеу!» — деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер –
орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар – 4 сағат бойы өршелене жасалған
жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық
қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қазақ тапты, бірақ жауды өткізбеді.
Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің
саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р.
Аманкелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қалдырды. 316-дивизия
жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы
17 қарашада оған құрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz