Шаруашылық кәсіпорындардағы касса операцияларының есебі мен құжатталуы (1С Бухгалтерия)


Slide 1

Касса операцияларының есебі

Орындаған:

Тексерген:

Slide 2

Кіріспе

Халықаралық қаржылық есеп стандартының №7 “Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп” бойынша ақша қаражаты деп кәсіпорынның кассадағы және ағымдағы шотындағы ақшаны айтады.

Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды жауапты адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.

Курстық жұмыстың алға қойған мақсаты шаруашылық жүргізуші кәсіпорындардағы кассалық операциялардың орындалу тәртібі мен есебі, сонымен бірге құжаттардың дұрыс рәсімделуін ашып көрсету. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қаралды:

касса құжаттарын дайындауда 1СБухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктерін нақты мысалдармен жеткізу.

кассалық операциялардың маңызы мен міндеттерін қарастыру;

бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері айту;

құжаттардың маңызы және оларды тіркеу принциптерін көрсету;

Slide 3

1 КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР

Банк шоттары

Банк шоттары - бұл банкмен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар

Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.

Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен) рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады.

Slide 4 Slide 5

Кассалық кітап жүргізу және толтыру үлгісі

Кассалық операциялар бухгалтерлік кітаптарды жүргізу жөнінде алдын ала қарастырылған барлық талаптарға сай келетін кассалық кітапта жазылады.

Беттер нөмірленіп, кітап түптеліп, ал ондағы парақтар саны басшы мен бас бухгалтердің қол таңбалары және кәсіпорынның мөрі қойылуы тиіс.

Кассалық кітаптағы жазулар көшіргіш арқылы 2 данада жазылады. Екінші дананасы - жыртылмалы, оған тіркелетін құжаттарды қоса, ол кассирдің есебі болып саналады. Есеп күнделікті қолма-қол ақшаның келу мен шығыс етілу барысы бойынша жазылады.

Қазіргі таңда кассалық кітап «1С Бухгалтерия» деп аталатын бағдарламада көрініс табады. Кассалық кітапқа барлық кассалық операциялар тіркеледі. Бұл бағдарлама орыс тілінде жүргізіледі.

«1С Бухгалтерия» версия 8. 1 деп аталатын бағдарламада кассалық кітапты ашу үшін келесі операциялар орындалады: Меню → Банк и Касса → Кассовая книга.

Slide 6

Назарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындар мен ұйымдарда касса операцияларының есеп жүйесі және құжатталуы
Ақша қаражаттары мен ақшалай есеп айырысу операцияларының есебі
1С: Бухгалтерия 8 Қазақстан үшін жедел енгізу және бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің жобалау, кодтау және автоматтандыру негіздері
Мүліктік сақтандыруды ұйымдастыру және қайта сақтандыру операцияларының есебі
Кәсіпорындағы еңбекақыны бухгалтерлік есептеу, заңдық міндеттемелері және 1С бағдарламасындағы жалақы есебі
Ақша қаражаттары мен эквиваленттері: касса және банктік есеп
Материалдық қорлардың жіктелуі, қозғалысы, құжатталуы және бағалануы
Қысқа мерзімді активтердің бухгалтерлік есебі: ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттері
Қысқа мерзімді активтердің бухгалтерлік есебі: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеудегі өзіндік құн мен шығын есебі: сүт өңдеу, сары май және ұн тарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz