Темперамент және мінез
Презентация қосу
Курстың
атауы:
Жалпы психологияға кіріспе
Лекцияның атауы:
15 лекция
Темперамент және мінез
Автор: Психология ғыл.докторы, профессор
Тоқсанбаева Н.Қ.
Сұрақтар:
Темперамент алғашқы индивидтің
қасиеттер интеграция формасы
ретінде
Темперамент теориялары
Мінездің қалыптасу мәселелері
Темперамент – тұлға қалыптасатын биологиялық фундамент. Ол мінез-құлық
аспектісінің динамикасы және ол үш жасқа дейін, яғни балалық шақта анық байқалады.
В.С. Мерлиннің пікірінше, темпераменттің қасиеттері индивидуалды ерекшеліктері, олар:
1) толық психикалық іс-әрекет динамикасын реттейді;
2) жеке психикалық процестердің ерекшеліктерін сипаттайды;
3) тұрақты және қалыпты мінезге ие;
4) темперамент типін сипаттайтын қатаң заңдылықтармен қатынаста болады;
5) жүйке жүйесінің ортақ типі біркелкі шартталған.
15.1 Темперамент алғашқы индивидтің қасиеттер интеграция формасы ретінде :
Темперамент (лат. temperamentum – келбетке қатысты тиістілік, tempero– тиісті байланыста
араласу) – индивидтің психикалық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктер сипаты, яғни
психикалық процестердің темпі, жылдамдығы, ритмі интенсивтілігі және осы іс-әрекетті
тудыратын жағдайы.
Темперамент іс-әрекетте көрінеді: индивид оны жылдам немесе баяу орындауы мүмкін.
Сондықтан темпераментті іс-әрекеттің динамикалық жағы деп қарастыруға болады. ол
көбінесе тұлға диагностика сынақ процесінде зерттеледі.
15.2. Темперамент теориялары
Гуморалды теории:
Темпераментті ағзаның ішкі сұйықтарымен байланыстыратын гуморалды теориялар ең ежелгі
болып табылады. Темперамен теорияларының ең айқын тобының классфикациясы Гиппократ
зерттеулеріне негізделген. Оның айтуынша, ағзаның өмірлік іс-әрекетінің деңгейі адам
ағзасындағы төрт сұйықтық – қан, өт, қара өт және сілекей (лимфамен, флегмамен)
сәйкестендіруімен анықталады. Осы сұйықтар сәйкестендіруі әр ағзаға индивидуалды болады,
олар грек тілінде "красис" (қоспа, үйлесім) терминімен белгіленді, ол латын тілінде "temperament"
деп айтылады. Гиппократ теориясының негізінде сұйықтықтардың мөлшеріне олардың ағзадағы
гипотетикалық басымдылығына байланысты темпераменттің төрт типі туралы ілім қалыптасып,
темпераменттің негізгі типтеріне атау бірілді: сингвиник (латын сөзі sanguis – қан), холерик (латын
сөзі chole - өт), меланхолик (грек сөзі melaina – қара өт) және флегматик (грек сөзі phlegma -
сілекей).
В Осы темперамент типтерінің жаңа психологиялық сипатын алғаш неміс философы И. Кант
өзінің талқылауында темперамент және мінезді келбеттің қоспаларын түсіндіру арқылы
жалпылап, жүйелендірді. ("Антропология", 1789). Кант темпераменттің органикалық негізі қанның
сапалық ерекшеліктері деп, гуморалды теория әріптестерінің позиясын ұстанды.
Темпераменттің гуморалды теорияларына П.Ф. Лесгафт қарастырған теория жақын болып келеді.
Бұл теориядағы негізгі ой – темперамент көрінісінің негізінде қан айналым жүйесінің қасиеттері
және оның ішіндегі қан айналым тамырлары қабырғасының қалыңдығы және серпімділігі, олардың
диаметрі және жүрек құрылымы мен формасы т.б. жатады. Сондықтан, кіші саңылаумен қалың
қабырғаларға темпераменттің холерик түрі, ал кіші саңылаумен жұқа қабырғаларға – сангвиник,
үлкен саңылау мен қалың қабырғаларға – меланхоликтік және үлкен просвет пен жұқа
қабырғаларға – флегматик сәйкес келеді.
Темпераменттің морфологическая теориясы:
Тұлғаның қазіргі теорияларының қалыптасуына және оның индивидуалды
ерекшеліктеріне Э. Кречмер ұсынған темпераменттің морфологиялық теориясы
әсер етті. Кречмер морфологиялық белгілердің жиынтығын талдай отырып, дене
бітімінің негізгі конституционалды типтерін көрсетіп, темпераментті осы
морфологиялық конституция типтері арқылы анықтады.
Темпераменттің морфологиялық теориясына соматикалық конституцияның
(«соматотип») үш негізгі типі: эндоморфты, мезоморфты және эктоморфты деп
бөлген америкалық психолог У. Шелдонның концепциясы жатады. Оның пікірінше,
эндоморфты типке, сыртқы келбетінің жұмсақтығы мен дөңгелектігі, сүйек және
бұлшық ет жүйелерінің әлсіз дамығандығы тән; оған висцеротоникалық
темперамент комфортқа жақындық, сезімталдық ниет, әлсіреген және баяу реакция
сәйкес келеді. Мезоморфты тип қатігез және өткір мінез-құлқымен, сүйек-
бұлшықеттік жүйесінің басымдылығымен, атлетикалық және күштілігімен
сипатталады; онымен соматотоникалық темперамент байланысты, ол шытырман
оқиғаларға жақындық, тәуекелге бейім, күшті іс-әрекетке құштар, белсенділігімен,
батылдылығымен, агрессивтілігімен ерекшеленеді. Конституцияның эктоморфты
типіне дене бітімінің әсемділігі мен нәзіктігі, көрініп тұрған бұлшықетінің жоқтығы
тән; бұл самототипке қарым-қатынасқа аз түсетіндігімен, ерекшелену және
жалғыздыққа бейімділігімен, жоғары реактивтілігімен сипатталатын
церебротоникалық темперамент сәйкес келеді.
Темпераменттің ғылыми теориясы:
Гуморальды және морфологиялық теориялардың негізгі кемшіліктері олар
темпераменттің алғашқы мінез-құлықтық пайда болуына ағза жүйесінің
қажеттіліктерін меңгермеген және меңгере алмайтын қасиеттерді жатқызды.
Темпераменттің ғылыми теориясын И.П. Павловтың жануарлар мен
адамдардың жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері туралы ілімі жасады.
Павловтың ерен еңбегі - әсерлерді әмбебапты реттеу және бақылау қабілетін
меңгерген ағза жүйелерінің біреуінің орталық, жүйке жүйесіндегі мінез-
құлықтың динамикалық ерекшеліктері және жетекші рөлі туралы нақты
теориялық және эксперименттік зерттеуі болып табылады. Павлов жүйке
процестерінің үш негізгі қасиеттерін бөліп көрсетті: күш, қозу және тежелу
процестерінің біркелкілігі және құбылмалылығы. Жүйке процестерінің
қасиеттері арқылы осы процестер қандай деңгейде пайда болады және олар
бір-біріне қалай әсер ететінін көрсететін қозу мен тежелуді сипаттайды.
ЖЖІ келесі типтерін бөліп көрсетуге болады:
- Күшті, қозу процесі біркелкі емес (холерик темпераментіне сәйкес келеді).
- Күшті, біркелкі, қозғалмалы (сагвиник темпераментіне сәйкес келеді).
- Күшті, біркелкі, инертті (флегматик темпераментіне сәйкес келеді).
-Әлсіз (меланхолк темпераментіне сәйкес келеді).
Мінез тар мағынада индивидтің тұрақты қасиеттерінің
жиынтығы ретінде анықталады, оның мінез-құлық тәсілдері
және эмоциялы сезіну тәсілдері көрінеді .
Мінез тұқым қуаламайды және тұлғаның туыла берілетін қасиеті емес, сонымен бірге тұрақты
және өзгермейтін қасиет болып табылмайды.
Мінез өмір шартының әсерінен темперамент негізінде қалыптасады.
Мінезде темпераменттің қырлары өзгертілген түрде көрінеді.
Мінез қоршаған орта әсерінен, адамның өмірлік тәжірибесінен, оның тәрбиесінен қалыптасады
және дамиды.
Қазіргі кездегі шетелдік характерологияны үш бағытқа бөлуге болады:
1) Э. Кречмермен байланысты, конституциялы-биологиялық. Мінез конституция мен
темпераменттің қосындысы;
2) психоаналитикалық (З. Фрейд, К.Г. Юнг, А. Адлер, және т.б.) мінезді адамның бейсаналы
түрде әсер етумен түсіндіреді:
3) идеологиялық (Робектің психоэтикалық теориясы) мінезді этико-логикалық санкция
анықтайтын инстинкттердің тежелуінен көреді. Қандай инстинктер және қандай
санкциялармен тежелетіні тұлғаның ішкі имманентті қасиеттеріне тәуелді.
Ресей психологтарының мінезді зерттеу Н.О. Лосский, П.Ф.
Лесгафт, А.Ф. Лазурский, А.П. Нечаев, В.И. Страхова, Б.Г. Ананьев,
Н.Д. Левитов және т.б. есімдерімен байланысты. Осы жерде тағы
бірнеше бағыттарға бөлуге болады: идеалистік, биологизаторлық,
материалистік.
Б.Г. Ананьев мінез тұлғаның тұтас көрінуі мен жағдайы деп есептейді және оның негізгі
қасиеттеріне бағыттылық, дағдылар, коммуникациялық қасиеттер, темперамент негізінде
қалыптасқан эмоциялы-динамикалық көріністер жатады.
А.Г. Ковалев, В.Н. Мясищев А.Г. Ковалев, В.Н. Мясищев мінез құрылымына мынадай
қасиеттер жұбын кіргізеді :
•біркелкі – біркелкі емес;
•сензитивті – агрессивті;
•кеңдігі – тарлығы;
•тереңдігі – үстіртін;
•байлық, мағыналы – кедейлік;
•күшті – әлсіз..
Н.Д. Левитов мінезді оның тұтастығымен, күрделілігімен, динамикалылығымен,
түпнұсқалығымен, күшімен, қатаңдығымен анықтап бөлді. Бұлар және басқа да мінездің
құрылымдық қасиеттерін бөлу болашақта талдау мен жалпылауды талап етеді.
Қалыпты мінездің шеткі варианттарын акцентуацияланған
мінез деп айтады.
Акцентуация типтері негізінен психопатия типтеріне ұқсас келеді.
А.Е. Личко акцентуацияның келесі типтерін бөліп көрсетті:
гипертимді, циклоидты, лабильді, астено-невротикалық, сензитивті,
психоастеникалық, шизоидты, эпилептоидты, истероидты, тұрақсыз
және конформды. Психопатия кезінде әртүрлі типтер бір адамда
аралас көрінуі мүмкін.
Мінез – бұл тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі, бірлескен іс-әрекеттегі және басқа
адамдармен қарым-қатынас барысындағы, өзінің жеке даралығын иемдену кезіндегі өмірлік
жетістіктері.
Бақылау сұрақтары
Мінез типологиясы деп нені айтамыз?
Э. Кречмер бойынша мінез
типологиясының өзі нені ұсынады?
Қандай темперамент теориясы
морфологиялыққа жатады.
Жоғары жүйке іс-әрекетінің қандай типтерін
сіз білесіз?
Мінез құрылымына не кіреді?
Әдебиеттер:
1. Ананьев Б.Г. Проблема формирования характера//
Ананьев Б.Г. Избранные психол. труды. М.: Педагогика,
1980.
2. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском
возрасте. М.: Просвещение, 1968.
3. Ковалев А.Г., Мясищев В. Н. Психические особенности
человека. Т. 2. Способности. Л.: ЛГУ, 1960.
4. Кречмер Э. Строение тела и характер. М., 1924, 1999.
5. Лазурский А.Ф. Очерк науки о характере. Пб., 1917,
1990.
6. Левитов Н.Д. Психология характера. М.: Просвещение,
1969, 1999.
7. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.:
1977.
8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. М.,
1940,2004.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz