Қазақстанның экологиялық аймақтары және радиациялық ластану мәселелері

БӨЖ 12. Қазақстаннның экологиялық қолайлы және қолайсыз аймақтары
Сапарбаева Сандугаш 203-топ, биология
Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
Қазақстандағы радиациялық жағдай
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі - радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Семей ядролық полигоны.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да қалыптасуына теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мүржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған және (а - 3 белсенділіктің жоғары деңгейі) Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған.
Радиоактивті қалдықтар.
Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын метереологиялық әртектіліктің түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының элементтерімен және космостық сәулеленумен байланысты. Табиғи радиоактивтік фон әр түрлі болуы мүмкін: Ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері, Балңаш көлі) 6-8 мкр/сағ болса, граниттік массадан тұратыы территорияларда 50-60 мкр/сағ. ңұрайды.
БӨЖ 13. Экологияны оқытудың материалдық базасы.