Дәрілік қырмызыгүл (Calendula officinalis): сипаттамасы, химиялық құрамы, емдік қасиеттері мен өсіру әдістері


Slide 1

Астралылар тұқымдасы. Қырмызыгүл туысы. Дәрілік қырмызыгүл

Сапарбаева Сандугаш 203 топ

Slide 2

Астралылар тұқымдасы

Slide 3

Қырмызыгүл

Slide 4

Дәрілік қырмызыгүл

Қазақстанның барлық аймағында егілетін 1 ғана түрі бар, ол - дәрілік қырмызыгүл (С. offіcіnalіs) . Оның құрамында календен атты ащы зат, шайыр, әр түрлі қышқылдар, шырышты заттар және каротиноидтар, алкалоидтар, эфир майы бар. қырмызыгүлдің дәрілік қасиеті ежелгі Грекияда белгілі болған. Халықтық медицинада қырмызыгүл жара, безеу, шиқан, ұшық және көз ауруларын емдеуге қолданылады. Себеті тамаққа пайдаланылады. Саябақтар мен гүлзарларда әсемдік үшін қолдан егіледі.

Slide 5

Күтімі

Қырмызыгүл - күтімі оңай өсімдік. Ашық күн түсетін жерде жақсы өседі. Суыққа шыдамды. Топырағы жеңіл, орташа құнарлы, ылғалды болғанын қалайды. Өсімдікке көңді гүл түйін салғанға дейін қосу қажет, ал одан әрі қарай өте көп қолдануға болмайды, себебі көңде азот көп болғандықтан жапырақтары мол болып өсуіне пайдалы, ал біз жапырағы емес, гүлі үшін өсіретіндіктен, гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Ұзақ әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын қыркүйек айынан бастап жинауға болады.

Slide 6

Қолданылуы

Жараларды емдейтін, бактерицидтік және қабынуға қарсы агент ретінде қолданылады:cығындысы- несеп айдайтын, тұнбалар - тамақ ауруы, асқазан-ішек аурулары, бауырдың қабыну процестері, пародонт ауруын емдеу үшін; жақпа - көгеру, кесу, фурункулоз, күйік, жараларды дезинфекциялау үшін; "Калефлон" препараты - жараға қарсы агент ретінде қолданылады.

Ірімшік пен майды хош иістендіру және бояу үшін, әр түрлі тағамдарға дәмдеуіш ретінде және сорпаларға, салаттарға, бұқтырылған тағамдарға гарнир ретінде қолданылады.

Дәрілік календуланың сорттары түсі бойынша өте алуан түрлі; сәндік ретінде екі Терри сорттары әсіресе танымал: 'лимон патшайымы' және 'апельсин патшасы' .

Slide 7

Көбейтілуі

Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 5-7 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінде бір-екі жапырақ шыққанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Сәуірдің соңында немесе мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен кейін, көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап, 50-60 күннен кейін гүлдей бастайды. Бақшаға сәуірдің аяғы, мамырдың басында тұқымынан егетін болсаңыз, жаздың ортасында гүлдейді.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Қырмызыгүл (Calendula): морфологиясы, химиялық құрамы және қолданылуы
Дәрілік түймедақ (Matricaria chamomilla): ботаникалық сипаттамасы, химиялық құрамы және емдік қасиеттері
Дәрілік өсімдіктер: емдік қасиеттері, химиялық құрамы және қолданылуы
Дәрілік авран (Gratiola officinalis): морфологиясы, фармакологиялық қасиеттері мен уыттылығы
Лимонның ботаникалық сипаттамасы, химиялық құрамы және емдік-тұрмыстық қасиеттері
Көк гүлкекіре: сипаттамасы, өсіру технологиясы, емдік қасиеттері және зиянкестері
Қауынның сипаттамасы, емдік-қоректік қасиеттері және өсіру технологиясы
Құрамында витаминдер бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар: классификация, химиялық құрамы және қолданылуы
Ешкі сүтінің емдік қасиеттері, химиялық құрамы және қолдану перспективалары
Итмұрынның химиялық құрамы, емдік қасиеттері және түрлік әртүрлілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz