Жасөспірімдердегі суицидтік мінез құлықтың белгілері, себептері және оған әсер етуші факторлар


Slide 1

Жасөспірімдердегі суицидтік мінез құлықтың белгілері, себептері және оған әсер етуші факторлар

Орындаған: Шаймарданова Назигуль Тусуповна

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия психологі

Slide 2

Суицид-ішкі жан дүниесінің қатты қобалжуы салдарынан немесе психикалық аурулардың ықпалынан өз-өзіне қол салу.

Суицид- күшті психожарақаттаушы ситуациялардың әсерінен саналы түрде өз өмірін қию. Бұл жағдайда өмір сүру ең жоғарғы құндылық ретінде маңызын жояды.

Slide 3

Қандай жасөспірімдерді “қауіпті топқа жатқызуға болады?

Slide 4

“Қауіпті топтың” негізгі құрамы

16 мен 25 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жеткіншек жастар.

Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан жасөспірімдер.

Ата-анасы ішімдік ішетін, жайсыз отбасынан шыққан жасөспірімдер.

Толық қамтылған, жайлы отбасынан шыққан жасөспірімдер.

Ішімдік ішетін, нашақорлық немесе психотроптық заттар пайдаланатын жасөспірімдер.

Туған-туыстарының ішінде біреу суицидтік іс-әрекетке барған жасөспірімдер.

Коммуникативтік дағдылары толық қалыптаспаған жасөспірімдер

Slide 5

Суицидтің негізгі себептері қандай?

Slide 6

А. Е. Личко жасөспірімдер арасында суицидтердің ең жиі кездесетін себептері деп төмендегілерді ұсынады:

Сүйікті адамын жоғалту;

Шектен тыс қалжырау;

Өзіндік қадір-қасиетін осал сезіну;

Алкогольді, психотропты дәрілерді және есірткіні пайдалану нәтижесінде пайда болатын жеке бастың қорғаныш тетігінің бұзылуы;

Өзін-өзі өлтірген адаммен өзін теңестіру;

Әртүрлі сылтаулар бойынша туатын қорқыныш, ызалану мен жабырқаудың әр алуан формалары.

Slide 7

1. Жоғалту

Сүйікті адамының өлімі;

Үй жануарының өлімі;

Ата-анасының ажырасуы;

Жұмысын жоғалту;

Махаббатағы сәтсіздік;

Slide 8

2. Қысымшылық

Оқу орнындағы (мектептегі) қысымшылық;

Ата-анасы тарапынан көрсетілген қысымшылық;

Құрбы-құрдастары тарапынан көрсетілген қысымшылық;

Ұятты, кінәні, сезіну, жазалаудан қорқу;

Slide 9

3. Өзін төмен бағалау

Дене бітімінің сымбатты болмауы;

Өзін-өзгелерден кем санап, “төмен топқа” жатқызу;

Асексуалдылық;

“сәнді емес” киім;

Дене күші жағынан әлсіздік;

Сабақтағы төмен үлгерім;

Slide 10

4. Қарым-қатынастың жетіспеушілігі

Эмоционалды депривация;

Жалғыздық сезімі;

Өзінің “қабылданбағандығы”, “шеттетілу” сезімі;

Slide 11

5. Өз тағдырына қоршағандардың көңілін аударту

Отбасындағы, ұжымдағы ауыр психологиялық жағдай;

Депрессия;

Дәрменсіздік, тығырықтан шыға алмаушылық сезімі;

Slide 12

6. Жүйке жүйесінің бұзылуы

НЕВРОЗ - себепсіз қорқу, ішкі қобалжулармен сипатталады. Невротик қоршаған ортадағы болып жатқан құбылыстармен байланысын үзбейді бірақ оның қоршаған әлемге деген сенімі жоқ, сондықтан ол сенімсіз, қозғыш, қобалжулы болып келеді.

ЖЕКЕ БАС МӘСЕЛЕЛЕРІ - қоршаған адамдармен қарым-қатынастың қиындығынан, бұл адамдар жүйке жүйесіндегі ауытқуларымен ерекшеленбесе де қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға жақын тұрады.

ПСИХОЗДАР - невроздан гөрі ауырырақ өтеді. Психозбен ауыратын адам әдетте қоршаған өмірдің мәселелеріне түсінбеушілікпен қарайды, қабылдамайды. Бұған маниакальді-депрессивті психозды жатқызамыз. Бұл кезде көңіл-күй маниядан депрессияға дейін өзгеріп, көп жағдайда суицидтік ойлармен қатарласып отырады

Slide 13

Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар

І. ЖАНҰЯДАҒЫ КОНФЛИКТ:

Туыстарының және қоршаған адамдарының әділетсіз болуы;

Басқамен көңілдес болу, қызғану, айырылысу;

“сүйікті”адамынан айырылу;

Жоспарының орындалуына кедергі жасау;

Сүйікті адамының мінез-құлқын, қасиетін ұнатпау;

Жалғыз қалу;

Сәтсіз махаббат;

Басқалардың оған жеткілікті көңіл болмеуі;

Жыныстық һалдің төмендеуі.

Slide 14

ІІ. ПСИХИКАЛЫҚ КҮЙ:

Дені сау адамның реалды конфликтіге ұшырауы;

Паталогиялық себептер (психиканың бұзылуы)

ІІІ. ФИЗИКАЛЫҚ КҮЙ:

Соматикалық аурулар, физикалық азап көру;

Ажарсыз кемтар болу.

IV. ҚОҒАМҒА ҚАРСЫ КОНФЛИКТІНІҢ ТУЫНДАУЫ:

Қылмыстық жауапкершіліктен қорқу;

Ұяттан, жазадан қорқу;

Өзін-өзі кінәлау;

V. КӘСІПТІК ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ КОНФЛИКТІНІҢ ТУЫНДАУЫ:

Жұмыстағы, оқудағы сәтсіздік;

Жұмыстағы немесе оқудағы әділетсіздіктің болуы;

VІ. Материалдық-тұрмыстық қиыншылықтар.

Slide 15

VІ. БАСҚА ДА СЕБЕПТЕР.

Денсаулығының нашарлығынан - 1, 2%

Қаражат қиындығынан - 3%

Өмір сүрудің ауырлығынан - 4, 4%

Құмарлықтан-6%

Отбасы келіспеушілігінен-18%

Рухани дерттен - 18%

Жазасын өтеуден жалтарудан - 19%

Белгісіз күйі-41%

Slide 16

Суицидтік ойдың белгілері

Сөзді белгілері

-Өзне - өзі қол жұмсауға дайындалған адамдар, әдетте, өзінің жанының психикалық күйін айтады.

Өлім туралы айтуы мүмкін: “Мен әрі қарай өмір сүргім келмейді”,

“Мен ешкімге проблема болмаймын”т. с. с

Өлім сұрақтарына аса қызығушылық білдіру.

Өзіне қол жұмсау тақырыбында көп әңгіме айту;

Slide 17

Мінез-қылықты белгілер:

Мінез-құлықтың күрт өзгеруі;

Соңғы “заттарын жинастыру”;

Өзіне ыстық жеке заттарын тарату;

Өзі араздасып жүрген адамдармен ымыраға келу;

Достыққа деген немқұрайлылық;

Ұйқының бұзылуы;

Тамақтану режимінің бұзылуы;


Ұқсас жұмыстар
Суицидтік мінез құлықтың психалогиялық ерекшелігі
Өзіне өзі қол жұмсау типологиясы
Суицид статистикасы
Ата - ана мен баланы
Суицидтің негізгі түрлері
Суицид туралы түсінік
Девиантты мінез - құлықтың себептері
СУИЦИД ТУРАЛЫ
Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕВИАЦИЯ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz