Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар: субъектілер және құқықтары мен міндеттері


Slide 1

Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар. Еңбек құқығының субъектілері

Slide 2

Еңбек құқықтық қатынастар

Жалдамалы еңбек процесінде басқару мен ұйымдастыруда пайда болатын қоғамдық қатынастар мен олардан туындайтын қатынастардың күрделі құрылымынан тұрады.

Slide 3

Еңбек қатынастары субъектілері:

Жұмыс беруші

Жұмыскер

Кәсіподақ комитеті

Еңбек ұжымы

Slide 4

Туынды еңбек қатынастарының түрлері:

еңбекпен қамту және жұмысқа орналастыру;

ұйымдастырушылық басқару;

әлеуметтік-әріптестік;

бақылау-қадағалау;

жұмыскердің біліктілігін арттыру;

зиян келтіргені үшін тараптардың материалдық жауапкершілігі;

еңбек дауларын шешу қатынастары.

Slide 5

Еңбек қатынастарының туындау негіздері:

еңбек шарты;

1) лауазымға сайлану (сайлау) ;

2) тиісті лауазымға орналасуға арналған конкурс бойынша сайлану;

3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;

4) ҚР заңдарымен квота есебімен жұмысқа жіберуі;

5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері

Slide 6

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

1) еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге;

3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

Slide 7

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;

5) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;

6) бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;

Slide 8

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;

8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау үшін бірігуге;

Slide 9

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

9) өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;

10) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

Slide 10

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

11) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;

12) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;

13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;

Slide 11

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;

15) қандай да бір кемсітусіз, бірдей еңбек үшін бірдей ақыға, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдайларға;

Slide 12

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

16) жеке еңбек дауын қарау үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен реттілігімен келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге;

17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

Slide 13

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;

Slide 14

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

Slide 15

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

20) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;

21) жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

Slide 16

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

22) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;

23) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;

Slide 17

Жұмыскердің негізгі құқықтары:

24) жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге;

25) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен еңбек шарты және өзінің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар.

Slide 18

Жұмыскердің негізгі міндеттері:

1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

2) еңбек тәртібін сақтауға;

3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

Slide 19

Жұмыскердің негізгі міндеттері:

4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

Slide 20

Жұмыскердің негізгі міндеттері:

6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

7) келтірілген нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.

Slide 21

Жұмыс берушінің негізгі құқықтары:

1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;

2) жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

Slide 22

Жұмыс берушінің негізгі құқықтары:

3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;

4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер (қауымдастықтар, одақтар) құруға және оларға кіруге;

5) жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;

Slide 23

Жұмыс берушінің негізгі құқықтары:

6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;

7) еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;

8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;

Slide 24

Жұмыс берушінің негізгі құқықтары:

9) жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;

10) осы Кодекске сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;

11) осы Кодекске сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;

Slide 25

Жұмыс берушінің негізгі құқықтары:

12) жеке еңбек дауын қарау үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен реттілігімен келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге;

13) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен үміткерлердің (олардың алдын ала келісімімен) және жұмыскерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар.

Slide 26

Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;

2) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;

Slide 27

Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:

3) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;

4) жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға;

Slide 28

Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:

5) жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;

Slide 29

Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:

6) жұмыскерді ұжымдық шартпен, еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және осы Кодексте көзделген жағдайларда жұмыс берушінің басқа да актілерімен жеке-дара немесе оларды курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жіберу жолымен таныстыруға;

Slide 30

Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:

7) жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және жұмыскерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және анық ақпарат беруге;

Slide 31

Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:

8) осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға;

9) жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларн қамтамасыз етуге;

10) жұмыскерлерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;

Slide 32

Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:

11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;

12) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;

13) егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;

14) жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;

Slide 33

Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:

15) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;

16) жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге;

17) жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға және міндетті әлеуметтік сақтандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;

Slide 34

Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:

18) жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;

19) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде кәсіптік тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге;

20) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге;

Slide 35

Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:

21) жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге;


Ұқсас жұмыстар
Еңбек шартының құқықтық негіздері: тараптардың құқықтары мен міндеттері, түрлері және практикалық жағдайлар
Бала құқықтары мен міндеттері: құқықтық сауаттылық пен кітапхана тәртібі
Бала құқықтары мен міндеттері: құқықтық негіздері және мектептегі жүзеге асуы
Студенттердің құқықтары мен міндеттері
Рим құқығындағы отбасылық қатынастар: неке түрлері, некеге тұру шарттары және тоқтатылуы
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру: құқықтық қатынастар мен халықаралық тәжірибе
Қазақстан Республикасының Ата заңы: құқықтық негіздері, мемлекеттік билік және азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Құқықтық қатынастар: ұғымы, белгілері, түрлері және субъектілерінің құқықтық қабілеті
Құқықтық нормаларды іске асыру: құқықтық нысандар, тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және мемлекеттік бақылау
Атқарушылық іс жүргізуге қатысатын тұлғалар мен объектілер: құқықтық мәртебе, құқықтары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz