Сүйекті балықтардың отрядтары
Презентация қосу
КӨҢІЛ КҮЙІҢ
ҚАНДАЙ?
1.Балықтарға жалпы сипаттама?
2.Омыртқалыларға қандай жануарлар жатады?
3.Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады?
4.Омыртқалылар қандай белгілеріне қарап салқынқандылар
және жылықандылар деп бөлінеді?
5.Балықтардың денесінде қандай жүзбеқанаттар болады?
6.Шеміршекте балықтар қандай класс тармақтарына
бөлінеді?
7.Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына тән
белгілерді атаңдар?
8.Шеміршекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден
тұрады?
9.Шеміршекті балықтардың асқорыту жүйесін сипаттаңдар?
Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан
астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше.
Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне
бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі
ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында
ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас
сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың
жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың
қаңқасында сүйектер өте көп. Сүйекті
балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті
желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті
балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің
алдыңғы тұсында орналасады.
Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзек
болады. Оларда алғашрет зәрдің уақытша
сақталатын мүшесі - қуық пайда болған. Зәр
шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті
балықтар миының қүрылысы шемір шекті
балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі
кіші. Алдыңғы ми - шағын, екі ми сыңарына
бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі
үлкендеу. Көзінің құрылысы шеміршекті балықтарға
ұқсас. Есту мүшесі де тек ішкі құлақтан тұрады.
Балықтар бірімен-бірі түрліше дыбыстар шығару
арқылы байланыс жасайды. Дыбыстарды
қабылдайтын; балықтар тіршілігінде маңызы зор.
Сүйекті балықтар (лат.
Osteichthyes) — омыртқалы
жануарлар класы, қазіргі заманда
балықтардың ең түрге бай тобы.
Дене ұзындығы 0,7-1,1 см, ден 5-
7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді.
Ішкі қаңқасы сүйектенген.
Әрдайым тері сүйектері болады.
Қабыршақтары әртүрлі:
ганоидтық, космоидтық немесе
сүйекті, (цикпоидтық, немесе
ктеноидтық). Желбезектері
қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір
түрлердің торсылдағы жойылған.
Ұрықтану сыртқы ортада өтеді,
кейбір түрлері тірі табатындар.
Сүйекті балықтардың ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан
басталып, жұтқыншаққа жалғасады, ол өңешке
ашылады. Өңеш қарынға – қарын аш ішекке, ол тоқ
ішекке ашылады. Тоқ ішек аналь тесігімен сыртқа
ашалыды. Бауыр мен ұйқы бездің өт және сөл жүретін
жолы аш ішекке ашылып, қорек қорытылады. Кенеулі
заттар қабырғалары арқылы қанға өтіп бүкіл денеге
таратылады.
Сүйекті балықтардың денесінде бір шеңберлі тұйық
қанайналым жұйесі бар. Жүректері екі камералы құлақшадан
және қарыншадан. Қарынша қабырғасы қалың, құлақшаныкі
– жұқа. Жүрекке көмір қышқыл газына қаныққан қан әкелетін
тамыр- көк тамыр, ал жүректен оттегіне қанныққан
шығаратын тамыр сала тамыр. Жүректің құлақшасы
жиырылған кезде көк тамыр қаны қарыншаға өтіп, ал
қарынша жиылған кезде құрсақ қолқасына өтеді.
Сүйекті балықтардың
2 класс тармағы бар
Сәулеқанатты Қалаққанатты
балықтар балықтар
Қостынысты Саусаққанатты
балықтар балықтар
Бекіре
• Бекіре балық түрлерінің басымы көктемде теңізден
өзендерге уылдырық шашуға шығады
• Біздің елде мекендейтін түрлері:
• Каспий теңізінде – Орыс, Парсы бекірелері, шоқыр
(севрюга), пілмай (шип), қортпа (белуга)
• Арал теңізінде – пілмай (шип)
• Сырдарияда – Сырдария тасбекіресі (лопатонос)
• Ертісте – сібір бекіресі
• Жайықта – Парсы бекіресі мен сүйрік (стерлядь)
• Еуразия мен Солтүстік Америкада тіршілік етеді
• Ұзындығы – 3м.
• Салмағы – 200кг.
Кортпа
• Ұзындығы – 2-3м дейін
• Салмағы – шамамен 1350кг
• Бекіре балықтарына
• су түбінде қоректену тән
• Қортпа – тұщы суда кездесетін ең ірі
балық
Қортпа
(Белуга - Huso huso)
. Сәулеқанатты балықтар.
Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90%-
дай астамы осы топқа жатады. Дүние жүзінің
түрлі су айдындарында кеңінен таралған және
олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті
қабыршақтары денесіне жапсарласа
орналасқан. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы
тең, торсылдат бар, қаңқасы негізінен сүйектен
тұрады. Сәулеқанатты балықтардың кәсіптік
мәні бар басты отрядтарына ғана тоқталамыз.
2. Қалаққанатты балықтар.
Бұған қостынысты және саусаққанатты балықтар
жатады. Қостынысты балықтар. Олар
желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады.
Құрғақшылық мезгілде суы тартылып қалатын
өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты
балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Дене
пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30 сантиметрден 2
метрге дейін жетелі. Жұп жүзбеқанаттары
нашар дамыған. Олар Амазонка өзенінде,
Африканың, Австралияның өзендерінде
кездеседі.
Қостынысты балықтар.
Желбезекпен әрі өкпемен тыныс
алады. Бұл балықтардың
торсылдағы өкпеге айналған. Дене
пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30см-
ден 2 м жетеді.Олар Амазонка
өзенінде, Африканың,
Австралияның өзендерінде кездеседі.
Саусаққанатты балықтар.
Латимерия.
Бұл балықтар ерте заманда кеңінен таралып, кейін жойылып кеткен. Қазіргі кезде
оның бір ғана - латимерия деген түрі сақталған. Ғалымдардың пікірі бойынша,
қүрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердің арғы тегі, осы саусаққанатты балықтар.
1938 жылы Үнді мұхитының Африка жағалауынан латимерия алғаш рет ауға түсті.
Саны аз болғандықтан, ауға өте сирек түседі. Латимерия - аузында өткір тістері бар
жыртқыш балық. Денесінде желі өмір бойы сақталады. Үлкен өкпесі күрделі
өзгеріске ұшырап, майлы мүшеге айналған. Ішкі танау тесігі болмағандықтан,
атмосфералық ауамен тыныс ала алмайды. Жұп жүзбеқанаттары еті мол жалпақ
қалаққа айналған. Жүзбеқанаттарының қаңқасы бес саусақты аяқтарға ұқсас
Майшабақтәріздестер отряды. Көпшілік түрлері теңіздерде топтанып тіршілік етеді.
Майшабақтардың Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған түрі -
Мұхит майшабағы. Сардинка (Қиыр Шығыс теңіздерінде), қылқа (килька) (Балтық,
Қара теңіз дерінде), түлкібалық (тюлька) (Каспий, Қара теңіздерінде) көптеп ау
даналы. Каспийдің солтүстік аймағында, Жайық өзенінде кездесетін еділ
майшабағы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Майшабақтәріздестер
Албырттәріздестер Сетінектер
Сүйекті
балықтардың
отрядтары
Көзауықтар Тұқытәріздестер
Майшабақтәрізділер отряды
Түлкібалық Еділ майшабағы қылқа
(килька)
Теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Майшабақтардың солтүстік
Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған түрі мұхит майшабағы.
Жайық өзенінде кездесетіні еділ майшабағы. Қазақстанның
Қызыл кітабына 1996 жылы тіркелген.
Албырттәріздестер отряды. Дене тұрқы орташа, ірі балықтар
(жеңсік албырт). Олар құйрық бөлімше жақын орналасқан майлы
жүзбеқанаты арқылы басқа балықтардан бірден ажыратады.
Бұлардың көпшілік түрлері өрістегіш балықтар. Албырттар Қиыр
Шығыс теңіздерін де көптеп кездеседі. Уылдырық шашу үшін
Амур өзеніне көтеріл еді. Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып,
өледі. Оған кета, нерпа, құнысбалық, т. б. балықтар жатады.
Албырт балықтарынан қызыл уылдырық алынады. Бұған таулы
алқаптың өзен-көлдерінде кездесетін, бахтах (форель) балығы да
жатады. Еті өте дәмді болғандықтан, оны кейде "патша балығы’’
деп атайды. Каспий және аралалбырттары деген түрлерінің саны
аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Албырттәрізділер отряды
Семга Кета Сиг Форель
Хариус
Горбуша
Корюшка
ФОРЕЛЬ
(Форель - Salmo fario)
Форель өте сүйкімді балық болып табылады
20 түрі кездеседі
Өкінішке орай форель жиі кемтар болады
(екі басты, альбиносты, гермафродитті)
Ұзындығы – 1м дейін, жиі - 20-30 см,
Салмағы – 20кг, жиі - 1,2кг
Форельдің түсі судың және су астының түсіне,
қоректенуі мен жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады.
Сетінектер отряды
Сетінек
Налим
Балықтың кептірілген еті сыртылдап, ыдырайтын болғандықтан
сетінек деп атаған. Еті, бауыр майы қымбат бағаланады.
Бауырынан балық майы алынады. Құрамында Д витамні мол.
Мешел ауруына қарсы ем ретінде қолданылады.
Көзауықтар отряды
Тілбейне Қалқан
Камбала
Тұлғасы жалпақ, теңіздің түбінде тіршілік етеді. Оларды темір аулар
салып аулайды. Соңғы жылдары Арал балықшылары тілбейнені
аулап, табыс көзіне айналдыруда.
Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін
аққайран,мөңке,қаракөз,табан,ақмарқа,қаяз
балықтары жатады.
Тұқы,мөңке балықтарын қолдан жасаған тоған
суларда өсіру тиімді әрі пайдалы. Қазақстанның су
айдындарында 180-ге жуық түрлері кездеседі.
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.(1996)
Алтын мөңке
Мөңке
(Карась-Carassius)
Алтын мөңке мен күміс мөңкенің сыртқы пішіндері ұқсас
Кейде бір су қоймасында тіршілік етіп, гибридтері пайда болады
Мөңке
өте өміршең балық болып келеді
Алтын балық
Күміс мөңке
Алтын мөңке
(Золотой карась - Carassius carassius carassius)
Алтын мөңкелердің жетілу кезінде
құйрық қанатының алдында дақ болады.
Жетіле келе дақ жоғалады,
ал күміс мөңкеде ол дақ мүлдем болмайды
Алтын мөңкенің басы әрдайым дөңгелене келеді,
ал күміс мөңкенің басы жиі сүйірлеу болады
Ұзындығы – 50см
Салмағы – 3кг
Орталық Еуропадан Лена өзеніне дейін кездеседі
Күміс мөңке
(Серебряный карась - Carassius auratus gibelio)
Ұзындығы – 40см, кейде – 60см
Салмағы – 2кг, кейде – 7кг
тіршілік етуі - 10-12 жыл
Бастапқыда Тынық мұхит, Сібір және Арал теңізі бассейніндерінде,
кейін жасанды түрде Еуропа мен Сібір
су қоймаларында жерсіндірілген
Күміс мөңкенің негізінде ХІ ғ. Қытайда жасанды түрде
алтын балық және басқа түрлер пайда болды
Теңіз алабұғасы
(Морской окунь – Sebastes)
90 түрі кездеседі
Түрлеріне байланысты
ұзындығы – 20см - 1м
15 жылға дейін тіршілік етеді.
Теңіз алабұғасы
өзен алабұғасымен ұқсас болғанымен
дене пішінімен өзгеше болып келеді
Теңіз алабұғалары
т ірідей туатын балық түрлеріне жатады
Теңіз алабұғаларының жас ұрпақтарына жолақтылық тән, бірақ
даму кезінде жолақтары өзгеріп, кей түрлерінде мүлдем жоғалады
Түстері судың және су астының түсіне
байланысты өзгеріп отырады.
Алабұға
Жынысты жетілген алабұғалар ашық (Окунь – Perca)
түстерімен ерекшелінеді
Алабұғаларда жыныстық белгілерінде
аса айырмашылық жоқ
Сұрак жауап
• Шеміршекті балыктар мен сүйекті
балыктардың айырмашылыктары
туралы кім айтады?
• Шеміршекті балыктар мен сүйекті
балыктардың ұксастықтары тұралы кім
айтады?
• Балыктардың адам өміріндегі маңызы.
1.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар?
1. 40 000
2. 20 000
3. 30 000
2.Сүйекті балықтардың ерекше мүшесі?
4. Торсылдақ
5. Желбезек
6. Бүйрек
3. Аталық безден бөлінген сұйықтық не деп аталады?
7. Шоғал
8. Уылдырық
9. Сперматозоидтар
10.Сүйекті балықтардың қандай класс тармақтары бар?
1. Жұп балықтр
2. Акулалар
3. Сәуле қанатты, қалаққанатты балықтар
5. Балықтың жүрегі неше камералы?
1. Төрт камералы
2. Екі камералы
3. Үш камералы
6. Балық патшасы...
1. Шортан
2. Бекіре
3. Сазан
1.Бұл балықтың еті өте дәмді
болғандықтан «Патша
балығы» деп аталады
2. Тұщы су балығы
1 Б а х т а х 3. Шеміршекті балықтардың
тыныс алу мүшесі.
2 А л а б ұ ғ а 4. Балықтың ас қорыту
3 Ж е л б е з е к жүйесінің өскіні
5. Тұқытектестер отрядына
4 Т о р с ы л д а қ жататын сүйекті балық
5 А 6. Зоологият ғылымының
қ м а р қ а
балықтарды зерттейтін
6 И х т и о л о г и я саласы.
7. Балық аталық безінен
7 Ш о ғ а л бөлетін сұйықтық.
8 Б е к і р е 8. « Балық патшасы».
1. Мылқау деп бекерге атайды,
Олар да өзінше «тіл» қатады,
Сусыз тіршілік ете алмайды
2. Аузы дөңгелек,пішіні жұмыр
Оны бірде жұтып, бірде шығарып жатады.
(Балық)
Жыланша иреңдеген судағы сұм бір,
Қорегін олжалап тою үшін
3. Тұмсығымен кемені де теседі,
Акуланың денесін тесіп , ішегін жеп жүр .
Суда сүңгуір қайықша еседі.
(Миксина)
(Семсер-балық)
4. Уылдырығын аузында сақтайды,
Ол кезде асқа тәбеті шаппайды.
(Губан балықтары)
5. Қай балықтың еркегі қамқор болып ,
Ұрпағына ұя жасап қояды,
Ал ұрғашысы оны торып,
6. Еті семіз, тіл үйіреді,
Қарны ашқанда шабағын жеп, тояды.
Балхаш пен Іле тұрағы.
(Шаншар балық)
Бұл балықты кім біледі?
Қай ортаны уландырады?
(Шармай)
§ 43. 255 беттегі кестені толтыру.
Бекіре балықтар туралы хабарлама
жасау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz