Үстеудің сөз табы ретіндегі сипатын анықтайтын белгілерді бөліп көрсету




Презентация қосу
Дәріс тақырыбы:
Үстеу. Дара және күрделі үстеулер, мағыналық
топтары
Қарастыратын мәселелер

1. Үстеудің лексика-грамматикалық ерекшелігі
2. Үстеудің мағыналық топтары
3.Үстеудің басқа сөз таптарымен арақатынасы,
синтаксистік қызметі
4. Адвербиалдану құбылысы туралы

Мақсаты: үстеудің зерттелуі, лексика-семантикалық
сипаты, мағыналық топтары, басқа сөз таптарымен
арақатынасы, қызметі туралы түсінік беру.
Пайдаланған әдебиеттер

1 Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы,
2013.
2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991.
3 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 2010.
4 Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы,
2007.
5 Исаев С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы, 2014.
6 Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы, 2014.
7 Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
8 Саурықов Е.Б. Түркі тілдеріндегі үстеу сөз табы: даму тарихы
және қалыптасуы. - Алматы: "Полиграфкомбинат", 2019.
9 Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілінің морфологиясы.
Оқу құралы. – Алматы, 2014.
10 Сарбалаев Ж. Конверсия мәселелері. – Павлодар, 2010.
1 Үстеудің лексика-грамматикалық ерекшелігі
Семантикалық жағынан қимылдың, іс-әрекеттің мекенін, мезгілін,
жүзеге асу амалын, мақсатын т.б. әртүрлі белгілерін білдіретін,
морфологиялық жағынан арнайы грамматикалық тұлғалармен
түрленбейтін, синтаксистік жағынан сөйлемде пысықтауыш
қызметін атқаратын сөз табы.
Лексика-семантикалық сипаты жағынан заттың қимыл-әрекеті
мен сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін қолданылатын
сөздер.
Тілде қимылдың белгісі кейбір есім сөздер мен етістіктердің жеке
тұлғалары арқылы да берілетіндігін ескерсек, бұл орайда үстеудің
заттың қимылы мен сынын білдіруі зат есім және сан есімдермен
бірдей сипатта болмайды. Мысалы, бірді бірден алу, бірден тану;
ыстық күнде далаға шықпау, күнде далаға шығу т.б. Мұндағы бірден,
күнде сөздері тұлғасы жағынан бірдей болғанымен, мағынасы
жағынан бір-бірінен мүлдем алшақ сөздер.
Кері байланыс! Үстеудің сөз табы ретіндегі сипатын анықтайтын
белгілерді бөліп көрсету.
Ғалымдардың анықтамасы
А.Байтұрсынұлы «сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді
толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді үстеу» деп атайды.
Қ.Жұбанов мағынасы істің мезгілін не мекенін көрсететін;
морфологиялық белгісі - -қы/-кі, -ғы/-гі үстеуін (жұрнағын) ертетін:
кешегі, бұрынғы; синтаксистік белгісі – анықталушысына жалғаусыз
жетектеле тұрып, орны еркін болатын сөздерді мезгіл-мекен есімі деп
анықтап, «үстеу» сөзінің орнына «мезгіл-мекен есімі» деген атауды
ұсынады.
А.Ысқақов: Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің
(етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық,
мөлшерлік күй-жайларын және сынның белгісін білдіреді.
С.Исаев: Қимылдың, іс-әрекеттің әртүрлі белгісін, амал-тәсілін,
мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын білдіретін, сөйлемде қимыл, іс-
әрекеттің, сын-сапаның әртүрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін
білдіретін, өзгертуге келмейтін, грамматикалық тұлғалармен
түрленбейтін сөздер.
Кері байланыс: Ғылыми пікірлерді салыстыру, талдау.
2 Үстеудің мағыналық топтары
А. Байтұрсынұлы: 1) Нықтаулық: ең, тым, бек, өте, нақ,
әбден т.б.; 2) Сынаулық: шалқасынан, етбетінен, бұлайша,
солай т.б.; 3) Өлшеулік: аз, көп, сонша, мұнша т.б.; 4)
Мезгілдік: бүгін, кеше, ертең, бұрын, мана т.б.; 5) Мекендік:
онда, мұнда, тыста т.б.
Ғ. Әбуханов: 1) мезгіл, 2) мекен, 3) бейнелік (сын-қимыл), 4)
мөлшерлік, 5) күшейткіш үстеулері.
А.Ысқақов, Н.Оралбай: мезгіл, мекен, мөлшер, сын (я бейне),
күшейту (я ұлғайту), мақсат, себеп-салдар, топтау (я бөлу)
үстеулері.
Тапсырма: Үстеуді мағыналық жағынан топтастыру
ерекшеліктерін анықтау.
Күшейту үстеулері
А.Байтұрсынұлы күшейту үстеулерінің қатарындағы ең, тым,
нақ деген сөздерді нықтаулық үстеулері деп қарастырады.
Қ.Жұбанов «бұл сөздердің сөйлемде өз алдына мүше бола алмай,
тек басқа бір түбір сөзге, онсыз да мүше болып тұрған сөзге
қосылып қана жүре алатынын, сол себепті оларды сөйлемге мүше
бола алатын сөз таптарымен теңестіруге болмайтынын» айтып,
үстеу категориясына жатқызбайды.
А.Ысқақов күшейту үстеулеріне ең, әбден, ылғи, кілең, сәл, өңкей,
тіпті, тым, нақ, нағыз, нық, әнтек, мүлдем, дәл, керемет, қабағат,
мейлінше, сонша, төтенше, жөнсіз, орасан, ерен, аса, өте т.б.
үстеулерді жатқызады.
Н.Оралбай мейлінше, әбден, ылғи, кілең, өңкей, сәл, төтенше,
жөнсіз, ретсіз, соншалық, мұншалық, айрықша, барынша,
пәрменінше, оншалықты, соншалықты, мұншалықты тәрізді
сөздерді күшейту үстеулері ретінде көрсетеді. өте, тым, ең тәрізді
сөздерді көмекші сөздердің бір түрі – күшейткіш көмекшілер
ретінде қарастырады.
3 Үстеудің басқа сөз таптарынан ерекшелігі, синтаксистік қызметі
Тілде қимылдың белгісі кейбір есім сөздер мен етістіктердің жеке
тұлғалары арқылы да берілетіндігін ескерсек, бұл орайда үстеудің
заттың қимылы мен сынын білдіруі зат есім және сан есімдермен
бірдей сипатта болмайды. Мысалы, бірді бірден алу, бірден тану;
ыстық күнде далаға шықпау, күнде далаға шығу т.б. Мұндағы бірден,
күнде сөздері тұлғасы жағынан бірдей болғанымен, мағынасы
жағынан бір-бірінен мүлдем алшақ сөздер.
Басты ерекшелігі: Сан есім, зат есімдер грамматикалық
формалармен түрленген жағдайда да бастапқы мағыналарынан
(сан, зат) қол үзбей, қосымша грамматикалық мағына үстесе,
үстеулердің мағынасы жалпылама сипатқа ие болады.
Мұндай сөздер белгілі бір грамматикалық тұлғаларда қолданылған
жағдайда өзінің лексика-грамматикалық ортасынан оқшауланып,
өзгеше лексика-грамматикалық дербестікке ие болып, нәтижесінде
үстеу қатарына ауысады. Бұл құбылыс үстеулердің өзімен тұлғалас
сөздермен омонимдес сипатта қолданылуына негіз болады.
Мағына жағынан әуелгі төркіндерінен (зат есім, сын есім, сан
есім, есімдіктердің қатарынан) бөлініп, лексикалық мазмұны
жағынан қимылдың алуан түрлі күй-жайларын білдіретін
сөздер үстеулерге жатады. Қазақ тілінде көнелену тәсілі
арқылы біржола үстеуге айналған сөздермен қатар бір
жағынан үстеуге айналса, екінші жағынан өзінің әуелгі
лексикалық топтарының да қатарында қаралып жүрген
сөздер бар. Мысалы, қайта, жағалай – үстеу, етістік; бірден
– үстеу, сан есім; бірге – үстеу, сан есім, шылау, т.б. Кестемен
жұмыс.

Үстеу - етістік Үстеу – сан есім Үстеу - шылау

Мысалдар
Үстеу және көсемше тұлғалы етістіктердің арақатынасы.
Үстеулер қатарында етістіктің көсемше формаларының
көнеленуі арқылы қалыптасқан сөздер де бар. Бұл орайда
көсемше тұлғалы сөздердің бәрі бірдей үстеу бола бермейді.
Кестемен жұмыс.

Үстеу Етістік
Мысалдар
Үстеудің синтаксистік қызметі
Қимылдың не сынның белгісін білдіру сипатына қарай үстеулер
төмендегідей екі топқа бөлінеді: 1) пысықтауыш үстеулер; 2)
анықтауыш үстеулер. Пысықтауыш үстеулер етістікке
байланысты қимылдың, іс-әрекет, амалдың белгісін білдіреді
(амалсыздан, жорта, әдейі т.б.). Анықтауыш үстеулер әртүрлі
заттық сынның белгісін білдіреді (тым, аса, кілең).
Пысықтауышпен қатар үстеулер бастауыш, анықтауыш,
толықтауыш және баяндауыш қызметін де атқарады. Бұндай
синтаксистік қызмет үстеудің барлық түріне бірдей тән емес.
Мәселен, мақсат, себеп-салдар, топтау, мезгіл үстеулері
анықтауыш қызметінде жұмсалмайды. Ал мезгіл, мөлшер
үстеулері заттануға бейім болғандықтан, бастауыш қызметін де
атқарады. Сөйлемде пысықтауыштан да басқа сөйлем мүшелері
қызметінде жұмсалуы үстеудің мағыналық топтарының
етістіктен басқа да сөз таптарымен тіркесімділігіне байланысты.
Алайда бұл тұрғыдан да олардың сипаты бірдей емес.
4 Адвербиалдану құбылысы туралы
Ж.Сарбалаев: Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуына
басты себеп, 1-ден, «белгілі бір сөз табындағы лексемалардың
жеткіліксіздігінен болса, 2-ден, сөздердің өздеріне тән әуел баста
орныққан функциясын өзгерту болып табылады. Адвербиалдану
үдерісі жеке сөз таптарының үстеу қатарына ауысуы арқылы
жүзеге асады. Адвербиалдану яғни, өзге сөз таптарының үстеулер
қатарына өтуі басқа тілдік құбылыстар сияқты белгілі бір
заңдылықтар мен тілдік нормаға сүйенеді.
Қазіргі түркі тілдерінде біржола үстеуге айналған және әлі де
болса өзінің бастапқы сөз табылық ерекшелігінен арыла
алмай жүрген сөздер бар. Алғашқы топ әлдеқашан өзінің
лексика-семантикалық категориясынан алшақтап, тілдің
қазіргі тұрғысынан қарағанда қай жағынан алса да үстеулік
мән-мағынаға ие болған, ал кейінгі топтағы үстеу деп
танылып жүргендер – өзінің алғашқы лексика-семантикалық
белгілерінен толық ажырамаған, екі жақты қызметі мен
сипаты бар, қолданылу ыңғайына қарай аралық жағдайда
Ғалым Ж.Сарбалаевтың пікірінше, «адвербиализация процесі
үстеулердің жеке сөз табы болып калыптасуында бірден-бір
шешуші рөл атқарған фактор сықылды. Себебі тілдің даму
барысында басқа сөз таптары адвербиализация процесінің
нәтижесінде үстеулер тобына тікелей немесе белгілі бір формада
көнеріп барып өткендігі байқалады». Ғалымның
тұжырымынша, септік жалғауларындағы зат есім формалары
көнелену арқылы үстеу болып қалыптаспаған. Олардың үстеу
болып танылуы ең алдымен адвербиалданудың нәтижесі.
Олардың үстеуленуіне бірден-бір себеп - септік формалары­ның
басқа бір сөз табының синтаксистік қызметінде, яғни
пысықтауыштық позицияда тұрақты әрі жиі қолданысы.
Сондықтан қазақ тіліндегі үстеулердің сөз табы болып
қалыптасуының бірден-бір жолы – адвербиалдану үдерісіне де
баса назар аудару қажет.
Қазақ тілінде сөздің бір сөз табынан басқа сөз табына ауысуы
нәтижесінде жасалған лексика-грамматикалық омонимдер үстеу
мен сын есімдер құрамында молынан кездеседі. Мысалы: тез,
жылдам, еріксіз, жедел, т.б.
Түркі тілдерінде кездесетін көптеген үстеулер өздерінің шығу
төркіні жағынан сын есімдермен негіздес, төркіндес. Ғалым
Ж. Сарбалаев сын есім сөздердің үстеулер қатарынан орын
алып, кейіннен толық үстеу болып қалыптасу тұрғысында
мынадай дәләлдер мен сипаттамалар береді: Сын есімдер
тобынан үстеулер қатарынан ауысқан сөздер, әсіресе, қимыл-
сын және күшейіткіш үстеулердің құрамына жиі ұшырасады»
[35-39]. Зат есімдерден ауысқан сөздер, көбіне, мекендік,
мезгілдік мағынаны білдірсе, адвербиалданған сын есімдер
қимыл мен іс-әрекеттің сипатын, белгісін, мөлшері мен
көлемін білдіруге бейім тұрады.
Адвербиалдану Мысалы Сөйлемдегі
қызметі
Тұжырымдар:
1 Үстеу – морфологиялық түрлену жүйесіне түспейтін,
арнайы грамматикалық категориясы жоқ сөз табының
бірі.
2 Үстеуді семантикалық ерекшелігі оның басқа сөз
таптарымен тіркесімділігі арқылы анықталады.
3 Үстеулердің басқа сөз таптарымен арақатынасы оның
құрамындағы басқа сөз таптарынан ауысқан тілдік
бірліктермен түсіндіріледі.
4 Адвербиалдану – басқа сөз таптарының үстеу қатарына
ауысу үдерісі.

Ұқсас жұмыстар
ҮСТЕУ. Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты
Шешендік сөздер
Себеп - салдар үстеуі
Шешендік сөздер. Жәнібек пен Жиренше
Шешендік сөздер туралы
Мақсат үстеулері
Семиотика қорытындылаушы жүйе
Бастауыш сыныптарда сын есімнің шырай түрін окытудын жолдары
Сөз таптарына саяхат туралы ақпарат
Зат есімнің жалпы сипаты
Пәндер