Дәстүрлі мәдениет


Slide 1

Қазақ ұлттық мәдениеті және оның қазіргі қазақ жастары тұлғасының ұлттық сана сезімін қалыптастырудағы рөлі

Slide 2

Ұлттық мәдениет - бұл ұлттың материалдық және рухани құндылықтарының, сондай-ақ, осы этникалық қауымдастықтың іске асырып келе жатқан табиғатпен, әлеуметтік ортамен өзара ықпалдасудың негізгі тәсілдерінің жиынтығы (Крысько В. Г. Этнопсихологический словарь, 1999) .

Ұлттық мәдениет қоғам, мемлекет қызметінен, оның әлеуметтік институттарынан, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерден, рухани құндылықтардан, ойлау стилі мен қағидаларынан, моральдық нормалардан, тіл мен өмір сүру салтынан көрінеді. Ғалымдардың айтуынша: өз мәдениетінің құндылықтарын біліп игеру, оларды іс жүзінде назарға алу - бұл өз мәніңді сақтау, сонымен қатар алға қарай дамып, бақытты болашаққа бет алу.

Әр халық өз болашағын жалпы дүниежүзілік мәдениетке өмір мен интеграция кепілі болатын ұлттық мәдениетпен байланыстырады. Әр ұлттық мәдениеттің өзіндік нышандары мен ерекшеліктері бар.

Slide 3

Ұлттық мәдениет компоненттері

1) тарихи өткені;

2) адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру түрлері мен формалары, олардың өзара қарым-қатынастары, сонымен қатар олар жасайтын материалдық және рухани құндылықтар арқылы берілген қоғамның белгілі бір даму деңгейі;

3) қызмет ету немесе өмір сүрудің өзіндік салалары (еңбек мәдениеті, саяси мәдениет, көркем мәдениет, музыкалық мәдениет және т. б. ) ;

Slide 4

4) адам қызметінің заттық нәтижелері (машиналар, ғимараттар, таным нәтижелері, өнер туындылары, мораль мен құқық нормалары және т. б. ) ;

5) адамның қызмет етудегі күш жұмсауы мен қабілеттері (білімі, іскерлігі, дағдысы, интеллект деңгейі, адами және эстетикалық дамуы, көзқарасы, адамдармен араласу тәсілдері мен түрлері) ;

Slide 5

7) әлеуметтік нормалар, ойлау мен мінез-құлық ережелері (дәстүрлер, салттар, дін) .

6) Ұлттық тіл.

Оның құрамына мыналар кіреді - ұлт дамуы үрдісінде қалыптасқан ұлт тілі;

тіл өмір сүруінің бірнеше түрлерінің жүйесі:

әдеби тіл (ауызша және жазбаша түрлер),

халықтың ауызекі тілінің түрлері мен диалект сөздер.

Slide 6

Дәстүрлі мәдениет

Дәстүрлі тұрмыстық мәдениет адамдарды олардың білімі мен әлеуметтік жағдайына қарамай-ақ біріктіреді.

Дәстүрлі халық мәдениеті қазіргі ұлттық мәдениеттің жүйесі ретінде саналады және оның этникалық-өзіндік белгілері мен қасиеттерін сақтайды.

Slide 7

Дәстүрлі мәдениеттің қызметі

Жоғарыда айтылғандай, ұлттық мәдениет - бұл мәдениеттің дәстүрлі және жаңа элементтерінің күрделі кешені. Кез келген халыққа өз тарихи өткені мен жетістіктерін қастерлеу, өз ойындағы болашағында және болашаққа ұмтылуында осы өткеніне сүйену үнемі тән.

Кез келген форма, кез келген адами мәдениеттің айқындалуы әрқашан да этноспен байланысты, өйткені адамнан тыс, оның шығармашылығынан, дәстүрлерінен, құндылықтары мен нормаларынан тыс мәдениет болмайды. Ал адам әрқашан сол немесе өзге этностың мүшесі болып табылады және этностық мүшесі болып сезінеді.

Slide 8

Адам өзі туып өскен және үйренген этникалық ортада сомдалған. Ол мәдениетті бірден бір таратушы болып табылады. Адам қаншалықты этникалық жағынан басым болса, соншалықты мәдениет те этникалық болады.

Сондай-ақ, этникалық мәдениет - бұл мәдениет өмір сүруінің бірден бір тарихи формасы. Этнос мәдениеті әрқашан да тарихи: сабақтастықтан басқа оған өзгермелік тән, дәстүрлерді меңгеруден басқа - өз кезегінде дәстүрге айналып жатқан ерекшелікті жарату, жаңаны ашу тән. Ең аз өзгеретін, демек көп жағдайда өз этникалылығын сақтап қалған мәдениет қабаты - бұл дәстүрлі-тұрмыстық мәдениет екендігін атап өту қажет. Бұған себеп: оның бұқаралығы мен тұрақтылығы, сондай-ақ этностың барлық немесе барлық дерлік мүшелеріне интеллектуалды қолжетімділіктің болуы, яғни әдетте күнделікті қолданылып жүрген тіл мен сана онымен қатар жүреді.

Егер кәсіби мәдениет, белгілі бір мағынада, біліміне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына байланысты адамдарды субмәдениетке бөлсе, сондай-ақ жаңа ғылыми жаңалықтарға, техникалық өнертапқыштық жетістіктер мен жетілдірулерге сәйкес тез өзгерсе, онда тұрмыстық мәдениет ақырындап өзгереді; оның өзгерістері көп жағдайда кәсіби мәдениеттегідей оның қандай да бір басқа элементімен толық алмастырылмайды.

Slide 9

Рухани мәдениет

Рухани мәдениет - ұлттық мәдениеттің бір бөлігі. Рухани мәдениетке адамның сана саласындағы қызмет нәтижелерін жатқызады. Бұл бірінші кезекте тіл, жазу, ауызша шығармашылық пен әдебиет, ғылым мен өнер, дін. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті тұлғаның ұлттық санасының қалыптасуындағы бірегей және негізгі құрал болып табылады.

Қазақтардың дәстүрлі ұлттық мәдениетінің қалыптасуына, оның көшпелі өмір сүру салты айтарлықтай ықпал етті. Мәселен, көшпенділер ғаламшарды, тарихты, уақытты, кеңістікті, «адам-қоғам» және «адам-табиғат» сәйкестігін, материалдық және рухани-адамгершілік құндылықтар иерархиясын, өмір мұратын, ар-абырой кодексін және басқа да көптеген мәселелерді ерекше түсінді. Олар көшпелі өмір салты тудырған өзіндік проблемаларды талқылады. Олар адамның табиғатқа, адамның Құдайға көзқарасы туралы ғана емес, адамның жануарларға, адамның өзі тұратын Жер-анаға көзқарасы туралы да әңгімеледі (Нысанбаев Ә. Н., Барлыбаева Г. Ғ. ) .

Slide 10

Қазақ халқының рухани мәдениетінің жүйесі философиялық ойдың көне элементтерінен басталды. Оның қалыптасуына шығыстық философия бастауында тұрған әл-Фараби, сондай-ақ түркі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Махмұт әл-Қашқари үлкен ықпал етті, Ахмед Яссауи, үш ұлы би - Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке билердің ерлікке толы өмірі мен қызметі болып табылады. Олардың өмірі, қызметі өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлгі.

Қазақ ақын-жырауларының, ойшылдары мен ағартушыларының рухани мұрасы, олардың тұлға қалыптасуына байланысты адамгершілік-этикалық ұстанымдары көрсеткендей, арамдықты, опасыздықты, азғындықты, жігерсіздікті, жалқаулықты, зұлымдықты мінейтін, еңбекке деген сүйіспеншілікті асқақтататын, адалдық, шындық, ұлттық сана-сезім, ғылымды терең ұғынуға деген табанды талпыныстың моральдық нормалары сияқты жоғары адамгершілік мұраттар қазіргі кезде өз өзектілігін сақтап қана қоймай, жаңа мағыналық күшке ие болды және оларды мұқият зерттеуді, талдап меңгеруді талап етеді.

Қазіргі халықтардың ұлттық сана-сезімдерін анықтайтын факторлардың бірі - мәдени құндылықтардың ортақтығын халықтар мен адамзаттың игілігі ретінде пайымдау.

Slide 11

Материалдық мәдениет өзіне шаруашылық және экономикалық мәдениетті қосады. Кез-келген мәдениет көп қырлы және көп жүзді, оның мазмұны әр түрлі түрлермен көмкерілген. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда бұл әр алуандылық адамзат қарекетінің түрлерінің негізінде жиірек құрылымданады, кейде оларды мәдениеттің шығармашылық өрістері деп атайды.

Slide 12

Материалдық мәдениеттің келесі аймағы адамдардың мекендейтін әр түрлі ғимараттар және құрылыс обьектілері. Адам оларды өз функцияларын орындай алу үшін әр уақытта ұқыптап, тұрақты түрде ретке келтіріп отыру керек.

Материалдық мәдениеттің тағы бір аймағына, адамдардың физикалық және ой еңбегінің барлық түрлерін қамтамасыз етуге арналған - аспаптар, қондырғылар және жабдықтар жатады.

Көлік және жол қатынастары да материалдық мәдениеттің бір бөлігіне жатады. Бұлар арнайы жұмыстарды ойдағыдай жүргізуге арналған арнайы жабдықталған жолдар, көпірлер, үйінділер, әуежайлардағы ұшатын жолақтар; ғимараттар және теміржол бекеттері, әуежайлар, порттар; барлық көліктердің түрлері - автомобильдер, темір жолдар, су құбырлары.

Сонымен қатар, материалдық мәдениеттің міндетті элементіне технологиялар - барлық айтылған салаларға қажетті білімдер және дағдылар жатады. Технологияларды одан ары қарай толық жетілдіру ғана емес, сонымен қатар олардың сақталуы және келесі ұрпақтарға тапсыру білім жүйесін дамытуды қажет етеді. Ал бұның өзі материалдық және рухани мәдениеттердің өте тығыз байланыстылығын көрсетеді.

Slide 13

Ұлттық сезім

Ұлттық мінез

Ұлттық салт-дәстүрлер

Ұлттық жан-күй үйлесімі үш бөліктен тұрады

Slide 14

Мәдениет - өркениеттің басты көрсеткіші

Тарихи салт-сана, ұлттық зерде - мәдениетті азаматтың иек артар рухани қазынасы.

Ұлттың жан-күйі мен ұлттық мәдениет арасында тығыз байланыс бар.

Ұлттық мінез-құлық ерекшелігі ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді.

Slide 15

ҚАЗАҚ - ҰЛТ

Грек ғұламалары Ұлт атану үшін төрт негізгі шарттар болуы қажет деген.

Жері

Тарихы

Тілі

Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы

Slide 16

Тарих дегеніміз халықтың зердесі

тарих

Музыкалық фольклор

Қолтума әдебиет

Ертедегі әдебиет

Әдеби фольклор

ХІХ ғ. әдебиеті

Шежіре

Жырлар

Жұмбақ-жаңылтпаш

Мақал-мәтел

Айтыс


Ұқсас жұмыстар
Мәдени код сақтаудағы қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің рөлі
Мәдени код
Қазақ халқының мәдениеті мәдениеттану
Дәстүрлі қазақ мәдениеті
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Мәдениеттің мәтіндік концециялары
Қазіргі білім беру парадигмалары мен тұжырымдамалары
Дәстүрлі парадигма
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
Мәдениет морфологиясының мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz