Ортағасырлық философияда


Slide 1

3 Тақырып. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ШЫҒЫС ЖӘНЕ БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫ.

Slide 2

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының қалыптасуына әсер еткен факторлар, оның даму кезеңдері. Мутакаллимдер мен мутазилиттердің Құранды түсіндіруі. «Таза ағайындылардың» неоплатонизмі.

2. Классикалық суффизмнің философиялық қырлары. Өмір сүріп отырғанның бәрі Құдай және Құдай бәрінде өмір сүреді. Қожа Ахмет Йассауи әлемдегі және өзіндегі Құдайды: «басынан кешіру» және жету тәжірибесі.

3. Ортағасырлық Европада христиандықтың таралуы. Апологетика - христиандық көзқарасты философиялық құралдар арқылы негіздеудің бірінші талпынысы.

4. Патристиканың екінші кезеңі. Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит, Максим Исповедниктің еңбектріндегі философияның христиандық догматикасы.

5. Теологияны антикалық философияның элементтері арқылы логикалық түрде негіздеу ретінде схоластиканың ерекшеліктері. Номинализм және реализм: универсалийлер туралы пікірталастар.

Slide 3

Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб тіліндегі философияны ғылымда “фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі - ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі.

Slide 4 Slide 5

“Таза ағайындар” ілімі - оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған.

Slide 6

Перипатеттер мектебі, перипатетизм (грек. perіpateo - серуендеу) - Аристотель философиясының ізбасарлары.

Аристотель өзінің тыңдаушыларымен лицей бағында серуендеп жүріп сабақ беріп, пікір алысуды әдетке айналдырған. Осыған байланысты оларды Перипатеттер мектебі деп атаған. Ол Аристотель мен Платонның еңбектеріне сүйеніп, олардың іліміне түсінік бере отырып, өзінің филос. ілімін қалыптастырған.

Slide 7

Мутазилиттер - әлемнің, адамның жаратылуы туралы, тағдыр туралы Ислам қағидаларынан бас тартты, Құдай туралы антроморфты бейнелерден бас тартып, адам ақылы мен күшіне сенді;

Slide 8

Батыс шығыстанушыларының айтуына қарағанда, «Мутазилиттер» деп аталудың себебі, олардың тақуа, дүниеге көңіл бөлмей, өмірдің қызықтарын тәрк еткені. Шынына келгенде, олардың бәрі дерлік бұл сипаттағы адамдар емес еді. Мутазилиттер Ислам ағымдарының ішіндегі діни мәселеде ақылды көбірек қолданатындығымен ерекшеленеді. Ақылға қонымсыз аят пен хадисті логикалық тәсіл бойынша түсіндірді. Әсіресе, сенім, иман мәселелерін дәлелдеу үшін алдымен ақылды төреші етті. Кез-келген бір мәселені әуелі ақылға салып таразылайды, ақылға қонымды болса алады, қонымсыз болса тәрк етеді.

Slide 9

Мутакаллимдер мектебі - Исламның діни қағидаларын негіздеу;

Slide 10

Феодализм дәуірінде Батыс елдерінен Шығыс елдерінің едәуір ерекшеліктері болды. Мұнда қайта өрлеу (ренессанс) Батыс елдерінен 5-6 ғасыр ерте, яғни ІХ-ХІІ ғасырларда басталды. Әсіресе, бұл Орта Азия мен Иран жеріне қатысты болды. Оның себебі, бұл жерлерді атақты Жібек жолы басып өтетін.

Slide 11

Әл Кинди(800-879)

Араб философиясын европаландыруға алғашқы қадам жасаған алғашқы ойшыл. Бірінші болып арабтарға ежелгі грек философиясын, Аристотельді ашты. Аристотель философиясының әдісімен категориялар ұғымы, логика, таным туралы ілім, т. б материалистік идеялар жатты.

Slide 12 Slide 13

Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870-950) . (Әлемнің «екінші ұстазы» ) . Әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған.

Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетінде қайырымдылық бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеалын, жер бетіндегі халықтардың бейбіт және достық қатынастарын идеялық, теориялық тұрғыда негіздеді.

Slide 14

Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан) . Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік-эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары» т. б.

Slide 15

Ибн Рушд

Араб философтарының ішіндегі Европаға танымалы әрі ең әйгілісі болды.

Ибн Рушд мұсылмандық Испанияда өмір сүрді және батыс араб-европалық философия өкіліне айналды. Ол Европаға кең тарап, католицизм мен схоластикаға қарсы шыққан аверроистік философияны жасады.

“Екі жақты ақиқат” идеясының авторы.

Slide 16

Араб философиясын жаңа деңгейге көтерген ойшыл. Батыста Авиценна есімімен танымал болды.

Ибн Сина:

Философияны діннен ажыратуға тырысты

Философия адам ақылының жетістіктерін жүйелейтін дербес ғылым деп есептеді

Философиялық идеаларды жаратылыстаным ғылымының, өзінің медициналық жаңалықтарын енгізді

Құдайдың бар екенін мойындағанымен, оның құдіретінің шексіздігіне күмән келтірді.

«Білім кітабы» («Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина каноны» және т. б. еңбектердің авторы.

Ибн Сина

Slide 17

Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иассауи, Ибн Араби т. б.

Slide 18

Ахмет Яссауи - түркілік суфизмнің негізін салушы, Түркстан (Яссы) шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған. Оның қалың ел арасында беделі сонша, оны халық әулие тұтқан, сондықтан да Әмір темір қазақ жерінде ықпалын күшейту үшін Иассауи құрметіне арнап 14 ғасырдың аяқ кезінде бүкіл Орта Азия сәулет өнерінің керемет туындысы, - Қожа Ахмет Иассауи ескерткіш-мавзолейін салдырды.

Slide 19

Софылық - өз заманындағы қоғамдық - әлеуметтік теңсіздікке, дүниеқоңыз болып арын сатқан, билікке таласқан әкімдердің зорлық- зомбылығына, харам іс -әрекеттеріне наразылық көрсетіп оларды Құдай жолынан ауытқығандар деп, өздері оларға қарсылық ретінде рахаттан безіп, диуаналық өмір сүрген адамдардың діни бағыты.

Slide 20

Орта ғасырлық философияда қоғамдық саяси әлеуметтік проблемалар шешуде теологияға жүгінеді. Теология грек тілінен құдай туралы ілім деген сөз.

Slide 21

1) Христиандық феномені (философия, мәдениет, өмір) ;

2) Антикалық құндылықтардың әсері

Ортағасырлық философияның ерекшелігі:

Slide 22

1. Патристика:

Апологетика Дамыған патристика

2. Схоластикалық кезең

Ортағасырлық философиясы кезеңдері бөлінеді:

Slide 23

Негізгі өкілдері:

Slide 24

Тертуллиан : “Сенемін өйткені абсурды”. Фидаизм бағытының өкілі. Бастысы ақыл емес (ақыл шектеулі), сенім деп түсінді.

Slide 25

«Схоластика» сөзі «мектеп», яғни «оқу» философиясын білдіреді. Схоластикалық философия христиан ілімін тек сенім арқылы ғана емес, ақылдың көмегімен де игеру қажеттігін мойындайды. Философия ғылыми дәрежеге көтеріледі. Негізгі үш кезеңнен өтті:

Slide 26

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ НЕГІЗГІ ДІНИ КӨЗҚАРАСТАР

Slide 27

Теоцентристік көзқарас, яғни барлық болмыстың, игіліктің, әдеміліктің, философиялық және діни пайымдаудың күретамыры, бастауы -дін деп қарастыру.

Slide 28

Монотеистік принцип - Құдай біреу, жалғыз деген догматты мойындау.

Slide 29

Креационистік принцип - Құдай әлемді ештеңеден жаратты деп қабылдау; Құдайдың әлемді жаратуы туралы қарастырады.

Slide 30

Провиденциалдық принцип - адам қоғамның дамуы, қозғалысының қайнар көзі мен мақсаты, Құдайдың алдын ала анықтауымен болады деген ұстанымды негізге алу тән.

Slide 31 Slide 32

Августин Аврелий Әулие(354-430 ж. ж) - христиан дінбасы және неоплатонизмге жақын философ - мистик, патристиканың ықпалды өкілі. Негізгі еңбегі: “Құдайдын қаласы”, “Град божий”, “Град земной. ”

Slide 33

Бүкіл адамзаттың тарихы құдай әлемі мен жер әлемінің арасындағы тартыспен анықталады. Августиннің тарих туралы ойлары эсхатология деп аталады, өйткені ол ақыр заманға бағытталған.

Slide 34
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық философияның негізгі сипаттамалары
ИБН РУШД МУХАММЕД АХМЕД ЯССАУИ
Христиандық антропология
Орта ғасыр батыс философиясы
Ежелгі шығыс философиясындағы адам мәселесі
Номинализм және реализм, концептуализм
Орта ғасырдағы мұсылман философиясы
Орта ғасыр философиясы
Ежелгі заман философиясы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ, ПАЙДА БОЛУЫ, ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz