Ауыл шаруашылық малдарын өсіру әдістері


Slide 1

Ауыл шаруашылық малдарын өсіру әдістері

.

Slide 2

Жоспар:

1. Ауыл шаруашылық малды өсіру әдістері.

2. Будандастыру.

3. Гибридтеу.

4. Таза тұқымды мал өсіру.

Slide 3

Мақсаты:

ауыл шаруашылық малдарын өсіру әдістерін меңгеру.

Slide 4

Мал өсіру әдістері

Мал өсіру әдістері - деп малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып, белгілі бір мақсатпен бірнеше ұрпақ бойы жүргізілген жұп таңдау жүйесін айтады.

Slide 5

.

Бір - бірімен шағылыстыратын жануарлардың тұқымдық және түрлік ерекшеліктеріне қарай мал өсіру әдістерін негізінен үшке бөлуге болады:

Тұқымды таза өсіру;

Будандастыру;

Гибридтеу (түраралық будандастыру) ;

Slide 6

Таза тұқым өсіру әдісі деп ұрпақтан-ұрпаққа бір тұқымның малын өзара шағылыстыруды айтады.

Будандастыру дегеніміз тұқымдары бөлек малды шағылыстыру.

Түраралық будандастыру деп екі түрдің малын шағылыстыруды айтады.

Бұлардың әр қайсысы мал тұқымын асылданыруда нақтылы бір селекциялық мәселені шешуге бағытталған. Дегенмен де сол өсіру әдістерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Себебі, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Шындығында таза тұқым өсіру әдісінсіз жеке мал тұқымы болмайды. Әр түрлі мал тұқымдары болмайынша, будандастыруды жүргізе алмаймыз. Екінші жағынан будандастыруды қолданбай жаңа мал тұқымын шығаруға және болмайды. Сонымен мал өсіру әдістерінің бір-біріне қайшылығы жоқ, олар мал тұқымын асылдандыруда бірін-бірі толықтырады.

Slide 7

Тұқымды таза өсіру бір тұқымға жататын малды жұптастыру арқылы бірнеше буын бойы ұрпақ алу арқылы мал өсіру әдісі.

Алынған ұрпақты таза тұқымды ұрпақ деп атайды. Тұқымды таза өсірудің басты міндеті бұл әдістің биологиялық ерекшелігі жануарлардың тұқымдық қасиеттерін сақтап, жетілдіру, күшейтуде болып табылады

Slide 8

Таза тұқым өсіру арқылы алынған малдың тұқымдық қасиеті жоғары болады. Ол өзіне тән өнімдік қасиетін ұрпағына тұрақты бере алады. Осыған орай таза тұқым өсіру әдісі асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың негізгі әдісі болып есептеледі.

Slide 9

Тұқымды таза өсіру арқылы дүниежүзілік класқа жататын жекеленген мал ғана шығарып қоймай аса зор тұқымдық құндылығы бар тұтас табындарды да қалыптастыруға болады. Көптеген асыл тұқымды мал зауыттарында сиырлардың жылдық сүттілігі 5500-6500 киллограмнан асады.

Slide 10

Будандастыру

Будандастыру - малдың тұқым қуалаушылық және өзгергіштіе қасиеттеріне күшті әсер ететін адам баласының ежелден қолданып келген тәсілі. Будандастыру малдың нәсілдік қасиеттерін түбегейлі өзгерте алады, жаңа комбинативтік өзгергіштікті туғызып, нәсілдік қасиетті биологиялық тұрғыдан байыталы, малдың дене бітімінің мықтылығын арттырады және гетерозис құбылысының пайда боьуына қолайоы жағдай туғызады.

Slide 11 Slide 12

Будандастыру алға қойған мақсат пен жететін нәтижесіне қарай бес түрге бөлінеді:

Сіңіре будандастыру;

Қан араластыра будандастыру;

Зауыттық (тұқым түзуші) будандастыру;

Өнеркәсіатік будандастыру;

Кезек будандастыру;

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Зауыттық будандастыру

Зауыттық будандастыру - жаңа мал тұқымын шығару тәсілдерінің ішіндегі ұтысымдысы болғанымен, оны іске сыру өте күрделі, қоғамнан қажетті мөлшерде қаражат бөлуді, тыянақты білімділікті және іскерлікті талап етеді. Зауыттық будандастырудың қалыпты бір жолы болмайды. Ол будандастырылуға қатысқан мал тұқымдарының саны мен сапасына қарай жергілікті жер жағдайы мен бағып күту, азықтандыру ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп тұрады.

Slide 16

Өнеркәсіптік будандастыру

Өнеркәсіптік будандастыру - деп екі немесе үш тұқымды будандастыру арқылы гетерозис құбылысы тән бірінші, әрі кетсе екінші ұрпақ будан алуды айтады. Гетерозис құбылысы тән буданның өнімі бастапқы тұқымдар өнімінен артық, әрі өнімге азықты аз жұмсайды және тіршілік қуаты жоғары, анау - мынау ауруға шалдықпайды. Өнеркәсіптік будандастырудың жай және күрделі түрі болады.

Slide 17 Slide 18 Slide 19

Гибридтеу

Гибридетеу - тіршілікті зерттеу ғылымдарында қолдану шеңбері кең тәсіл. Өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын, ұрықтану процестері мен шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен.

Slide 20

Әр түрге жататын жануарларды шағылыстыруды гибридтеу (түраралық немесе шалғай будандастыру) деп айтады. Осының нәтижесінде гибридтерді шығу тегі бірдей және әр түрлі гибридтермен шағылыстыруды да мал өсіру әдісі ретінде гибридтеуге жатқызады. Бұл өте қиын будандастыру әдісінің негізгі міндеті - адамның материалдық мәдениетіне жануарлардың бағалы жабайы және жартылай жабайы формаларын енгізу.

Slide 21

Инбридинг

Инбридинг - туыстық жақындығы бар жануарды жұртастыру жүйесі. Туыстас малды жұптастыру тұқымды таза өсіруде кеңінен жүйесінде алатын орны мен мәнін қарастырамыз.

Slide 22

Таза тұқым өсірудің жоғары дәрежелі күрделі түрі, мал тұқымы ішінде өзіндік ерекшеліктері бар топтар - аталық ізбен аналық ұялар құру және оларды мал тұқымын жақсарту бағытында тиімді пайдалану.

Аса құнды бір аталық малдан тараған өнімінде өзіндік ерекшелігі бар, селекция жолымен алынған үлкен мал тобын аталық із дейді. Ал дәл осындай бірақ бір аналық малдан тараған мал тобын аналық ұя дейді.

Аталық із және аналық ұя құру арқылы таза тұқым өсіру мына төмендегі үш кезеңнен тұрады: аталық ізді құру, көбейтіп жетілдіру және әр түрлі аталық іздерді шағылыстыру.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының гигиенасы туралы ақпарат
Көпжылдық өсімдік
Көкшетау ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты
Асыл шаруа қожалығы
Акушерлік аурулар
Сойыс малдарын тасымалдау кезіндегі ветеринарлық талаптар
Ауыл шаруашылық малдарын асылдандыру кезіндегі сұрыптау жұмыстары
Ірі қара малдарының гигиенасы
АРАЛ ӨҢІРІ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
Ірі қара малының гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz