Онтогенез эмбрионизациясы




Презентация қосу
Онтогенездің
мәні мен
мәселелері
Жосп
ар:
• 1. Онтогенез жайлы жалпы түсінік
• 2.Онтогенез эволюциясы барысында пайда болатын
негізі тенденциялар
• 3.Онтогенез эмбрионизациясы
• 4.Онтогенез – филогенез негізі
• 5.Қорытынды
Мақсат
ы:
• Онтогенез мәні мен
мәселелерін меңгеру
1. Онтогенез жайлы жалпы түсінік
• Эволюциялық өзгерістер түрлердің пайда болуы мен өлуі,
мүшелердің жасалуымен ғана емес, сонымен қатар
онтогенездің қайта құрылуымен де тығыз байланысты.
Онтогенез біздің жер шарымыздағы өміріміздің негізгі
феномендерінің бірі болып табылады.
• Әр түрлі түрлердің особьтарының онтогенезі оның ұзақтығы,
қарқыны және дифференциалану белсенділігі бойынша әр қилы
болып келеді. Әдетте оны үш кезеңге бөледі: проэмбриналдық,
эмбрионалдық және постэмбрионалдық. Дифференциалану
әдетте жануарларда эмбрионалдық кезеңде жақсы жүреді. Бұл
кезеңдердің өзі бірнеше бөлімдерге бөлінуі мүмкін. Онтогенез
процесі тура даму немесе метаморфоз жолымен дамуы мүмкін.
• Онтогенез – организмнің жеке дара
дамуы.
• Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап,
тіршілігінің соңына дейінгі барлық
өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез
терминін неміс биологы Э.Геккель
ұсынған (1866). Онтогенез барысында
дамып келе жатқан организмнің жеке
мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді.
• Реттелу кезеңдері
• Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке
және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады.
Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар:
ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен
ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең –
жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап
(зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан
шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі;
постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан
кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю
сатыларынан тұрады.
Жануарлар
2.Онтогенез эволюциясы барысында
пайда болатын негізгі тенденциялар
• Дифференциалану – ұрықтың жекеленген клеткалары мен
бөліктері арасындағы құрылымдық және функционалдық
айырмашылықтардың пайда болуы мен олардың дами түсу процесі.
Морфологиялық көзқарасқа сәйкес, дифференциялану процесі бір –
бірінен ерекшеленетін, арнайы құрылысы бар клеткалардың бірнеше
мың түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Биохимиялық
көзқарасқа сәйкес клеткалардың мамандануының мәні – клеткаларда
тек осы түрге тән белгілі бір белоктардың синтезделе басталуында.
Мәселен, тері, эпителий клеткаларында кератин синтезделеді және
т.б. Клеткалардың биохимиялық мамандануын гендердің
дифференциялдық белсенділігімен қамтамасыз етіледі, яғни әр түрлі
ұрық қабаттарының клеткаларында белгілі мүшелер мен жүйелерге –
гендердің әр түрлі топтары қызмет ете бастайды.
• Ұрық қабаттарының құрамына кіретін клеткалардың
одан әрі дифференциялануы нәтижесінде
эктодермадан жүйке жүйесі, сезім мүшелері, тері
эпителий, тістердің эмалі; энтодермадан – ортаңғы
ішек эпителийі, ас қорыту бездері – бауыр мен қарын
асты безі, желбезектің және өкпенің эпителийі;
мезодермадан – бұлшық ет ұлпасы, дәнекер ұлпасы,
қанайналым жүйесі, бүйректер, жыныс бездері және
т.б. түзіледі.
• Әр түрлі жануарларда бірдей ұрық қабаттары бірдей
мүшелер мен ұлпаларға бастама береді. Бұл олардың
гомологты екендігін білдіреді. Жануарлардың басым
көпшілігінде ұрық қабаттарының гомологиясы
(ұқсастығы) – жануарлар дүниесінің біртұтас
екендігінің басты дәлелі бола алады.
3. Онтогенез эмбрионизациясы
• Эволюция просінде эмбриондық дамудың бұрынғы
жолының жеке органдарда ғана әр түрлі ауытқу
болып қоймайды, бүкіл организмде ауытқу болады.
Көбіне дамудың ақырғы фазаларын бастапқы фазалар
немесе аралық фазалар ығыстырып шығып,
онтогенез уақытынан бұрын аяқталып қалғандай
болады. Осының нәтижесінде түсіп қалған ересек
фазалық міндетін оның алдындағы фазалардың біреуі
атқарады. Осындай үзіліп қалған онтогенез
неотения делінеді.
• Жануарларда неотения нәтижесінде личинкалық
даму дәуірінің өзінде-ақ балиғатқа толып өсіп-өну
қабілет пайда болады.
• Фетализация (латынша fetus – ұрық, тұқым) –
жеке мүшелердің немесе мүшелер жүйесінің
онтогенез қарқынының баяулауымен және соның
нәтижесінде ересек организмдерде эмбриональдық
қалпының белгілерінің сақталып қалуымен
байланысты қарастырылатын организмнің
эволюциялық өзгерістерінің әдісі. К.Лоренцтің
болжауы бойынша дәл осы мінез – құлық
фетализациясы үй жануарларының ата – тегіндегі
сақталып қалған мінез – құлығының арқасында,
адам оларды қолға үйретуге мүмкіндік алғанын
түсіндіреді.
• Фетализациямен қатар кейбір топтарда
адультизация құбылысы байқалады.
Адультизация (латынша adultus - ересек) –
онтогенездің ерте кезеңіндегі девинитивті
ерекшеліктердің пайда болуы.
• Сонымен, онтогенез эволюциясының маңызды
нәтижелерінің бірі – эмбрионизацияның
күшеюі. Бұл үлкен қорғанысқа және көбею
процесінің интенсификациясына дамудың
бірқалыптылығына негіз болды. Бірақ бұдан да
үлкен тұрақтылықты даму процесі онтогенез
автономизациясы басында алады.
7. Онтогенез – филогенез негізі

• Ұрпақтардың онтогенезінде ата –
тегінің белгілерінің қайталау не
қайталамау себептерін ашқан
академик А.Н.Северцов, мұны ол
өзінің филэмбриогенез
теориясында баяндады.
• Филэмбриогенез теориясының негізгі
жағдайы – эволюциялық өзгерістер
онтогенездік дамудың жолы
өзгеруімен байланысты деп тану.
Ересек организмдердің белгілерінің
филогениялық өзгерістері
жануарлардың жеке дамуының әр
түрлі фазаларында – бастапқы, орта
және соңғы фазаларында болады.
Осыған байланысты филогениялық
өзгерістердің мынадай үш негізгі
жолы болады: 1) анаболия, 2)
девиация және 3) архаллаксис.
• Анаболия – дамудың соңғы фазасында
болатын филогениялық өзгеру жолы.
Морфогенездің ортаңғы фазаларында
болатын өзгерістердің онтогенездік
жолы девиация делінеді. Архаллаксис
органның эмбриондық дамуының ең
басында болатын өзгерістер, осыған
байланысты морфогенез барысы кенет
өзгереді.
• А.Н.Северцовтың пікірінше анаболия
жануарлардағы филэмбртогенездің
айтарлықтай таралған жолдарының бірі.
• Девиация немесе эмбриондық дамудың орта
сатысындағы өзгерістер . Девиацияда бір
түрдің ұрпақтарынің онтогенезінің орта
фазасындағы қандай да бір органның
эмбриондық дамуы арғы ата – тегінен біршама
басқа бағытта болады. Осының салдарынан
онтогенездің орта кезінен бастап органның
дамуы бұрынғы эмбриондық жолдан
ауытқиды. Анаболияға қарағанда едәуір
айқын, ауытқулы жаңа түзіліс болады. Сірә,
бұл жағдайда биогенетикалық заң
онтогенездің бастапқы фазасына ғана
таралатын болса керек.
• Архаллаксис немесе бастапқы сатыдағы
өзгерістер. Дамудың бастапқы фазасындағы
өзгерістер әрқашан кенет және күшті
ауытқуда болады. Бұл сияқты жағдайлардың
бәрінде де органның филогениялық
өзгерістері бұрынғы құрылымының қайта
түзілуі болып табылмайды, жаңа түзіліс
болып табылады. Архаллаксис жолымен
бұрыннан бар құрылымдардың саны көбейеді,
олардың орны ауысады, мұндағы ең негізгісі,
жаңа онтогенез бейнесінде тіпті басқаша
жаңа құрылымдар пайда болады.
• Сүтқоректілерде түктің дамуы
жануарлардағы архаллаксиске нақтылы
мысал болады. Түк рептилиялардағы
мүйіз қабыршақтың гомологы. Арғы
тегін алғанда бұлардың бәрі плакоидты
қабыршақтың туындысы. Ал, егер мүйіз
қабыршақ девиация жолымен
филогениялы дамыған болса,
сүтқоректілердің түгі нағыз архаллаксис
жолымен пайда болды.
• Архаллаксис жолымен
филогениялық өзгерістер
органдардың эволюциясында кеңінен
орын алады.
• Қаралып өткен филэмбриогенездің
негізгі үш жолын салыстыра
келгенде Мюллер – Геккель заңын
анаболия бейнесінде дамитын
белгілерге толығымен қолдануға
болатындығы көрінді. Ал,
девиацияда оның онтогенездің
бастапқы фазаларына ғана
қолдануға болады. Архаллаксиске
• Қазіргі генетикалық ұғымдар тұрғысынан
А.Н.Северцовтың филэмбриогенез теориясы жаңа
негіз алды. Сірә, онтогенез процесінде пайда
болған, одан кейін филогенезге енетін
органдардың эмбриондық өзгерістерінің сипаты,
мутациялық процесс нәтижесінде кодыға қандай
өзгеріс енгендігіне байланысты болуға тиісті.
Егер органның морфогенезінің басынан бастап
активті белок құрылысына мутация ықпал етсе,
органның дамуының ауытқуы архаллаксис
жолымен жүреді. Егер морфогенездің басында не
аяғында активті әрекет етуші белок өзгеріске
түссе, онда соған сәйкес девиация не анаболия
пайда болады.
Қорытынды
• Онтогенездің макроэволюциялық өзгерісінің
негізінде жеке дамудың барлық
ерекшеліктерінің бақылаушы тұрақты
өзгергіштігі жатыр. Егер бұл өзгерістер жаңа
организмнің өміршеңдігіне кері әсер етпесе,
онда олар келесі ұрпақтарда байқалуы мүмкін
немесе ұзақ уақытқа гетерозиготалы күйге енуі
мүмкін.
• Демек, онтогенетикалық дамудың
макроэволюциялық өзгерістерінің негізінде
бізге белгілі түр ішілік деңгейдің
микроэволюциялық процестері жатыр.
• Онтогенез эволюциясының негізі
тенденциялары – онтогенез
автономизациясын, индивидтің
тұрақтылығының күшеюін
қамтамасыз ететін күрделіліктің
прогрессивті дамуы. Бұл жолда
дамудың қиындауы мен жеңілдеуі,
эмбрионизациясы немесе әр түрлі
тағы да басқа онтогенез өзгерістері
болуы мүмкін.
Қолданылған әдебиетер
• 1. Яблоков А.В. Юсуфов А.Г. Эволюционное учение.
Учебное пасобне. Москва Высшая школа 1991.
• 2. Правдин Ф.Н. Дарвинизм, Мектеп баспасы, Алматы
1973.
• 3. Иорданский Н.Н. Эволюция жизни, Москва Akademia
2001.
• 4. Северцов А.С. Основы теории эволюции. Москва,
изд-во МГУ, 1991.
• 5. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма.
Ленинград, Наука 1969.
• 6. Захаров В.Б. Мамонтов С.Г. Сонин Н.И. Қисымқызы
Мал шаруашылығы
• ВМ-22-01

• Тексерген: Адылканова Ш.Р.

• Орындаған: Бекзақ Балжан Ертайқызы

Ұқсас жұмыстар
Онтогенез туралы толық мағлұмат
Ұрық даму сатылары
ОНТОГЕНЕЗ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Жануарларда Өзге жүйе мүшелері
Реттелу кезеңдері
Онтогенездің генетикалық негіздері
Дамудың қауіпті кезеңдері
Онтогенез кезеңдері
Жүктілікпен байланнысты гипартензиялар
БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
Пәндер