Әулиеата сиыры


Slide 1

Әулиеата тұқымы (Aulieatin breed)

.

Орындаған:

Тексерген:

Slide 2

ЖОСПАР

ІҚМ туралы жалпы мәлімет

2. Сиырды өсіру бағыттары

3. Сиыр атаулары

4. Әулиеата тұқымы туралы жалпы түсінік

5. Тұқым тарихы

Slide 3

Сиыр, ірі қара немесе мүйізді ірі қара -сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілетін түрлері бар. Қолға үйретілген сиыр жабайы түрден тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған.

ІҚМ туралы жалпы мәлімет

Slide 4

СИЫРДЫ ӨСІРУ БАҒЫТТАРЫ

Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіріледі. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты.

Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 - 400 кг, сүтінің майл. 3, 6 - 4%. Бір сауын маусымында 2 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82, 2 кг (ярослав тұқымы) . Сауылым мерзімі 280 - 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1, 5 - 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында.

Slide 5

СҮТТІ БАҒЫТТАҒЫ

Қара ала сиыр

Гольштин-фриз қара ала сиыры

Қырдың қызыл сиыры

Әулиета тұқымы

Slide 6

СҮТТІ-ЕТТІ БАҒЫТТАҒЫ СИЫРЛАРЫ

Алатау тұқымы

Симменталь тұқымы

Швиц тұқымы

Slide 7

ЕТ ӨНІМІН БЕРЕТІН СИЫРЛАР

Қазақтың ақбас сиыры

Абердин-ангус тұқымы

Әулиекөл тұқымы

Санта-гертруда тұқымы

Шароле тұқымы

Қалмақ сиыры

Обрак тұқымы

Галловей сиыры

Лимузин тұқымы

Волын сиырлары

Slide 8

Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 - 70% аралығында.

Slide 9

Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады.

Сүт бағытындағы сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады.

Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған.

Slide 10

СИЫР АТАУЛАРЫ

Сиырдың жынысы мен жасына байланысты

жас төлін - бұзау,

алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) - баспақ,

бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) - тайынша,

бір жастағы ұрғашысын - қашар,

бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын - құнажын,

екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) - дөнежін,

еркегін - бұқа,

піштірілген еркегін - өгіз деп атайды.

Slide 11

Әулиеата тұқымы (Aulieatin breed)

Бағыты: ЕТТІ

Жануардың түрі: ІҚМ

Тұқымның атауы: ӘУЛИЕАТА ТҰҚЫМЫ

Slide 12 Slide 13

Әулиеата сиыры - сиырдың сүтті тұқымы. Қазақстандағы жергілікті сиырды голланд бұқасымен будандастыру арқылы алынған. 1952 жылдан жеке сиыр тұқымы болып саналады. Түсі қара немесе қара ала болып келеді, кейде қара құлақты, қара төбел ақ сиырлар да кездеседі.

Әулиеата сиыры жергілікті жердің ауа-райына тез бейімделеді. Тұрқы шымыр, ұзын жіңішке мойынды, кеудесі шығыңқы, етсіз келеді. Әулиеата сиырының салмағы 460 кг-нан 530 кг-ға, ал бұқаларыныңсалмағы 750 - 770 кг-ға дейін тартады. Әрбір сауын сиыр жылына орта есеппен 3500 - 4000 кг (майл. 3, 8 - 3, 9%) шамасында сүт береді. Әулиеата сиыры Түлкібас, Сайрам аудандарының шаруашылықтарында өсіріледі.

Slide 14 Slide 15

ТҰҚЫМ ТАРИХЫ

Әулиеата тұқымы Қырғызстан мен Қазақстан аудандарында 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басынан бастау алады. Ол голландиялық малды жергілікті малмен шағылыстыру, содан кейін «өзімен» будандастыру арқылы алынды. Тұқым ресми түрде 1950 жылы тіркелген.

Slide 16

ТҰҚЫМНЫҢ СТАНДАРТЫ

Бұл тұқымның жануарларында денесі созылған, басы жеңіл, мойны жұқа, терінің ұсақ қатпарлары, бүйірлеріне және жоғарыға бағытталған кішкентай мүйіздер бар.

Бұл тұқымның жоғарғы сызығы тегіс, артқы бөлігі сәл көтеріңкі. Көптеген дарақтарда қара шұбар немесе құрсақта, кеуденің төменгі бөлігінде және аяқтарда, желінде ақ белгілермен қара түсті болып келеді. Ашық сұр түсті дарақтар да кездеседі. Азықтың азаюы мен сапасының төмендеу кезеңдеріне бейімделген. Қыста олар өте қалың түкпен өседі және қатал табиғи-климаттық жағдайларға шыдайды.

Slide 17

ШАРУАШЫЛЫҚ СИПАТТЫЛЫҒЫ

Ет өнімділігі 63%-ды құрайды.

Бұқалардың тірі салмағы 800-950 кг, сиырлардың салмағы 450-530 кг.

Сүт сауу жылына 3000-3800 кг құрайды, сүттің майлылығы 3, 7-3, 8% құрайды.

Slide 18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

https://kk. m. wikipedia. org

https://basta. kz/iri-qara


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда өсірілетін ірі қара мал тұқымдары
Мүйізді ірі қара тұқымдары
Сүтті тұқым
Сиыр сүті
Ауыл шаруашылық малдарын асылдандыру кезіндегі сұрыптау жұмыстары
Жануарлар селекциясында қолданылатын будандастыру әдістері
Ірі қара мал кешенін жоспарлау
Тұрар Рысқұлов
ЖАНУАРЛАР СЕЛЕКЦИЯСЫ
Сүтті мал тұқымын өсіретін фермалар ашу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz