Big Data ұғымы мен қызметін анықтау


Slide 1

Оқу мақсаты:

10. 3. 1. 4 Big Dataны пайдалануда оң және теріс әсерлерін бағалау

Сабақ мақсаты:

Big Data ұғымы мен қызметін анықтау.

Big Dataны пайдалану мысалдарын ұсыну.

Big Dataның артықшылығы мен кемшілігін салыстыру.

Slide 2

Бағалау критерийі

Big Data ұғымы мен қызметін анықтады.

Big Dataны пайдалану мысалдарын ұсынады.

Big Dataның артықшылығы мен кемшілігін салыстырады.

көлем- объем- volume

жылдамдық-скорость- speed

операция- operation

болжам- прогноз- forecast

аналитика- analytics

даму- развитие- development

цифрлық құрылғылар- цифровые устройства- digital devices

Vocabulary

Slide 3

Big Data дегеніміз не?

Big Data -ның маңызы қандай?

Big Data ұғымы қандай мағынаны білдіреді? Оны қандай салаларда қоданамыз?

Slide 4

Big Data ұғымы қандай мағынаны білдіреді? Бүгінгі таңда Big Data термині немесе «Үлкен деректер» деген түсінік пайда болды. Big Data - технологиялық инновациялар нәтижесінде пайда болған үлкен көлемдегі деректер. Оған ұзақ жылдар бойы сақталған ұялы байланыс абоненттерінің мәліметтері, іздеу жүйелеріндегі сұраулар тізбегі, әлеуметтік желілердегі белсенділік, тіпті қоғамдық орындардағы бейне-бақылау камераларына жазылған материалдар және т. б. ақпараттар кіреді. Big Data түсінігінің нақтылы бір анықтамасы жоқ.

Slide 5

Big Data дегеніміз не? Big Data термині тура мағынасында «Үлкен ақпарат» деген ұғымды білдіреді. Үлкен деректер терминін деректердің үлкен көлемін басқаруға және талдауға қатысты деп болжауға болады. Деректер - компьютерді басқаратын және электр сигналдары түрінде сақталатын және берілетін магниттік, оптикалық, механикалық тасығыштарға жазылатын гамалар, белгілер немесе символдар. «Big Data» термині қысқа уақыт ішінде алуан түрлі, ауқымды, құнды деректерді жинау дегенді білдіреді. Мұндай деректерді өңдеу машинасыз жүзеге аспайды.

Slide 6

Big Data негізгі мына операцияларды орындауы тиіс:

Volume: «стандартты» құжаттармен салыстырғанда өте үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдей білу.

Variety:Үлкен көлемде түсетін және үнемі келіп отыратын жылдам ақпарат тасқынымен жұмыс істей білу. Яғни мәліметтер белгілі бір деңгейде қалып қоймайды, үсті-үстіне көбейіп отырады.

Velocity: Құрылымды және нашар құрылған мәліметтермен жұмыс істей білу қажет.

Slide 7

Big Data -ның маңызы қандай?

Мысалы, елімізде белгілі бір жеңілдікпен дәрі алатын адамдар бар. Бірақ сол дәрінің жеткен-жетпегені туралы нақты дерек жоқ. Қолмен тексергенде шықпады. Жақында нейрон желі арқылы кімге дәрінің үлестірілгенін, кімге жетпегенін анық білетін жағдай жасалды. 18 миллион адамды қолмен тексеріп шығу біраз уақытты алады. Ал Big data-мен бұл ақпаратты бірнеше секундта қарап шығуға болады. Сонымен қатар кез келген компанияның қызметін онлайн алғанымызбен жүктелуін 30 секундтай күтіп қаламыз. Егер осы компания Big data-мен жұмыс істесе, қызмет бір-екі секунд уақытты алар еді. Қазір пайда болып жатқан жүргізушісіз автомобильдер де - Big data-ның жемісі.

Slide 8

Big Data- ны қандай салаларда қоданамыз?

Бүгінде компаниялар клиенттердің нақты санаттарының қандай затты, қашан сатып алуды қалайтынын болжай алады. Big data сондай-ақ компанияларға өз қызметін әлдеқайда тиімді орындауға көмектеседі. Сонымен қатар экономикада, банк қызметінде, өндірісте, маркетингте, телекоммуникацияда, медицинада және деректер ағынының жылдамдығының артуы тұрақты болатын, сапалы үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істейтін ірі салаларда қолданылады.

Slide 9 Slide 10

Үлкен деректер көлемі, жасалу жылдамдығы, түрленуі және өзгергіштігі бойынша ерекшеленеді. Бұл сипаттамаларды толығырақ қарастырайық.

Slide 11

1. Көлем. Big Data термині үлкен өлшеммен байланысты. Деректер мөлшері - қажетті нәрселерді анықтаудағы маңызды көрсеткіш. Күн сайын алты миллион адам сандық медианы пайдаланады, бұл алдын ала бағалау бойынша 2, 5 квинтиллион байт деректер.

Slide 12

2. Алуан түрлілік. Ол құрылымдалған және құрылымдалмаған гетерогенді көздер мен деректер табиғатына сілтеме жасайды. Олар электрондық кестелер мен деректер қорлары, электрондық хаттар, фото, бейне, аудио формасындағы деректер де аналитикалық қосымшаларда қаралады.

Slide 13

3. Жасалу жылдамдығы. Деректерді талаптарды қанағаттандыру үшін қаншалықты тез жинақталатыны және өңделетіндігі әлеуетті анықтайды. Жылдамдық ақпарат көздерінен - бизнес үдерістерден, қосымшалардың логоларынан, әлеуметтік желілер мен медиа сайттарынан, сенсорлардан, мобильді құрылғылардан ақпарат ағынының жылдамдығын анықтайды.

Slide 14

4. Өзгергіштік - өңдеу мен басқаруды қиындататын уақыттың кейбір сәттерінде деректердің тұрақсыздығын сипаттайды.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Бұлтты технология
Үлкен деректердің артықшылықтары
Қазақстанда статистиканы ұйымдастыру
Үлкен деректер және оның маңызы
Құрылымдық деректер
Оңтүстік Корея инновациясы
Жер бетінде алғаш рет термоядролық реакциялар 1950 жылдардың басында
БИОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРКҚОРЛАРДЫ АҚПАРАТТЫ ІЗДЕУ
Деректерді тікелей пайдалану немесе деректерді сақтау
Бұлттық технологиялар ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz