Дәрілік өсімдіктерде эфир майларының түзілуі, жинақталуы


Slide 1

№8 лекция Құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама, химиялық құрылыстары, жіктелуі, медицинада қолданылуы

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ

БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

6В05146-Биология Білім беру бағдарламасы, 3-курс

Лектор: Абдраимова Құралай Тастанбекқызы

Slide 2

ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ

1. Қазақстанның эфирмайлы өсімдіктерінің компоненттік құрамын біледі

2. Құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама береді

3. Химиялық құрылыстары, жіктелуі, медицинада қолданылуына талдау жүргізеді

Slide 3

Эфир майлары өсімдіктерді түзілетін хош иісті және ұшқыш заттар, су буымен қайта айдау қабілеті бар қоспалар

Эфир майлардың құрамында сұйық, кристалдық және бір-бірінде жеңіл еритін әртүрлі органикалық заттар қоспалары бар

Жалбыз майының негізгі құрамдық бөлігі терпендер (жалпы формуласы С5Н8), терпеноидтар (терпеннің оттегі құрамды туындылары) сирек-иістік және алифаттық қосылыстар

Slide 4

Эфир майлары

-ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы

-тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды

-құрамында көмірсутектер, әсіресе терпен, спирт, фенол, альдегид, қышқыл, күрделі эфирлер, сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады

Slide 5

coggle. it Терпендер сілтемесі

https://coggle. it/diagram/ZeC7vdcmCIBe5IcG/t/%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%BF%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5-%D3%99%D1%80%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D1%96-%D0%BA%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B-%D1%82%D0%B0%D0%B1%D0%B8%D2%93%D0%B8-%D2%9B%D0%BE%D1%81%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D2%93%D0%B0-%D0%B6%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%B4%D1%8B

Slide 6

Эфир майларының дәрілік өсімдіктердегі таралуы, түзілуі, атқаратын рөлі

Таралуы

Эфирлі-майлы өсімдіктердің > 3000 астам түрі белгілі, ТМД елдерінде 1000-нан көп түрлері өседі

90-нан астам өсімдік тұқымдасында эфир майлары кездеседі

Эфир майлары көп мөлшерде кездесетін тұқымдастар: астра, валериа, шатыршагүлділер, аршагүлділер, ерінгүлділер, раушангүлділер, мирта, лавр, хощ иісті рута, кипарис, қарағай;

тропикте - 44% (барлық эфирмайлы өсімдіктердің),

құрғақ субтропикте - 10%,

қоңыржай белдеуде - 30%.

Slide 7

Дәрілік өсімдіктерде эфир майларының түзілуі, жинақталуы

Өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінде кездеседі: гүлі (роза, жасмин), жемісі (шырынды - цитрустың қабығында; құрғақ - укроп, кориандр, фенхель, анис, тмин), тамыр жүйелерінде, тамыршаларында (аир, валериана), діңінде (қарағай т. б. қылқан жапырақтылар), өте жиі жапырақтарында (мята, эвкалипт, шалфей, чабрец)

Slide 8

Эфир майлары диффузды түрде вакуольдерде таралуы мүмкін (клетка шырынында), жиі бездерде, трихомаларда, секрет бөлуші жасушаларда, каналдарда, қоймаларда, шайырлы жолдар сияқты ерекше экзо- және эндогенді түзілімдерде жинақталады

Эфир майларын судан ІІІ бояғышымен бояғаннан кейін ұлпалардағы локализациясы байқалады

Дәрілік өсімдіктер мен шикізаттарында 0, 01-ден 5% (қалампыр бутондарында ! 25% ) ; жас өсімдіктерде ересек түрлерге қарағанда жоғары болады (жас өсімдіктер - жөке, акация, лаванда - иістері айқын- яғни, ересектерге қарағанда “хош иісті”)

Дәрілік өсімдіктерде эфир майларының түзілуі, жинақталуы

Slide 9

Эфир майларының рөлі

Өсімдіктер үшін рөлі айқындалмаған

Өсімдіктерді зиянкестер, патогендерден қорғайды, асептикалық агенттер ретінде әрекет етеді, жарақаттар, жараларды емдеуге ықпал етеді

Өсімдіктер мен жануарлардың денесінде және жасушаларында болатын метаболиттік процестерге қатысады деп саналады. Бұл пікір эфир майларының негізгі компоненттері болып табылатын терпеноидты қосылыстардың жоғары реакцияға түсу әрекетімен расталады

Терпеноидтардың реакцияға түсу әрекеті эфир майларының кең фармакологиялық және емдік әсерін анықтайды

Фармакологиялық әрекетінің негізгі түрлері: тітіркендіргіш, қақырық түсіретін, спазмолитикалық, несеп айдағыш, қорғаныс-репаративті, антисептикалық (инсектицидтік, фунгицидтік және бактерицидтік)

Эфир майлары дәрілік өсімідктердің иісі мен дәмін жақсарту мақсатында да қолданылады

Slide 10

Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді

Өсімдіктердің 150 - 200-ге жуық түрлерінен алынады

1500-ден астам эфир майлары зерттелген

Олардан 500-ден аса қосылыстар бөлініп алынады, жеке эфир майлары құрамында 5 - 20 түрлі қосылыстар болады

Slide 11

Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т. б. бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады

Өсімдіктерден су буымен айдау, төмен температурада қайнайтын еріткіштермен шаймалау, қысу, т. б. әдістер арқылы алынады

Қалыпты температурада мөлдір, оңай қозғалатын н/се тұтқыр, түссіз н/се сары, жасыл, қоңыр сұйықтық

Ауада жарық әсерінен тез тотығады, шайырланады, өзінің иісін өзгертеді

Slide 12

Эфир майының антимикробтық қасиеті күшті болғандықтан халық медицинасында, дәрі - дәрмек жасайтын фармацевтика өндірісінде кең қолданысқа ие

Күшті антисептикалық, дезинфекциялық қасиеті бар эфир майлы өсімдіктер эвкалиптте, насыбайгүлде, кориандр, жебіршөпте болады

Slide 13

3/4/2024

asdf

13

Қолданылуы

Эфир майлары парфюмерия, косметика, тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады

Кейбір эфир майлары химия өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т. б. еріткіш ретінде қолданылады

Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады

Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады

Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе)

Тамақ бұзылғанда пайда болатын жағымсыз иістер күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т. б. заттардың түзілуіне негізделген

Slide 14

Эфир майының күшті бактериоцидтік қасиетіне байланысты дезинфекцияға, ауаны тазартуда қолданады

Аз мөлшерде лакқа, краскаға, препарат жасауға да пайдаланады

Slide 15

Эфир майы жапырақтарға (шалфей, жалбыз,

тасшөп) жиналады да, қызып кетуден сақтайды

Жемістерге (зире, кориандр, фенхель, анис), кейде жер астындағы мүшеларде (желгек) кездеседі, онда жер астындағы зиянкестерден (дән мен тамырдың өнуі) қорғау қызметін атқарады

Slide 16

ЗИРЕ

Зирені хош иісті тұқымы үшін ежелден өсіреді, 3-5% дейін эфир майлары бар

Тұқымнан өсіреді, оның сулы тұндырмасы, қайнатпасы атония мен ішек ауырғанда, метеоризмге (газдың жиналуы), бала емізетін әйелдердің сүті азайғанда емдік мақсатқа қолданылады

Slide 17

Жалбыз өсімдігі

Жалбыз Құлқайыр тұқымдасына жататын, биіктігі 15 м жететін, бұтақсыз жуан тамырлы өсімдік

Жер үсті бөлігін жұлдыз тәрізді түк басқандықтан, түсі көкшілденіп тұрады

Жапырағының сағағы қысқа, сұрғыштау, шеттері ара тісті, жалпы формасы жұмыртқа тәрізді, екі беті де ұйысқан түкті

Жапырағы мен гүлінде эфир майлары болады

Slide 18

АНИС

Slide 19

Кәдімгі анис көне заманнан бері өсіріледі

Шыққан жері - Кіші Азия, Көне Египет пен Үндістанда жемісі үшін өсіріледі


Ұқсас жұмыстар
Құрамында эфир майлар бар өсімдіктер
Құрамында май, май тәріздес заттары
Күрделі липидтер
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің Жамбыл облыстарында кездесетін дәрілік өсімдіктер
Бауыр тәрізді мүктер
Күрделі эфирлер
Бақ - бақ тамырлары
Биополимерлер молекулалары дифилді
Майда еритін витаминдер
ҚҰРАМЫНДА ЭФИР МАЙЛАРЫ БАР ӨСІМДІКТЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz