Күйістілер және шошқа трихоцефалезін балау


Slide 1 Slide 2

Шошқа трихоцефалезы

Трихоцефалез- үй жəне жабайы шошқалардың Trichocephalata тек тармағына, Trichocephalidae тұқымдасына жататын жұмыр құрт туғызатын iшқұрт ауруы. Олар шошқаның тоқ iшегiнде, бүйенiнде күнелтедi.

Қоздырғышы -Trichocephalus suis(Schrank, 1788) . Құрттың бас жағы өте жiңiшке (құйрық жағынан шамамен 2, 5 есе ұзын болады), ал денесiнiң соңы жуан келедi. Еркегiнiң тұрқы 2-5 см, құйрығы бiр жағына бұралып қалған, жалғыз (1, 73-2, 55 мм) спикуласы бар, ол сырты тiкеншелермен қапталған қынаптың iшiнен орын тепкен. Ұрғашысының тұрқы 3, 9-5, 3см, бəтегi құрт денесiнiң жiңiшке жəне жуан жағының қиылысқан тұсынан ашылады. Жұмыртқалардың көлемi 0, 052-

0, 061 х 0, 027-0, 030 мм. (қараңыз: ХХIII сурет ) . Олардың тұрпаты бөшке тəрiздi сыртқы қабығы нық жəне тегiс, шошайған екi жағында тығыншықтары бар, түстерi сарғыш немесе қоңыр болып келедi. Нəжiспен сыртқа шыққан жұмыртқалар жетiлмеген, iшiндегi ұрықтары шар тəрiздi.

Slide 3

Өсiп-өнуi. Құрт тiкелей аралық иесiнiң қатынасынсыз-ақ өсiп жетiле

бередi. Жұмыртқалар нəжiспен бiрге қоршаған ортаға шығып, онда олар

қолайлы жағдайда (жеткiлiктi жылылық пен ылғал барда) 18-25 күннiң

iшiнде өсiп, жұқпалы сатысына жетедi. Шошқа бұл жұмыртқаларды

азықпен немесе сумен бiрге жұтып зақымданады. Хайуанның асқорыту

жүйесiнде балаңқұрттар жұмыртқа қабығынан босаған соң, бүйен

бүрлерiнiң тереңiне енiп, түлеп, iшек қуысына қайта оралады. Iшекке

бекiп орналасқандары 1, 5 айдан кейiн ересек құрттарға айналып, шошқа

денесiнде 2, 5-4 айдай өмiр сүредi.

Slide 4

Эпизоотологиясы. Шошқа трихоцефалезi өте жиi кездесетiн кесел,

ол барлық жерде тараған десе де болады. Қазақстанның Оңтүстiк-шығыс аудандарында шошқалар бұл гельминтозды, əсiресе күзде көп жұқтырады.

Трихоцефалезге 2 айға дейiнгi торайлар жиi шалдығады. Ал бiр

жастан асқан шошқа онымен сирек ауырады. Бiрақ ересек шошқалар

əрқашан инвазия таратушылар. Бұл дерт ауа-райының жылы кездерiнде, хайуан нашар азықтандырылғанда жəне қораларда гигиеналық күту жағдайлары нашарлағанда көбiрек етек алады.

Аурудың өрбуi. Құрттар өздерiнiң қылдай жiңiшке бас жағымен

iшектiң кiлегей қабығын жарақаттайды, қан тамырларының бүтiндiгiн

бұзады, ағзадағы қабыну процестерiн үдетедi. Шажырқай сөл түйiндерiнде лимфа-денит, бауырда-түйiршiктi жəне майлы дистрофия туындайды. Қан күрделi өзгерiске ұшырайды: көп мөлшерде эритроциттер азаяды, гемоглобин кемидi, лейкоцитоз пайда болады.

Slide 5

Сырт белгiлерi. Трихоцефалез жiтi түрде өрбiгенде, шошқа тез арықтайды, күйзеледi, кейде дене қызуы көтерiледi, тынысы тарылады. Торайдың iшi өтедi, нəжiсiне шырыш пен қан араласады, тəбетi күрт бұзылып, не болса соны жейдi. Жүйке жүйесiнiң зақымдалуы байқалады (тырысып-құрысу, айналу немесе басы ауырған жаққа жүру) . Мұндайда торайлар арасынан өлiм-жiтiм көп шығады. Гельминтоздың созылмалы түрiнде шошқаның жемге зауқы шаппайды жəне оның iшi тиылмай өтедi.

Өлекседегi өзгерiстер. Трихоцефалезден өлген торайларда шырышты гастроэнтерит, шырышты-дифтерийттi комет пен проктит, үлпершек ағзаларының дистрофиясы, өкпенiң домбығуы, шырышты лимфаденит белгiлерi байқалады. Iшектiң кiлегей қабығын бойлаған гельминттер иректелген жолдар құрады, олар шырышпен қымталып-қоршалады, айналасындағы ағза бүрлерi менэпителий торшалары үгiледi.

Slide 6

Анықтау. Шошқа нəжiсiн гельминтоовоскопиялық қалқыту əдiстерiнiң бiреуiмен тексерiп нақтылы диагноз қояды, өлексе бүйенiнен ересек құрттарды iздестiредi.

Емi. Тиiмдi дəрiлердiң бiрi бубулин (өзiне тəн иiсi бар сұйық, күңгiрт шөлмек-ыдыстарда сақталады, Германияда өндiрiледi) болып саналады. Оны 0, 075 мл/кг есебiнде мойын маңындағы бұлшық етке бiр тəулiк аралата екi дүркiн егедi. Бұдан басқа панакурды (фенбендазол) жемге қосып қолдануға болады: 0, 033 г/кг (АДВ бойынша) мөлшерiнде таңертең жəне ақшамда екi рет бередi. Азыққа араластырып морантел тартрат дəрiсiн 0, 15 г/кг көлемiнде екi мəрте бередi жəне ринтал дəрiсiн аскаридозға қарсы қолданғандай пайдалануға болады.

Slide 7

Сақтандыру. Трихоцафалез байқалған шаруашылықта шошқаны екi

дүркiн сақтық дегельминтизациядан өткiзедi: бiрiншiсiн-көктемде доңыздарды лагерьге айдап шығар қарсаңында, екiншiсiн - оларды қораға қамар алдында. Кейде торайларды 1, 5 айлық жасына жеткенде жəне одан 1-1, 5

ай өткен соң профилактикалық мақсатпен қайтадан дəрiлейдi. Жалпы

зоотехниялық-малдəрiгерлiк зауалдарды iске асыру керек, нақтылып

айтқанда: еметiн торайлары бар мегежiндердi өзге жастағы шошқалардан

оқшау ұстау, торайларды таза, құрғақ, күн сəулесi түсiп тұратын серуен

алаңдарында бағып күту, қораларды тəулiк сайын көңнен тазарту жəне

айына 1-2 дүркiн еден мен қабырғаларды қайнаған сумен немесе калий

(натрий) сiлтiсiмен дезинвазиялау, құнды азықпен қамтамасыз ету.

Slide 8

КҮЙIСТIЛЕР ТРИХОЦЕФАЛЕЗЫ

Трихоцефалез - қой, ешкi, iрi қара жəне кейбiр күйiс қайыратындардың iшқұрт ауруы. Оның қоздырғышы Trichocephalus туысына жататын, тоқ iшек пен бүйенде мекендейтiн нематодалар. Қоздырғышы морфология жағынан жоғарыда сипаттама алған шошқаның трихоцефалына өте ұқсас. Жұмыр құрттың екi түрi бар.

T. ovis, еркегiнiң тұрқы-6, 0-8, 0 см, ұрғашысыныкi-6, 3-8, 0 см; T. skrjabini

еркегiнiң тұрқы 4, 5-6, 5 см, ұрғашысыныкi - 6, 0-7, 5 см. Жұмыртқалары шошқа трихоцефалыныкiндей.

Өсiп-өнуi жалпы шошқа трихоцефалындай. Күйiстiлер организмiнде гельминттер 31-52 күн аралығында өсiп-жетiледi.

Slide 9

Эпизоотологиясы. Трихоцефалез елiмiздiң барлық жерiнде тараған. Кейде бұл дертке мал басы түгелiмен шалдығады, ал қоздырғышының саны бiрнеше данадан жүздеген мыңдаған құртқа дейiн барады. Гельминтозбен барлық жастағы күйiстiлер залалданады, ал аурудың өрбуi қозы, бұзаулар арасынан жиi байқалады. Трихоцефалездың маусымдық өрбу динамикасы əрқилы келедi, ол аймақтық өзгешелiк ерекшелiктерiне байланысты.

Аурудың өрбуi жəне өлекседегi өзгерiстер негiзiнен шошқа

трихоцефалезiнiкiндей.

Сырт белгiлерi - жануар бiртiндеп арықтайды, қаназдық айқындала

түседi, қарын тұсы ауырсынады, iшi қатады немесе жылмай өтедi,

нəжiсiнде қан болады.

Анықтау. Тiрi кезiнде - Фюллеборн немесе басқа да овоскопиялық

қалқыту əдiсiн қолданған дұрыс. Өлексенiң тоқ iшегi мен бүйенiнен

трихоцефала құрттарын iздеп табады.

Slide 10

Емi. Проминтик дəрiсiн 0. 23 мл/кг мөлшерiнде терi астына егедi немесе минтик дəрiсiн 1, 25 мл/кг көлемде iшкiзедi. Фенотиазиндi қозыға 1 г жəне ересек қойға 5 г күнiне 3 рет 4 тəулiк бойы бередi. Панакур жəне т. б. дəрiлердi қолдануға болады.

Сақтандыру. Жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралармен қатар, мал күтiмiн жақсарту, азықтандыру, қажеттi жағдайда оларды дегельминтизациялау сияқты жұмыстар жүргiзiледi.

Slide 11

ЖАНУАРЛАР ТРИХИНЕЛЛЕЗЫ

Трихинеллез - жiтi немесе созылмалы түрде өтетiн антропозоонозды ауру. Оны қоздыратын нематодалар Trichocephalata тек бұтағына, Trichinilldae тұқымдасына жатады. Қазiргi кезде ғылымға белгiлi құрттың төрт түрi бар, атап айтсақ олар: Trichinella spiralis(Owen, 1835) шошқa трихиннелласы, T. nativa (Britov et Boev, 1972)

Евразия жыртқыш аңдары-ның трихиннелласы, T. nelsoni (Britov et Boev, 1972) Африка жыртқыш-тарыныкi жəне T. pseudospiralis (Дағыстан

жанатынан) . Соңғы түрi алғашқы үшеуiнен денесiнiң қысқалығымен өзгешеленедi жəне оның балаңқұрттары бұлшық етте дəнекер ұлпамен қапталмайды. Сонымен қатар, ол даму айналымын толығымен құс (тауық, үйрек, шiл, торғай т. б. ) денесiнде өткiзе алады. T. nativa жəне T. nelsoni түрлерiнiң дербес екендiгi əлi даулы немесе анықталмаған.

Slide 12

Ересек трихиннеллалар жануарлар мен адамның ащы iшегiнде тiршiлiк етедi, ал балаңқұрттары олардың көлденең жолақ еттерiнде мекендейдi, яғни адам немесе жануарлар бiрдей ақтық та, аралық та иесi болып табылады. Бүгiнгi таңда сүтқоректiлердiң 100 астам түрiнен аталған гельминттер табылған. Олар шошқада, итте, қасқырда, масықта, аюда, егеуқұйрықта, мысықта өте жиi кездеседi. Паразитке бейiмдiлер: жабайы шошқа, борсық, көгiлдiр түлкi, аққұс, қара күзен (норка), бұлғын, күзен, кiрпi, жолбарыс т. б. Теңiз аңдары да кит, морж, итбалық (тюлень) трихиннелла құрттарымен залалданады. Трихиннеллдердiң келтiретiн экономикалық зияны да орасан зор. Трихинелласы бар жануардың ұшасы (етi) инвазияның азды-көптiгiне қарамай жойылады.

Бұл гельминтоз адамға өте қауiптi, себебi ауру өте қатты түрде өтедi, қолданылатын ем шипа бермейдi, ақыры өлiммен аяқталады.

Slide 13

ҚОЗДЫРҒЫШЫ. ӨТЕ ҰСАҚ ШАШ ТƏРIЗДI НЕМАТОДАЛАР. ДЕНЕСIНIҢ ӨЗГЕ ЖАҒЫМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА БАСЫ ЖIҢIШКЕ, ƏСIРЕСЕ ӨҢЕШI ЕРЕКШЕ КӨРIНЕДI. ТҰРҚЫ: ЕРКЕГIНIКI - 1, 4-1, 6 ММ, ҰРҒАШЫСЫНЫКI- 3-4 ММ, ОНЫҢ ЖАТЫРЫНДА ҰЗЫНДЫҒЫ 0, 1 ММ, ЕНI 0, 66 ММ БАЛАҢҚҰРТТАРЫ ҚАПТАП ЖАТАДЫ.

ӨСIП-ӨНУI. АЩЫ IШЕКТIҢ КIЛЕГЕЙ ҚАБЫҒЫНА ОРНАЛАСҚАН ЛЮБЕРКЮН


Ұқсас жұмыстар
Ұсақ кұйістілердің обасын балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу
РАБДИТАТОЗДАР. Күйістілер стронгилоидозы. Шошқа стронгтлоидозы
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ - САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР
КҮЙІСТІЛЕР АВИТЕЛИНОЗЫ
Псевдофиллидің даму сатылары
Күйістілер монезиозы
Ауески ауруы
Шошқаның африкалық обасы
Ауруды ажыратып балау
Шошқаның атрофиялық ринитін дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz