Мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойынның балаға басты әрекеті


Slide 1

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырып:

Мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойынның балаға басты әрекеті

Орындаған: Масат А.

Топ: 1201-13

Қабылдаған: Мамытбаева Ж.

Шымкент 2024

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балалар ойыны мақсат-міндеттері

Ойынның ерекшеліктері

Ойынның құрылымдық элементтері

Ойынның түрлері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе:

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын - жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі.

Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Slide 4

Мектеп жасына дейінгі балалар ойыны мақсат-міндеттері

Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.

Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы.

Ойын- адам баласының өсуіндегі ең таза рухани көрінісі. Шынайы өмірдің жарқын келбеті, ішкі қазынасы.

Slide 5

Ойын

Ойынның мақсаты- балалардың нені ойлау керектігін және қалай ойлау керектігін жалпы анықтау.

Ойынның мазмұны-оның жанды тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды.

Тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар(отбасы, балабақша, емхана т. б. )

Қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар(мерекелер, саяхаттар т. б. )

Еңбекті бейнелейтін ойындар(үйлер салу, стадиондар тазалау т. б. )

Slide 6

Ойынның ерекшеліктері

Ойында қарым қатынастың бейнеленуі

Ойын шынайлығына және шындығына сену

Ойын әрекеті мен сөздің ұштасуы

Ойынның өз әрекеттік сипаты

Slide 7

Ойынның құрылымдық элементтері

Сюжеті мен мазмұны

Түпкі мақсаты

Ойын әрекеттері

Ойын ережесі

Рольдер

Slide 8

Педагог ойынды педагогикалық үдеріске енгізе отырып, балаларды ойнауға, «жақсы ойын»жасауға үйретеді.

Ойын мазмұнының тәрбиелік-танымдық мәнінің болуы;

Бейнелейтін іс-әрекеттің түсінікті, толық, дұрыс және орынды болуы;

Балалар белсенділігінің, ұйымшылдығының болуы;

Ойнаушылардың ережелерге бағынуы және олардың басшылыққа ала білуі;

Балалардың жағымды қарым- қатынастары және шаттық көңіл- күйлері.

Ойыншықтар мен ойын материалдарын нақты мақсатқа пайдалану;

Slide 9

Ойынның түрлері

Ережелі

Шығармашылық

Мазмұнды-рольді ойындар

Дидактикалық ойындар

Құрылыс ойындары

Драмалық ойындар

Қимылды ойындар

Ермек ойындар

Қуыршақ театры

Конус театры

Саусақ театры

Қолғап театры

Көлеңке театры

Slide 10

Ұлттық ойындар-қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын сауықтарының бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де, сымбатты болуға пайдасы зор. Бірақ мысал ретінде: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ моторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балалардың қазақ халқының ұлттық ойындарымен ойната отырып, жан-жақты болуға тәрбиелейміз.

Slide 11

Қорытынды:

Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.


Ұқсас жұмыстар
Дамыту технология Рөлдік технологиясы ойындар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІН
Ойын технологиясы туралы
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
К.Д.Ушинскийдің халықтық ойын туралы пікірі
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін зерттеу
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
ФИЛОСОФИЯ - ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Мектеп жасындағы балалардың диагностикасы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz