Бұлттық технологиялар ұғымы



Алматы Технологиялық Университеті
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырып:
Бұлтты деректер базасы: артықшылықтар мен қолдану жағдайлары
Дайындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Бұлттық технологиялар ұғымы
Бұлттық сақтау қорлары
Бұлттық сақтау қорларының артықшылықтары
Бұлттық сақтау қорларының кемшіліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе:
Бұлтты сақтау-бұл Жалпыға Ортақ Интернет немесе жеке желі қосылымы арқылы қосылатын бұлтты есептеу провайдерінің қызметтерін пайдалану арқылы деректер мен файлдарды желіде сақтауға мүмкіндік беретін бұлтты есептеу үлгісі. Жеткізуші сақтау, инфрақұрылым және желі серверлерін қауіпсіз сақтауды және оларға қызмет көрсетуді және басқаруды қамтамасыз етеді.

Бұлттық технологиялар ұғымын бұлттық сервистер мен бұлттық есептеулер ұғымдары құрайды.
Бұлттық сервистер деп интернет желісі орнатылған кез-келген жерден браузер көмегімен алыста орналасқан серверлерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін қызметтер жиынтығын айтамыз.
Бұлттық жүйенің, бұлттық құрылымның нақты мекен-жайы белгісіз немесе жасырын болғандықтан пайдаланушыдан бұлттық сервистерді басқару және қолдану үшін арнайы білім талап етілмейді.
Бұлттық есептеулер - бұл интернет арқылы есептеу, мәлімет өңдеу ресурстарына қол жетімділікті қамтамасыз ету.
Бұл анықтамалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты, себебі барлық бұлттық сервистерді іске асыру үшін есептеулер қажет.

«Бұлттық есептеулер» идеясын алғаш рет 1960 жылы, есептеу техникасының маманы, өзінің жасанды интеллект теориясымен әйгілі болған ғалым Джон Мак-Карти ұсынған.
Ол бұлттық есептеулер болашақта коммуналдық қызмет секілді ақылы түрде ұсынылады деп болжаған.
«Бұлт» термині 1990 жылы Интернет сөзінің баламасы ретінде қолданылса, 1993 жылы бұл термин алғаш рет коммерциялық мақсаттағы үлкен ірі желілерді сипаттау үшін қолданылды.
Ол бойынша, «бұлт - бір мезетте трафик арқылы қызметтің барлық түрін ұсына алатын, жылдамдығы аса жоғары желіде өзара байланысқа түсетін каналдар жиынтығы» деп сипатталды

Бұлттық сақтау қорлары

Бұлттық сақтау қорлары (орындары) (ағылш. cloud storage) дегеніміз тұтынушылардың мәліметтерін бұлттық провайдерлердің өз қорларында сақтау мақсатында ұсынатын қызмет түрі. Яғни, бұл мәліметтерді арнайы бөлінген серверлерде онлайн-сақтаудың моделі болып табылады.
Тұтынушыға серверлердің көлемі және қандай да бір ішкі құрылымы көрінбейді. Тұтынушыға үлкен бір виртуалдық сервер ретінде ғана көрінетін бұлтта мәліметтер сақталады.
Мұндай сервистер географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен алшақ орналасуы, тіпті әр түрлі құрлықтарда болуы мүмкін.

Бұлттық сақтау қызметін ұзақ мерзімді сақтауды қажет ететін және жиі қолданылмайтын мәліметтерді архивтеу үшін де пайдалануға болады.
Бұлттық сақтауда тұтынушының мәліметтері көп жағдайда бірнеше серверде сақталады, сондықтан тұтынушылар бір сервер жұмыс істемей қалса немесе мәліметтер жоғалса, басқа сервердегі мәліметтеріне қол жеткізе алады.

Бұлттық сақтауға байланысты идеяны алғаш рет ІТ саласы бойынша ғалым Карл Робнетт Ликлайдер 1960 жылдары айтқан.
Шамамен 20 жылдан кейін CompuServe компаниясы өз тұтынушыларына олардың кейбір файлдарын сақтау үшін аз көлемдегі дискілік кеңістікті ұсына бастады.
1990 жылдардың ортасында AT&T компаниясы жеке және іскерлік қарым-қатынасқа арналған алғашқы веб-сақтау қызметін іске қосты.
Содан бері бұл қызмет ауқымы кең қолданысқа енгізіліп келеді.
Бұлтты сақтаудың ең танымал провайдерлерінің бірі - Apple (iCloud), Amazon ( Amazon Web Services ), Dropbox және Google, т. б.

Бұлттық сақтау орындарын құру және оның қызметін ұсыну жөніндегі идеяны Карл Ликлайдерден кейін 2006 жылы Google-дың бұрынғы басшысы Эрик Шмидт жалғастырған болатын.
Сол жылдан бастап ол ұсынған модель қарқынды түрде даму түсті.
Қазіргі таңда виртуалдандыру құралдары ақпараттық ресурстарды кез-келген үйлесімде жекелеген пайдаланушыларға бөлуге мүмкіндік береді.
Соның арқасында пайдаланушы web-сервис арқылы алыстағы есептеу ресурстарына қол жеткізді.

Кейбір қарапайым және көпшілікке танымал бұлттық сақтау орындарын қарастырайық.
Ескеретін жайт: барлық бұлттық сақтау қоймаларында белгілі бір көлемге дейін тегін пайдалануға орын бөлінеді, одан асқан жағдайда орынды пайдалану ақылы негізде жүргізіледі.

Облако Mail. Ru
Облако Mail. Ru бұлттық сақтау орнын «Mail бұлты» деп те атайды.
Ол mail. ru пошталық қызметімен және «Мой мир» әлеуметтік желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды.
«Mail бұлтында» 25 ГБ орын тегін ұсынылады.
«Mail бұлты» ең алдымен бізге тек дисктік кеңістікті қана емес, сонымен қатар құжаттарды браузер терезесінде редакциялауға мүмкіндік беретін Docs қосымшаларының пакетін ұсынады.
Сонымен қатар, бұлтта скриншоттарды жылдам жасау және сақтау құралы бар.

Google Drive
Ол Gmail пошта қызметімен және Google+ желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды.
Google Drive, Gmail және Google+ барлығы 15 ГБ тегін орын ұсынады.
Google Drive Android платформасын пайдаланушылар үшін ең белгілі нұсқалардың бірі.
Өйткені Google Drive бастапқыда Google ОЖ базасындағы смартфондар мен планшеттерде орнатылған. Тегін сақтау қоймасының көлемі аз болғандықтан бұл қызмет басқа құрылғыларды пайдаланушылар үшін тиімді болмады.
Тағы бір кемшілігі - браузердің интерфейсі күрделі.

Dropbox
Аталған бұлттық сақтау орыны дербес файлдарға 2 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады.
Dropbox-ты пайдаланушы интернет желісіне қосылғанда автоматты түрде бұлттық сервермен синхрондалатын (бірлесе жұмыс жасайтын) арнайы бума жасалады.
Бұл жүйенің ерекшелігі - соңғы 30 күн ішіндегі барлық өзгерістердің тарихы сақталатындығы, ол файлды бастапқы жағдайына келтіруге немесе өшірілген файлды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Яндекс. Диск (Yandex. Disk)
Яндекс. Диск 10 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады, ал одан кейінгі келесі 10 ГБ ақылы түрде болады.
Яндекс пошта қызметімен бірлесе жұмыс жасайды.
Яндекстің бұлты тез және тұрақты жұмыс істейді және көрсетілетін қызметтің жылдамдығы жоғары.
Браузерлік интерфейсі қолдануға ыңғайлы, өте күрделі емес. Сондай-ақ, Яндекс. Диск-те сервистік компаниялардың серіктестік қызметтері есебінен кеңістікті кеңейтудің өте жақсы мүмкіндіктері бар.
Яндекс. Диск қызметін пайдалану үшін yandex. ru сайтын ашып, жеке поштаға өту керек.

Microsoft OneDrive
Microsoft OneDrive қысқаша OneDrive деп айтылады. 2007 жылы тамызда Microsoft компаниясы шығарған. Алғашында Windows Live Folders, одан кейін Windows Live SkyDrive, кейіннен SkyDrive негізінде құрылған және Windows 10 операциялық жүйесінде пайдалануға арнап жасалған. Бұлттық ақпарат сақтауға арналған интернет-сервис. Windows Live қызметінің бір бөлігі болып табылады.
OneDrive сервисінде 7 ГБ-қа дейін мәлімет сақтауға болады. Мүмкіндіктерін кеңейту арқылы 25 ГБ-қа дейін көбейтуге болады. OneDrive сервисі арқылы суреттерді, құжаттарды, музыка т. б. заттарды сақтауға болады.
Әр ай сайын 20 миллионға жуық пайдаланушылар қолданады.

SpiderOak
Ағылшын тілді платформа. 5 ГБ тегін орын беріледі.
Сақталатын мәліметтердің ең жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтындықтан, көп қолданыла бермейді.
iCloud
Бұл iPhone-дағы фотосуреттердің резервтік көшірмесін жасаудың ең тиімді құралы. Мұнда 5 ГБ тегін кеңістік беріледі.
Бұл қызмет барлық MacBook жұмыс үстелі - MacOS-дегі Finder бағдарламасымен үйлесімде жұмыс жасайды.

Mega
Файлдарды тасымалдауды қолдайтын жылдам тегін тарифі және интерфейсі бар қызмет түрі.
50 ГБ-қа дейін тегін орын беріледі.
Mega-да файлдарды жүктеу үшін ыңғайлы мобильді қосымша қолданылады.
Мұнда барлық мәліметтер серверлерде сақталмас бұрын алдымен шифрланады.

Box
Бұл бұлттық сақтау қызметі «Google құжаттары» және Office 365 сияқты қызмет түрлерімен жұмыс жасауға ыңғайлы болуымен жылдам танымал болды.
10 ГБ-қа дейін орынды пайдалану тегін.
Box тек файлдарды сақтауды ғана емес, сондай-ақ өңдеуге мүмкіндік береді.
Box-тың тарифтік жоспары бірлескен жұмыс пен бұлттағы шексіз кеңістікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Nextcloud
Бұл сақтау қорының басты артықшылығы - жылдамдығы жоғары.
5 ГБ орын беріледі.

IDrive
Аталған бұлттық сақтау қоры желілік дискілерде сақталған барлық файлдарды тұрақты синхрондауды қамтамасыз етеді.
10 ГБ орын.
Веб-интерфейсі мәліметтерді электрондық пошта, Facebook және Twitter арқылы бөлісуге мүмкіндік береді.
IDrive артықшылығы - бұлттан алынған файлдар автоматты түрде жоғалмайды.
Яғни, IDrive Express сервисі арқылы жоғалған барлық мәліметтерді жылдам қалпына келтіруге болады.

pCloud
Сервисте файлдарды жүктеу жылдамдығы бойынша жай жұмыс жасайды, бірақ олардың көлемі бойынша ешқандай шек қойылмайды.
Бұл сақтау қоймасын кез келген платформадан - қосымша немесе сайт арқылы пайдалануға болады.
Компания Швейцарияда тіркелген. құпиялылық тұрғысынан алғанда қатаң заңдармен бекітілген.
Қаражат төлеу арқылы pcloud Crypto қызметін жеке файлдарды шифрлау үшін пайдалануға болады.

Yunpan 360 (Юнпан 360)
Бұлтты деректерді сақтау тізіміндегі көшбасшы - қытайлық Yunpan 360 жобасы.
Бұлт жеке деректерді сақтау үшін 36 ТБ (терабайт) бос орынды қамтамасыз етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz