Психологиялық кеңес




Презентация қосу
Құдайберген Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік университеті

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырып: Психотерпияға кіріспе.
Психологиялық кеңес берудің теориялық
негіздері. Кеңес берудің техникалары мен
әдістері

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Кіріспе Жоспары:
Негізгі
бөлім
Психологиялық кеңес
Психологиялық кеңес және оны
ұйымдастыру
Психологиялық кеңестің мақсаты мен
міндеттері
Психологиялық кеңес берудің түрлері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Психологиялық кеңес

Психологиялық кеңес - адамдарды
толғандырып жүрген мәселелерді
шешуде, алдыңғы зерттеу
нәтижелеріне негізделе отырып,
ақыл-кеңес беру арқылы
психологиялық көмек көрсету.
Психологиялық кеңес және
оны ұйымдастыру

Психологиялық кеңес дегеніміз -
рухани жағынан көмекке мұқтаж
адамдарға ақыл- кеңес беру, жол
көрсету. Психологиялық кеңес
арнайы жабдықталған орында
бөгде адамдардан оңашаланған
жерде өткізіледі, кеңесті өткізуге
арнайы уақыт белгіленеді.
Психолог кеңесі қай кезде қажет
- сіз проблеманы шешудің барлық мүмкін болар тәсілдерін
сынап көрдіңіз, алайда жағдай тек нашарлайды, сізде
тұйық шеңбер бойымен жүргендей ғана сезім бар.
- сіз күшті стрессті (жақын адамның дүниеден өтуін, денелік
немесе моральдық зорлықты, ажырасуды және с.с.) бастан
кешірдіңіз. Дегенмен уақыт бәрін емдейтініне үміт артуға
болмайды. Кейде уақыт ұзақ мерзім емдейді, ал кейде онша
сапасыз емдейді.
- сізді «өмірде бірдеме ойдағыдай емес», «өзгеріс қажет»
деген көмескі сезім қуалайды, бірақ сіз қай тұсқа қозғалуды
және нені өзгертуді білмейсіз.
- сіздің жан дүниеңізде онша анық көрінбейтін себепсіз ұзақ
уақыт нашарлау бар: уайым, қайғы, бір сөзбен айтқанда
торығу, жабығу (депрессия).
Психологиялық кеңес беру
негіздері
Кеңес берудің алғашқы кезеңі. Мақсаты – психологиялық
контакт орнату, клиент пен кеңесші арасындағы
психологиялық контакттың қорытындысы.
Клиентті сұрау кезеңі. Кезеңнің мақсаты – раппорт (өзара
жағымды) орнату және мәселесін, мағынасын анықтау.
Белсенді тыңдау техникасы – вербалды және вербалды емес
компоненттері.
Жұмыс кезеңі. Психологиялық әсер ету. Мақсаты: клиентпен
психологиялық қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу
жетістіктері. Кезеңнің негізгі мазмұны: клиенттің
психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына көмектесу
үшін әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану.
Қорытынды кезең. Трансферден шығу және суверенитетті
алу. Кеңес беруден кейін жүріс-тұрысты қадағалау. Осы
кезеңдегі жұмыстың негізгі принциптері.
Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері
Кеңесалушының туындаған мәселесін тез арада шешуге көмек жасау.мәселен, бала
мәселесіне байланысты ата ананың ренжісіп қалуы, екі адамның бір біріне ренжуі т.б.

Бірмәселе қайталана берсе, онда кеңес алушыны психопрофилактикаға шақыру қажет.
Мұнда шешімін таба алмай жүрген мәселелерді өздері шешуге талпынады.

Адамдардың психологиялық білімдерін жетілдіру үшін пайдалы психологиялық кеңестер
беріп отыру керек.

Кеңес алушы бірден табысқа жетпеуі мүмкін, бірнеше рет кеңес алудың нәтижесінде қол
жеткізетіндігін түсіндіру.

Кеңес алушының алғаш келген кездей ойы мен кеіес алғаннан кейінгі ойын салыстыру.
Кейбір жағдайда психологтың ойы мен кеңес алушының ойы бір бірімен сәйкес келіп
жатады, ал кей кезде мүлдем алшақ болуы мүмкін.

Кеңес алушының туындаған мәселесіне жеңіл қарамай, оған шын мән беріп шешу
керектігіне көз жеткіз.
Психологиялық кеңес жұмыстары
1.Оқу-тәрбиемекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға,
мастерлерге балаларды оқыту және тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша
кеңестер береді.

2.Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен
өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес
беріледі.

3.Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге,
жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы
педагогтардың, ата-аналардың, мастерлердің, қоғамдық өкілдердің психологиялық
мәдениетінің жоғары-лауына септігін тигізеді.

4.Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу, ата-
ана құқығынан айыру, бала асырап алу ж.т.б.) анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан
дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының
сұранысы бойынша баланың психикалық жағдайы, психикалық даму ерекшеліктері туралы
сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.

5.Өзін-өзі
басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар мекемесіндегі тәрбиелеу
жағдайларын балалардың жас ерекше-ліктеріне сәйкестендіріп, психологиялық
ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.
Психологиялық кеңес берудің
түрлері

Психологиялық- педагогиклық
кеңес беру
Іскерлік кеңес беру
Жанұялық кеңес беру
Интимдік-жеке бастық
психологиялық кеңес беру
1. Интимдік-жеке бастық психологиялық
кеңес беру. Кеңес берудің бұл түрі жиі және көп
адамдарда кездеседі. Бұндай кеңес беру
адамның тұлғалық сұрақтарымен,
. уайымдарымен айналысады..
2. Жанұялық кеңес беру. Бұндай кеңес беру
түрі адамның өзінің және басқасының,
туысының жанұясындағы мәселелермен
айналысады. Тағы да болашақ жар таңдау,
семьядағы қарым-қатынас, конфликтілерді
шешу жолдары, әйелі мен күйеуінің
туыстарымен қарым-қатынасы, айырылысу
кезіндегі ерлі-зайыптылардың мінез-құлықы
және т.б. сұрақтар қарастырылады.
3. Психологиялық-педагогикалық кеңес беру.
Бұған балаларды оқыту мен тәрбилеуге
байланысты сұрақтарды жатқызамыз. Сонымен
қоса, ересектердің педагогикалық біліктілігін
көтеру сұрақтары, балалар мен ересектер
ұжымын басқару мәселелері қарастырылады.
4. Іскерлік кеңес беру. Бұндай кеңес беру түрі
адамда қанша іс-әрекет түрі болса, солардың
барлығына да қатысы бар сұрақтармен
айналысады. Іскерлік кеңес беру деп, адамдардың
іскерлік мәселелерді шешуі айтылады. Бұған
мамандық таңдау, адамның түрлі қабілетін
дамыту мен жетілдіру, оның еңбегін
ұйымдастыру, жұмысқа қабілеттілігін
жоғарылату, іскерлік келіссөздер жасауға үйрету
жайлы мәселелер зерттелінеді.
Психологиялық кеңес берудің алғашқы
кезеңі- клиентпен кездескенде алғашқы
сұрақ төмендегідей болуы қажет: «Сізді
мұқият тыңдап отырмын», «Айтыңызшы,
Сіздің бізге келуіңіздің себебі не?».
Алғашқы келгенде клиентке қандай көмек
алатындығы, неге үміттене алатындығы
жөнінде алдын-ала ескертіп, психологиялық
кеңес берудің не екенін түсіндіру қажет.
Егер клиент: «Сіз маған көмектесе
алатындығыңызға сенімдісіз бе?» деген
сұрақтар қойса, Сіз 100 % кепілдік білдірмей,
жай ғана «Екеуміз бірге шешіп көрейік»
деген ұсыныс тастаңыз.
Жұмыс кезеңі - жұмыс барысында,
диагностикалық әңгіме жүргізуде практик-
психолог әдістемелерді қолдана білуі
қажет. Егер кеңес беру барысында
әңгімеңізге тестілік материалдарды
қолдана білсеңіз, клиенттің Сізге деген
сенімі артып, әңгімелесу өз нәтижесін
береді. Әр клиент жұмыс жасай отырып,
психолог жеке бағдарлама дайындайды,
кеңес беру кезеңдеріндегі ерекшеліктер,
мақсаттар мен міндеті, ұсыныстары
жазылады (аптасына 1-2 рет, 50-60 мин.
аспайды).
Қорытынды кезең - психолог
кездесулер жиілігін анықтап отырады.
Соңғы кезеңде видео және аудио
кассеталарды сыйға тартуға болады.
Мұнда кеңес беру барысы көрсетіледі.
Қорытынды:
Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде
туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес
беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын
дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап
етеді.
Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі
психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни,
психолог консультациялық іс-әрекетті бағдар беру,
ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның
клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты
жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы
бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Амандавлетова С.Н. Психолого-педагогическое сопровождение детей дошкольного
возраста с задержкой психического развития. – Алматы, 2011.
Борякова Н.Ю. Ступеньки развития. Ранняя диагностика и коррекция задержки
психического развития у детей. - М., 2002
Астапов В.М., Микадзе Ю.В. Психология детей с нарушениями и отклонениями
психического развития. – 2-е изд. –СПб., 2008.
Кенжебаева Т.Б. Арнайы психология. – Павлодар, 2011.
Сулейменова Р.А., Ерсарина К.Е. и др. Диагностика психического развития в раннем
детстве. - Алматы, 2000
Сулейменова Р.А. Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными
возможностями в Казахстане: проблемы создания и развития. – Алматы, 2001.
Халықова Б.С., Жалмұхамедова А.К. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан
дамыту. – Алматы, 2011.
Основа специальной психологии. – 5-е изд. /под ред. Л.В. Кузнецовой. – М., 2008
Основы специальной психологии и педагогики / авт.-сост. Е.Б. Козлова. – калуга,
2010.
Назарова Н.М. Специальная педагогика: В 3 т-х. Общие основы специальной
педагогики. – М.: Академия, 2013. – Т. 2.
Организация и содержание деятельности психолога специального образования
/М.М. Семаго, Н.Я. Семаго. – М.: АРКТИ, 2007.
Специальная психология / В.М. Сорокин; под науч. Ред. Л.М. Шипицыной. – СПб.:
Речь, 2009.
. Шипицына Л.М. Психология детей с нарушениями интелектуального развития /под
ред. Л.М. Шипицыной. – 2-е изд., стер. – М.: Академия, . 2014.
Шипицына Л.М. Олигофренопедагогика / под. Ред Л.М. Шипицыной. – 1-е изд., стер.
– М.: Академия, . 2014.

Ұқсас жұмыстар
Психологиялық кеңес жұмыстары
Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері
Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кенес беру жұмысы
Психологиялық кеңес берудің тарихы және негізгі ұғымдары
Психолог кеңес берудегі бихевиоральді бағыт
Психологиялық кеңес беру
Практикалық кеңес беру түрлері
Практикалық психология психология ғылымының бір саласы ретінде
Қолданбалы психология
Психологтың сәбилер тобындағы балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері
Пәндер