Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар


Slide 1

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырып:

Саңырауқұлақтар

Дайындаған: Ермек айгерім, арыстан қымбат,

абубакир асима, ахмеджан дінмұхаммед

Тобы: 1505-23

Қабылдаған: Маметова А. З.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Саңырауқұлақтар.

Саңырауқұлақтарың морфологиясы

Саңырауқұлақтардың жіктелуі

Саңырауқұлақтардың көбеюі, қоректенуі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Саңырауқұлақ. Саңырауқұлақтар микроорганизмдер ішіндегі ең үлкен топ. Олар төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, клеткасында хлорофилл болмайды, дайын органикалық заттармен қоректенеді.

Slide 4

Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама

Саңырауқұлақтар - эукариотты организмдердің ішінде ең ежелгісі және олардың өсімдіктер мен жануарларға тән белгілері бар. Олар өсімдіктер сияқты шектелмеген, апикалды өседі және клетка қабықшасы қатты. Жануар клеткасына ұқсастығы - фототүзуші пигмент - хлорофил болмайды, қоректенуі бойынша - гетеротрофты. Клетка қабықшасында хитин бар. Сонда да, ұзақ уақыт бойы саңырауқұлақтарды хлорофилсіз өсімдіктер деп санап, өсімдіктер патшалығына жатқызды. Өткен ғасырдың орта кезеңінде тірі организмдерді ірі таксондарға (патшалық таксон) бөлуді қайта қарастырды. Қоректенуіне қарай өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар әр типті болып келеді. Өсімдіктер фотосинтез арқылы қоректенсе, жануралар - голозойлы. Олар тағамды жұтып қана сіңіреді. Ал саңырауқұлақтар ірі заттарды пайдалану үшін ферменттерді бөледі де, клетка сыртында ыдыратып, осмотрофты сіңіреді. Сөйтіп эукариотты саңырауқұлақтарды өзінше жеке патшалыққа жатқызады.

Вегетативті құрылысы. Саңырауқұлақтардың вегетативті денесінің жуандығы 5 мкм жіпшелерден - гифтерден тұрады. Гифтер ұзарып тармақтала түседі де, жіптер жүйесін - мицелий құрады. Гифтер тек бір жақ шетімен ғана өседі. Саңырауқұлақтар ценоцидті организмдерге жатады, яғни олардың протоплазмасы үнемі қозғалып тұрады. Ядро саны бірден көп, тіпті 100-ге дейін жетеді.

Slide 5

Саңырауқұлақтардың жіктелуі

Улы

Жеуге жарамды

Slide 6

Саңырау құлақтың сыртқы көрінісі

Slide 7

Саңырауқұлақ жасушасының

құрылысы:

Slide 8

Саңырауқұлақтың өсімдіктермен жануарларға тән ұқсастығы:

Үздіксіз өсуі;

Жасуша қабырғасының болуы;

Бір орынан екінші орынға қозғала алмауы;

Фотосинтезге қатыспауы;

Гетеротрофты қоректенуі;

Қорға гликогенның жинауы;

Жасуша қабырғасының негізі хитин, ал өсімдікте целлюлоза;

Жасушада май жиналады;

Хлорофил болмайды.

Slide 9

Саңырауқұлақтардың Қоректенуі:

Гетеротрофты жолмен қоректенеді.

Минералды заттарды қоршаған ортадан сіңіре алады, бірақ органикалық заттарды дайын күйінде пайдаланады.

- Олар пішіні үлкен болып келетін қоректі пайдалана алмайды, сондықтан

бүкіл денесімен тек қана сұйық заттарды сіңіреді

Органикалық заттарды пайдалануына қарай:

Симбионтты - өзіне пайдалы өсімдіктермен селбесіп омір сүреді.

көмірсу, аминқышқылы

Өсімдік минералды заттар саңырауқұлақ (ақ саңырауқұлақ, ) ;

Паразиттер - басқа ағзаларды тек кажетті заттарды алу

ушін пайдаланады және озинин иесіне еш пайда әкелмейді, тіпті зақым

келтіреді. Паразитті саңырауқұлақтардың иесі жоғарғы сатыдағы өсімдіктер,

жануарлар, адамдар болып келеді. Фитофтор саңырауқұлағы жатады.

Slide 10

Саңырауқұлақтар әлемі

Төменгі сатыдағы

Жоғарғы сатыдағы

Гифохитромицеттер

Зигомицеттер

Аскомицеттер

Базидиомицеттер

Жетілмеген саңырауқұлақтар

Хитридомицеттер

Оомицеттер

Slide 11

Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай. Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады, олар: жеміс шырынының түсін өзгертеді; шикізаттарды (мал азығын, қағаз қалдықтарын) өңдейді; нәруыздарды, крахмалды сүйылтады.

Саңырауқұлақтар табиғатта зат айналымына қатысады, әр түрлі қалдықтарды ыдыратып, шірітіп топырақ құнарлылығын арттырады. Сондай-ақ қауіпті аурулардың таралмауына пайдасын тигізеді. Саңырауқұлақтардың құрамы ферментке бай. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар құрамында 80-90% су, 2-4%-ға жуық нәруыз, 1%-ға жуық май болады. Демек олар тағамға пайдаланылады. Өте қажетті дәрі өндіруде де маңызы зор. Зиянды бактериялардың өсуін тежейтін дәрілер антибиотиктер деп аталады. Саңырауқұлақтардан өсімдікті тез өсіретін белсенді зат гибереллин алынады.

Slide 12

Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар

Хитридиомицеттер. Олардың мицелиялары болмайды не ценоцитті болады (клеткасыз) . Жыныссыз (зооспора) және жынысты жолмен көбейеді, споралары қозғалмалы. Көбінесе сулы ортада, топырақта және өсімдік қалдықтарында тіршілік етеді.

Зигомицеттер.

Бұларға жататын саңырауқұлақтардың жынысты споралары (зигоспоралар) қозғалмайды, қалың қабықшамен қапталған. Жыныссыз көбеюде қозғалмайтын споралар (спорангиоспоралар) спорангияларда пайда болады.

Slide 13

Саңырауқұлақтардың әр түрлігі

Slide 14

Оомицеттер (Oomycetes), мицелийлері жақсы дамыған, жасушасыз. Клетка қабықшасының негізгі заты - целлюлоза және глюкан. Бірінің сырты тегіс, екіншісі - қауырсын тәрізді екі талшықты зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюі - оогамия, соның нәтижесінде ооспора пайда болады. 4 қатарға, 70 туысқа жататын 550 түрі бар. Араларындағы ең қарапайымдары органик. заттарға бай, тұщы суда тіршілік ететін - сапротрофтар. Кейбір түрлері патогенді саңырауқұлақтар, балықтар мен қосмекенділердің уылдырығында тіршілік етеді; ал құрлықтағылары - жоғары сатыдағы өсімдіктердің паразиттері.

Slide 15

Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар

Базидиомицеттер

Базидиомицеттер. Мицелиялары көпклеткалы гифтерден тұрады. Жынысты споралары (базидиомицеттер) конидиефораларда түзіледі. Көпшілік түрлерінде жыныссыз споралар болмайды, ал болса, конидияларда түзіледі.

Аскомицеттер

Қалталы саңырауқұлаққтарға 30 мыңдай түр жатады. Олардың мицелийлері субстратқа еніп жататын, бірнеше бөліктерге бөлінген (членистий) гифалардан тұрады. Субстраттың бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады. Қалталы саңырауқұлақтардың түрлерінің дені (көпшілігі) сапрофиттер. Олар негізінен топырақты мекендейді де, өсімдіктердің шірінділерімен және тағамдардың қалдықтарымен қоректенеді. Сонымен бірге бұлардың бірқатары өсімдіктердің, сиректеу жануарлардың жіне адамның паразиттері болып келеді. Кейбіреулері өмірлік өмірлік циклын паразит ретінде бастап, сапрофит ретінде аяқтайды.

Slide 16

Трутовиктер ағаш сүрегін бүлдіретін саңырауқұлақтар. Ол тек өсіп тұрған өсімдіктер ғана емес құрылыстардағы ағаш сүректерін де зақымдайды.

Саңырауқұлақтың жіпшесі ағаш діңгегіне кіріп оның шырышымен қоректенеді де кейіннен сүректі бүлдіреді. Ылғалы мол жерлерде трутовиктер құрылыс ағаштарын зақымдап көп зиян келтіреді.

Slide 17

Аспергиллус (қара зең) . Жануар және өсімдік тектес тағамдарды бүлдіреді. Аспергиллустың кейбір түрлері лимон қышқылы, ферменттерді алуда, спирт өндіруде солод ретінде қолданылады. Солод деп өндірілген дәндерді айтады. Әсіресе ол сыра кайнатуда жиі қолданылады.

Пенициллум (к ө к-ж а с ы л з е ң) . Конидииспоралары қолдың саусағындай тарамдалып келген. Ол көптеген тағамдық заттарды бүлдіреді. Үйлердің ылғал тартқан қабырғаларынан да бұларды көп кездестіруге болады.

Пенициллумнің кейбір түрлері пенициллин деп аталатын дәріні алу ушін қолданылады. Басқа бір түрі сүттен ірімшіктің (сыр) рокфор деп аталатын түрін даярлағанда пайдаланылады.

Склеротиния - ақ түсті шіріктің жеміс және овощтарда кездесуі осы склеротинияға байланысты. Мұның мицелийі зақымдаған затына еніп, онда ақ түсті мақта тәрізденген шоғыр дене түзеді.

Slide 18

Жетілмеген саңырауқұлақтар, дейтеромицеттер (Fungі іmperfectі, Deuteromycetes) - қалталы және базидиялы спора тасушы органдары айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлақтар класы. Бұлар көбіне жыныссыз жолмен түзілетін конидийлер арқылы, біраз түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы көбейеді. Жетілмеген саңырауқұлақтар табиғатта кең тараған, 30 мыңдай түрі белгілі. Олар топырақта, өсімдіктердің қалдықтарында сапрофит және жоғары сатыдағы, әсіресе, мәдени өсімдіктерде паразит ретінде көп кездеседі. Бұлардың біраз түрлері бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы да көбейе алады. Жетілмеген саңырауқұлақтар азық-түлікті бүлдіреді, кейбіреулері өсімдіктердің паразиттері - антракноз, фузариоз, септориоз, фомоз ауруларын қоздырады. Рenіcіllіum chrysogenum, Рenіcіllіum notatum түрлерінен пенициллин антибиотигі бөлініп алынады. Рenіcіllіum roguefortі, Рenіcіllіum camembertі түрлері сыра өндірісінде пайдаланылады. Аspergіllus nіger, Аspergіllus wentіі түрлерін егіп, лимон қышқылын бөліп алады. Кейбір түрлері адамның тыныс алу, есту мүшелерінде аспергиллез ауруын қоздырады.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі туралы ақпарат
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі
Фитофтораның өмірлік циклы
Cаң ырауқұ лақ тар
Саңырауқұлақтар және қыналардың фармациядағы маңызы
Саңырауқұлақтар әлемі
Эукариотты клетканың құрылымы
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар
Жетілмеген саңырауқұлақ
Саңырауқұлақтар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz