Ежелгі Мұсылман философиясы


Slide 1

Ежелгі шығыс философиясы

Дайындаған:Бербулатова Балжан

Slide 2

Философия ежелгі шығыс елдерінде б. з. д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді -қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.

аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі мен өзара байланысы.

адамгершілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас.

Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі - материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына жеке проблема.

Slide 3

Ежелгі үнді философиясы

Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы 7-6 ғасырларда брахманизмге оппозициядан басталады. Үнді қоғамы 4 - кастаға бөлінді.

Абыздар (брахмандар)

Әскери-ақсүйектер (кшатрийлер)

Басы бос қоғам мүшелері (вайшилер)

Төменгі каста (шудралар)

Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден билікке масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.

Slide 4

Ежелгі үнді философиясының алғашқы кезеңі ведалық кезең деп аталады. Ведалар - білім, қасиетті аян жолымен пайда болған білімдер, әр кезеңде жазылған кітаптар.

Slide 5

Буддизм - біздің заманымызға дейінгі 4 - 5 ғасырларда діни ілім ретінде пайда болды. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б. з. д. 623 - 524) . Буддизмде төрт басты мәселе бар:

Өмір азапқа толы;

Ол азаптардың себебі бар

Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;

Азаптан құтылудың кезі бар.

Өмір қасірет, адам қасіреттен құтыла алмайды, қасіреттен құтылудың бір ғана жолы - Сансараға (қайта туылу) арқылы жету керек. Ол үшін адам өзінің құштарлығын, нәпсісін тиып, әр түрлі әдептілік қағидаларды мойындап, жанды таза ұстауы қажет. Адам өзінің жаман қасиеттерімен күресуі керек. Сонда ол Нирванаға жетеді.

Нирвана - жанның жоғарғы рахат сезімі, өз-өзіңе үңілу, сөну дегенді білдіреді.

Slide 6

Негізін салған Махавира Вардхамана. Джайнизм - бұл Үнді философиясында үлкен орын алады. Оның негізгі - адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм - материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша - сана.

Джайнизмнің басты мақсаты: адамның тіршілік мәселелері. Негізгі мазмұны - этика, адамның түрлі құштарлықтардан азат ету.

Джайнизмнің басты принципі - Ахимса, яғни ешбір тірі тіршілік иесіне зиян келтірмеу. Джайнизм білімге ерекше мән береді. Білім өз құмарлығын жеңген және оған басқаларды үйрете алатын рухани ұстаздар арқылы беріледі. Сондай-ақ білім тек ұстазды тыңдау ғана емес, өзін-өзі танып білу, мінез-құлық пен іс-әрекетті қалыптастыру.

Slide 7

Ежелгі Қытай философиясы

Ежелгі Қытай философиясы әлеуметтік, этикалық және саяси бағыттылықта дамыды. Ежелгі «И-цзинь» түпнұсқасында дүние бес элементтен: жер, су, от, ағаш, металлдан.

Slide 8

Ежелгі Мұсылман философиясы

Орта Азия мен Қазақстан жері VIII ғасырдан бастап, араб халифатының құрамына кіріп, онда өмір сүретін халықтар ислам дінін қабылдай бастады. Сол кезден бастап түркі халықтарының жүз мыңдаған томдық рухани мұрасы мың жылдан астам уақыт бойы араб әріпімен жазылды.

Әл - Фараби мен Әбу Райхан Бируни, Ибн Синамен бірге шығыстағы Қайта өрлеудің (Ренессанс) философиялық көзқарасын қалыптастырып, оның идеологиялық негізін қалады. Шіркеу догмасы мен сословиелік құрылымға оппозициядағы осы идеологияның негізін қалаған олардың философиялық көзқарастары мен мистик-күпірлік ойлары әлеуметтік бір бағытта дамыды173. Олай дейтініміз В. К. Чалоян «Армянский Ренессанс» деген еңбегінде: “Шығыс мәдениеті, өз кезегінде одан кейін жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастар жағдайында пайда болған, мәдениеттің жаңа сатысын қалыптастыруға дайын Батыстың Қайта өрлеуінің ізашары болды. Шығыстың жетістіктері батыс әлеміне таяу шығыс халықтары мен елдері және византия-кавказ өркениеті арқылы берілгені тарихи дәлелденген. Сондықтан, феодалдық қоғамнан буржуазиялық қоғамға өту мәселесін зерттегенде оған Шығыстың әсері болмады деп, оның рөлін ескермеу дұрыс емес. Осындай өзгерістің алғышарты шығыс болды” деп дәлелдеген172. Сонымен қатар, Әл-Фараби мен Ибн Сина Шығыс Ренессансын қалыптастырған парсы-түркі поэзиясының ареопагиттік негізінің идеологиялық концепциясын жасады.

Slide 9

Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950)

Slide 10

Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі. Әл Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) - Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі - ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Деректерде сауатын Түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады.

Slide 11

Шығыс философиясы

Философия тарихы пәндерінде қалыптасқан дәстүр бойынша, Шығыс философиясы ежелгі замандағы түрінде жазылып келді. Ортағасырлық кезеңі шығыс ойшылдарының шығармашылығында кең көлемде қатылған. Ал қазіргі замандағы шығыс философиясы өркениеттің бесігінде, бастауында тұрған елдерде жан жақты дамыса да, еурооцентристік қағида жақтастарының жетегінде жүрген авторлар назарынан тыс қалып келеді. ХХ ғасырдағы Шығыс философиясы деп қытай, үнді, жапон, мұсылман елдері философиялық ой жүйелерін айтуға болады. Бұл аталған жайлардан басқа да философиялық ойлау мектептері жоқ емес (мысалы, африкалық және т. б. ) . Осы көрсетілген философиялық бағыттардың ерекшеліктерін, ғасырымыздағы жетістіктерін олардың жүріп өткен тарихы кезеңдерімен салыстыра отырып баяндауды мақсат тұтып, тек көрнекті философтардың шығармаларына толық тоқтауды жөн көрдік.

Slide 12

Үнді философиясы


Ұқсас жұмыстар
Батыс пен Шығыстың ортағасырлық ғылымы
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Орта ғасыр батыс философиясы
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Шығыс философиясы
Мұсылман философиясы
Орта ғасыр философиясы
ИБН РУШД МУХАММЕД АХМЕД ЯССАУИ
Орта ғасырдағы дін өкілдері
Орта ғасырдағы мұсылман философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz