МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ АЛҒЫСӨЗ




Презентация қосу
5 «Г» СЫНЫП АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ :
«ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ-ТӘРБИЕ
ДІҢГЕГІ»
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ АЛҒЫСӨЗ
2. «ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ-ТӘРБИЕ ДІҢГЕГІ»
3.АҒЫМДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР (КЕЛІСІМ ШАРТ, АКТ)
4. АТА-АНАЛАРҒА БЕЙІМДЕЛУ КЕЗІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
КӨРСЕТУ.
МАҚСАТЫ:
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы
ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай
1 еңбек етуге үйрету.
Отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі,
2 оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату;

3 Әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау;

4 Баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасы рөлінің маңыздылығы;

5 Патриоттық көзқарасын қалыптастыру.
МІНДЕТТЕРІ:

1 Үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру;

Өз отбасының тарихын білу;

3 Сұранысты дамыту;

4 Балаларды моральдық тұрғыдан дамыту;

5 Адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру;
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

• «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында
«Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан
нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық
жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап
берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын,
өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі
дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру
немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың
осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге
жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі
отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани
құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық
дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
«Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­­ғы­ру»
мақаласында «Жаңғыру атау­лы бұрынғыдай
тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден
қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан
сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты
жаңғыртудың маңызды алғышарттарына
айналдыра білу қажет», деп атап көрсет­ті. Ұрпақ
тәрбиесі – ұлт болашағы­­ның кепілі. Әр бала
атаның қаны­­мен, ананың сүтімен келетін туабітті
қа­сиеттер сияқты ұлттық рухани құн­дылықтарды
да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен
бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие –
ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам
басудың негізі болмақ.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең
қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары
отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен
жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп,
етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің
негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың
мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат
болуына ат салысу қажет.
Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір
айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге,
мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған
ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді.
Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі
жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан
тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала
береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе
ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі
бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?
Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені
өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс
тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді
де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі.
«Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді халық мақалы.
Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып,
отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала.
Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты
отбасының ықпалы зор. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа
отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады.
Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық,
бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасындағы
өзара қарым-қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы
тиіс.
Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру-
ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз.
Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі отбасынан
басталады.
Отбасы діңгегі –бала, ұрпақ өсіру, оның тәрбиесі.
Отбасылық өнеге махаббатта, сыйластықта, береке мен бірлікте. Елдің,
ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі.
Отбасылық құндылықтар
дегеніміз?
Бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың
отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе
жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз
құндылықтары болады. Ол құндылықтар
ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан
шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.
Бұдан басқа адамдар отбасылық
құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар
дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі отбасылық
құндылықтар деп аталады.
Дәстүрлі отбасылық
құндылықтар
Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз
алдарына бірден құндылықтар түсіп , бір-бірімен ортақ тіл
таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың
әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта
ортақ тіл таба алмайды. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар
дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-
кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу
статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға
олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы
теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл
құндылықтар әртүрлі. Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар.
Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау,
ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі
отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Қазіргі отбасылық
құндылықтар
Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-
дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның
өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда
әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері
заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр
замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы
замандағы отбасы құндылықтарымен қазір
өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар
әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі
жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек
сыйлайды. Сонымен қатар қазіргі
отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім,
түсіністік және т.б жатады.
Ата-аналарға бейімделу кезіндегі психологиялық қолдау көрсету.
1 қыркүйекте мектепке келген бесінші сынып оқушысы үшін көптеген заттар жаңа болып көрінеді.
Сондықтан бейімделу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда бала қандай қиындықтарға тап
болады?
Бастауыш мектеппен салыстырғанда бесінші сыныпта оқыту шарттары түбегейлі өзгереді:
1. Балалар негізгі бір мұғалімнен сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне ауысады, жаңа мұғалімдер
әр баланың ерекшеліктері мен оқу мүмкіндіктерін әлі біле қоймайды;
2. Сабақтар әр кабинеттерде өткізіледі;
3. Кейбір балалар басқа мектептерден ауысып келді немесе басқа қалалардан келді, яғни ұйым ортасын
ауыстырды;
4. 5 сыныпта оқу жүктемесі қосылды.
Зерттеу бойынша оқушылар бесінші сыныпта оқудың басында бірінші сыныпта оқығандай сипаттағы
жаңа оқу жағдайларына бейімделу кезеңін бастан кешеді.
Нәтижесінде оқушының психикасына жүктеу артылады.
1. Оқыту шарттарының өзгеруі.
1 қыркүйекте мектепке келген бесінші сынып оқушысы үшін көптеген заттар жаңа болып көрінеді. Сондықтан бейімделу қажеттілігі
туындайды. Мұндай жағдайда бала қандай қиындықтарға тап болады?
Бастауыш мектеппен салыстырғанда бесінші сыныпта оқыту шарттары түбегейлі өзгереді:
1. Балалар негізгі бір мұғалімнен сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне ауысады, жаңа мұғалімдер әр баланың ерекшеліктері мен
оқу мүмкіндіктерін әлі біле қоймайды;
2. Сабақтар әр кабинеттерде өткізіледі;
3. Кейбір балалар басқа мектептерден ауысып келді немесе басқа қалалардан келді, яғни ұйым ортасын ауыстырды;
4. 5 сыныпта оқу жүктемесі қосылды.
Зерттеу бойынша оқушылар бесінші сыныпта оқудың басында бірінші сыныпта оқығандай сипаттағы жаңа оқу жағдайларына
бейімделу кезеңін бастан кешеді.
Нәтижесінде оқушының психикасына жүктеу артылады.
Сондықтан бір балалар сезімтал, мазасыз, біреулері керісінше еркін, тынымсыз болады. Олардың еңбекке қабілеті төмендеп,
ұмытшақ, салғырт болуы мүмкін. Кейде ұйқысы мен тәбеті бұзылады.
Осындай жүйелі ауытқулар оқушылардың 70 - 80% тән.
Көбінде осындай ауытқулар бірыңғай сипатта болады және оқу басындағы 2 - 4 аптадан кейін жойылады. Бірақ кейбір балаларда
бейімделу кезеңі бірнеше айларға созылуы мүмкін.

2. Үй жұмысын орындау туралы мәселе.
Неліктен бесінші сыныпта үй жұмысын орындау мәселесі қиындайды?
Біріншіден, балалардың әр мұғалімдермен оқытыла бастауы себеп болады. Әр пәннің үй жұмысын дайындаудағы өз ерекше талаптары
бар. Егер оқушы оларды білмесе, егер оларды игере алмаса, ол үлкен қиындықтарға тап болып, оқу нәтижелеріне, оның физикалық
және эмоционалдық күйлеріне де ықпал етеді.
Екіншіден, оқушы мен мұғалім қарым - қатынасы жағдайы өзгереді.
Бастауыш сыныпта бала бір мұғаліммен қарым - қатынасқа қабілеттенсе, енді орта буында оқуда көптеген ересектермен қатынасқа
түсетін болғандықтан, оның міндеттері қиындай түседі. Ол қатынас ылғи да және бірден жағымды бола бермейді: бала мұғалімге
артық сұрақ қоюдан қорқады, түсінбеген сұрақтарын, параграфтарын, тақырыптарын жасырып қалады. Осының бәрі үлгерімнің күрт
төмендеуіне әкеледі.
Үшіншіден, бастауыш сыныпқа қарағанда үй жұмысының мазмұны да өзгереді. Бастауыш сыныпта көбінесе оқушылардың жазу, оқу,
санау дағдыларын дамытуға (қайталауға) бағытталған, 5 сыныпта үй тапсырмалары пайымдау, талдау, өз бетімен қорытындыға келу
қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Ойлауға өз миларымен жұмыс істеу — жақсы ұйымдастырылған ұй жұмысы осыған үйретеді.
Үй тапсырмасындағы ең қарапайымы – ол өткен материалды сөзбе сөз қайталау болып келеді.

3. Мектеп өміріндегі қиындықтар.
Кіші жасөспірімнің сәтті бейімделуі оның интеллектік дайндығына ғана емес, сонымен қатар сыныптастарымен және мұғалімдермен
қаншалықты қарым - қатынасқа түсе алатынына, мектеп ережелерін ұстана алуына, жаңа жағдайларда бағыттала алуына да
байланысты. Сондықтан балалардың мектеп өміріндегі қиындықтарға келесілерді белгілеуге болады

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагогика
Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру
МДҰ педагогикалық кеңес беру
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
Атың шықпаса, жер өрте мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат
Педагогикалық басқару жүйесі
ЖББОМ КММ
Табыстың тарихы, Индра Нуйинің ғұмырнамасы
Мектеп төлқұжаты
Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін білім беру ұйымының қажеттілігі негізінде жоспарлау
Пәндер