Ерекше тапсырма


Slide 1

Педагогикалық техника негіздері

Slide 2

“Технология” грек сөзі “techne”-өнер, шеберлік деген мағына береді

Педагогикалық технология басқарылатын, қайта жаңғыртылатын оқу-тәрбие үрдісін жобалауды көздей отырып, білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал-тәсілдердің жүйесін құрайды

Slide 3

Адамға балық берсең бір күн, ал балық аулауды үйретсең өмір бойы тоқ болады Шығыс даналығы

Slide 4

Оқыту-бұл ғылым ба, әлде өнер ме? Педагогикалық техника өзіне медалдың екі жағында біріктіреді

Педагогикалық техника анық және нақты әрекет етеді, ол мұғалімге оқытудың басты мәселесі балаларды қалай оқыту керектігіне жақындастырады

Slide 5

Идеалды дидактика - ол оның жоқ болуы. Оқушының білімге талпынуына ешкім, ештеңе кедергі келтіре алмайды. Тіпті жарық өшіп қалса да ол майшам арқылы оқитын болады. Анатолий Гин

Slide 6

Құзіреттіліктер-меңгерген білім, іскерлік, дағдыларды үнемі практикада қолдануға мүмкіндік беретін оқытудың нәтижесі, өнімі

Slide 7

-Міне жіп. Шатаспаған ғой, рас па? -деп сұрайды оқушысынан мұғалім. -Иә, рас-дейді оқушы. Ал мынау қарапайым байланған жіп. Мұндайды көрдің бе? -Иә. - Қазір екеуміз жіпті торлап, тоқимыз. Міне, тор пайда болды. Онымен біз балық аулай аламыз, не бөгет жасай аламыз, не басқа бір нәрсеге жаратуымызға болады. Көрдің бе, бұл өнімнен қанша пайда табуға болады? - Иә.

Slide 8

Тор - педагогикалық техниканың тәсілдері. Олар бір-бірімен байланыса отырып, тұтастықты құрайды, жүйеге айналады.

Slide 9

Педагогикалық техниканың негізгі қағидалары:

1. Таңдау еркіндігі принципі. Таңдау еркіндігі болмаса ешқайсымыз біреудің нұсқауымен, өзгенің шешімімен әрекет етуді ұнатпаймыз. Әсіресе оқушылар ұнатпайды.

Кез келген оқыту немесе басқарушылық әрекетте барынша таңдауға мүмкіндік беру керек. Бірақ оқушыларға өз таңдауыңызға саналы түрде жауап бересіз деген маңызды бір шартты қоямыз.

Slide 10

2. Ашықтық приципі. Тек қана білім беріп қана қоймай, оның шекарасында көрсетуіміз қажет. Оқытылып жатқан курстан тыс шешімін іздеу қажет мәселелерді оқушының алдына қоюымыз қажет.

Жабық тапсырмалардан бас тартуымыз қажет(яғни нақты шарты бар және қатаң шешу алгоритмі бар, жалғыз дұрыс жауабы бар) . Өмір адамның алдына ашық міндеттерді, яғни бұлыңғыр, бірнеше нұсқалары бар, шарты алуан түрлі, әртүрлі шешімі бар, таңқаларлық бірнеше жауаптар жинақтамасы бар міндеттерді қояды.

Slide 11

3. Әрекеттілік принципі. Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыны меңгеруін әрекет формасында ұйымдастыру. Біліммен жұмыстану деген не? Бұл оны қолдану, қолданудың шарты мен шегін іздеу, қайта өңдеу, кеңіту және толықтыру, жаңа салыстыру мен байланыстарды табу, әртүрлі моделдер мен нұсқаларда қарау.

Біліммен тойған, бірақ оны қолдана алмайтын оқушы жүзе алмайтын фаршталған балықты елестетеді.

Александр Минц

Білімге апаратын сара жол -бұл іс-әрекет.

Бернард Шоу

Slide 12

4. Кері байланыс принципі. Оқу процесін үнемі дамыған кері байланыс жүйесі көмегімен бақылау қажет. Мұғалім сабақ үстінде көңіл күйін, қызығушылық дәрежесін, түсуін деңгейін бақылап отырады. Мұғалімнің «көңіл күй термометрі», не «түсінік деңгейін» өлшейтін құралы жоқ, бірақ мұғалімде жағдайды дәл байқайтын өзінің тәсілдер жинағы бар.

Slide 13

5. Идеалдылық принципі (жоғары ПӘК) . Біздің кез келген әрекетіміз тек қана одан алған пайдамыз ғана, сонымен бірге күштің, жүйкенің, уақыттың, ақшаның шығынымен де сипатталмайды. Біздің идеал - өзінің еңбегінің ең жоғары тиімділігін берген күнде де мұғалімнің шаршамауы!

Оқу процесі барысында шығындарды азайтып және нәтижелілікті көтеру мақсатында оқушылардың өздерінің қызығушылығын, мүмкіндігін, білімдерін барынша қолдану.

Slide 14

Оқушылардың өздік жұмысты ұйымдастыруы мен белсенділігі артқан сайын оқыту немесе басқару әрекетінің идеалдылығы арта түседі. Егерде біз оқытудың мазмұны мен формасын оқушылардың қызығушылығымен тоғыстырсақ, олардың ӨЗДЕРІ жалғасы қандай, немен аяқталады және т. б. қызығушылықтары ояна отырып, талпынады. Оқытудың жылдамдығын, ырғағын және күрделілігін оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкестендірсек, олар ӨЗДЕРІНІҢ сәттіліктерін сезеді және бекітуге ұмтылады. Сонымен қатар бұл принцип оқушылардың өз ұжымын басқаруға белсенділігін арттырады, сонымен қатар олар бірін-бірі ӨЗДЕРІ оқытады.

Slide 15

Оқу материалына қызығушылықты арттыру жолдары:

1. Қызықты мақсат қою.

Алгоритмі: оқушының алдына оған түсінікті, қарапайым және қызықты мақсат қойылуының арқасында оқушы педагогтың жоспарлаған оқу әрекетін орындағанын өзі де байқамай қалады.

Мысалы, кішкентай бала ваннаға суға түскісі келмейді. Анасы оны күшпен суға түсірмей, жүр балам балықты суға түсірейік деп ұсыныс жасайды. Мұндай мақсат балаға қызықты, әрі түсінікті және бала балықпен бірге рахаттана суға түседі. Ал анасы болса баласын суға түсіру мақсатына жетті. Ақылды ана мектепте оқыту пәні мен жасына тәуелсіз қарапайым педагогикалық тәсілді қолданды.

Slide 16

2. Таң қалдыр! Алгоритмі: мұғалім күнделікті нәрсенің өзін қызғылықты, ғажайып жағдаят ретінде жеткізеді

Мысалы, бастауыш сынып. Тақырып: «Натурал сан». - Балалар ең үлкен санды атаңдар!, -деп тапсырма береді, оқушылар біраз ой таразылап, сұрақ жауабын таба алмайды. Биология -Балалар бәрімізге жапалақтың бидаймен қоректенетін тышқандармен қоректенетіні белгілі. Жапалақтың салмағы 250 г-дай. Қалай ойлайсың ол өз өмірінде қанша бидайды қорғайды. (Оқушылар әдетте 10-нан 100 кг. -ға дейін деп өз ойларын айтады) . Бір жылда бір ғана жапалақ 50 тонна бидайды қорғап қалады екен. Ал жапалақ шамамен 50 жылдай өмір сүретін болса, жылына 1 кг бидай жейтін мыңдаған тышқандарды құртады.

Slide 17

3. Кейінге қалдырылған шешім

Алгоритмі: мұғалім сабақтың басында жұмбақ береді (қызықты факт), ал оның жауабы жаңа материалды меңгеру барысында айқындалады. Мысалы, тарих пәні. Қазақ халқының жерінің ұлан байтақ, қойнауының байлыққа толу болуы көптеген көрші елдердің қызығушылығы мен қызғанышын тудырды. Сан ғасырлар бойы олар жерімізге шабуыл жасап, халқымыз орасан зор зардап шегеді. Бұл жағдаяттан халқымызға пайда болады ма? Сабақтың соңында бұл сұраққа жауап беруге тырысыңдар.

Slide 18

4. Қиял ғажайып оқиғалар

Алгоритмі: мұғалім нақты жағдаяттарды қиял ғажайыптандырады. Мысалы, Биология пәні. Антарктиданың жылдық орташа температурасы 10 градусқа төмендейді делік. Осындай жағдайда өмір сүру үшін пингвиндер тағы да не «ойлап табуы» мүмкін? (осы сұрақты қоя отырып, экстремальды температуралық жағдайларды жануарлардың нақты қорғаныш механизмдерін зерттеу дидактикалық мақсат қойылады) .

Slide 19

5. Қатені тап!

Алгоритмі: 1. материалды түсіндіру барысында мұғалім әдейі қате жібереді. (Алдын-ала оқушыларға ескертіледі, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына қолданғанда қате тұстары интонация және ым-ишара арқылы әрлендіріледі) .

2. оқушы қате жіберілген тақырыпқа сай мәтін алады, яғни оқушы «мұғалім» болып жұмыс істесін.

Slide 20

6. Теорияның практикамен ұштасуы!

Алгоритмі: Мұғалім теорияға кіріспені оқушыларға шешімінің пайдалылығы айқын практикалық тапсырмаларды шешу арқылы жүзеге асырады. Физика пәнінен «Сұйықтықтардың булануы» тақырыбына кірісу. Салқын күйде ішетін сусындар үнемі салқын күйде болу керек. Егерде сенің жаңында тоңазтқыш болса жақсы. . . Ал егерде сен жорықта болсаң, не шөл далада болсаң ше? АҚШ-тың «Фил Кан Индастри» компаниясы салқын сусындарға арналған өзі салқындатқыш құтылар жасап шығаруда. Құтының ішкі қабатында тез қайнайтын сұйықтығы бар қабаты бар. Егерде Ыстық күндері құтыны шайқайтын болсақ, тез арада қайнау процесі басталады, ол ішіндегі ішуге жарамды сұйықтықтың жылылығын өзіне тартып алып, 90 секунд ішінде сусын 20-25 градусқа салқындайды.

Slide 21

7. Пресс-конференция

Алгоритмі: мұғалім әдейі тақырыпты толықтай ашпайды, оқушыларға тақырыпты ашатындай сұрақтар қою ұсынылады. Мысалы: термореттеуші жануарлар туралы мұғалімнің әңгімесі: «Африкалық піл құлақтарының алып болу себебі ол тоңазтқыш қызметін атқарады. Оның құлағында қалың торланған қан тамырлары бар. Ыстық қан ауаға жылылықты шығарып, піл ағзасына бірнеше градусқа салқындап оралады. Сондықтан осы процесс тез жүру үшін піл құлағын жиі қағып тұрады. . . » Репродуктивті сұрақтар: Неге пілге алып құлақтар қажет? Неге піл жиі құлағын қағады?

Кеңейтуші сұрақтар: Пілдің құлағының көлемі қанша? Неше градусқа қан пілдің құлағында суиды?

Дамытушы сұрақтар: Тағы қандай жануарлар құлақтарының көмегімен температураны реттеп отырады? Қандай суынудың басқа амалдары бар?

Slide 22

8. Мәтінге сұрақ

Алгоритмі: Мәтінді оқу алдында оқушыларға сұрақтар тізімін жасақтау тапсырмасы беріледі. Кейде оның минималды санын айтқан дұрыс. Мысалы, 3 репродуктивті, 5 кеңейтуші және 5 дамытушы сұрақтар әзірлеу.

Slide 23

Сабақта өткен материалды қайталау жолдары

І. Өз тірегің

Алгоритмі: оқушы жаңа материал бойынша өзінің тірек конспектісін жасайды.

Slide 24

2. Бақылаумен қайталаймыз Алгоритмі: Оқушылар сабақта оқылған материалға бірнеше бақылау сұрақтарын құрастырады. 3. Кеңейтіп қайталаймыз Алгоритмі: Оқушылар жаңа материал бойынша білімді толықтыратын бірнеше сұрақтар құрастырады (мұғалімнің бұл сұрақтарға жауап беруі міндетті емес) .

Slide 25

4. Өз мысалдарың Алгоритмі:жаңа материалға оқушылар өз мысалдарын даярлайды. (Сонымен қатар оқылған тақырып бойынша өз мысалдары мен идеяларын ұсыну үшін тапсырма беруге болады. Мысалы, география пәні, тақырыбы: “Экологиялық проблемалар”) . 5. Қорытынды сауал Алгоритмі:Мұғалім сабақ соңында рефлексияға түрткі болатын сұрақтар қояды.

Slide 26

6. Үй тапсырмасын талқылаймыз Алгоритмі: жаңа материал сапалы беку үшін үй тапсырмасы қандай болу керек деген сұрақты мұғалім оқушылармен бірге талқылайды. (сонымен бірге оқылған материал тағы да бір қайталанады. Тәжірибелі мұғалім оқушылардың торына түспейді, бірақ оқушының пікірін үнемі ескереді) .

Slide 27

Үй тапсырмасының түрлері мен деңгейі

1. Үш деңгейлі үй тапсырмасы

Алгоритмі: Мұғалім бір мезгілде 2, не 3 деңгейлі тапсырма береді.

Бірінші деңгейі-қарапайым, жеңіл тапсырма

Екіншісі- жаттықтырушы тапсырма

Үшіншісі-шығармашылық тапсырма

Slide 28

Топ (көп) тапсырма беру

Алгоритмі: 1. әртүрлі деңгейлі тапсырмалар тобын беруге болады

Мысалы, мұғалім 10 тапсырма береді (не 10 өлең), ал оқушы ішінен өзі таңдап алып орындайды (3-тен кем емес деп ескертіледі) .

2. Тақырып бойынша көп тапсырма бірден беріледі.

Мысалы, 60 тапсырма берілсе, оқушы соның ішінен кем дегенде 15-ін орындауы міндетті.

Slide 29

Ерекше тапсырма

Алгоритмі: ерекше қабілетті оқушылар күрделі тапсырмаларды алып, орындауға құқылы. (Мұғалім оқушыны осылайша дамытып отырады) .

Бұл тапсырмалар арнайы дәптерге орындалады. Оған жаттықтырушы және дамытушы тапсырмалар енеді.

Slide 30

Шығармашылық болашаққа жұмыстанады

Алгоритмі: Оқушылар шығармашылық үй тапсырмасын дидактикалық материалдар бойынша орындайды

Slide 31

Үй тапсырмасын беру тәсілдері

1. Идеалды тапсырма

Мұғалім үйге нақты тапсырма бермейді, бірақ үй тапсырмасы қызметі жүзеге асады. Ешқандай сиқырлық жоқ. . .

Алгоритмі: мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын өз қалаулары және түсініктері бойынша орындап келу тапсырылады.

Slide 32

2. Баяндамаға әзірлік

Баяндама кез келген ересек адам өміріне қажетті оқушыны жеке жұмысқа бейімдейді, аудитория алдында сөйлеуге үйренеді.

Алгоритмі: баяндама оқуға әзірлікті бірнеше сатыға бөлуге болады.

1. Хабарлама картасы (4минуттан аспауы керек) . Кітапқа, мақалаға, қызғылықты фактілердің аннотациясы болу қажет.

Slide 33

2. Регламентті айқындау

Мақсаты: оқушыларға “уақытты сезінуге” үйрету.

3. Баяндама

Оның ұтымды уақыт ұзақтығы 5-7 минут болғаны абзал.

Slide 34

Сабақтың құрылымы

А. Сабақтың басталуы(интеллектуалды жаттығу, “иә-жоқ”, “Таң қалдыру!”, “Бағдаршам” және т. б.

Ә. Жаңа материалды түсіндіру (қызықты мақсат қою, таң қалдыру, қиял ғажайып оқиғалар және т. б. )

Б. Бекіту, дағдыларды жаттықтыру (қатені тап, пресс-конференция, кездейсоқтық ойыны, “құзіреттілік” іскерлік ойыны

Slide 35

В. Қайталау (өз тірегің, бақылаумен қайталаймыз, өз мысалдарың. . . )

Д. Бақылау (бағдаршам, шынжыр бойынша сұрау, “Көз қарас” іскерлік ойыны)

Е. Үй тапсырмасы (топ тапсырма беру, үш деңгейлі үй тапсырмасы. . . )

Ж. Сабақтың соңы (қорытынды сұрау, кейінге қалдырылған жұмбақ . . . )

Slide 36

Таным пирамидасы (А. Маслоу бойынша)

Дәріс - 5 %

Оқу - 10 %

Аудио - видео 20 %

Көрнекілік 30%

Топтық жұмыс 50 %

Тәжірибені

пайдалану70 %

Өз белсен-

ділігі 90 %

Slide 37

Оқу-тәрбие үрдісіндегі интерактивті әдістер

Егерде сабақ үстінде оқушылар мен мұғалімдердің арасында тығыз қарым-қатынас байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп атаймыз.

Slide 38

Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол-оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.

Slide 39

Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Оқу процесінің барысында оқушылар төмендегілермен қарым-қатынасқа түседі:

1. мұғаліммен(оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде) ;

2. шақырылған адамдармен(немесе сынып оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін) ;

3. өзге оқушылармен (Жұптасып жұмыс істеу барысында) ;

4. шағын топтармен(3-5оқушымен) ;

Slide 40

5. оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында) ;

6. оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді) ;

7. кейбір техника түрлерімен(мысалы, компьютермен) .

Slide 41

Әдетте оқушылардан неге біз оларға нақты дұрыс жауабы жоқ даулы сұрақтарды талқылауға ұсынамыз?

Бұл өз-өзіне деген сенімділікті тәрбиелейді;

Шешендік өнер солайша жетілдіріледі;

Сол арқылы тыңдай білу қабілеті жетілдіріледі;

Бұл танымның мәнін ұғуға көмектеседі(көбіне нағыз шындық жоқ болып шығады) ;

Бұл сыни ойлау қабілетін дамытады

Бұл арқылы өзінің жеке ойлау құқын түсіну қабілеті артады;

Пікірлердің көп екендігін осылайша жақсы түсінеді;

Slide 42
Ұқсас жұмыстар
Оқушының ойлау
Сабақтың типі
Баубек Бұлқышев кім
Разрядтық қосылғыштардың қосындысы
Частных детских сада
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беру
Наурыз- жыл басы туралы
Көсемшенің түрлері
Тәуелсіздік – ежелгі арман, қол жеткен мұрат
Ақберен жүйрік жырау- Қашаған Күржіманұлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz