Балалар инфекциялық ауруларының иммунопрофилактикасы


Slide 1

«Астана медицина университеті»АҚ Балалар инфекциялық аурулары кафедрасы

Тақырыбы: Балалар инфекциялық ауруларының иммунопрофилактикасы. Көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері. Асқынуы және алдын алу шаралары.

Орындаған: Әділ С. Е

641ВОП

Тексерген: Турдалина Б. Р

Slide 2

Иммунопрофилактика

Жасанды иммунитетті күшейту немесе орнату мақсатында жасалатын халықты немесе индивидуальдыжаппай қорғау әдісі. Оның өзі арнамалы емес және арнамалы болып бөлінеді. Біздің қарастыратынымыз арнамалы иммунопрофилактика болып табылады.

Slide 3

Вакцинация және егу күнтізбесі

Орындаған: Оспанова М. Б. 213-топ

Slide 4

Вакцинация

Егу, вакцинация - адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.

Slide 5

Түрлері

Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар:

міндетті егу - балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т. б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы;

жоспарлы-кәсіби егу - мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы;

эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу - нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады.

Slide 6

ҚР қолданылатын вакциналық препараттар. Егу күнтізбесі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 2295 қаулысына сәйкес балаларға келесі екпелер жүргізіледі:

БЦЖ

ОПВ, ИПВ

ВГВ

АКДС

АДС

АД-М

АДС-М

Акт-ХИБ

ҚҚП

Превенар 13

Slide 7 Slide 8

Профилктикалық егуді жүргізуге қарсы көрсетілімдер

1. Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы тұрақты қарсы көрсетілімдер: 1) осы вакцинаны бұрын салғаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болатын қатты реакция (дене қызуының Цельсий бойынша 40 градусқа және одан да жоғары көтерілуі, әдеттегіден өзгеше, ұзақ, үш және одан да көп сағат қатты жылау синдромы, фебрильді немесе афебрильді тырысулар, гипотоникалық-гипореактивті синдром) ; 2) осы вакцинаны бұрын салғанда болатын асқынулар - тез болатын аллергиялық реакциялар, соның ішінде егуден кейін 24 сағат ішінде пайда болатын анафилактикалық шок, вакцина салғаннан кейін жеті күн ішінде пайда болатын энцефалит немесе энцефалопатия. 2. Тірі вакциналарды пайдалануға тұрақты қарсы көрсетілімдер: 1) АИТВ-инфекциясын қоса алғандағы тұрақты иммун тапшылық жағдайы; 2) қатерлі қан ауруларын қоса алғандағы қатерлі ісік; 3) жүктілік

Slide 9

Профилктикалық егуді жүргізуге қарсы көрсетілімдер

3. Жалпы вакциналардың барлық түрлеріне уақытша қарсы көрсетілімдер: 1) орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) - вакцинациялау сауыққан күннен бір жылға дейінгі мерзімге қалдырылады; 2) жіті гломерулонефрит - вакцинациялау сауыққан соң 6 айға дейін кейінге қалдырылады; нефротиялық синдром - вакцинациялау кортикостероидтермен емделу аяқталғанға дейін кейінге қалдырылады; 3) температураға байланыссыз ауырлығы орта және ауыр дәрежедегі жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар - вакцинациялау сауыққаннан кейін 2-4 аптадан соң рұқсат етіледі; 4) әртүрлі патология кезінде стероидтерді, сондай-ақ иммуносупрессивті қасиеттерге ие басқа да препараттарды қолдану; 5) біртіндеп ұлғаятын созылмалы аурулармен ауыратын науқастар вакцинациялауға жатқызылмайды; асқынатын созылмалы аурулармен ауыратын науқастар ремиссия кезеңінде егіледі

Slide 10

БЦЖ

БЦЖ немесе Кальметта-Герен бацилласы (Bacillus Calmette-Guérin, BCG) - туберкулезге қарсы вакцина, ол жасанды ортада арнайы өсірілген адам үшін вируленттілігін жоғалтқан Mycobacterium bovis BCG, тірі әлсіреген туберкулезді бацилла. Вакцина құрғақ түрде шығарылады. Қолданар алдында стерильді физиологиялық ерітіндімен араластырылады. Егу үшін арнайы тубиркулинді шприц қолданылады (көлемі 1мл) .

Slide 11

ОПВ

ОПВ тірі әлсіреген вирустан тұрады және ішекте жергілікті иммунитет түзуге қатсысады. Бұл вакцина полиомиелит толық жойылмаған елдерде қолданылады (соның ішінде Ресей және ТМД елдері) . ОПВ екрекшелігі: вакцинді вирус егілген баланың ішегінде дамиды кейіннен қоршаған ортаға түседі, ол касакатты «вакцинация» және «ревакцинация» әкеледі, осыған байланысты популяциялық иммунитет дамиды.

Slide 12

ОПВ қолданудың кемшіліктері мен шектеулері бар:

Қарым-қатынас арқылы вакциналық вирус алған кейбір балаларда ауыр асқынулар -вакцинамен ассоцирленген полиомиелит, кей кезде табиғи инфекциядағы сияқты салдану дамуы мүмкін;

ОПВ-ны сақтау (-20С0) шарттары және нақты мөлшерлеу мүмкін болмауына (еңгізілген вакцинаның жартысы организмнен нәжіс арқылы шығарылады) байланысты оның тиімділігі төмендейді;

Омырау жасындағы балалар көбінесе ОПВ- ны ашты дәміне (ересек жастағы балаларға көбінесе нанға немесе қантқа тамызып береді) байланысты лоқсиды және түкіріп тастайды. Бұл жағдай емханаға қайта келуге мәжбүрлейді, сондықтан да ата -анаға, балаларға және дәрігерге қолайсыз. Егер балада ішек бұзылыстары болса, ОПВ еңгізілмейді, бұл жағдай емханаға қайта келуге мәжбүрлейді.

Slide 13

ИПВ

ИПВ вакцинасы осы айтылған кемшіліктерден арылған. Вакцина арнайы шприц - доза ретінде шығарылады. ИПВ құрамында өлтірілген полиомиелит вирусы бар, бұлшық етке немесе тері астына еңгізіледі.

ИПВ тиімділігі жоғары деп саналады. Оның тиімділігі дәл мөлшерлеу (себебі тікелей инъекция арқылы) және стандартты сақтау шарттары, температура өзгерістеріне төзімділігі арқылы жүзеге асырылады.

ИПВ қауіпсіз, себебі егілген балалардың жүйке жүйесіне әсер етпейді. Жағымсыз реакциялары жоқ, ішек бұзылыстарын шақырмайды және ішектің қалыпты микрофлорасымен бәсекелеске түспейді.

Slide 14

ВГВ

Бұл вакцина ашытқы жасауша культарасынан жасанды өндірілген, оның құрамына вирусты гепатит В-нің беткей ақузы - HbsAg кіреді. Егуден кейін организмде қорғаныш антидене - Aнbs түзіледі. Егуден кейін организмде қорғаныш антидене - AНbs түзіледі.

Slide 15

АКДС

Ең бірінші рет шетелде 40 жылдарың соңында қолдана бастады. АКДС - вакцина өлтірілен көкжөтел микробынан, тазаланған сіреспе дифтерия анатоксинінен тұрады. Өкінішке орай, кейбір балалар АКДС екпесіне өте күшті патологиялық реакция береді, соған байланысты дәрігерлер АКДС вакцинациясынан бас тартуы тиіс. Дегенмен, сіреспе және дифтерия ауруларын алдын алудың өмірлік маңызы бар. Сезімтал және әлсіз балаларды инфекциядан сақтау үшін АДС вакцинасы шығарылды. АДС вакцинасы АКДС вакцинасы құрамындағы ең ауыр - инактивирленген көкжөтел таяқшасы компонентінен айырылған.

Slide 16 Slide 17

АДС-М

Құрамында антигендері төмендетілген адсорбирленген дифтерия-сіреспелік анатоксин. АД-М-анатоксин (құрамында антигені төмендетілген адсорбирленген дифтериялық анатоксин) тиімділігі жоғары препарат, дифтерияға қарсы егудің толық курсын алған 95% балаларда 7-10 жыл ішінде тұрақты иммунитет қалыптасады.

Slide 18

Акт-ХИБ (Act-HIB)

Гемофильді инфекция бала денсаулығы үшін қауіп төндіретін ауру. Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша, гемофильді таяқша (Haemophilus influenzae b типті, ХИБ) 5 жасқа дейінгі балаларда іріңді менингиттің себебі болып табылады.

Slide 19

Акт-ХИБ бір реттік қолданбалы түрде, арнайы шприц дозада шығарылады және оның инесі ауырсынуды басатын арнайы құраммен өңделген. Соңғы уақытта шетелдерде комбинирленген 4-5-6- компоненттік препараттар қолданылады, оның құрамында бірнеше вакцина кіреді:

«Тетраксим»- АКДС+ ИПВ

«Пентаксим» - АКДС+ ИПВ+ Хиб

«Гексавак» немесе «Инфанрикс Гекса» - АКДС+ИПВ+ гепатит В+ Хиб

«Тринтатрикс Геп В» - АКДС+ гепатит В.

«Тетракок» -АКДС+ ИПВ

«ТетрАкт-Хиб» -АКДС+Хиб

«ПентАкт-Хиб» -АКДС+ ИПВ+Хи.

Бірнеше жыл көлемінде Қазақстанда мына препарат жиі қолданлылады - «Тринтатрикс Геп В».

Slide 20

ҚҚП және ҚПҚ

Қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық вирустарының әлсіреген тірі вакциналық штаммаларынан тұратын қабаттастырылған препарат. Сонымен қатар, олар бөлек өсіріледі: қызылша вирусы және паротит тауық эмбрионы культурасында, ал қызамық вирусы адам диплоидты жасушасында.

Slide 21

ПКВ 13 (Превенар -13)


Ұқсас жұмыстар
Эндокриндік жүйе ауруларының дамуы
Өсімдік ауруларына қарсы қорғау шараларының жүйесі
Ішек инфекция аурулары
Жұқпалы емес аурулар
Медициналық микробиологияның медицина прогресіне маңызы. Микробиология, вирусология, иммуноголияның мақсаттары мен міндеттері
КӨЗ АУРУЛАРЫНЫҢ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Перифериялық лимфа түйіндерінің туберкулезі
Ауыл шаруашылық жануарлардың жұқпалы және инвазиялық аурулары кезіндегі ветеринариялық шараларды келешектік жоспарлау
Өсімдік ауруларының жаппай дамуын айқындайтын жағдайлар
Балаларда ботулизм инфекциялық ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz